Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 12:08, курсовая работа
Оқу-әдістемелік кешені “Қосымша аспап-қобыз” пәні бойынша 050106- “Музыкалық білім” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге барлық қажетті оқу -әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделіп отыр.
Абстракт ...........................................................................................................5
Курстың мақсаты .............................................................................................5
Курстың міндеті ...............................................................................................5
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме...................................................................6
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет............................................6
Студентке арналған ережелер..........................................................................6
Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі......7
Жеке сабақтарының мазмұны.....................................................................9,14
СӨЖ-жоспары, мазмұны.................................................................................23
ОБСӨЖ- жоспары, мазмұны...........................................................................25
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.....................................................................26
Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрі...................................................28
а) академиялық тыңдау
б) техникалық тыңдау
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі................28
Пән бойынша оқу процесінің картасы............................................................30
7.3.Күрделі формадағы шығарма.
Күрделі формадағы шығарманы алмастан бұрын оқытушы шығарманы әбден зерттеп студенттің қабілетіне қарап, танысып, шеберлігін өсіретінін іріктеп,талдап алуы қажет.Күрделі шығарманы оқушыға үйрету үшін ,оқытушы ең алдымен өзі жан жақты білу керек. Күрделі формадағы шығарманы үйренудің бірнеше жолдары бар, оны әо түрлі сатыға бөлуге болады.Шығарманы алғаш үйретер алдын оны басынан аяағына дейін бір орындап беру керек.Мұның үлкен маңызы бар.
Алғашқы ойыны арқылы студент шығарманың жалпы характерімен танысады, шығарма музыкасы оның музыкалық сезіміне әсер етеді. Шығарманы басынан аяағына дейін ойнап танысқаннан кейін , оқытушы шығарманы енді өте жай фойнатып талдауға кіріседі. Шығарманың қиын жерлеріне көбірек тоқталып, оқушыға оны игеру жолдарын түсіндіреді, шығарманың музыкалық құрылысы, ырғағы, мелодиялық ерекшелігі жайлы әңгімелеп таныстырады. Оқытушы студенттен ең алдымен шығарманың ноталарын өте дұрыс үйреніп, оған аса ұқыптылықпен қарауды талап етуі керек.
Оқушының шығарманы дұрыс түсініп, ырғағы мен мелодиясын бұзбай ойнауын мейлінше қадағалау оқытушының жауапты міндеті. Шығарма үйренуде аппликатураны дұрыс пайлаланудың маңызын еш уақытта естен шығармау керек. Оқушыға аппликатураны өзі қойып үйренуге, жаттықтыру оқытушының міндеті болып саналады. Қобызшының ең басты міндеті шығарманы ойнаған кезде, штрихтарына көңіл бөлуі керек. Шығарманы алып талдау кезінде студентпен әңгімелесіп отырып, талдап отырып , шығармаға апликатура мен штрихтарды қойып отыру керек.Студентті ара кезек штрихты «былай қойсақ қалай болады» - деп студентті тексеріп отыру керек. Сонда ғана, смечоктың төмен-жоғары болып қалмауын қадағалайды. Жаңа шығарманы үйрену тәсілінен кейінгі негізгі үйрену жұмысының бірі шығарманың техникалық орындаушылық жағын үйрену болып табылады.
Жаңа шығарманы үйрену кезінде, оқушының өз қатесін өзі біліп, оны жөндеп, дұрыстап ойнауға дағдылану- оқытушының педагогикалық міндеттерінің бірі. Оқытушы студенттің бірден шығарманы жатқа ойнауына тиым салуы тиіс. Өйткені орындаудағы кемшіліктермен шығарма ойнаудағы қателер, көбіне шығарманы әлі тегіс түйсінік үйреніп болмай, жатқа ойнағандықтан шығады. Сондықтан, шығарманы қашан үйреніп, оны орындауға жаттыққанға дейін оқытушы студенттен тек нотамен ойнауды талап етуі керек. Тек, сонда ғана студент жаңа шығароманы мазмұнына сай оның техникалық орындаушылық тәсілдерін ойдағдай игеріп, үйрене алады.
Шығарманы музыкалық көркемдік дәрежеде орындау дегеніміз- шығарманы өз екпініндеоны мазмұнына, характеріне байланысты автор ойын жеткізіп,бере алатындай дәрежеде ойнау. Орындаушылық шеберлік әдістерін молынан пайдаланып,музыкалық аспаптың дыбыс бояынорын-орнымен жұмсап, шығарманы динамикалық шарықтау шегіне жеткізу. Осы мақсатқа жету үшін, студент ұдай ізденіп, ойланып-толғануы керек. Оқытушы жаңа шығарманы үйретуде студенттен аспап мүмкіншілігіне қарай, табиғи дыбыс шығаруды талап етуі керек.
Ол дегеніміз-саусақты қойып, дыбыстың шығуын жүрекке барып, одан миға барған кезде ғана таза сапалы дыбыс шығады.Оқытушы шығарма характеріне қарай динамикалық айырмашылықтарын дыбыс дәрежесінде ажырата білуді үйрету керек. Сонда ғана, жас қобызшының орындаушылық міндеті өсетін болады. Оның ойыны құлаққа жағымды келеді.
№ 6 кредит.
Тақырыбы :
Шетел және қазақ композиторларының шығармаларын меңгеру.
Нотаны бірден оқып кетуді меңгеру.
8.1. Күрделі формадағы шығарма.
Күрделі формадағ
шығарманы орындау
Шығарманы тағы да фраза сөйлемге бөліп, талдап, жол-жөнекей динамикасымен де жұмыс жасауға болады. Әсіресе, крещендо, диминумендо,форте, пиано, меццофорте, меццопиано, сфорцандо, пианиссимо, акцент, деташемен жұмыс жасаса, шығарма толыққанды болуы әбден мүмкін. Қобызшының басты міндеті – штрихтарын дұрыс қойып, күшті және әлсіз үлестерде ысқышты дұрыс қою өте маңызды. Әлсіз үлестерді ысқышпен жоғары жүргізу, күшті үлестерді төмен жүргізуге ықпалы тиеді. Сондықтан да, штрихты өте қадағалау керек.
Күрделі шығарманы орындаған кезде аппликатураның да маңызы өте зор. Әсіресе, позициядан –позицияға ауысар кезде бірінші саусақпен бірінші позицияға ауысу, екінші саусақпен екінші позицияға, үшінші саусақпен үшінші позицияға ауысуды үйрену керек. Шығарманың мазмұнын бұзбай ауысыпп үйрену керек.
8.2. Әртүрлі характердегі төрт пьеса.
Әртүрлі характердегі пьесаны орындау үшін, репертуардың мазмұны неғұрлым сапалы , сан қилы болса, ол оқушы үшін соғұрлым қызғылықты да және нәтижелі болады. Өз бетімен даярланып үйрену, музыка тыңдау студент үшін өте пайдалы. Біріншіден оның творчестволық шабыты пайда болса, екіншіден мувзыкаға өзіндіук көзқарасы, қояр талабы пайда болады. Ол репертуарды игеру үшін ізденеді, толғанады, өзінің ой-өрісінің өсуіне, орындаушылық шеберлігінің ілгері дамуына жол ашады. Әрине бұның барлығы оқытушының үздіксіз қадағалауы болуы керек.
Әртүрлі характердегі пьесаның маңызы студенттің жан-жақиы көзқарасын өсіріп, әр ұлттың шығармаларын игеруге, сол ұлттың характерін өзінше көрсетуге үйретеді. Әр ұлттың шығармаларының орындау ерекшеліктерін игере бастайды. Бірде көңілді, қызуқанды, екпінді шығармаларды ойнап үйренсе, бірде мұңды, терең ойлы шығарманы игеріп, студенттің жұрттың алдында ойнау қабілеті артады.
8.3. Ірі шығарма.
Ірі шығармаға
,концерттер, сонаталар, концертино,
қысқаша симфониялық
Ірі шығарманы
орындаған кезде үнемі
Соңғы курста студентті жан-жақты тәрбиелеп, сахна мәдениетіне де үйрету қажет. Классикалық шығармаларды орындаған кезде-өте жинақы, ұқыпты, түр-келбеті, бәрі сәйкес болуы керек. Әндер мен пьесаларды орындаған кезде шығарманың мазмұнына қарай,киім киісі , орындалу ерекшелігі сәйкес болуы керек.Сахнаға шығар алдында жинақы, түзу келіп, залға мейіріммен қарап, жымиып әрі жинақы баспен иіліп ізет жасауы керек.
Содан кейін дұрыстап отырып жайғасқаннан кейін, залға бір қарап терең дем алып, концертмейстерге ымдап көрсетіп шығарманы бастап кетуі керек.
Шығарманы орындап болғаннан кейін, бей мазаланбай, жинақы тұрып, тағы да баспен иіліп,асықпай шығып кетуі керек.Шығарманы орындаған кезде залға мейлінше өзінің шығармасын көрерменге жеткізіп орындауға үйрену қажет.Ол үшін студент оқу кезеңінің мерзімінде сахнаға көбірек шығуды дағдыға айналдыру қажет ,сонда ғана ол сахнада өзін еркін сезіне алатын болады,ол дегеніміз еркін сезіну шығарманың толыққанды болуы.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Өнер» факультеті
«Ән және саз» кафедрасы
«Музыка мұғалімін аспапқа дайындау»
«Негізгі музыкалық аспап қобыз» - пәні бойынша
050106- «Музыкалық білім» мамандығының студенттері үшін
Студенттің өзіндік жұмысының жоспары
(С Ө Ж)
Жетісай – 2005
9. С Ө Ж – Т А Қ Ы Р Ы П Т А Р Ы
№ |
СӨЖ тақырыптары, мазмұны |
әдебиеттер |
1 |
1 - Тапсырма: І. Халық әндерін орындау |
25, 6, 22, 21 |
2 |
2 – Тапсырма: І. Студенттің жеке бағдарламасы бойынша: а) көркем шығармамен жұмыс; б) этюдтармен жұмыс; в) гаммалармен жұмыс; |
1, 2, 3, 4, 5, 6 |
3 |
3 – Тапсырма: І. Естіп ойнау арқылы жеңіл таныс 2-3 ән мен биді орындау. |
16, 18, 19, 20 |
4 |
4 – Тапсырма: І. Қазақ композиторларының шығармаларын орындау |
21, 22, 23, 24, 25 |
5 |
5-тапсырма. Белгілі бір ойнау тәсілдерін меңгеру. |
18, 19, 20 |
6 |
6-тапсырма. Халық әндері мен пьесаларын шетел композиторларының шығармаларын меңгеру. |
21, 22, 23 |
7 |
7-тапсырма. Әртүрлі мазмұндағы күйлерді ойнау шеберліктерін меңгеру. |
23, 24, 25 |
8 |
8-тапсырма. Шетел және қазақ композиторларының шығармаларын меңгеру. Нотаны бірден оқып кетуді меңгеру. |
21, 22, 23, 24, 25 |
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
«Өнер» факультеті
«Ән және саз» кафедрасы
«Музыка мұғалімін аспапқа дайындау»
«Негізгі музыкалық аспап - қобыз» - пәні бойынша
050106- «Музыкалық білім» мамандығының студенттері үшін
Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы
(О Б С Ө Ж)
Жетісай – 2005
10. О Б С Ө Ж – Т А Қ Ы Р Ы П Т А Р Ы.
№ |
Сабақтың тақырыптары, мазмұны |
Бақылау түрі |
Бөлінген сағат |
1 |
Аспаптың бойындағы
ноталық дыбыстрды меңгеру |
орындау шеберлік |
15 |
2 |
Алғашқы позициялармен шағын шығарманы меңгеру. Негізгі ойнау тәсілдерімен танысу. |
орындау шеберлік |
15 |
3 |
Техникалық ойнау мәнерін меңгеру. Этюд, гаммалар. |
орындау шеберлік |
15,15 |
4 |
Әртүрлі мазмұндағы шығармалардың ойнау шеберлігін меңгеру. Шетел және қазақ композиторларының шығармалары. |
орындау шеберлік |
15 |
5 |
Белгілі бір ойнау тәсілін меңгеру. |
орындау шеберлік |
15 |
6 |
Халық әндері мен пьесаларын шетел композиторларының шығармаларын меңгеру. |
орындау шеберлік |
15 |
7 |
Әртүрлі мазмұндағы күйлерді ойнау. Шеберлікті дамыту. |
орындау шеберлік |
15 |
8 |
Күрделі формалы шығармаларды меңгеру. |
орындау шеберлік |
15 |
Барлығы: |
45,90 |
11. Пайдаланатын әдебиеттер.