Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 13:05, дипломная работа

Описание работы

Музыка пәні мұғалімәнің күнделікті жұмысында психология мен педагогикадан терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін, прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда түсінуге мүмкіндік тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі, жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына дәл мінездеме беруге оқушылардың әрекетіне, құбылыстар мен факторларға дұрыс талдау жасап, тиімді тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеде табысқа жету үшін музыка мұғалімінің кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.
Сайып келгенде , музыканттың тәрбиелік ықпалының күші- оның жеке басында, жоғарыда аталған қасиеттерді игеруінде.
Өйткені адамзаттың адамгершілік және рухани тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің, оның ішінде музыка мұғалімінің еңбегімен жетеді.

Содержание работы

К і р і с п е......
I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік –
педагогикалық мәні.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні,
мазмұны.

1.2. Оқушыларды музыкалық мәдениетпен таныстырудағы
сыныптан тыс жасалатын жұмыстардың түрлері.



II тарау. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың
экспериментті ізденісі.

2.1. Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысын жоспарлау
және талдау.

Оқушылармен лекция - концерт өткізу үлгісі.





Қорытынды.


Әдебиеттері тізімі.


Қосымшалар.

Файлы: 1 файл

Дип.-Сыныптан-тыс-музыкалық-тәрбие-беру.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

          Аталған  ерекшеліктер  мен  қиыншылықтар  музыка пәні  мұғалімінен    сан – салалы білім мен іскерлікті, шеберлік пен дағдыны, педагогикалық  іскерлікті, тәжірибені қажет етеді.Өйткені,  ол әр  оқушының жеке басы  қасиеттерін және сынып ұжымын зерттеп  таниды. Тәрбие  құралдары  мен әдістерін таңдайды, сол арқылы олардың  жеке дамуын, ұжымға бірігуін, ынтымағын, татулығын қамтамасыз етеді. Осы орайда, музыка пәні  мұғалімі    тәрбиені кешенді  жүргізуге тырысады. Оның мәні  - тәрбие ісінде  мақсат, міндет,  мазмұн, әдіс- тәсіл  түрлерінің бірілігігн сақтау, тәрбиені жоспарлау, есепке алу, нәтижесін ескеру, сана-сезімге, мінез- құлыққа бірдей тұтас ықпал  ету, тәрбиелеу, тәрбиеде   барлық әлеуметтік  күштердің  бірілігін қамтамасыз етеді. Демек,  тәрбиені  кешенді  жүргізу  тәрбиеге  бір жақты  келуден, жүйесіздіктен құтқарады.

          

 

 

 

 

 

Тән тәрбиесі .

          Жеке тұлғаны  жан- жақты  дамытуда тәр тәрбиесі мен жан  тәрбиесі  ерекше орын  алады.  Олай  дейтін  себебі, адамзат  қоғамы сан ғасырлардан  бері жинақталған  рухани және  материалдық байлықты игеру, тәні, жаны таза, дені  сау   азаматтың қолынан келеді.  “Денің сау болса жарлымын  деме”,”Басы аманның- жаны сау”, “Тәні  саудың- жаны сау” дейді    халық педагоикасы.  Бұл қағидалар  жас ұрпақты   дені  сау, тәні таза, дене  мүсіні сұлу, ақыл- ой толық дамыған, адамгершілік  қасиеттері жоғары, табанды  батыл, қайратты, ел қорғауға, еңбек етуге дайын  етіп қалыптастыруды  көздейді.

          Тән -  тәрбиесінің негізгі мақсат- міндеттері - жас ұрпақтың  денсаулығын сақтау, нығайтуға қамқорлық жасау,өмір  тіршілігіне қажетті икемді қимыл әрекетке жаттықтыру, күш қуатын молайту, мәдени- тазалық дағдыларына баулу болып табылады. Дұрыс қойылған  тән тәрбиесі әдейі ұйымдастырылған оқу, тәрбие  жұмысы арқылы жас ұрпақтың    дұрыс дамуына қолайлы жағдай  жасап, денесін шынықтырады.

          Тән  тәрбиесі бүкіл организмнің   қызметін  дамыту үшін ғана  қолайлы  жағдай  жасап қоймайды, ақыл- ойы  шалымды, денсаулығы  мықты, төзімді, жүйкесі  берік болып жетілуіне  , дене  еңбегі мен ақыл- ой еңбегіне бейім болып   қалыптасуына  мүмкіндік тудырады.

          Халық педагогикасында денені  шынықтырудың  төс  тоғыстыру,  иық қағысу,маңдай сүзістіру,бел күшін сынау, соқыр теке, қыз қуу т.б және спорттық  ойындарда  бейсбол, волейбол, күрес, хоккей,  шахмет, дойбы т.б.  жарыстарда  іске асырлады.  Бұлар  жастардың  денесін шынықтырып, шымырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа,  еңбек қабілетттілігіне  баулиды.

       Дене тәрбиесі  өзге  тәрбие бағыттарымен  тығыз байланыста жүреді, бірін- бірі  толықтыра отырып  жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек тәрбиесі .

        Адамның адам  болып қалыптасуының  құралы- еңбек.  Еңбектің  нәтижесі  әрбір адамға, оның  еңбекке саналы, шығармашылық   көзқарасына байланысты.  Олай болса, бүгінгі  таңдағы қоғам қажеттілігі- жас ұрпақтың  бойында  еңбекке ынталандыруды  тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын  дұрыс таңдауға баулу.  Баланың  жеке басының еңбек жолын  дұрыс таңдауға   баулу.  Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне  баулуға тікелей байланысты.

   Тәрбие  тек  адамның  ақылын  дамытып және  белгілі  бір мағлұматтар   беріп ғана қоймай, қайта саналы  еңбекке  деген ынтасын арттыра   түсуі  керек, мұнсыз оның  өмірі ардақты да, бақытты  да бола алмайды.  Адамның  жастық  шағында   алған әсерінің  салдарынан  еңбекке деген ынтасы  өсіп те, өшіп те  қалуы мүмкін,  сондықтан  баланы  жас шағынан ұқыптылықпен  баулып, еңбекке деген  ынта- ықыласын  қалыптастырған дұрыс.

  Қазақ халқы   ежелден –ақ ұл мен қыздың  тәрбиесін отбасында өзара бөлісіп   атқарған.  Ұлды төрт   түлікті   бағып- баптауға, отын шабуға, тамақ  табуға, құсбегілікке, аңшылыққа, қолөнер   шеберлігіне  әкелері  мен   аталары  баулыса, ал қыз балаларды үй жұмысын, қолөнерін (кесте тоқу, ою- өрнек салуға)  атқаруға  яғни отбасының ішкі жұмысына  аналары мен әжелері үйреткен. “Ата көрген  - оқ жонар, ана көрген- тон пішер “ деген мәтелдің  мәні осында жатыр. Жастарды   мамандыққа  тәрбиелеу төрт түлік мал бағуға үйрету,  үй ұстауға үйрету т.б баулып, оларды ептіліке, қырағылыққа, бейімділікке, ұстамдылыққа, сыпайылыққа машықтандырған. Өйткені, жастардың   еңбексіз жеңіл өмір сүруі, біреудің арқасында   күн көруі адамгершілік – имандылық қағидаларымен сыйыспайды   деп дәлелдеген. Оларды  ой еңбегі   мен дене   еңбегіне   шығармашылықпен   кірісетіндей етіп тәрбиелеу, еңбекті   дәріптеу, еңбек адамын үлгі ету  халықтың  “Еңбегімен  ел көгерер”, “Еңбек ер атандырар”,”Еңбектің наны тәтті”, “Еңбегі аздың - өнбегі аз” деген тұжырымдар адам өміріндегі  еңбектің ролін ашып көрсетеді.

 Еңбекке  оқыту   мен тәрбиелеудің  нәтижесінде   қалыптасқан   білім мен   білік, дағды мен іскерлік адам  баласының  өмірге,  еңбекке   құштарлығын арттырып, мүмкіншілігін дамытатын сенімді құралына  айналдырды.  Жастарды болашақ  мамандығы   бойынша машықтандырып еңбекке  дайындау, оларға   еңбек етудің  дағдыларын  игерту    әр  пән мұғалімінің, тіпті  музыка пәні  мұғалімінің де басты міндеті. Білім негіздерін  оқып үйренудің өзі – оқушыларды  еңбекке  тәрбиелеудің  негізгі құралы.  Оқу- үлкен  еңбек.  Оқушының  қоғам, халық, ата- ана алдындағы  жауапті міндеті- жүйелі  оқу еңбегіне   үйрену : (кітаппен жұмыс істеу, зертханалық жұмыстарды орындау, бақылау, өздігінен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру, жұмыс орнын  дайындау, таза ұстау ) . Көпшілікпен жүргізілетін  тәрбие  жұмыстарында  әр оқушыға  жеке дара қабілеті  мен  қасиетіне  сай қатынас жасау ерекше орын алады.

Ақыл- ой тәрбиесі

 

 Бала күнделікті  өмірде айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы   сан түрлі мағлұматтар мен дағды, білім игереді.  К.Д.Ушинский айтқандай.”Ақыл-ой дегеннің  өзі жақсы ұйымдастырылған  білім жүйесі” екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты  бай, сан- алуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан музыка пәні мұғалімі    тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірімеген, баланың  өзінің тікелей  өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты есептерін дәл анықтауға кедергі  жасайды да нәтижесінде  жалған түсініктерінің тууына негіз болады. Ақыл- ой тәрбиесі  тек ойдың ғанаемес, оның дамуы ойлау процесінің  құбыслытарымен сипатталады.  Даму- баланың сандық және  сапалық   жағынан жетілуі,психиканың  , ой- сананың  өсуі.

            Ақыл- ойдың дамуы дегеніміз- оқушының  жасына  байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен, тәжірибе  жинақтауынан  оның ақыл- ой  әрекетінде  болатын сандық  және сапалық жағынан жетілуі,  психиканың, ой- сананың өсуі. Ақыл- ойды  дамытудың шарты- жастардың  сан қилы  іс- әрекетінің  тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның  әсері, адамдардың  қарым- қатынасы, тілді  меңгеруі, қабылдауы  мен түйсінуі, берілетін  ғылым, білім  сапасы.

          Ақыл- ой тәрбиесі дегеніміз- жастарға  мақсатты көздей ықпал  етіп, оның айналадағы   дүниені  шынайы  ақиқат  тұрғыда  танып білуін, ғылым негіздерін   игеруін  қамтамасыз ету, табиғатқа, қоғамға , адамдарға дұрыс  қарым- қатынасын   қалыптастыру.

           Жас ұрпақтың   түйсік, қабылдау, ес ,қиял,ой және тіл сияқты  танымдық- психикалық  процестерін дамыту- ақыл- ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі.

            Айналадағы   дүниені  түйсік  пен қабылдаудың дамуы неғұрлым  жоғары  болса, дүниені  танып   білуі  соғұрлым  бай болады.

               Жас ұрпақтың  ақыл-  ойының дамуы еңбек пен ғылым- білімнің  ұштасуына байланысты. Қоғамдағы  барлық  байлық- адамның  ақыл- ойымен, екі қолымен  жасалатын еңбектің   нәтижесі, ғылым мен  техника, бүкіл өнер туындылары, еңбек пен  ақыл- ой қызметінің  жетістіктері.Халықтық педагогикада “Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”, ”Оқу білім бұлағы, білім- өмір шырағы”, ”Ақыл озбайды, білім тозбайды”, “Оқу  түбі- тоқу”,- деп қарапайым өмір   тәжірибесінен туындаған қағидаларды жас ұрпақтың ақыл-ойын тәрбиелеу үшін пайдаланылған. Халық  бар дүниенің  тетігі  ғылымда, оны төзімді еңбекпен  аласың деп, заңғар  ойлы, парасатты, әділдік  жолында  алыса  білген  адамдарды үлгі  - өнеге  еткен.

               И.П.Павлов адамның  сөзі барлық   нақты  тітіркендіргіштің орнына  жүреді  де, ол  ми қабығында  сан алуан  тежеулер  мен  қозу тудырады.  Сөз жеке  зат туралы,  толып  жатқан  біртектес  заттар  туралы  мәліметтер беріп, сол арқылы ойлауға, ой қорытындысын жасауға, түрлі    ұғымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөз адамды тәрбиелеу, ғасырлар  бойы жинақталған тәжірибені сақтау, білімді  ұрпақтан- ұрпаққа  жеткізу  құралы  болып табылатындығын  айтқан болатын.

               Сөз өнерін  дәріптеген халқымыз  жастардың  ақыл- ойын  дамытуда  ауыз әдебиетінің  айтыс жанрын, музыкасының  өнер жарысын (өлең жырмен айтысу,  өнер сайыстыру, ән айту, би билеу, күй тарту,) пайдаланылған.Айтысарда  ақындар  қарсыласына  - өнер , білім, өнер, еңбек, кәсіпкерлік  туралы  өлеңмен сұрақтар   қойып, оған өлеңмен  жауап алып, бір- бірін сынаған, сөйтіп ой- өрісін, білімін  сарапқа салған.  Көп оқу, білу керек  екенін  жастарға  танытып, өнер- ғылымға  бағыттап, сөз шеберлігіне тәрбиелеп отырған.  Бұлар халықтың  салт- дәстүріне байланысты мерекелерде  ұйымдастырылатын, ойын- сауық  кештерінде  іске асырылып, жастардың ой- өрісін  жетілдіріп,  тапқырлыққа, шешендікке, өткірлікке  , ой- қиялын   дамытуға мүкіндік беретін.  Халқымыз “Өнер  алды-  қызыл тіл”, “Шешеннің  сөзі -  мерген, шебердің көзі- мерген”,   “Қаһарлы  сөз- қамал бұзар”,- деп жастарға  сөз құдіретін  , оның  мәнін  түсіндіріп  келген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамгерішілік тәрбиесі.

 Адамгершілік тәрбиесі  мен еңбек, ақыл- ой тәрбиесі, бір-  бірімен  өзара тығыз байланысты. Өйткені, мораль адамның  еңбекке   деген көзқарасы  арқылы  қоғамның  экономикалық  мәдени дамуына   ықпалын  тигізеді.Адамгершілік  жағынан  дұрыс қалыптасқан адам ғана  біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады.  Адамгершілік   тәрбиесі моральдік жағынан кіршіксіз таза, қоғам  мүддесі  үшін еңбек ететін  , жан- жақты жетілген  адам даярлау – тәрбиенің  басты мақсатына  айқындайды.

Мораль дегеніміз адамдардың  мінез- құлқының  тарихи  қалыптасқан  ережелерінің  жиынтығы. Бұл ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік  пен әділетсіздік, абыройлық пен  абыройсыздық,ар- намыс, ұждан деген ұғымдардың   тұрғысынан қарағанда, адамдардың  мінезі мен іс- әрекетін  бағалаудың  өлшеуіші болып табылады.

Бұлар  адамдардың  бір- біріне, қоғамға, елге, отбасы  мүшелеріне  деген қарым- қатынастарын ретке  келтіріп отырады. Мораль  қоғамнан   тысқары  тұра алмайды.  Қоғам моральды туғызады, сақтайды, дамуына ықпал жасайды.   Ал моральдік  қоғамның  дамуына әсер етеді, экономикалық  құрылыстың   өзгеруімен  бірге мораль да өзгеріп отырады.  Моральдің  қалыптасуына  қоғамдық   сана, саясат,  құқық, көркемөнер  , дін, музыка ықпал етеді.

Барлық  уақытқа  бірдей, барлық халықтарға  ортақ  ереже  болмаса  да, жалпыға   бірдей қарапайым  қағидалар бар.  Мысалы,  барлық заманда табиғат  апаты  кезінде          зардапшеккендерге  көмек өкрсету моральдық борыш деп есептелінген.Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата – аналарды, ата- анасы алдындағы өз борышын орындамаған   баланы моральдік атаулының бәрі де  айыптаған,қоғамдық   орындарда ең қарапайым тәртіпті сақтау, үлкендерді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған.   Адамдардың  қарым- қатынас мәдениеті  осы ережелер   арқылы  баянды етілген.

Адамгершілік қасиеттің  негізі  -имандылық  пен ізеттілік.  Ал,  ол отбасы  тәрбиесінен басталалы. Жастарды осы рухта тәрбиелеу бірінші міндет  деп саналған.

Адамгершілікке тәрбиелеуде  негізгі жолы- оқу процесі  мен  оқушылардың күнделікті  өмірмен  іс- әрекетінде тиімді  тәлім –  тәрбие шараларын ұйымдастыру.  Оқушылардың  адамгерішілік   туралы түсінігі  мол болғанымен, тәжірибеде іс- әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін  жайлар  кезігеді.

Ең негізгі  - тәрбие үрдісінің ролін  өктеру, ол үшін  тәрбие теориясын  әлеуметтік- экономика, этика, физиология, биология, экология, психология  , музыка  ғылымдарымен  бірлікте талдау, дамыту жаңа ғылыми  ұсыныстарды  белсенді түрде  қоғамдық  тәрбие орындарының  жүйесіне ендіру., педагогикалық   үгіт- насихат  тартуды  күшейту т.б. Ол үшін  халық педагогикасын  негізге алып, раио, телевидение, баспасөз, кино, театр,әдебиет,көркемөнер  тәрбие құралдарын  кеңінен пайдаланылған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.(д).Оқушыларға  эстетикалық тәрбие беру.

 

            Эстетикалық тәрбие дегеніміз-  жас ұрпақты  өмірдегі, күнделікті  тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы  және әдебиет пен өнердегі  әсемдікті, сұлулықты, асқақтықты, азаматтықты, адамгершілікті дұрыс қабылдап, түсініп бойына сіңіре  білуге, әділ бағалауға, тіршілкте іске асырып   отыруға баулу, әсемдікті  тани, жасай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты- әр адамның ақыл- ойын,  әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез- құлқының, тән- мен жанның қалыптасуына ықпал ету.Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің   тұрмысын, мінез- құлқын, адамдармен қарым-  қатынасын, ұйымдастыра білу қабілетін,  қиялын,  эстетикалық талғамын дамыту.  Эстетикалық тәрбие  жан- жақты дамыған, еңбек  сүйгіш, достыққа берік, жаны сұлу, әдепті  жастарды тәрбиелеудің  басты  бір  саласы.

           Эстетикалық  тәрбие- кең ұғым. Ол әсемдікті   сезе білуге тәрбиелейді. Эстетикалық   тәрбие  көркемөнер  құралдары  арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің  , табиғаттың  әсемдігін  тану  кезінде, адамдармен  қарым- қатынас   үстінде тәрбиеленеді.

           Көркемдікке   көркемөнер   құралдары арқылы  тәрбиеленеді. Көркемдікке тәрбиелеу  эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  қүрамдас бөлігі.

           Эстетикалық   даму дегеніміз  жас ұрпақтың  эстетикалық  нәр алуға   мүмкіндік   тудыратын  сезім  мүшелері  мен  шығармашылық  қабілетін   ұштау,  өмірдегі, көркемөнердегі  әсемдікті  түсінуіне, оны  қабылдауына   педагогикалық  жағынан  ықпал ету  арқылы  адамның  эстетикалық  сезімін дамыту.

Информация о работе Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру