Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 13:05, дипломная работа

Описание работы

Музыка пәні мұғалімәнің күнделікті жұмысында психология мен педагогикадан терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін, прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда түсінуге мүмкіндік тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі, жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына дәл мінездеме беруге оқушылардың әрекетіне, құбылыстар мен факторларға дұрыс талдау жасап, тиімді тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеде табысқа жету үшін музыка мұғалімінің кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.
Сайып келгенде , музыканттың тәрбиелік ықпалының күші- оның жеке басында, жоғарыда аталған қасиеттерді игеруінде.
Өйткені адамзаттың адамгершілік және рухани тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің, оның ішінде музыка мұғалімінің еңбегімен жетеді.

Содержание работы

К і р і с п е......
I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік –
педагогикалық мәні.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні,
мазмұны.

1.2. Оқушыларды музыкалық мәдениетпен таныстырудағы
сыныптан тыс жасалатын жұмыстардың түрлері.



II тарау. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың
экспериментті ізденісі.

2.1. Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысын жоспарлау
және талдау.

Оқушылармен лекция - концерт өткізу үлгісі.





Қорытынды.


Әдебиеттері тізімі.


Қосымшалар.

Файлы: 1 файл

Дип.-Сыныптан-тыс-музыкалық-тәрбие-беру.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР  ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

 

МУЗЫКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ  МЕН ӘДІСТЕМЕСІ  КАФЕДРАСЫ.

 

 

Педагогика  мен методиканы  оқытудың  теориясы мен  әдістемесінен

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

“Сыныптан тыс  музыкалық тәрбие беру”

 

 

 

 

 

 

                      Орындаған: “Музыкалық білім  және мәдениет”

факультетінің IV курс (3 жылд)

                                                студенті  Исаева Г.Ә

 

  Жетекші:   аға  оқытушы  Сұлтанова   М.С.

 

 

 

 

 

Алматы-2006

М А З М Ұ Н  Ы

 

К і  р і с п е......

        I тарау.  Тәлім- тәрбие  жұмысының әлеуметтік –  
                       педагогикалық    мәні.

 

         1.1.      Тәрбиенің       негізгі   мақсат-міндеттері, мәні,

                      мазмұны.

 

         1.2.    Оқушыларды  музыкалық мәдениетпен таныстырудағы

  сыныптан  тыс  жасалатын  жұмыстардың түрлері.

 

 

 

       II тарау.  Сыныптан      тыс     жүргізілетін     жұмыстардың   

                        экспериментті     ізденісі.

 

          2.1. Сыныптан тыс   тәлім- тәрбие жұмысын  жоспарлау

                    және       талдау.

 

    1. Оқушылармен  лекция - концерт өткізу үлгісі.

 

 

 

 

 

          Қорытынды.

 

 

          Әдебиеттері  тізімі.

 

 

          Қосымшалар.

 

 

 

 

К І Р І С П Е.

 

          Қоғамның  экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани  өмірін дамытуда  әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші   роль  атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға  етіп тәрбиелеуде шебер ұстаз - жетекшінің    атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда тәлім –тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа тәрбие   бағдарламалары да,  тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет, әрі мәнді. Бәрінен  де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау  шыңына бағдарлайтын  музыка пәні  мүғалімінің орны бөлек.

Педагогикалық  шеберліктің  компонентеріне- психологиялық, педагогикалық  білімнің тереңдігі, кәсіптік  қабілетінің  дамығандығы, педагогикалық  техниканы игергендігі жатады.      Педагогикалық  техника- оқушыларға  әсер етудің сан қилы тәсілдерінің жиынтығы. Педагогтік өнері, даусы, ырғағы,  сөйлеу темпі,  көзқарасы, мимикасы,  бұрылысы,  жүрісі т.б. сан түрлі қимылы  жатады.  А.С.Макаренконың педагогикалық техниканы игерудің маңызын ерекше бағалаған.  Өнер институтындағы сияқты педагогикалық оқу орындарында да дауысты қою, сөйлеу, қарау өнерімен таныс болу қажет деп есептеген. Дауысты мұғалімнің  жұмыс құралы  деп таныған. ”Тәрбиенің даусын үйлестіре білуінде де, өзінің бет құбылысын басқара білуінде де  педагогикалық   шеберлік  болады”,- деген, ендеше әрбір педагог шеберлікке  жетуді  мұрат етуі тиіс.

Музыка  пәні мұғалімәнің  күнделікті жұмысында  психология мен  педагогикадан  терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін,  прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда  түсінуге  мүмкіндік  тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі,  жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына  дәл  мінездеме беруге оқушылардың  әрекетіне, құбылыстар мен факторларға  дұрыс талдау жасап, тиімді  тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік  тудырады.

Тәрбиеде  табысқа  жету үшін  музыка  мұғалімінің  кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби  қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік  болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.

Сайып келгенде  , музыканттың  тәрбиелік  ықпалының  күші- оның  жеке басында,  жоғарыда  аталған  қасиеттерді  игеруінде.

Өйткені  адамзаттың  адамгершілік және рухани    тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің,   оның ішінде музыка мұғалімінің  еңбегімен жетеді.

 

          

 

 

I тарау.  Тәлім- тәрбие  жұмысының әлеуметтік – педагогикалық

мәні.

 

1.1.      Тәрбиенің       негізгі   мақсат-міндеттері, мәні, мазмұны.

 

          Бүгінгі  таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай,  демократияланған, ізгіленген кезең  мектептерде тәлім  - тәрбие  мазмұнын  қайта қарап  жаңғыртуды,  халықтық  педагогиканы тәрбие процесінде  негізге  алуды  талап етіп отыр. Өйткені, әр  ұлттың  тарихының ұрпақтарға оқытылуы,  салт –дәстүрлерінің  сақталуы және әдебиеті мен өнерінің  дамуы, ұлттық  бостандық  жағдайында болуы  мүмкін.

Қазақстан  Республикасының  Білім мазмұны тұжырымдамасында  және  Білім туралы  Заңында  : осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық  дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен  диалектикалық бірлікте   қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын  жаңартудың қайнар көзі  бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда айтылғандай, білім, тәрбие мазмұнын  жаңартпайынша, қоғамды жаңарту  мүмкін  емес.  Себебі, қоғамның алға  басуы   жас ұрпақты  білім, тәрбие арқылы  дамытуға , жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге  байланысты делінген. Құжаттардағы  аталған  пікірлерге  орай,  қоғамды  дамытатын  жас азаматтың   жеке тұлғасы жан- жақты жетілген,  іскер,  белгілі дәрежеде ғылыми  білім жүйесін, ана  тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын  болуы керек.  Сонымен  бірге  өзге халықтардың  тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын  нығайтуға, адамгершілік  қасиеттерін, эстетикалық талғамын  дамытуға  ынтазар,  өмірдің әрқилы  кезеңдеріне дербес  еңбек етуге даяр  ұрпақты     қалыптастырудың бір жағы  білім   мазмұны арқылы іске  асса, екінші  жағы  тәлім- тәрбие  мазмұны арқылы бойға  сіңеді. Сондықтан  “Білім  мазмұнын  жаңарту тұжырымдамасында” білім  мазмұнын  қазіргі  ғылымның  құрылымына   сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде оқушылардың  шығармашылық ойлауы мен өздігінен  еңбек етуіне, білуге үйрету, дүниені  дұрыс тануға,  жалпы азаматтық   мәдениетті   бойына дарыту  көзделіп отыр.

Сонымен, оқыту  ісін жастардың  белсенді  ақыл- ой  еңбегі  саналы  іс- әрекеті негізінде  ұйымдастырса, тәрбие  процесін ғылыми- тәжірибелік  бағытта, ұлттық  психология, сана- сезім, мінез –құлықты  қалыптасыру негізінде   ұйымдастырған абзал.

Жас ұрпақты  тәрбиелеуде, оның бойындағы  туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамтыу, бағалау, сенім, үлгі  көрсету, талап  ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық  педагогикасын  пайдалану  арқылы жеке тұлғаны  қалыптастыруға жол ашылады.

Байқап  отырғанымыздай,   халыққа  білім беру  қызметкерлерінің,  яғни  мұғалім соның ішінде   музыка пәні  мұғалімінің  алдында  жас  ұрпаққа  эстетикалық  білім -  тәрбие  беру ісінің  мазмұнын  тәрбиелеуге  батыл,  шығармашылықпен кірісу  мәселесі  тұр. 

      Білім  мазмұны жеке тұлғаны   жетілдіру,  дамыту,  тәрбиелеу,   тәжірибені меңгерту үшін қызмет етеді.

     Білім  мазмұны деп- жеке адамның ой- өрісін, дене  тәрбиесін, адамгершілік  - имандылық қаситтерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын,  мінез- құлқын  дамытуды, жалпы  азаматтық  мәдени  дәстүрлер  рухында  тәрбиелеуді  қамтамасыз  етіп,   дербес   өмір  сүруге  дайындайтын  ғылыми-  білім,   тәжірибелік, іскерлік және дағды   жүйесін  қалыптастыратын жадығаттарды айтамыз.

       Тәрбие   жұмысы мақсатында  педагогикалық  үйірмелер, олимпиадалар, дөңгелек  үстел басындағы сұхбат,  тақырыптық,  кештер,  кездесулер,  айтыстар, пікірсайыстар,  атамекен апталығы, сұлулар, сымбаттылар,  білімділер,  өнерлілер,   іскерлер сайысы,   ғылыми- шығармашылық   қоғамдар,  бірлестіктер  достық-  танымдық  сапарлар,   саяхаттар т.б. ұйымдастырылады. Сонымен,  оқыту   процесін  жастардың  белсенді ақыл- ой  еңбегі,  саналы  іс -әрекеті   негізінде   ұйымдастырып, тәрбиелеу   ісін  қоғам талабына лайықты ғылыми-  тәжірибелік бағытта,  ұлттық  психология,   сана- сезімі  мен мінез-  құлқын   қалыптастыру  негізінде    ұйымдастырса,   жұмыс нәтижелі  болады.

         Жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі  ретінде  ғана емес,  өзіндік  ақыл- ойы,  талап- тілегі,  қажеті  бар субъекті ретінде  қарап, бойындағы  туа біткен, табиғи  мүмкіндіктерін  дамыту, бағалау, сенім, үлгі  көрсету, талап  ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру,   ынтымақтастық   педагогикасын  қолданып,  оқу- тәрбие   жұмысын  жүргізу  арқылы  жеке   тұлғаны   қалыптастыруға жол  ашылады.

         Педагогикалық  қызмет  еңбек  объектісінің  ерекшелігімен   айрықшаланады.  Өйткені,  ол үнемі  дамып,   бір мезгілде   тәрбиенің   объектісі де, субъектісі де  бола алатын жеке тұлғамен істес.  Қоғамдағы  жас  ұрпақ   тәрбиесі  төрт түрлі әлеуметтік  күштің  бірлескен  жұмысы  арқылы жүзеге  аспақ : отбасы, мектеп,  әлеуметтік  орта, жұртшылық.  Осы  күштерді  біріктіріп, байланыстырып ортақ  мақсатқа  бағыттап отыратын –музыка  мұғалімі.

         “ Ана  тілін       ұмытқан адам  өз  халқының  өткенінен де, болашағынан да  қол   үзеді“ (Ғ.Мүсірепов ),  сондықтан  болашақ  педагогтарда  орта  арнаулы және  жоғары  мектеп қабырғасында   тәрбие  құралы  болып  табылатын ана  тілінің  кәусарына қандырып, ұлт  әдебиеті мен өнері  туындыларына  қанықтырып халықтық  педагогиканы   және  халық  музыкасын бойына  сіңірту  жағдайында  ғана  оқу- тәрбие  жұмысында жоғары  нәтижелерге  қол жеткізуге  болады.

         Оқу- тәрбие  жұмысының  мазмұндылығын қамтамасыз  ету  үшін  топқа  сабақ  беретін  мұғалімдермен бірлесіп жұмыс  істейді.  Оқу көмегін  ұйымдастырады.

           Оқушыларға  мектеп    пен  отбасы  тарапынан  қойылатын   педагогикалық  талаптардың   бірлігін қамтамасыз  етіп, ата- аналарымен  байланыс жасап отырады. Сонымен  бірге  оқушылардың  денсаулығын  нығайтуға жағдай   туғызып, үлгерімі  мен сабаққа   қатысына  қамқор болып,  мінез- құлқын,  тәртібін адамгершілік  қасиеттерін  дамытатын  шараларды жүзеге  асырады,  болашақ  мамандығына  деген сүйіспеншілігін, дұрыс   қатынасын  қалыптастырады.

        Музыка  пәні  мұғалімі  оқушыларға  музыкалық білім берумен қатар, 

жан- жақты  дамып қалыптасуына жүйелі жүргізілетіні жұмыстар  арқылы  үздіксіз  ықпал  етіп отырады. Педагогикалық ықпалдың   табысты болуы оны іске  асыратын   музыка пәні мұғаліміне және   оқушылардың   қабылдауы мен белсенділігіне  байланысты.  Олай болса,    музыка пәні  мұғалімінің жеке басы   қабілетіне, жұмыс істеу ынтасына жоғары талап қойылады.  Ол талаптарға теориялық,  тәжірибелік  дайындығының болуы,  рухани байлығы, педагогикалық   білімі  мен біліктілігі  т.б. жатады.  Бұл талап    музыка пәні  мұғалімінің өзін- өзі тәрбиелеу  процесінде  жеке басының  қасиеттерін дамытуын, педагогикалық шеберлікке, іскерлікке  жетудің  құпияларын игеруін  қажет етеді.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         1.1.б)Тәрбие  жұмысының ерекшелігі  мен қиыншылығы.

       Бірінші ерекшелігі- тәрбиенің көп қырлы, көп факторлы процесс екендігі.Тәрбие мақсат, міндет,  мазмұн,   идеологиялық бағыт беру,  отбасы, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие  мен талап қоюдағы бірлігін  сақтау,  тәрбие  әдістерін дұрыс талдап, тиімді  пайдалану басты ерекшелігі.

       Екінші  ерекшелігі- тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір  бойы тәрбиеленді, тәрбиеде тез  табысқа  жету мүмкін емес. Ол ұзақ уақытты, қажымай - талмай, шыдамдылықпен тәрбие  жұмысын жүргізуді қажет  ететіндігімен  ерекшеленеді.

       Үшінші ерекшелігі- тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы.

    • 1-сатыда: Отбасында, балабақшада, бастауыш  мектепте тәртіп  ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен мінез- құлықтың алғашқы   дағдылары бойға қалыптасады.
    • 2-сатыда:Этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами  бастайды. Әдет-құлық көрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.
    • 3-сатыда: Дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастардың қалыптасуы, мінез- құлықтың тұрақты  әдеттерінің бойға даруы, күрделі сезімдердің бұдан  әрі қарай тереңдеп дамуы іске  асады.

     Бұл сатылар  арасанда  шек болмайды, бір- бірімен   тығыз байланыста өрбиді.

       Төртінші ерекшелігі- тәрбие жұмысы  мазмұнының бір орталыққа жинақталып жас шамасында,тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте күрделеніп берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып  түсіндірілуі.

       Бесінші  ерекшелігі- тәрбие  ісінің  екі жақты белсенді процесс екендігі. Музыка пәні  мұғалімінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің  ішкі ойымен  , ниетімен  ,өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштасып, табиғи үйлестік табуы жұмыстың  нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Олай болса, тәрбие ісінде  де, музыка пәні  мұғалімі де,  оқушылар да белсенділік көрсетуі тиіс.

        Алтыншы  ерекшелігі – тәрбие ісінде педагогтар  ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің   күшті  болуының  мәні зор .А.С.Макаренко “Тәрбие беру жұмысы ең алдымен ,ұйымдастырушының  жұмысы” деп бекер айтпаған . Музыка пәні  мұғалімінің  ұйымдастырушылық  қабілеті  зор болғанда ғана жеке  оқушыларға ықпал етіп ,оқушылар  ұжымының  қарым – қатынасынын  жолға  қойып  жұмылдыра алады .

       Жетінші ерекшелігі-   тәрбие нәтижесін тез арада  анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. (Жазбаша бақылау, шығарма, мазмұндама,  ауызша сұрау,  есеп алу т.б.)  ал қаншалықты тәрбиелі, иманды екенін анықтау қиын.

       Сегізінші  ерекшелігі- тәрбие  болашаққа ұмтылған іс-әрекет.Бүгін мен мен ертеңгі келешек өмірдің ұштасуы.

      Бүгінгі   жақын мақсат- болашақтағы ортаңғы  және алыс мақсатқа жетудің  негізі. Бүгінгі  оқушы- ертеңгі   азамат,  маман, қоғамдағы  дамытушы,  алға апарушы, қоғам иесі.

      Тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың аталған   ерекшеліктерімен қатар, өзіндік  қиыншылықтары да бар.Атап айтсақ:

        • а).тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырумен салыстырғанда уақыт жағынан едәуір қиындық тудырады.Оқу белгілі уақытта,сабақ кестесіне байланысты басталады, аяқталады, ал  тәрбие жұмысының уақытын музыка пәні  мұғалімінің  оқушылардың бос уақытын есепке  алып өзі  белгілейді.
        • ә).тәрбие жұмысының бағдарламасы жалпылама жасалған, ал оқу  процесінде әр пәннің жеке- жеке бағдарламасы бар. Бұл тәрбие жұмысының жоспарын нақты жасауға мүмкіндік бермейді.Тәрбие салаларына байланысты тақырыпқа бөлініп   жасалған бағдарлама,  бағдарламаға  байланысты  құрастырылған хрестоматиялық жинақтар, әдістемелік құралдар тапшы.
        • б).тәрбие жұмысының  жалпы  мазмұнына   ыңғайлап, музыка пәні  мұғалімі    тақырыптарды өзі таңдап, тәрбие материалдарын өзі сұрыптап  алып иснцинировка  , жоспар жасайды. Бұл біріншіден музыка пәні  мұғалімінің    қыруар уақытын алса, екіншіден күрделі, жан- жақты еңбекті талап етеді.

Информация о работе Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру