Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 13:05, дипломная работа

Описание работы

Музыка пәні мұғалімәнің күнделікті жұмысында психология мен педагогикадан терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін, прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда түсінуге мүмкіндік тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі, жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына дәл мінездеме беруге оқушылардың әрекетіне, құбылыстар мен факторларға дұрыс талдау жасап, тиімді тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеде табысқа жету үшін музыка мұғалімінің кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.
Сайып келгенде , музыканттың тәрбиелік ықпалының күші- оның жеке басында, жоғарыда аталған қасиеттерді игеруінде.
Өйткені адамзаттың адамгершілік және рухани тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің, оның ішінде музыка мұғалімінің еңбегімен жетеді.

Содержание работы

К і р і с п е......
I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік –
педагогикалық мәні.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні,
мазмұны.

1.2. Оқушыларды музыкалық мәдениетпен таныстырудағы
сыныптан тыс жасалатын жұмыстардың түрлері.



II тарау. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың
экспериментті ізденісі.

2.1. Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысын жоспарлау
және талдау.

Оқушылармен лекция - концерт өткізу үлгісі.





Қорытынды.


Әдебиеттері тізімі.


Қосымшалар.

Файлы: 1 файл

Дип.-Сыныптан-тыс-музыкалық-тәрбие-беру.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

           Эстетикалық   сезім- дегеніміз өмірдегі  көркемөнердегі  әсемдікті  қабылдаудан туатын  эстетикалық  нәр алу, толқу,  рахаттану.  Ол – адам  табиғатына  ғана тән жоғары  сезім.

          Ғалымдар  эстетикалық тәрбиені қоғамдық  -   мәдени  өмірдің жан- жақты  дамуымен байланыстыра қарайды,  сондай-ақ өткен  дәуірдің  алдыңғы  қатарлы  дәстүрі   мен тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік  болмыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінің  шығармашылық  қызметінде өмірді  және оның  әсемдігіні сәулелендіреді. Адамның   әсемдікті  сезе, тани білу қабілеті әсемдікті жасауға қатынасы оның сезім байлығы  мен эстетикалық  мәденитінің  даму  дәрежесіне байланысты.

         Эстетикалық  тәрбие өмір құбылыстарын терең  қабылдауға, білімге құштарлығын  арттыруға ықпал  етеді. Байқағыштығы  мен әсерленгішітігін ( қуану, қобалжу,  әрі- сәрі  болу, қайғыру) тереңдетеді.  Эстетикалық  әсерлену әсемдікті   қабылдауға   ғана негізделіп қоймайды, өнер           шығармасының мазмұны  мен идеясын терең  түсінуге де  негізделеді.  Бұл эстетикалық  тәрбиенің  ақыл- ой,  адмгершілік, еңбек, тән тәрбиесімен тығыз байланыстылығын   байқатады.

           Көркем  шығарманы,  табиғат әсемдігін, адамның  жақсы  тәртібін, тамаша мінез- құлқын көріп  сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына үлкен әсер етеді.

          Әсемдікті   сезіну адамның   өмірін байытып,  бір- біріне  достық қарым- қатынасын,  жақсылық  істеуге  талпынысын, белсенділігін тудырады.  Эстетикалық тәрбиені  бала  дамуының алғашқы  сатысынан  бастау жан- жақты  жарасымды  дамыған  ұрпақ  тәрбиелеудің алғы  шарты.

Эстетикалық  тәрбиенің  міндеттері :

  • 1.  Жастардың эстетикалық қабылдауын  жүйелі  түрде дамыту.Осының негізінде  қоғамдық өмір  мен айналаны терең  таныту және олардың  адамгершілік  бейнесін  қалыптастыру.Олардың  зейінін  өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, адамдардың   тәртібі  мен іс- әркетіндігі, тал бойындағы әсемдікті  көре білуге аудару, өмірдегі  шын әдеміліктті жасанды әдеміліктен ажырата білуге, оны дұрыс бағалауға үйрету.
  • 2. Жастардың эстетикалық түсінігі  мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту.  Эстетикалық жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу,әсерлену, бейжай болу, көркемдікті қабылдауда шығармада бейнеленген кейіпкердің қуанышы мен ренішіне, табысына   бірге қуанып,  бірге қайғырып әсерленуін, көңіл- күйінің  толқуын   дамыту.
  • 3. Жастардың көркемдік талғамын  тәрбиелеу.  Оларды  жақсы мен жаманды, сұлулық пен кейіпсіздікті, нәзіктік пен дөреклікті, бір түстілік пен ала- құлалықты ажырата  білуге, өлең, ән, музыка, бейнлеу өнері  шығармалырынң  не себептен  ұнамайтынын  аңғара  білуге  үйрету.

      Эстетикалық   талғам- өте кең түсінік. Ол  өнер  шығармаларын  түсініп, нәр  алу ғана  емес сонымен  қатар   табиғаттың, өмірдің,  еңбектің, тұрмыстың, киімнің  әсемдігін түсіну  және бағалай білу.

      Талғамды дамытуда  оқыту  ісі ерекше  роль атқарады.  Сабақта  оқушылар  көркем  әдебиет, музыка, бейнелеу  өнері  туындыларымен  танысады, әсемдік әлеміне  саяхат  жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезу талғамы  қалыптасады, бұл адамның рухани   дүниесінің   баюының  негізі.

    • 4.Жастардың күшіне  сай өзін  өнерде  көрсете білу қабілетін,  айналаға қажетті әдемілік жасауға талпынысын тәрбиелеу, көркемдік- шығармашылық  қабілетін  дамыту.
    • 5.Эстетикалық тәрбиенің тағы  бір мәнді міндеті жас ұрпақты мамандығына қарамай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға  , молайтуға үйрету.
    • Табиғаттағы  әсемдікті  өнердегі  көрсеткіштер  - ескерткіштер мен сәулет  өнері  туындыларын  көзінің  қарашағындай  етіп  аялауға  баулу.  Бұл адам  еңбегін бағалауға, Отан, табиғат  байлығын  ұқыпты  қарауға  үйрету.

             Қоршаған  дүние, табиғи  орта, күнделікті тұрмыс  эстетикасы, табиғаттан, өмірден  алған  әсері, көркем  әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер  мен  сауық кештері, қарым- қатынас жасап  араласып жүретін адамдардың  моральдік бейнесі, тәртібі, қазақ  халқының  салт- дәстүрі эстетикалық    тәрбие құралының  тиімді  түрлері  болып табылады.

             Жас ұрпаққа   эстетикалық тәрбие  беріп, сезіміне ықпал   етуде  атап  өткеніміздей халықтың салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы, музыкалық   шығармалары, ән- күйлері, аңыз- күйлері,  мақал- мәтелдері, жыр- дастандары, қолданбалы  өнері, ою- өрнектері т.б.   эстетикалық  мәні  бар өнер  шығармалары пайдаланылады.

           Қазақтың   халықтық  педагогикасында  музыкалық- эстетикалық тәрбиенің   құралдары  сан алуан.  Халқымыз  “Ақылды болсаң, ән тыңда”, “Ән  - көңілдің  ажары”, “Ауылдың  алты ауызы”, “Қонақ кәде” айту, күй шерту, күй жарысы, айтыс, терме айту, сазды ойындар ойнау, би билеу сияқты  құралдары  отбасында  ,мерекелерде, той думандарда  т.б.  салт-дәстүр арқылы тәрбиелеген. 

             Оқушыларды  концерттерге  , театрға,  киноға, көрмелерге  ұжымды  түрде   баруын ұйымдастыру  мұғалімнің  сыныптан  тыс  дәстүрлі  шараларына  айналған.

             Тағы  бір  сыныптан  тыс  шараларды  ұйымдастыруда   кітапханалардың үлесі өте зор. Олар  музыка және  музыканттар  туралы, театр және  кино  актерлері, әнші, күйшілер  туралы  көрмелер  ұйымдастырады. Мысалы : “Ұлы дала күйшісі-Құрманғазы”  . Соған  байланысты  көрме ұйымдастырылп, оған өмірбаяны, күйлері және  күйлерін  жеткізуіш   шәкірттері  туралы  мақалалар  көрсетіледі.

           Барлық  мектептен  тыс мекемелердің   мақсаты- балаларды әсемдік   әлеміне, мәдениет жетістіктеріне  тарту, тұтас алғанда  шығармашылық  қабілетін дамыту, жан- жақты дамыған  жеке адамды тәрбиелеу. Ал мұның өзі  үйірмелердің алуан түрі : хор, вокал,  би, аспаптық, оркестрлік үйірмелер арқылы жүзеге асады. Олар  оқушылардың  музыкалық  даярлығын  тереңдетудің  аса маңызды  факторы  болып табылады.

              Қазақ халқы  өзінің  сан  ғасырлық тіршілігі  ішінде   балаларды тәрбиелеудің өзіне  тән тәжірибесін жинақтап, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде өзінше талаптар қойды. Оның ішінде   музыкалық  эстетикалық  тәрбие  алуан түрлі тәсілдермен жүргізіліп, педагогикалық ықпал  жасау әдістері көп болды. Бұл тәсілдер яғни тәрбие берудің  әдістері айналадағы  табиғат, күнделікті  еңбек, халық ауызекі әдеби және музыкалық  творчествосы, ұлттық ойындар  мен спорттық жарыстар  арқылы ұрпаққа   музыкалық тәрбие берудің  құралы қызметін  атқарып келеді. Музыкалық жазуы,  музыкалық оқу орындары   мен мамандары болмағандығына   қарамастан, қазақ  халқы  музыкалық қабілетін, ұнаған   музыкалық  немесе  әдеби  шығарманы  бірден  қағып  алуға мүкіндік  беретін есте сақтау қабілетін дамытып,  ұрпақтан- ұрпаққа  тәрбиенің бұл  түрін  жеткізіп келеді. Сыныптан  тыс жүргізілетін жұмыстардың  ішінде  халық  музыкасын  оқыту  және  соның өзін тәрибелеу процесіне  пайдалану  әдісін  тиімді  қолдана  отырып “ Қазақ халқының  ән өнері”  деген  бағдарламамен  факультативтік курстар ашуға болады. Бұл факультативтың басты мақсаты- оқушыларды   қазақ халқының халықтық  ән жанрымен  таныстырып, халықтық музыканы  сүюге  тәрбиелеу.

               Осындай  мектеп пен мектептен   тыс мәдени  мекемелердің  оқу  тәрбие  жұмысының  маңызды   түрінің  бірі- музыкалық  лекторийдің тәжірибесінде педагогика саласында баршаға  танымал түсіндіру, әңігмелесу, лекция - концерт, қызу пікірталастар, жарыс,  педагогикалық   байқау және т.б. басқа тәрбие  әдістерін қолданылады. Әсіресе, жоғарыда  аталған  педагогикалық жарысу әдісі  мектеп  оқушыларының  мектепішілік, мектепаралық,  Республикалық  “Әнші болғым келеді”, “Сиқырлы қазан” жарысында өте   ұтымды   пайдаланылады. Осындай  жарыстармен   бірге  музыкалық  кештер, тақырыптық  концертер, лекторий, диспуттар мен  сынптан  тыс  мәдени ағартушылық  “Қыз  сыны”, “Жігіттің  сұлтаны” сияқты   жаңа сипаттағы  т.б. ойын- жарыстары , байқауларын өткізе отырып, музыкалық  бағыт- бағдар ғана  қоюмен  шектелмей  , олардың   музыкалық  тәрбие  деңгейлерінің  өсуіне  көмектеседі.

              Сыныптан  тыс өтілетін  жұмыстардың   тәрбиелік  пәрменділігі  оқушылардың   жас шамаларына,  өзіндік  жеке  дайындығына  байланысты.

               Эстетикалық   тәрбиеде  , сонымен   бірге оқушылардың өлеңдерді,  әндерді, әңгімелерді, ертегілерді   қайталап  қабылдау әдістері  пайдаланылады.

               Көріп отырғандай , эстетикалық   тәрбиенің   оқу процесіндегі  мүмкіншіклетір ұшан- теңіз. Оларды  тек  пайдалана білу керек.  Дегенмен  де өнермен тікелей  байланысты  шешуші  роль оқу   сабақтарына байланысты. 

               Өнер адам  сезіміне  көркем  образ  арқылы әсер етеді,  оның жарқын толғанысын оятады, әр түрлі  сезімдерді қалыптастыруға  ықпалын тигізеді. 

              Сондықтан  оқушылармен  жұмыс  жүргізген кезде , балаларға әсемдігін ашып, олардың рухани  бейнелерін   байыту үшін, қоғамдық қызметке деген белсенділігін   оятып, адамның өмірдегі  жақсы мұраттарын бекітуге бөгет  болатындармен күрес  жүргізу  үшін, өнермен  шұғылдану  жолында әрбір  мүмкіндікті   пайдалану қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.(В)  Тәрбие принциптері.

 

           Тәрбие  - мақсат  көзделіп, жүйелі  ұйымдастырылған  тәрбие нәтижесінде   іске  асады, сонда  ғана  жастардың  өмірге құштарлығын,  еңбекті қажетсінуін дамытуға  болады.  Міне, осыған байланысты  музыка пәні мұғалімінң атқарар   жүгі мол.

            Музыка пәні  мұғалімінің  күделікті   тәрбие жұмысында  төмендегі   міндеттер көрініс  табуы тиіс:

    • оқушыларға  қоғамның идеологиясын  таныту, отаншылдығын, жоғары  адамгершілік қасиеттерін, азаматтық  тұлғасын, демократиялық  , адамдық тұрғыда  қалыптастыру.Ол  үшін  жоғарыда  аталған  тәрбие  бағыттарын ескеру керек  болды.
    • Еңбек  және кәсіптік, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие, еңбек дағдылары, іскерлік  қалыптастыру, бауырымалдыққа, отаншылдыққа , олардың  тазалық   дағдыларын  бекіту.

Оқушылардың жалпы  мәдениетін  көтеру, қазақ халқының озық  салт- дәстүрлері  рухында   тәрбиелеп, дүние  танымын, дербестігін, мінез- құлқын   жетілдіру көзделеді.

Оқыту  процесі сияқты тәрбие  жұмысы да белгілі ұстанымдар      негізінде жүргізіледі. Тәрбие ұстанымдары жеке  тұлғаны тәрбиелеу жөніндегі ілімге  және ғасырлар  бойы  жинақталған   халықтық  тәжірибеге  және  ғылыми  педагогикаға сүйенеді.  Бұл ұстанымдардың идеялық негізі-  мектептің   өмірімен, тәжірибемен, еңбекпен   байланысына сай.

Ғылыми   педагогика мен  халық педагогикасында тәжірибеде  тексеріліп, кеңейтілген  , төмендегі  ұстанымдар  қабылданған:

    • Мақсаттылық принципі. Оның мағынасы – тәрбие  жұмыстары  қоғамның  жалпы мақсатына байланысты. Бұл ұстаным  музыка пәні мұғалімінің   өз жұмысының   мақсатын  дәл түсінуді, тәрбие мазмұнын, түрлерін, әдістерін дұрыс таңдап  ала  білуді талап етеді де, тәрбиені  қоғамның идеологиясы рухында   ұйымдастыруды  қажет етеді.

     Мақсаттылық   принципі- тәрбие  жүйесіндегі  басты  принцип  болып есептеледі.

     Тәрбиеде  бұл принципті ескеру  жастарға  қанат бітіріп үйлесімді  дамуына   жол ашып, бағдар  беретін   халықтық  педагогика   баяғыдан  отбасындағы, ауыл- аймақтағы   бала тәрбиесінде  басшылыққа  алып отырған.

    • Тәрбиенің  өмірмен,еңбекпен, тәжірибемен байланысты болу принципі. Бұл мақсаттылық принципінен туындайды.

Халықтық педагогикада тәрбие  өмір сүрген ортасын, ауыл –аймақта, отбасында іске асырылып, ата-ананың, ақылды  қариялар  мен әже, аналардың, ағалардың  ,есті үлкендердің  үлгі- өнегесімен , кеңес- басшылығымен іске асырылады.

Дұрыс  тәрбиенің  нәтижесі өмір  сүру барысында еңбек үстінде  көрініс табады.

    • Ұжымда тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің  мәні- жеке адамға  ұжымның оң ықпалын, ұжымға  жеке тұлғаның  ықпалын, дұрыс қатынасын қалыптастыру. Ұжыммен  жұмыс  істеу  жастармен  жеке тәрбие  жұмысын  жүргізуді  жоққа шығармайды.  Тәрбие  міндеті  ұжымның  оқушыға   оң қатынасын тудыру емес, оқушының  ұжымға   жақсы қатынасын да қалыптастыру.

 Оқушыны ұжымға тарту ғана емес, оның  ұжым мүшесі болуға талпыну тілегін тудыру, көпшілік  мақсаты  үшін күресу сезімін тәрбиелеу. Бұл принцип халықтық педагогикада :”Ісім жақсы деме, көпке ойлат”, “Ұлға  отыз үйден  тыю, қызға қырық үйден тию”,” Жұмыла көтерген жүк жеңіл”,”Ақылды  ауыл аймақты келер”,”Тентегін  тиған ел берекелі”,”Елі үшін  басы ауырып, балтыры сыздайтын азамат” етіп қалыптастыратынын атап көрсеткен.

    • Белсенділік  принципі.Әрекетке  ықтиярлы  талпыну  жеке тұлғаның  дамуының   қажеттілігі  болып табылады.  Тәрбие  ісі- екі жақты  процесс: тәрбиешінің де, тәрбиеленушінің де белсенділігін қажет етеді.

Тәрбие ісінде  жастар, оқушылар күш жұмсап, белсенді  қатысқанда  ғана нәтижелі  болады. Халық педагогикасында :”Болатын бала пысық”, ”Бала күлкіге  тоймас, болбыр ұйқыға толмас”, ”Еріншектің ертеңі бітпес”,”Ештеңе сұрамайтын  адам өмірден де ештеңе үйренбейді”, ”Болар  бала бесігінде жұлқынар, болар құлын  желісінде  жұлқынар”- деп енжарлықтың нашар қасиет екенін  , өмірде  белсенді  жастардың  ықпалы   зор болатынын дәлелдеген.

Информация о работе Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру