Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 13:05, дипломная работа

Описание работы

Музыка пәні мұғалімәнің күнделікті жұмысында психология мен педагогикадан терең білімді білу, тәрбиенің мақсат- міндеттерін, прициптерін, оқушы- тәсілдерін теориялық тұрғыда түсінуге мүмкіндік тудырады. Содай-ақ оның ғылым салаларын жақсы білуі, жеке оқушыларға, оқушылар ұжымына дәл мінездеме беруге оқушылардың әрекетіне, құбылыстар мен факторларға дұрыс талдау жасап, тиімді тәрбие әдістерін белгілеуге мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеде табысқа жету үшін музыка мұғалімінің кәсіби қабілетінің болуының мәні ерекше. Кәсіби қабілеттілікке көрегендігі, оптимистік болжам жасай алуы, ұйымдастырушылық іскерлігі, педагогикалық интуициясының болуы жатады.
Сайып келгенде , музыканттың тәрбиелік ықпалының күші- оның жеке басында, жоғарыда аталған қасиеттерді игеруінде.
Өйткені адамзаттың адамгершілік және рухани тәжірибесі, мұраттары жас ұрпаққа мұғалімнің, оның ішінде музыка мұғалімінің еңбегімен жетеді.

Содержание работы

К і р і с п е......
I тарау. Тәлім- тәрбие жұмысының әлеуметтік –
педагогикалық мәні.

1.1. Тәрбиенің негізгі мақсат-міндеттері, мәні,
мазмұны.

1.2. Оқушыларды музыкалық мәдениетпен таныстырудағы
сыныптан тыс жасалатын жұмыстардың түрлері.



II тарау. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың
экспериментті ізденісі.

2.1. Сыныптан тыс тәлім- тәрбие жұмысын жоспарлау
және талдау.

Оқушылармен лекция - концерт өткізу үлгісі.





Қорытынды.


Әдебиеттері тізімі.


Қосымшалар.

Файлы: 1 файл

Дип.-Сыныптан-тыс-музыкалық-тәрбие-беру.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

           Тәрбие сөзсіз өзін- өзі тәрбиелеумен  ұштасады, бірақ  ол өзінен- өзі  іске аспайды, тәлім- тәрбие  мазмұнының беретін бағыт- бағдарына  , баланың өскен ортасына байланысты  екенін “Ұлың өссе, ұлы жақсымен  ауылдас бол,  қызың  өссе, қызы жақсымен ауылдас бол”,- деп  түйіндеген.

    • Жеке тұлғаны  құрметтеу  және жоғары талап қою принципі.А.С.Макаренко  адамды мейлінше  құрметтеу, мейлінше  мол талап  қоюды ұсынған.  Құрметтеу  де, талап  ету де, оның кісілігіне сену, қамқорлық жасау, оқушының  бойындағы  жақсы қасиеттерінің  , қабілеттерінің  дамуына  тірек болады.

Құрметтеу  мен талап  қою  бір-бірімен  байланысты. Құрметтеу  жастарға  қамқорлықпен назар аудару, көмектесу, сезімталдықпен, ілтипатты  қарым- қатынас  жасауда  көрінеді.  Ал талап қою-  адамды  қарым- қатынастың екінші жағы, оқушының  күшін ескеріп, мақсатты  , жүйелі, табанды түрде талап қойып, тапсырманы  орындауын қадағалау, бағалау.

          Қазақ халқы ежелден   жастар  тәрбиесіне  ұқыптылықпен  қарап  : “Ақырып  айтқаннан , ақырып  айтқан артық”,”Құрмет етсең, құрмет көрерсің”,”Үлкенге ізет,жасқа жол”,”Өсер жастың алдын кеспе”,- деп болашағына  үміт арту,сыйлау керектігін   меңзеген.Сол сияқты  “Атадан жақсы ұл туса екен, ата жолын қуса екен”,”Тең құрбыңна кем болсаң, көрінгенге жем боласың”,”Ұлың өссе  Күндей болсын деп тіле, қызың өссе, Гүлдей  болсын деп тіле” т.б. деп жастарға   ақылды ,өжет,ел қамын ойлайтын ер,жайсаң, азамат бол деп талап –тілек  қойып отырған.

    • Оқушылардың жеке  және жас  ерекшелігін  ескеру  принципі.Тұтас дамуына ықпал ету.  Музыка пәні мұғалімі  ең алдымен ұжымдық   қатынасты    қалыптастырудың  ерекшелігін, оқушылардың  жас арасындағы  өзгешелігі,мен байланысын  біліп, оны сынып  ұжымының  дамуымен бірлікте  қарайды.  Оқушыны  ұжымнан  бөліп ерекшелеп те, ал ұжымды  жеке адамдардың   өзіндік ерекшелігі жоқ “тобыр”  деп те қарауға  болмайды.  Музыка пәні мұғалімі   әр оқушының психологиясын, типін, темпераментін, жүйке- жүйесінің  қызметін, мінез- құлқын, жеке ерекшелігіне  сай даму   өзгешелігін негізге алуы  ,сөйтіп  әр тұлғаға  жеке ықпал  етуі абзал

Бұл принцип   халықтық  педагогикада да ескерілген : “Жаманнан   жақсы туады,  атасын  айтсаң –  нанғысыз, Жақсыдан жаман туады, бір  аяқ  асқа алғысыз. ”, “Болайын  деген  баланың бетін  қақпа, белін бу” – деп  әр адамның  жеке ерекшелігі,мінез –құлқы, ақыл- парасаты, қабілеті әр қилы екенін, сондықтан  тәрбиеде  әр балаға  жеке  келу қажеттілігн   танытады.  Соынмен бірге  тәрбие  жұмысында  жас ерекшелігін ескеру керектігін:”Баланы бас жасқа дейін- патшадай қара, он жасқа  дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан  соң ақылшы   досыңа бала”,- деп бағдар берген.

    • Тәрбиенің біртұтастығы, бірізділігі, жүйелілігі, үздіксіз принципі.Тәрбие- үздіксіз  іске асырылатын біртұтас прицип.Жеке  тұлғаның  адамдық қасиеттерін үзік- үзік, бөлек- бөлек тәрбиелеуге болмайды .(А.С.Макаренко өйткені тәрбиенің біртұтастығы, жүйелілігі, бірізділігі принципі, ең алдымен , оқыту мен тәрбиелеудің  және тәрбие бағыттарының  арасындағы  өзара   логикалық байланыс кешенді жүргізуді  талап етеді.

Халық  бала дүниеге  келгенде  әр түрлі  ішкі  күшпен,мүмкіндікпен, қабілетпен типпен,  темпераментпен, жүйе- жүйесіне   келетінін :

“Бір  бала  атаға  жете туады,

Бір бала  атадан өте  туады,

Бір бала  кейін кете  туады”,

дейді, осыған орай  әр баланың  даму дәрежесі, мінез- құлқы  сан қилы болып қалыптасады. “Жетесінде жоқ  жете сыйламайды”, ”Тентекке-келтек”, ”Көргенсіз бала көкірек”, ”Ана алдында  – құрмет,ата алдында- қызмет”, ”Арсыз  болса, қыз қорлық” сияқты қағидалар, әр түрлі  мінез- құлықты болып дамып келе жатқан жастарды  тәрбиелеудің  жолдарын, әдіс- тәсілдерін  таңдап  қолдану  керектігін  меңзейді.

             Сондықтан  да оқу- тәрбие  процесінде  жеке тұлға, білім  беру, дамыту, тәрбиелеу  қатар  жүргізіледі. Бұны  іске  асырудың  шарты- ата- аналар  мен педагогтардың  оқушыларға  қоятын талабының  бірлігі.

            Тәрбие  процесінің  біртұтастығы  мен бірізіділігі  , оқу, тәрбие   мазмұны мен оқушылардың бос  уақытын  тиімді ұйымдастырып, оларға  жоспармен , жүйелі, үздіксіз ықпал ету арқылы шешіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.(Г).Оқушылармен   сыныптан  тыс жұмыс жүргізудің

  кейбір  мәселелері.

           Бүгінде  балаларды  тәрбиелеудің, оларға  дүние  танытудың   алуан жолдары бар. Бұл реттен  мектепте  музыка өнері мен көркем   әдебиеттің бірігуі, олардан шыққан туындылар- басты құрал болып табылады. Көркем  әдебиет   пен музыканың мәні  мен құнын арттыратын  ең қолайлы нәрсе-  мектеп  сахнасы екені даусыз, яғни   балалар көркем  әдебиеттен көркемдікті  ,тілді, ой- сана  мәліметтерін  үйренетін болса, ал  музыка   саласынан  әсемдікті, өнер  атты  әлемнің   құпияларын, оның адам  санасына   әсерінің   қандай екенін  біледі.  Мектептегі  көркем  әдебиет пен  музыка  саласымен  тығыз байланыста   өткізілетін   тәрбие шараларының   кең таралған   формасы  түрлі  тақырыптарда   өткізілетін  кештер, кездесулер, ойын  сауықтар болып табылады.  Бұл істерді  сыныптан  тыс  сабақ  уақытында  тақырыппен  байланыстыра  жүргізіледі. Халқымыздың  ұлы  перзенті   Абайдың  “Артыңа  із қалдырғың келсе,  кейінгі  ұрпаққа  білім нұрын  сеп,  білімге тәрбиелеу, болашағымызды  өз ұлт  өнері  мен мәдениетінің тұнығынан  сусындап, тарихын терең түсінетін  болсын” деген өсиеті  де болашақ ұрпақты өнер білім арқылы тәрбиелудің  қажеттігі  мен  маңыздылығын  дәлелдейді. Бүгінгі оқушы,  тәрбиеленуші- ертеңгі  дүние  тұтқасын  ұстап, халық мәдениетін   көтеретін азамат.  Ұстаздықтың,  соның  ішінде   музыка мұғалімі қызметінің қиындығы да  осында.  Мектептегі  музыка мұғалімі  өз сабағында  білім беруші,  білікті  маман ғана  емес,  музыкалық- тағылымдық  жұмыстарды жүргізуші  Мерекелік  кештер  мен концертттерді, түрлі  кештерді  үйірмелерді  ұйымдастырушы.

             Оқушылардың өткізілетін  әрбір даталық, тақырыптық , өнертанымдық кештерді әзірлеу барысында  балалар  өз бетімен  ізденуге, творчестволық қабілетін  танытуға мүмкіндік алады. Өнерпаздық қабілеттері  ұшталып, арман  қиялдарына  қанат бітеді. Сондықтан жалпы  білім  беретін  қазақ  мектептерінде  оқушыларды дәстүрімен, өнер  атты әлемнің   шоқтығы  биік жұлдыздары  шығармашылығымен  таныстыру, олардың  ой- пікірін  оқу  тәрбие  ісінің  тірегін  айналдыру- бүгінгі  күннің өзекті  мәселесі   деуімізге  әбден  болады.

                Алайда  мектептердің  іс- тәжірибесінде оқушылармен   сыныптан  тыс уақытта жұмыс жүргізу жүйесінде музыка  мәдениетіндегі  рухани    дәрежесі   мен тәрбие  деңгейін  қалыптастыру   негізінде жүргізілетін жұмыстарда  кемшіліктер мен қайшылықтар бар. Атап  айтсақ, мектеп  педагогикасында   ғасырлар  бойы ерекшелініп, өмір  сынынан  өтіп, келер  халықтық  ұрпақ тәрбиесіндегі  жинақталған  тағылымы,  тәлім- тәрбиесі  мен   салт- дәстүрінің  озық  үлгілерін  пайдаланбау-  жастар  арасында  өрескел  мінез- құлықтың   етек алып,  тәрбиелік  мәні,   мағынасы  таяз  жат рухани  кедейшілікке әкеп  соқты. Халқымыздың  ауыз екі   әдебиетінде, халық ән- күйінде , толғау   термелерінде  қаншама педагогикалық  мәдениет бола тұра, оны  тәрбие  мәселесіне   дұрыс қолдана  алмағандықтан  ар- ожданымыза , инабат- ізетіміздің таяздап бара жатқанын  енді ғана аңғардық.

                Сондықтан  өскелең  ұрпаққа   музыкалық  тәрбие  берудегі  біздің   алдымыздағы  ең  басты міндет- оқушыларға  көркемдік   білім  беру мен эстетикалық   тәрбиені  айтарлықтай  толық, өнер шығармалырының  , туған табиғаттың сұлулығы мен  байлығын түсініп, бағалай  білу қасиетін қалыптастыру. Осы  мақсатта  әрбір   оқу  пәнінің,  әсіресе, зор танымдық  және  тәрбиелік   күші бар әдебиет, музыка  өнерінің эстетикалық  мүмкіндіктерін  жақсы  пайдалану  қажет.

                   Музыкалық  тағылым  мен   эстетикалық  тәлім- тәрбие  беру жөнінде  көптеген  айтарлықтай   тәжірибе жинақталды. Осы мәселе  жөнінде  оның түрлері,ұйымдастыру   әдістері О.А.Апраскина, Л.Арчажникова, Е.Я.Гембицкая, Д.В.Кабалевксий еңбектерінде және  басқалардың  зерттеулеріне  көрініс тапты.

