Антимонополия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті

Файлы: 1 файл

1 болим 777.docx

— 177.18 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050»  стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан  халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші  болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген  нарықтық экономиканың заманауи үлгісін  жасады деп атап өтті. Қазақстан  Республикасының Президенті Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөнінде  жаңа саяси бағытты белгіледі. Қойылған міндетке қол жеткізу бәсекелестік қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды  қалыптастыруға сөзсіз ықпал етуі тиіс. Өйткені салауатты бәсекелестік орта шығарылатын өнімнің бағасын  төмендетуге, сапасы мен ассортиментін  арттыруға, ғылыми-техникалық жетістіктерді  енгізуге және басқаларға ынталандыра  отырып, айтарлықтай экономикалық тиімділікті  қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару жүйесінің  тиімділігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  басқару жүйесін одан әрі жетілдіру  жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығымен  бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу мәселелері жөніндегі саясатты әзірлеу  және қалыптастыру саласындағы функциялар Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне (қазір  Қазақстан Республикасы Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ЭБЖМ) берілді.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жұмысы ел басшылықтарының тапсырмаларын орындау, Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны, Агенттіктің 2011 – 2015 жылдарға арналған стартегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде жүргізілді. Бұл стратегиялық құжаттар бәсекелестік саясатты іске асыру үшін негіз болып табылады, оның басымдықтары мен негізгі бағыттарын айқындайды, монополияға қарсы ден қою шараларын, өзге де қорғау шараларын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтетін және ынталандыратын бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды енгізеді.

Тұтастай алғанда, бәсекелестіктің  жай-күйі барлық тауар нарықтарында әртүрлі. Қазақстанда жекелеген  тауар нарықтары ішінара немесе толығымен монополияландырылған болып  табылады. Монополиялану дәрежесі жоғары нарықтарды қалыптастырудың себептері  мен талаптарын анықтау монополияға  қарсы органнан жекелеген нарықтың негізгі қатысушыларын, тауар нарығына кірудің қазіргі кездегі тосқауылдарын  айқындау, мұндай нарыққа қатысушылар  әрекетінің монополияға қарсы заңнамаға  сәйкес келуі тұрғысынан бағалау  бойынша терең талдау жүргізу  жұмыстарын талап етеді. Талдау жүргізу  жұмыстары монополияға қарсы органға жоғары монополияландырылған нарықтарда бәсекелестікті дамыту, сондай-ақ жекелеген нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы әрекетін болдырмау немесе жолын кесу жөніндегі шаралар кешенін ұсынуға мүмкіндік береді.


Монополияға қарсы органның ерекше назары атап айтқанда: отын-энергетикалық  кешені, көлік және байланыс, қаржы  секторы, агроөнеркәсіп кешені, құрылыс  индустриясы нарықтарындағы бәсекелестік әлеуетті дамытуға аударылған. Бұдан  басқа, есепте бәсекелестікті дамыту жөнінде  ұсыныстар мен ұсынымдар берілген және монополияға қарсы органның алдында тұрған міндеттер белгіленген.

Дипломдық жұмыс «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабын іске асыру үшін дайындалды, оған сәйкес Агенттік жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді, жүргізбейінше мүмкін емес. Әлемдік экономикалық даму үрдістеріне қосылған Қазақстан үшін ішкі бәсекені дамыту, әлемдік бәсекелестікке кабілетті болу, шағын және орта бизнесті дамыту экономикадағы басымдылықтардың бірі. Осы мақсатты жүзеге асыруда Қазақстандағы монополияға қарсы реттеудің ролі күшті, мемлекеттің билік органдары арқылы оның нәтижелігін арттыру өзекті міндет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. ТМД елдерінде, әсіресе Ресей  ғалымдарының осы мәселеге байланысты жарық көрген еңбектері бар. Ресей  ғалымдарының монополия мәселесіне назар аударуын осы тақырыпта  арналған еңбектер санының өсуінен  көруге болады. Соның ішінде И.Авдашева, К.Балацский, С.Б.Бутыркин, И.В.Князева, Н.М.Розанова, Ашаститко еңбектері  Ресейде қазіргі кездегі монополияға  қарсы саясаттың қалыптасуының  теориялық негізін қалады деуге  болады.

Біздің елімізде экономика  және заң салаларының ғалымдары  монополияға қарсы саясаттың  теориялық және құқықтық базаларына талдау жасады. Отандық зерттеушілер Қазақстан Республикасында монополияға  қарсы саясатты калыптастыруда шетел  тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерін де көрсетті. Осындай бағыттағы еңбектерге Н.Ж.Ахметов, Л.АӘмірғалиева, К.И.Байзақов, О.А.Жандосов, Т.АЖұмагелдиева, Е.Б.Жатқанбаев, Г.И.Куренкеева, А.И.Ондасынова, П.Своиктағы  да сол сияқты авторлардың зерттеулерін жатқызуға болады.

Тақырыпты зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының  монополияға қарсы реттеу саясатын қалыптастыру ерекшеліктеріне саяси  талдау жасау диплом жұмысының негізгі  мақсаты болып табылады. Сонымен  қатар осы саясатты жүзеге асырушы  саяси институттарының қоғамда  алатын ролін анықтауды да мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді анықтайды:

- Монополияға қарсы реттеудің  жалпы теориялық негізін зерттеу;

- Экономикасы дамыған  елдер мен ТМД елдеріндегі  монополияға қарсы саясатының тарихы мен даму барысын саралау;

- Қазақстан Республикасындағы  монополияға қарсы реттеу пен  бәсеке саясатының қалыптасу  тарихы мен ерекшеліктерін талдау;

- Монополияға қарсы бағытталған саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік билік институттарының ролін анықтау;

- Монополияға қарсы саясаттың  саяси-құқықтық негіздерін сараптау  және осы саясатты жүзеге асыруда  заңнамалардың атқаратын ролін  көрсету;

- Мемлекеттің монополияға  қарсы реттеудің жаһандану процесіне  байланысты келешектегі негізгі  бағыттарын анықтау.

Зерттеудің нысаны Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі қызметі.

Зерттеу пәні үкіметтің монополияға  қарсы қызметі, монополияға қарсы  саясатты жүзеге атқарушы мемлекеттік  институттар мен нарық субъектілерінің  монополияға қарсы саясатты жүзеге асырудағы іс-әрекеттері мен өзара  байланысы.

Зерттеудің әдіснамасы Қазақстан  Республикасьшың монополияға қарсы  саясатының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуде институционалдық, жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, статистикалық  және салыстырмалы сараптау әдістерін  қолдандық.

Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 МОНОПОЛИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА  ҚАРСЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

1.1 Монополия және монополиялық  билік, монополияның түрлері 

 

Нарықтық экономиканың негізгі  сипаттамаларының бірі бәсекелестік болып  табылатындығы белгілі. Нарықтық шаруашылықты дамытудың маңызды тәсілі ретінде, қоғамдық өндірісті реттеудің негізгі  тетігі ретінде бәсекелестік нарықтық экономиканың тиімділігіне ықпал ететін күшті экономикалық артықшылыққа ие.

Бәсекелестік – шаруашылық субъектілер арасындағы тауарлар мен  қызметтерді өндіру мен өткізудің  неғұрлым ұтымды шарттарына экономикалық бақталастықтың антагонситік нысаны. Бәсекелестік нарықтық тепезтеңдікке  қол жеткізу, белгілі бір қоғамдық пропорцияларды орнату тәсілі ретінде  болады.

 

 

Сурет 1. Бәсекелестіктің  негізгі түрлері

Е с к е р т у  – Сурет қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды.

 

Шаруашылық жүйеде бәсекелестіктің  болуы блып жатқан барлық экономикалық процестерге оң әсер етеді.

          1. Бәсекелестік күрес арқылы қоғам тұрғысынан шектеулі ресурстарды тиімді бөлу орын алады, себебі сұранысқа ие ғана өндіріледі, яғни не және қанша өндіру сұрағы шешіледі.
          2. Бәсекелестік кәсіпкерді өз өндірісін үнемі ойлауға, өнім бірлігіне шығындарды оның сапасына залал келтірмейтіндей, бірақ неғұрлым төмен бағаны ұстап тұруға болатындай төмендетуге мәжбүрлейді.
          3. Шығындарды төмендетудің жаңа тәсілдерін іздеу шекарасын кеңйетіп, кәсіпкерлер жаңа жоғары өнімділіктегі техника мен жаңа технологияны, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін пайдалануға, өз нарық сегментін күшейтуге талпынады.
          4. қоғам үшін бәсекелстіктің өте маңызды нәтижесі тұтынушыларға күресте кәсіпкерлер өз фирмасының имиджі, өзінің шыншыл және әділ бизнесмен беделі туралы қамданатындығы болып табылады.

Бәсекелестіктің осы экономикалық артықшылықтары нарықтық экономиканы  қоғамды экономикалық ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда  неғұрлым тиімді етеді[1].

Монополия бәсекелестік формаларының жіктелу классификациясы шеңберінде қарастырылады. Бәсекелестік нысандарының жіктелуін 2-суреттен көруге болады.

 

 

Сурет 2. Бәсекелестіктің  формалары.

Е с к е р т у  – Сурет қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды.

 

Бірақ, бәсекелестік қоғам  үшін жағымсыз салдарға да ие. Бәсекелестік Парето бойынша ресурстарды тиімді бөліп, әлеуметтік әділеттілікке кері әсер етеді. Қоғам – бұл тек  табысты бизнесмендер емес, онда түрлі  табысқа ие халықтың түрлі таптары, аурулар, қарттар, балалар, жұмыссыздар  өмір сүреді. Қоғамның бұл бөлігінің  үлес салмағы үлкен болған сайын, парето бойынша тиімділіктің маңыздылығы  әлеуметтілік әділеттілікті қамтамасыз ету қажеттілігімен салыстырғанда  төмен болады. Мұнда әлеуметтілік шиеленісті төмендету үшін ресурстар  мен табыстарды бөлуді түзету қажеттілігі  туындайды, ал мұны бәсекелестік нарық  өзі жеңе алмайды. Сонымен бірге, бәсекелестік нәтижесінде экономиканың тепе-теңдік жағдайының, сала мен өндіріс  арасындағы белгілі бір пропорцияның орнауына және тиімді арақатыстың пайда  болуына ресурстардың стихиялық, өзінен өзі бөлінуі, нарықтық процестердің . дамуы ықпал етеді. Бұл осы тепе-теңдік, осы тиімділік қоғамдық еңбекті едәуір жұмсау, көп өндіру, өндірушілер дифференциациясы, біреулерді шығынға ұшырату, басқаларын жұту нәтижесінде орнайды, және неғұрлым үлкен шаруашылық  субъектілердің пайда болуына ықпал ететіндігін білдіреді. Осы процесті жүйелі қайта жаңғырту монополияның пайда болуына объективті әсер етеді.

Аталмыш кемшіліктер өте әсерлі болып табылады және мемлекетті бәсекелестік ортаны қадағалауға және қажетті  жағдайда монополияға экономикалық шараларды қолдануға мәжбүрлейді[2].

Нарықтағы монополиялық биліктің орнауы – жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады.

Буржуазиялық қоғам екi сатылы шаруашылық:

а) Еркiн бәсеке капитализмi, бұл ХҮІІ– ХІХ ғасырлар арасы.

б) Монополистiк капитализм, бұл ХХ ғасырдың басынан осы уақытқа дейін.

Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың үш кезеңiнен, түрiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация; б) мануфактуралық; в) мәшинелендiрiлген фабрика.

Жай, қарапайым кооперациялықшаруашылық. Мұнда капиталист – кәсiпорын иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiң бақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамның шамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады.

Мануфактуралық шаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІ ғасырдың ортасынан ХҮІІІ ғасырдың екiншi жартысына дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы, бiрақ мұнда заттың, өнiмнiң элементтерi өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiң тек бiр ғана бөлшегiн жасайды (машинаның тек дөңгелектерiн, моторын, тағы басқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады, ол олардың тиiмдiлiгiн жоғарлатады.

Машиналандырылған өндiрiс. ХҮІІІ ғасырдың соңында, ХІХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропада, Америка құрама Штатында өнеркәсiптiк революция болып, соның нәтижесiнде қолөнерлiк техниканың және қол еңбектiң орнына әр түрлi машиналар келедi.

Кәсiпорындарда ендi. қарапайым болмаса, қиын машиналар адамның бақылауымен жұмыс iстейтiн болды. Мұны фабрика деп атайтын болды.

Машиналандырылған өндiрiс-техникалық төңкерiстiң негiзi болды. ХІХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында электротехникада (будың орнына электрқуаты), машина жасау саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш мотор – автомобиль, самолет), химиялық өнеркәiпте төңкерiс болды.

Сонымен, ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында буржуазиялық қоғам монополистiк сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай сол кездегi ғылыми ойлардың назарынан тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар болды. Солардың бiрi В.И.Лениннiң «Империализм – капитализмнiң жоғары сатысы» атты кiтабы (1917ж). Онда монополизмге (империализмге) жан-жақты және обьективтi саяси-экономикалық талдау жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы тұжырымдар берiлген.

Монополизм – жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.

Информация о работе Антимонополия