Жол картасы» әлеуметтік – экономикалық бағдарламасының негізгі мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2015 в 21:18, дипломная работа

Описание работы

Зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты – «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өтіп жатқан процесстерге әлеуметтік тұрғыдан талдау жасау, тұрақты аймақтық дамудың іргетасы ретінде тәжірибелік ұсыныстар беру.
Зерттеу мақсатын іске асыру келесі негізгі міндеттерді қою және орындауды анықтайды:
• инвестициялық қатынастардың аймақтарда әрекет ету институционалды ортасын зерттеу;
• «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының сапалық және сандық көрсеткіштерін талдау, онығ басымдықтары мен жетіспеушіліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны болып заманауи сатыда аймақтарда инвестициялық қатынастардың іске асырудын ұйымдастыру-экономикалық, институционалды түрі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе 3
1 Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері
6
1.1 Инвестицияньң әлеуметтiк-экономикалық мәні 6
1.2 «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын және отандық өндірістің инвестициялық ахуалын талдау
19
1.3 Шетелдік капитал инвестицияның негізгі қайнар көзі ретiнде 29
2 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы және оның перспективасы
34
2.1 Еліміздің инвестициялық қал-ахуалы, мәселелері, және оларды шешу жолдары
34
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияны келтіру процесін жеделдету жолдары
44
2.3 Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігі 55
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61
64

Файлы: 1 файл

Сахаба Ж. ЗОПЭ-31к.doc

— 743.50 Кб (Скачать файл)

 

Осы уақыт аралығында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың негізгі көлемінің 25,3%  Қазақстан Респулика аумағында жүзеге асырылатын басқа мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субьектілері және 61,3% меншік нысандағы кәсіпорындар  игерді.  Ал мемлекеттік сектор 13,4% құрады. Мұнай және табиғи газ өндіруде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемнен 33,9%, ал жылжымайтын мүлікпен қызмет көрсетулер 21,1%, көлік және байланысқа 14,8%, өңдеу өнеркәсібі 10,4% болып табылады.

Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемнің қомақты үлесі Атырауда 67,9%, Қарағандыда 10.2% болғанын көрсетеді.

Негізгі қаражаттарды құру және жетілдіру үшін жұмсалған шығындарға байланысты негізгі капиталға салынған 2004 және 2005 жылдардағы  инвестициялар құрамы төменде көрсетілген.

Минералдық-шикізат кешенінің жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестициялардың көлемі 2005 жылы 9150,2 млн. АҚШ долларын құрады. Олардың 7298,2 млн. АҚШ долларын шетелдік инвестициялар яғни 80 пайызын, ал 1852 млн. АҚШ долларын отандық инвестициялар құрады. Тұтастай алғанда жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестициялар мынадай көрсеткіштермен сипатталады: көмірсутек обьектілері бойынша 79% (7248,8 млн. АҚШ доллар), полиметалдар бойынша 4% (374,7 млн. АҚШ доллар)көмір 4% (364,1 млн. АҚШ доллар),  темір, маганец 4% (335,8 млн. АҚШ доллар), мыс 3% (261,5 млн. АҚШ доллар), алтын 5% (151,1 млн. АҚШ доллар), кең тараған пайдалы қазбалар 1% (94,6 млн. АҚШ доллар), хромиттер 1% (88,5 млн. АҚШ доллар), уран 1% (64 млн. АҚШ доллар), алюмений 1% (50,9 млн. АҚШ доллар), жер асты сулары 1% (50,6 млн. АҚШ доллар), никель калбат бойынша 1% (4,5 млн. АҚШ доллар), пайдалы қазбалардың басқа түрлері бойынша 1% (61 млн. АҚШ доллар) құрайды.

Жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестициялардың өңірлік бөліністегі ең көп үлесі Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында игерілді. Осы облыстарда ең көп көлемге негізінен шетелдік инвестициялар есебінен қол жеткізді. 2005 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2004 жылдың тиісті кезгімен салыстырғанда минаралды-шикізат кешеніне жұмсалған инвестициялар көлемі Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан басқа респуликаның барлық өңірлерінде өсті. 2005 жылы гиологиялық барлау жұмыстарының жалпы шығындар қаржыландырудың барлық көздері есебінен 205 млрд. теңгені құрады. Олардың 78 пайызы шетелдік инвестициялар есебінен, 12 пайызы отандық инвестициялар есебінен, ал бір пайызы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.

Нақты обьектілерде жұмыс істейтіндердің саны 204524 адамды, оның ішінде Қазақстандық мамандар 199821 адамды яғни 97,7% құрады. Қазақстандық мамандарды оқытуға кеткен шығындар 52,3 млн. АҚШ долларын, әлеуметтік салаға және жергілікті инфрақұрлымды дамытуға кеткен шығындар 138,6млн. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттің бюджетіне түсетін жалпы соманың 79 пайызы мұнай саласының үлесіне тиесілі. Жалпы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестицияның барлық көлемінің 80%  шетелдік инвестициялар құрайды. 

Әрбiр ел шетел инвестициясын тарту арқылы өз экономикасын тәуелсiз түрде дамытуға тырысады. Әртүрлi жағдайда капиталды тарту жай ic емес екендiгiн айта кету керек. Бұл экономиканың ашық екендiгiн жария ету емес, бiрақ сыртқы экономикалық саясатқа жол берудi айтады. Оның таңдауының шешушi жағдайы болып жеке инвестициясын алып шығуымен тартуының тепе-теңдігінде.

Қазақстанның шетел инвестиция сын пайдалану стратегиялық жәнеде етпелi кезеңдегi мәселердi шешумен байланысты:

l) Ұлттық экономиканың  қайта құpy;

2) Аумақтардың әлеуметтiк  және экономикалық диспропорцияларын  жою;

3 ) Импортты ауыстыратын  ендiрiстердi дамыту;

4 ) Бәсекелестердi ортаны дaмытyғa ықпал eтeтін экономикалық жеке және аралас секторларын қалыптастыру;

5) Нарықтық инфрақұрылымдарды  құpy;

6) Алдыңғы  шетел технологияларын, ноу-хоуды және басқарушылық тәжiрибенi тарту.

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының жәнеде басқада елдердiң экономистерi осы аталып еткен бағыттарда зерттеуде, сонымен қатap соңғы жылдардың тәжiрибесi керсеткендей ТШИ басқа қаржылық жұмыстардың бiрқатар артықшылығы бар деген шешiмге келуге көмек бердi.

Бiрiншiден, олар халыққа аса қажеттi тауарлар мен қызметтердi қаржыландыру қосымша капитал көзi болып табылады; бiлiм, тәжiрибе, ноу-хоу, технологиялар, алдыңғы басқару әдiстерi мен маркетингтiк трансфертiн қамтамасыз етедi.

Екiншiден, шетел несиелерi мен заемдарына қарағанда сыртқы қарыз өcyiне әcep етпей, керiсiнше оның қайтарылуына ықпал етедi.

Үшiншiден, олар тағыда халықтық жұмыспен қамтылуына, кадрлардың, инженерлердiң бiлiктiлiгiне де әcep етедi.

Төртiншiден, экспорттық өнім сапысының жақсаруына және оның әлемдік нарыққа шығуына, валюталық түсiмдердiң өcyiнe ықпал етедi.

Бесiншiден, өндiрiстiк және ғылыми техникалық интеграциялық арқасында отандық экономиканың әлемдік шаруашылыққа тиiмдi eнуін қамтамассыз етедi.

Алтыншыдан, бәсекелестiк нарық ортанысының қалыптасуына әcep етеді, монополизммен күресуге көмeriн тигiзедi. Бiздiң: ойымызша тікелей шетел инвестисиялары шетел несиелерiн ауыстырады (немесе қысады).

Шынымен де шетел капиталының ағымы бiрдей инфляциялық нәтиже бермейдi: шетел несиелерi мен заемдары тiкелей елдiң сыртқы қарызының өcyiнe алып келедi. Шетел инвестициялары iшкi нарықтағы жұмыс бастыльщ пен сұранысты қысқартады, өйткенi инвестициялаудың барлығы өндiрiстiк функицялары (құрылыс – монтаж  жұмыстаpы, қондырғыларды орналастыру, жалдау) негiзiнен шетел фирмаларына берiледi, нәтижесiнде сыртқы инвестиция көздерi шетел портнерiнiң қымбат қондырғы түрлерімен  материал ресурстарын алып кіргенін төлеу есебiне инфляцияны импорттайды.

Тікелей шетел инвестисияларының өcyi бәсекенiң, нарықтардың қызмет eтyi және антимонипольдiк саясатты жузеге асыру сияқты өзара байланысты мәселердiң шешуiн шарттайды. Бұл үшiн талдау мен мемлекеттiк реттегiш шараларын iскe асыру қажет. Өйткенi инвестициялау динамикасының шарықтау шегi транс ұлттық корпарациялардың (ТҰҚ) әлемдiк, аймақтық, елдiк экономикада рөлiнiң өсуiнде. Экспорттық бағалар бойынша ТҰҚ тікелей шетел инвестисияларының жалпы көлемi 3,7 триллион дол құрады, ал шетелдегi филиалдарының жалпы әлемдiк активтерi 9,3 триллион дол құрады. Бұл жерде айтатын жағдай инвестиция алушы елдердiң алдында инвестицияның отандық экономикаға тиiмдi болатындай етіп стнадарттарын жасап шығарып іскe асыру мақсаты тұp.

Тікелей шетел инвестисиялардың соңғы мақсаты-халықтық тұрмыс деңгейiн және экономикалық өсудiң қарқынын көтеруін. Нәтиженiң оң болуы капитал ағымының  көптігіне емес оның осы елдегі салалырндағы қызметі, ұлттық нарықтағы жағдайы. Тиiмдiлiгi қызмет eтyi нарыққа кіруі мен шығуымен бәсекелестiк сипат деңгейiне байланысты. тосқауылдарды алу ТҰҚ нарыққа кipy мумкiндiгiн жеңiлдетедi де сол жерде бәсекенi екпiндетедi.

Егер шетел компаниялары олардың арасындағы импортерлер, отандық компаниялар арасындағы бәсеке оптималды болмаса, онда осы бәсекенiң арқасында сапалы өнім, төмен баға және т.б артықшылық пен жеңiлдiктерге ие болатын тұтынушылар бұлардан айырылады. Немесе шектеліп қалуы мүмкін.

Шетел инвестицяларының қызметi тек қана өндiрiстiк материалдық және материалдық емес факторлары нысаны ретiнде болуы мен сипатталмайды. Кем дегенде халықаралық инвестицияларының төрт қызметiн бөлiп көрсетуге болады: өндiрiстiк материалдардың факторларына жол ашу; өткiзу нарықтарына жол ашу; халықаралық өндiрiстi ұйымдастыру; ұлттық экономикалық жүйелердiң сыртқы экономикалық жүйелердiң өсушi өзгерiстерiне бейiмдеу. Осылайша ғана шетел инвестициялары экономиканы құрылымды қайта құрудың алдыңғы факторларының бiрi бола алады. Мысал ретiнде Қытайдың тәжiрибесiн алайық. Бұл ел инвестиция тартудың көлемi бойынша тек АҚШ-қа ғана жол беретiнiн бiлемiз. Бұл жерде еңбектi көп талап eтeтін өңдеушi экспортқа бағытталған салаларға тартылған (элкетроника, тескстиль, тiгiн бұйымдары, аяқ киiм).

Қытай саудасының қарқынды болуы мынада, экспортқа өңделуiш тауарлар, яғни Қытайдағы шетелдiк фирмалар өңдеуге импорттайтын тауарлар асып өңделген тауарды экспорттайды. Осылайша бұл ТҰҚ үлесiне жұмыстың 55% келедi.

Талдау обьектiсi ретiнде тікелей шетел инвестисияларды алуы келісімімен байланысты:

1) Тікелей шетел инвестисиялары  -халықаралық ағымының едәуiр  бөлiгi. Ол барлық шетел инвестицияларының 1/3 құрайды.

2)Тікелей шетел инвестисиялар-экономиканы интернациянолизациялаудың неғұрлым релефтiк көріні. Шынында да тікелей шетел инвестисиялары басқаларға қарағанда өзiмен бiрге ресурстардытехнологияны маркетингпен менеджмент саласындағы бiлiмдерiдi де алып жүре алады. Керсетiлген талдауда Қазақстанның жағдайында тікелей шетел инвестисиялары бас бұрушы жол eкeнін айта кеткен жөн. Қазақстанда мәселелер шетел инвестицияларының түpін белгiлейдi және экономикалық жағына нарықтық эономикаға жұмыс iстеткiзетiн кәсiпорындарды ұйымдастыруларды дұpыc көредi. Қазақстанға 1993 жылдан шетел инвесторларына толығымен берiлген кәсiпорынның жарғылық капиталына заем, несие, ұзақ мерзiмдi салымдар түрiнде капитал қозғалысы басталады.

Тағы да бір назар аударатын мәселе, ол  шетел инвесторларын тездетіп тарту үшін, мұнай көздерін игерудегі көптеген экономикалық тиімді жобаларға ұлттық мұнай өндіру компанияларын қатыстырмай шетел инвесторларын шақыру. Ал, мұндай әрекеттің нәтижесі мұнай экспорттауының шектелуіне әкеліп соқтырады. Негізінен, штел инвесторларын өнеркәсіпке тарту ұлттық күрделі жұмсалымдарды ығыстыру үшін емес, толықтырушы фактор ретінде болуы міндетті

 

 

    1. Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияны келтіру процесін жеделдету жолдары

 

 

Қазіргі халықаралық шетел инвестицияларын тарту республикадағы инвестициялық процестің жедел әрі тиімді дамуының бірден-бір жолы болып отырғаны анық. Шетел инвестицияларын тарту отын энергетика, металлургия, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өндіруөнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты басты салаларда құрылымдық – инвестициялық саясатты жүргізу қаражаттың жетіспеушілігімен және ішкі нарықты халық тұтынатын азық-түлік өнімдерін молайту қажеттілігімен байланысты.

Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең маңызды элементі болып табылады. Экономикалық реформаларға сәйкес халықаралық капитал мен инвестицияларды тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфляцияны тежеуге, жеке инвестициялардың инвестициялық белсенділігінің артуына және өндірістің құрылымдық өзгерісіне барынша септігін тигізуі керек.

Негізінен бүгінгі күні республикада шетел капиталын тарту үшін қажетті экономикалық орта мен кепіл жүйесі қалыптасқан: Азаматтық, Кеден, Салық кодекстері іске қосылған, «Шетел инвестициялары туралы» Заң қабылданып, сыртқы экономикалық іс-әрекет толығымен ымырашылдыққа келтірген, ең бастысы, маңызды инвестициялық  жобалар үшін үкіметтік кепіл институты қызмет етуде. Үкімет өнеркәсіпке инвестициялық салымдардың басты маңызды деген бағыттарын анықтаған.

Осы мәселелерді шешуде капиталды жұмылдыру және нарықтық жағдайларға сәйкес келетін жаңа формадағы болудың тиімді механизмін құру үлкен маңызға ие. Осындай механизмнің негізі нарықтық қатынастардың орнауы жағдайында инвестициялар болмақ.

Инвестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана көңіл бөлмей, оның мақсатты бағытталуын да көрсету маңызды. Осы тұрғыдан, инвестициялар жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсаланатын табыстардың маңызды бөлігін құрайтын, жаңа технология, материалды және тағы басқа еңбек құралдарын енгізумен байланысты  өндірісті кеңейту мен жаңартуға кететін шығындар болып табылады, яғни ақшалай капиталдың ерекшелігі – инвестиция капиталдың құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы капиталдың ұлғаюымен байланысты.

Экономикаға инвестициялардың әсері бұрынғы ҚСРО – да 1966-1970 жылдары күрделі салымдардың 1,4 есеге, жалпы ұлттық өнімнің 7,6% дейін өсуіне әкелген.

Өкінішке орай, Қазақстанның, сондай-ақ көптеген ТМД елдерінің тұрақтану мен экономикалық өсу бағдарламаларында алғашында инвестициялық фактор еленбеді. Инвестицияның маңызына жеткіліксіз баға беру және экономикадағы қаржылық тұрақтану, инфляцияның төмендеу салдарынан инвестициялық белсенділік өзінен-өзі туындайды деген қате пікірмен түсінілген.

Инвестициялық белсенділік пен экономикалық өсудің байланысы бір жақты емес. Олардың бір-біріне өзара ықпалы бар, себебі экономикалық өсу инвестициялық белсенділікке тәуелді  бола отырып, өз кезегінде белгілі бір даму кезеңінде елдің инвестициялық нақты мүмкіндіктерін анықтайды. Басқаша айтқанда, жалпы ұлттық өнімнің, сондай-ақ ұлттық табыстың өсу қарқыны жоғары болған сайын, инвестициялық ресурстардың  кең өрісті өндірісі мен осы негізде тиімді инвестициялық саясат құруға мүмкіндіктер аясы кеңейді.

Шетел инвестицияларының ағымын кәсіпорны акцияларын сатып алу, шетел банктерінің несиелері деп бөліп қарастырсақ, Қазақстандағы инвестициялардың ұйымдастырушылық формасының қалаулы түрі – мемлекеттік кәсіпорындармен біріккен кәсіпорындар құру болып отыр. Сонымен қатар, инвесторлар өзін Қазақстан нарығында таныстырудың маңызды жолы – жаңа еншілес компаниялар құруға, жаңа саудалық байланыстар орнатуға бейім.

Қазақстанның бай табиғи ресурстары мен олардың нарықтық потенциялы мемлекетті инвестициялауға әсер ететін стратегиялық бірден-бір фактор болып отыр. Қазақстанның мұнай және газ кендері шетел инвесторларын қызықтыратын негізгі бағыт болып табылады. Қалған экономика секторларын инвестициялау көлемі біршама аздау болса да, тау-кен, геологиялық сапа және кәсіпқойлық қызмет көрсету мен көлік салаларында инвестициялық белсенділік басымырақ.

Информация о работе Жол картасы» әлеуметтік – экономикалық бағдарламасының негізгі мәселелері