                   Бүгінгі  таңда  оқушылардың   музыкалық- эстетикалық  тәрбие   мәселесі Қазақстан  ғылым  педагогтары  А.Нұғманова, М.Момынов,  С.Ұзақбаев, Ж.Өтемісов,М.Балтабаев т.б  еңбектеріне елеулі орын алған.

                   Ал мектеп  сахнасына  арналған  тәрбие жұмыстарының  әр түрлі   формаларын өз еңбектерінде көрсетіп, әр түрлі  тақырыптарда, кештерге, мерекелерге және  сынып сағаттарына   сценарийлер жазып жинақтаған   көптеген ақын  жазушыларымызды атауға  болады. Солардың ішінде  Ә.Табылдиев, оның  “Тәрбие очерктері” , “Көңілді  кештер” атты еңбектерін, Т.Боранғалиевтың”Мектеп кеші көңілді”, Б.Ысқақовтың “Әлімнің әлегі”, Қ.Боқаевтың “Өнерлі өрге жүзер” т.б. жинақтарын  айта кетуге болады.

                 Бұл жинақтарда  жазылған  пьесалар  мен ертеңгіліктердің ,  мектеп  сахнасына арналған  сценарийлердің  оқушыларға   эстетикалық тәрбие  беруде  маңызы зор. Жинақтарда  жазылған кейбір образдар арқылы, олардың  жақсы  жақтарымен  оқушылар санасына  сіңіп кету, олардың  бойында  өнер  мен әдебиет  арқылы жақсы азаматтық  қасиеттердің  пайда болуы көзделіп, елге, жерге, Отанға, ата-ана, туған  ұл мен қоршаған  ортаға  деген  махаббат сезімінің қалыптасуына  көмектеседі.

Жеткіншек  ұрпаққа  музыкалық  тәрбие  беру мәселелері   бойынша  материалдарда  бүгінгі  мектептердің  практикалық  тәжірибесі  бар  болғанына қарамастан  бұл  проблеманың көптеген  жүйелері  әлі толық зерттелмеген. Мәселен, егер  қазақ халқының музыка өнерін   игеруде сабақ  пен сыныптан  тыс  әрекеттердің өзара  байланыстылығы  мен халықтың   музыка  мұрасын игеруге  тартуда қазақ музыкасының  өзіндік  ерекшеліктері  ескеріліп, мақсатты бағытталған  әдіс- тәсілдермен  жүзеге  асырылса, онда  оқушылардың   музыкалық тәрбиесінің тиімділігі анағұрлым артады. Сол сияқты   әртүрлі жүйелерде пайдалану, халықтық педагогика, ұлттық музыка  тәрбиесі  негізініде  жұмыстар  жүргізу, онда  жаңа жолдарын іздестіру жас жеткіншектерге  рухани  тәрбие беру, музыкалық  тәрбие беруде бағалы  жолдары  болып табылады.

                   Біздің  дәуірімізде  мектеп  жастарын  тәрбиелеу   жолында  мектеп өмірінің  мектептегі  әрбір  сабақтың, соның ішінде  ән- музыканың , сабақтан тыс   көркемөнер үйірмелерін жүргізудің маңызы ерекше болып отыр. Музыкалық тәрбиенің, оның ішінде сыныптан  тыс жұмыс жүргізудің мақсаты  жастарды білімді, жоғары саналы, өнерлі, жан- жақты етіп тәрбиелеу болып отыр. Бұл орайда балалар мен жасөспірімдер арасындағы  музыкалық  тәрбие  жұмысын жетілдіру  мәселесіне  зор көңіл  бөлінеді.

