Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2015 в 21:18, дипломная работа
Зерделеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты – «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өтіп жатқан процесстерге әлеуметтік тұрғыдан талдау жасау, тұрақты аймақтық дамудың іргетасы ретінде тәжірибелік ұсыныстар беру.
Зерттеу мақсатын іске асыру келесі негізгі міндеттерді қою және орындауды анықтайды:
• инвестициялық қатынастардың аймақтарда әрекет ету институционалды ортасын зерттеу;
• «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының сапалық және сандық көрсеткіштерін талдау, онығ басымдықтары мен жетіспеушіліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны болып заманауи сатыда аймақтарда инвестициялық қатынастардың іске асырудын ұйымдастыру-экономикалық, институционалды түрі болып табылады.
Кіріспе 3
1 Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері
6
1.1 Инвестицияньң әлеуметтiк-экономикалық мәні 6
1.2 «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын және отандық өндірістің инвестициялық ахуалын талдау
19
1.3 Шетелдік капитал инвестицияның негізгі қайнар көзі ретiнде 29
2 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы және оның перспективасы
34
2.1 Еліміздің инвестициялық қал-ахуалы, мәселелері, және оларды шешу жолдары
34
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияны келтіру процесін жеделдету жолдары
44
2.3 Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігі 55
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61
64
Қазақстан Республикасын инвестициялау кедергілерінің ең маңыздысы ретінде бюрократиялық қатынастар, салықтар, қаржылық тәртіп, құқықтық инфроқұрылым және т.б. факторлар болып отыр. Қазақстанға инвестициялар ағымын арттыру үшін, ең алдымен, шетел инвесторларының пікірінше, мемлекет құрылымының реформасын, коррупцияға қарсы күресті мейлінше тиімді жүргізу керек.
Экономикалық аймақтарға шетел инвестициясын тартуды ынталандырудың басты шартты болып Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде тәуелсіздігінде жатыр. Бұл мемлекеттің нарықтық қатынастарға өтуге бағытталған әлеуметтік, экономикалық, инвестициялық жіне сыртқы экономикалық саясатты дербес өңдеуге мүмкіндік береді. Ұлттық нарықтық қатынастарды құрған кезде алдыңғы әкімшілік-әміршілік экономиканы реформалаудың тәжірибесін есепке ала отырып, экономикалық мемлекетті басқаруда мемлекеттің рөлін күшейту үшін қажетті шарттарды жүзеге асырды. Жинақталған тәжірибие өтпелі экономика жағдайында Қазақстанның халық шаруашылығын және оның аймақтарын дамытудың индикативті жоспарын өңдеп іске асыру негізінде аймақтарды басқаруды ұйымдастыру мүмкіндігін берді.
Индикативті жоспарлау салалық және теориялық пропорциялармен қатар экономикалық аймақтар байланысында мемлекеттік реттеуді күшейту салдарынан мемлекеттің тұтастық экономикасы шеңберінде аймақтардың даму өзара қатынасы мен комплекстік принципінің жүзеге асу мүмкіндігін берді. Бұл қоғамда әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік туғызды. Экономикалық аймаққа шетел инвестициясын тартуды ынталандырудың маңызды жағдайл мерзімді «қазақстан - 2030» даму стратегиясы;
Шетел инвестициясын кең көлемде тарту жөніндегі қарастырылған жағдайлар қоғам инфрақұрлымының дамып жатқан салаларымен (көлік, байналыс, сауда, және т.б.) қалыптасқан жеткілікті күшті өнеркәсіптік, құрылыстық және аграрлық потенциалымен қуаттырылмаған. Маманданған инженер-техникалық және қызметкерлер кадрларының қазіргі экономиканың қиын өндірістік және ғылыми-техникалық мәселелерді шеше білу қабілеттілігі және тәжірибесінің арқасында шетел инвестициясын тартудың төзімді негізі құрылды. Республиканың экономикалық өсуінің маңызды факторларына негіз болған республиканың соңғы жылдардағы инвестициялық процестің активтендірілу барысында айқындалған басымды тенденцияны атап өтпеуге болмайды.
Ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» даму страегиясында экономикалық реформалаудың өткізілу ауыртпалығы мен іске асуы экономикалық аймақтарға жүктеліп, олардың рөлі мен орны анықталған. Экономикалық реформалаудың нәтижелігі мен салдары көбінесе аймақтар орнында құрылымдық, инвестициялық және ғылыми – техникалық шаралардың оның шешілуіне байланысты болады.
Аймақтардағы инвестициялық қызметті активтендірілу мәселесі қазірге шешіле қойған жоқ, соның салдарынан аймақтық, инвестициялық саясаттың өңделіп жүзеге асуы жөнінде жинақталған тәжірибені қорту қажет. Аймақтардың экономикалық ерекшелігі болып инвестициялық ресрустардың жетіспеушілігі саналады. Сонымен бірге аймақтардағы инвестиция нарығы әзірге әлсіз дамыған және де инвестициялық қызмет белсенділігінің маңызды шарты болып табылады. Бұл жақында ғана өткен әміршіл - әкімшіл экономика жағдайында экономиканы инвестициялау одақтық республика орталығы арқылы және де аймақ ерекшеліктерінің есебінсіз жүзеге асуымен байланысты болды. Бұл орталық республикалар бойынша капитал салымдарын орналастыу және аймақтардың экономикалық дербестігі жайлы сұрақтарды шешті, соның салдарынан аймақтардың даму бағыттарының перрспективалық және стратегиялық есебінсіз капитал салымдарын апатты орналастыруға әкеп соқты.
Нарықтық қатынастарға өткен кезде аймақты инвестициялаудың көздері, әдістері және де өзгешеліктер де өзгерді. Сонымен қатар сұраныс пен ұсыныс заңдарының есебінен бөлініп отыратын қатынастарға инвестициялық нарық әсерінің күшеюімен байланысты күтілген үміттер ақталмады.
Н.К.Нұрлановтың дұрыс пайымдауы бойынша: «...нарықтық қатынастарға өту жағдайды күрделендіріп жіберді, себебі бірінші уақытта олардың жасалуы инвестиция облыстарында селектік жұмыстар нарық коньюктурасының әсерімен жүзеге асады деп күтілген-ді. Бірақ инвестициялық ресурстарды апатты орналастырған кезде қызмет ету сферасының капитал салымдарының үлкеюінен өте жоғары сауда-саттық, валютлық және жылжымайтын мүлік операциялары және де айналымы жоғары облыстар мен салалар әрқашан оңтайландыруға қаблетті өтімді түрде болады, ал капитал сыйымдылығы ең аз мөлшерде болады».
Қарастырылған аймақтық инвестиция ресурстарының дамуы мен жасалу шарттары нарықтық қатнастардағы «инвестиция» категориясының мінездемесі мен мәнін өзгерту үшін қажетті қор құрды. Энциклопиялық сөздікте инвестиция ұғымы «мемлекет ішінде және шетелде экономика саласына салынған ұзақ мерзімді капитал» деп түсіндіріледі. Инвестицияны екіге бөлуге болады: қаржылы (бағалы қағаздарды сатып алу) және нақты (капиталды өндіріске, ауылшаруашылығына, құрылысқа және т.б. салу).
Бірнеше авторлар инвестиция ұғымын көзделген әлеуметтік-экономикалық нәтиже алу мақсатымен қаржылы және материалды-техникалық ресурстар салымы деп түсінеді. Нарықтық қатынастарға өту салдарынан «инвестиция» түсінігінің көзқарастар мен ыңғайын өзгертті. Егер әкімшілік экономика жағдайында капитал салуды негізгі қорлар ұдайы өндірісіне кеткен бір жолғы шығындар деп қарастырылған болса, нарықтық экономикада инвестициялар әлеуметтік салдар немесе табыс табу мақсатымен кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінің обьектілеріне салудың меншіктік, интеллектуалдық бағалықтардың барлық түрі болып табылады.
«Инвестиция» түсінігі Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» заңына нақты, көлемді қарастырылған: инвестициялар – табыс табу мақсатымен инвесторлардың өндірістік қызметтің обьектілеріне салынатын мүліктің бағалықтары мен интеллектуалдық меншік құқықтардың барлық түрі болып табылады. Өз кезегінде инвестициялық қызмет мағынасын табыс табу немесе әлеуметтік салдар алу мақсатында кәсіпкерлік және тағы басқа қызмет обьектілеріне салынған мүліктік құндылықтар салу процесі деп түсінуге болады.
Жалпы инвестицияны тарту негізінен өндіріске қандай-да бір өнім немесе бір ел ішінде кәсіпорының акцияларын иеленуге салынған капитал салымы болып табылады. Егер өнім өндірісі жүзеге асырылып, шетелдік демеуші өз капиталын өндірістің кеңеюі мен технологиясын салса немесе жергіліктік кәсіпкерлердің қатысуымен кәсіпорын ашса, онда ол бірлескен кәсіпорын немесе шетелдік инвесторлар бар кәсіпорын болып табылады. Бұл жағдайда шетелдік өндіріске өзіндігінен тура әрекет етеді және сол себептен тура немесе нақты деп аталады. Егер сол елдегі қызмет етіп жатқан кәсіпорын акцияларына ие болса, олар портфелді инвестиция болады. Осы түсініктерді кең көлемде қарастырсақ, онда мынадай анықтама беруге болады.
Инвестиция – сатуды қосқанда белгілі бір өнім өндірісіне кәсіпорының қорын құру мен кеңейтуге салынған ұзақ мерзімді капитал салымы, сонымен қатар компания қызметінің кеңеюі мен оның заңды формасынан тәуелсіз компания үстінен бақылау орнатумен байланысты барлық басқа операцияларға салым болып табылады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономиткалық дамудың маңызды шарты болып республикадағы соңғы жылдардағы жоғарғы инвестициялық белсенділік болып саналады. Тек 1998-2000 жж. арасында қаржылық емес активтерге инвестиция көлемі динамикалық түрде өсті. Егер 1998 жылы елдің кәсіпорындардың, мекемелердің қаржылық емес активтеріне 439 млрд. теңге, 1999 жылы 512 млрд. теңге және 2000 жылы 753 млрд. теңге бағытталған болатын. Сонымен қатар негізгі капиталға инвестиция көлемі 2000 жылы 1999 жылға қарағанда 1,5 есе өсті. Және 595,7 млрд. теңгені құрады. Қазақстандағы инвестициялық процестің маңызды ерекшелігі – бұл қаржылық емес активтердегі инвесиция құрылымындағы негізгі капиталға инвестиция үлесінің тізбектік өсуі. Егер 1998 жылы 60 пайызды құаса, 2000 жылы 79 пайызды құрады.
Инвестицияның салалық құрылымында өнеркәсіп саласының негізгі капиталы 65 пайыз, соның ішінде таукен – 50 пайыз, өңдейтін өнеркәсіп – 12 пайызды құрайды. Нарық қатынастарға аймақтардың өтуімен олардың инвестициялық процестерге ролі мен инвестициялық көздері өзгерді. Бюджеттік қаражаттардың рөлі байқарлықтай әлсіреп, ұйымдар мен кәсіпорындардың меншік қаражаттарының мағынасы өседі. Егер 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының өзіндік қаражатының үлесіне кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық емес активтердің барлық инвестициялық үлесі 81,8 пайызға тиесілі еді, 1999 жылы – 85,4 пайызға, ал 2000 жылы ол 62,4 пайызға дейін төмендеді .
Тартылған қаражаттар үлесінің өсуі бюджет қаражаттарының жоғарлауымен түсіндіріледі, яғни 1999 жылы 5,7 пайыздан 2000 жылы 14,6 пайызға дейін, ал банк кредиттері болса 16 пайыз болады. Шетел қаражаттарының үлесі 1998 жылы 7,6 пайыз, 1999 жылы 8,7 пайыз болып, салыстырғанда 2000 жылы 6 пайызға дейін төмендеді. Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының жедел дамуын қамтамасыз ету Республиканың болашаққа деген стратегиялық мүддесі есебінен тек ішкі жинақтар жеткіліксіз. Сондықтан экономикалық аймақтарға құрлымдық жобалардың мақсатқа жетудегі маңызды шарты шетел инвестициясын тарту қажет.
Сонғы жылдары инвестициялық саясатты жүзеге асыру басты принцип болып отыр. Шетел капиталын Респуликаға тарту тікелей инвестициялар, мемлекеттік заемдар, несие ресурстары, халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдар ұсынатын портфельді инвестициялар түрінде жүзеге асырылады. Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысына шетел инвестицияларын тартудың маңызды ерекшелігі олардың көлемінің, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджеттік қаражаттардың ұлғайуымен байланысты.
Инвестицияны қолдануға тартылған қаражаттар рөлінің күшеюі қоғамдық өндіріске инвестиция тартудың диапазонының кеңейтілуін және инвестициялық қызметтің белсенділігін куәландырады. Аймақтарға терең экономикалық реформаларды қолдануда аймақтық инвестициялық саясатты әзірлеу мен іске асыру үшін қажетті жағдайларды құруды қажет етеді. Ал бұл өз кезегінде өндірістерді, територияларды немесе салаларды инвестициялауға шетел инвестициясын тартудың жаңа стратегиясын білдіреді. Ол елімізде орналасқан өндірістердің өзара байланысты жиынтығын, мақсатты және комплекстік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуын қарастырады. Оларға комплекстер, арнайы экономикалық, экспорттық және басқа да зоналар жатады. Олардың дамуы аймақтың инвестициялық бағдарламаларының міндеттері мен мақсатқа жетуге бағыталған ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарлама базасының негізінде жүзеге асырылады.
Берілген міндеттердің ойдағыдай шешілуі үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет:
Минералды-шикізат ресурстарына бай аймақтарда капиталды қажет ететін кен өндір, қайта өңдеу кәсіпорындарына базисті ресурстар жинайтын жаңа ережені енгізуде ыңғайлы жағдайлар жасалуда. Осының арқасында ресурстарға шығынның аз жұмсалуы, әсіресе әлемдік бағалардан төмен тауарларға мүмкіндік туып отыр. Ресурс жинайтын технологияны өнеркәсіптік базалық салаларға енгізу ғылымды қажет ететін өнеркәіпті және жоғары технологияны инвестициялаудың сапалы негізін құрды. Себебі ресурс жинайтын технологияның енгізудің арқасында капиталды қажет ететін саланың инвестициясын төмендетіп, алынған нәтижені ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялы өндіріске жұмсыуға болады.
Жақын және алыс шет мемлекеттерінің тәжірибесі көрсеткендей инвестициялар өтпелі кезеңде нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуының маңызды факторы болады, сонымен қатар өндірістік апаратты жаңартып қайта құрып жаңа өндіріспен кәсіпорындардың құылуын қамтамасыз етеді. Сол себепті мемлекеттік экономикалық аймақтарға шетел капиталын ынталандыру мен қолдану қазіргі кезеңнің инвестициялық процестің заңды басымдылығы болып табылады.
Нәтижесінде шетел инвестициясының мақсатты бағытталған әсері Қазақстанда құрылымдық саяси экономикалық, энергетикалық және азық-түлік саясаттын қамтамсыз етуге, сонымен қатар бай минералды-шикізат ресурстарын пайдаланумен байланысты таукен өнеркәсібінің стратегиялық маңызды саласының жылдам дамуына бағытталып отыр. Бай минералды-шикізат ресурстарын пайдаланумен байланысты өнеркәсіптің құрылымы жақсарады. өнеркәсіптің салалық құрылымы базалық салалардың – мұнай-химиялы өнеркәсіптерінің дамуының басымдылығы есебінен жақсарады.
Тікелей шетел инвестициясын тиімді пайдаланудың нәтижесі реттінде Семей қаласында Ертіс өзені көпірінің салынуы Ақтаудың теңіз сауда портының қайта құрылуы мен кеңейуі жүзегі асырылды.
Бүгінде Қазақстан Республикасында шетел капиталды тартуды ынталандырудың ары қарай дамуына қолайлы жағдайлармен алғы шарттар жасалуда. Мемлекет аймақтарға шетел инвестициясын тартудың нәтижелігін көтеру үшін экономикалық аймақтардың талаптарын қамтамасыз ететін шетел инвестициясын тартуды ынталандыру қажет. Әсіресе, актуалды болып ең алдымен жеке кәіпкерлікте оның ынталандыру рөлін күшейтуге бағытталған салық жүйесі меңгеру болып табылады. Республикамыздың экономиткасын өз қаражаттарын салып жатқан кіші және үлкен шетел инвесторларының қызығушылығын көтеру үшін оларға мемлекеттік кепілдік принципін жариялау, біздің ойымызша, пайдалы болар еді.
Информация о работе Жол картасы» әлеуметтік – экономикалық бағдарламасының негізгі мәселелері