                 Білім  беру жүйесінің ажырамас  бөлігі  оқушылармен жүйелі  түрде   сыныптан  және  мектептен   тыс тәрбие  жұмысын жүргізу.Сыныптан  тыс жұмыстар деп оқушылардың  білімін тереңдетуге, іскерлік пен дағдысын дамытуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыурға, демалысын  дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызатын  арнайы  ұйымдастырылған  жұмыстарды айтады. Бұл  жұмыстарды  пән мұғалімдері мен  ата- аналар, қамқоршы мекеме қызметкерлері немесе  оқушылар  ішіндегі ең белсенді, дарындыларды жүргізеді. Әр педагог  сыныптан  тыс жүргізілетін тәрбие жұмысының  жүйесін ұтымды ойластыруға міндетті.Сыныптан  тыс жұмыстардың мазмұны оқушының  теориялық білімін  кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың   жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Мұндай істердің   барлығы да, бұл тәрбие  жұмысының материалының мазмұныдылығы методикалық сапасы мұғалімнің  шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты. Ең алдымен, оқушыларға  әңгіме тақырыбын  ұғындырып, ізденуге  тапсырма  берілуі  қажет. Балалар   мұғалім тапсырмасын  орындай  отырып, бұл  жұмыстың  мазмұнына қанығады, оның  пайдалы  жағын ұғынады. Сыныптан  тыс тәрбие жұмысын  жүргізгенде еңбек және эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына жүргізілген жұмыстардың әсерінің болуын қарастырған жөн. Ол үшін  мұғалім оқушыларды  түгелдей  қатыстыра отырып, оларға  түрлі тапсырмалар беріп, әр  оқушының шамасына  қарай, нәтиже  алып, ұялшақ, бұйығы, үлгерімі  нашар балаларға көмектер көрсетіп, қабілетін арттыру үшін іске  үздіксіз жаттықытурға  міндетті. Мұның  өзі жүйелі және творчестволық жоспарлы  еңбек арқылы  іске асады.

                Сыныптан  тыс жұмыстарды мазмұнды  жүйелі  жүргізу арқылы осы   жұмыстар жөнінде  оқушылармен   үнемі  пікірлесіп,  ақылдасып, келісе отырып, оқушылардың  жеке істер  жүргізуіне, еркін  ұсыныстар  айтуына  шек  қойылмауы керек.

                Сыныптан  тыс жұмыстар оқушылардың  өз қалауымен олардың  белгілі  бір өнер  түріне бейіміділігін  ескере отырып ұйымдастырылады.Осы мақсатта  алуан түрлі үйірмелер, қоғамдар, клубтар  мен  студиялар құрылуда. Олардың  ішінде  оқушыларға  тәрбие  беруде  әсіресе көркемөнерпаздар үйірмелері  ерекше орын алады. Қазіргі кезде  көркемөнерпаздар үйірмелері жоқ мектептер кемде-кем.

                  Халық музыкасын оқушылардың музыкалық- эстетикалық жән адамгершілік тәрбиесін жетілдіруде пайдалану мәселері А.Нұғманова, Т.Тұрсынов,А.Хасанов т.б зерттеулерде  айтарлықтай көрініс тауып, жас ұрпақтың рухани  дүниесіне ықпалы зор тәрбие құралы  екендігі  дәлелденген.

                  Оқушылар тәрбиесін  жаңа  деңгейге  көтерудің   тағы  бір тиімді  тәсілдері  лекция- концерттер  жүргізу, факультативтік курстар  жүргізу. Факультативті курстарды,  әсіресе , қазақ  ұлттық  өнер  саласына, мысалы : айтыс, әншілік, жыр- терме және т.б. өнерлерден  ұйымдастырған жөн.

                  Музыкалық тәрбие- ұзақ, күрделі  әрі  сан  қырлы процесс.  Ол ең алдымен балалардың мектепке  дейінгі  мекемелерінде  басталады.  Ал жалпы білім беретін мектепте  тікелей ықпал  ету- музыка, өнер, эстетика  жөніндегі факультативтер,сабақтан тыс  уақыттағы көркемөнер үйірмесі арқылы  тәрбие беруді  жалғастыра түседі. Жыл өткен сайын ортаңғы және  жоғарғы  сыныптарда балалардың жас ерекшеліктері сараланып, музыка сабағында, әр түрлі  елдерде өмір сүрген композитор шығармашылығымен, түрлі   музыкалық аспаптармен  танысады.

                   Жоғарғы  сыныптарда  эстетика, бейнелеу өнері, музыка  және  өнер  циклының  басқа  салалары  жөнінде  қосымша сабақтар  енгізу   музыкалық  тәрбие беруге  шексіз мүмкіндік береді. Сондай- ақ  сыныптан  тыс жүргізілетін музыка мен эстетика  жөніндегі арнаулы сынып сағаттарының алуан түрлі тақырыптары оқушыларға  жан- жақты тәрбие беруге көмектеседі.   

               

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.А)  Тәрбие  әдістері  мен  формалары.

 

         Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны  орындаудың бірізді жүйесі жасалғанымен, музыка пәні  мұғалімі    тәрбиелудің негізігі  әдістері  мен формаларын меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса , тәрбиені іске асыра алмайды.

Информация о работе Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру