Антимонополия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті

Файлы: 1 файл

1 болим 777.docx

— 177.18 Кб (Скачать файл)

1)Бәсекені шектеуге қарсы  заңның орындалуын қадағалау;

2)Жосықсыз бәсекені болдырмау жөніндегі заңның орындалуын қадағалау;

3)Монополиялық жағдайда  тұрған кәсіпорындардың ісіне  бақылау жүргізіу;

4) Бағаға бақылау жасау;

Францияның монополияға  қарсы саясат жүргізуші органы баға  мәселесіне қатты назар аударады. Мысалы,осы елдің заңнамасына  сәйкес, бір данадан сатылатын  тауарлардың да бағасын өзіндік  құнынан төмен сатуға тиым салады.Франция  заңы фирманың жалпы табысына емес, заң бұзушылық нәтижесінде тапқан пайдасына байланысты айып-пұл салуды көздейді. Францияның монополия заңнамасы  осы елдің территориясында шаруашылық операцияларын іске асыратын барлық отандық немесе шетел фирмаларының заң бұзушылық істерінің алдын  алу және заң бұзылған жағдайда оларды қомақты айып-пұл төлету шараларын  іске асыру арқылы нәтижелі болып  отыр.Францияның косметика индустриясында дүниежүзілік нарықта алдыңғы қатарда  екендігі мәлім,монополияға қарсы  билік органдары осы саладағы ірі компанияларды және косметика  өнімдерін сатушы фирмалардың іс –қимылдарына қатаң бақылау жасап отырады. Баспасөз мәліметтеріне сүйене отырып жасаған сараптамаларға сәйкес, осы елде косметика индустриясы нарығына жаңа енуші субъектілерге қысым көрсетілетін жайттардың барлығы, оларға ірі компаниялар тарапынан түрлі шарттар қойылатыны байқалды. Әрине,бұндай операциялар жалпы монополиялық заңнамаға қайшы,сондықтан айыптаушылар заң алдында жауап беруі тиіс.Франциядағы осындай заң бұзушылыққа ірі қонақ үйлердің баға келісімдерін айқындаған процестерін де мысалға келтіруге болады.Францияда монополияға қарсы заңнамалардың орындалуын,заң бұзушылардың істерін тексеру  округтық соттардың құзіреттілігінде. Соттың атқара алатын істері біршама кеңірек. Кеңес- министрге бағынышты және сот органдарымен тығыз байланыс жасап отыратын үкіметтік орган. Кеңес жанында нақты мәселер бойынша тұрақты комиссиялар жұмыс істейді. Ал орталықтандыру мен тауарды сату мәселелерімен салалық министрліктер айналысады. Үкімет заң жобасын жасауда Кеңестің пікірін ескеріп отырады.Кеңестің шешімдерін Париждің аппелияциялық соты қарастырады.

  Бастапқы құрылғанынан бастап монополияға қарсы саясат жүргізуші органдар заңдар мен нормативтік актілердің базасын одан әрі жетілдірумен айналысып келеді. Қазіргі таңда ТМД елдерінің барлығында дерлік монополиялық қызметті реттейтін, бәсекені дамыту барысында негізгі заңдар қабылданған, олардың көбі арнайы дербес заңдар болып табылады .

Барлық мемлекеттерде  ерікті кәсіпкерлікті қалыптастыру, іскерлікті белсендіру, монополиялық қызметтерді реттеу сияқты қызметтер  монополияға қарсы билік органдарының құзырында. Әр елдің билік институттарының  экономикалық үрдістерге, соның ішінде монополиямен күресуге саяси араласу  жолдары да әртүрлі. Олар осы елдің  даму тарихы мен дәстүрі, экономикалық мүмкіндігі сияқты факторлармен анықталады. Алдында айтып өткендей, мемлекеттік  билік нарықта бәсекеге қолайлы  жағдай туғызумен ғана айналыспайды, ол өз жұмысын шектен шыққан монополиялық құбылыстармен күресуге бағыттайды.

Ресей Федерациясының монополияға  қарсы саясатын қарастыруда ең алдымен, осы елдің экономикасының дамуы  мен дағдарыс сипаттарын, мемлекеттік  құрылымдардың өзгеруін, экономикалық байланыстардың үзілу себептерін ескеру қажет. Ресейдің революцияға дейінгі  және  революциядан кейінгі тарихын  зерттей отырып, ұлттық және шетел  авторларының  тұжырымдамаларына  сүйене отырып жасалған Ресейдегі монополияның даму эвоолюциясы төмендегідей:

XIX ғасырдың аяғы - 1917 жыл. Ауыр өнеркәсіптің аса қарқынды дамуы. Оларды мемлекеттік биліктің қолдауы. Монополиялық өнеркәсіпте ірі синдикаттардың құрылуы;

1917-1929 жылдар. Жаңа Экономикалық  Саясат. Ірі ұлттық өндірістің  трест және синдикат түрінде  пайда болуы; 

1929-1956 жылдар. Орталықтандырылған  мемлекеттік монополия; 

1957-1965 жылдар. Аймақтық монополиялық  құрылым - совнархоздардың пайда болуы;

1965-1987 жылдар. Ведомстовалық - корпоративтік монополиялардың қалыптасуы. Салалық министрліктердің құрылуы;

1987-1997 жылдар. Экономикалық  қатынастарды қайта құрылуы. Монополиялардың  бұзылуы мен бәсекені дамыту;

1998 жылдан бастап капитал  мен меншікті қайта бөлу;

1990 жылдың басында елдің  саяси билік орындарында бұрынғы  монополиялық жүйеде бәсекені  жеке кәсіпорындар, қаржы иелері  мен кәсіпкерлердің дамытуға  мүдделі емес екендігін, қоғам  мүддесін алға қоюшы ретінде  бәсекені тек мемлекеттің дамытуы  қажет екендігін түсіне бастады.

 Ресейдегі нарықтық  экономика реформасының стратегиялық  бағыты көпжақты монополиядан  бәсекеге өту болды. Дәл осы  кезден бастап Ресей Федерациясында монополияға қарсы саясат қалыптасып, дами бастады [19, 162 б.]. Ресей тарихындағы монополияның даму эволюциясы ТМД елдерінің тарихына тұстас келеді. 1990 жылдың  қазан айында заңды түрде монополияға қарсы және жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау жөнінде Ресей Федерация Мемлекеттік Комитеті құрылды. «Ресей Федерациясы     Федерациялық монополияға қарсы органның және олардың лауазымды  қызмет атқарушы адамдарының негізгі мақсаттары мен міндеттері Заңмен және басқа Ресейдің нормативтік – құқықтық актілерімен анықталады. Монополияға қарсы орган заман талабының өзгеруіне байланысты бірнеше рет өзгерістерге ұшырай отыра дамыды. 1995 жылы Ресей Федерациясында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзуге асыру мақсатында шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды жүзеге асыратын Ресей Федерациялық Мемлекеттік комитет құрылды. Ал 1998 жылдың 22 қыркүйегінде № 1142 РФ Президентінің Қаулысы бойынша сол кездердегі монополияға қарсы органдар таратылып, оның орнына Ресей Федерациясының монополияға қарсы саясат жүргізу және кәсіпкерлікті қолдау Министрлігі құрылды. Бұл өзгеріс атқару билігінің федералдық органдарының құрылымының жұмыс нәтижесін одан әрі арттыруға, құзыреттілігін нығайтуға бағытталған еді. 2004 жылдың наурыз айының басында осы Министрлік таратылып, Федералдық монополияға қарсы қызмет органы болып қайта құрылды. Министрліктің негізгі монополияға қарсы күрес жүргізу мен бәсекені нығайту жұмыстарымен қоса таратылған Федералдық энергетика комиссиясының қызметтерін қоса алды. Федералдық энергетиканың тариф саясатын реттеу қызметі бұл жаңа құрылымның тұтынушылар мен нарық субъектілері алдындағы жауапкершілігін одан әрі күшейтті. Ресей тәжірибесінде бұл жаңа бағыт болды, демек әкімшілік реформасының концепциясына сәйкес монополияға қарсы органның қызмет бағытын біраз өзгеріске әкелген саяси шешім қабылданды. Нарықта үстемдік етуші шаруашылық субъектілерінің заңды бұзуын тежеу мен алдын алу  қызметі осы органның құзырында сақталынды. Сонымен бірге, әкімшілік іс қозғауға негіз ретінде осы заң бұзушылық нәтижесінде шағымданушының  ақшалай зардап шеккендігін дәлелдеген тұтынушының арызы болуы керек деп шешілді. Осындай саяси инициативалар Ресейдің монополияға қарсы заңнамасын Еуроодақ үлгісіне біршама жақындатқан еді.

Ресейде 2003 жылдың күзіндегі  мекемелер мен жеке азаматтар  арасында  жүргізілген сауалнамаға  сәйкес нарықта монополияның белгілі  көріністері ретінде жосықсыз бәсекенің  формалары мен түрлері жиі  кездеседі. Салықтан қашу мақсатында жасырын  өндіріс пен тауар сатумен  қатар, ресей азаматтары мен кәсіпорындарын нарықтағы тауардың жалған көшірмесі, басқа фирманың атын және жарнамасын пайдалану, тұтынушыны шатастыратын жарнама, баға махинациялары сияқты жосықсыз бәсеке түрлері алаңдатып отыр .

Соңғы уақыттарда халықаралық  қатынастар байланысында халықаралық  монополия түсінігі ене бастады, бұл көпұлтты, екі немесе одан да көп елдердің ірі фирмаларының капиталының  шоғырланған түрінде әлемдік  нарықта орын алып отырған аса  ірі тресттерге қолданылады. ТМД-ның ортақ нарығында үстемдік ететін концерндердің іс-қимылдарының тәртібін реттеуге байланысты құқықтық базалар құрыла бастады. ТМД елдерінің монополияға қарсы саясат жүргізудегі басты бағыты осы елдердің заңдылықтарын жақындастыру болып отыр. Сонымен қатар, осы саясатты жүзеге асырушы мамандарды бір жүйеде дайындау мәселесі де өзекті болып саналады. ТМД шеңберінде тәжірибе алмастыру, ақпараттарды тарату, озық іс - шараларды халықаралық деңгейде тарату, мамандармен алмасу мемлекет билік орындарына осы саясатты жетілдіруде, оның өзіндік ерекшеліктерін терең түсінуге ықпал етеді. Қазақстанда осы саясаттың негізгі базасы дамыған шетел тәжірибесіне сүйене отырып жасалынуда. Монополияға қарсы іс - шараларды бірлесе отырып, ғылымға негізделген саясат етіп құру маңызды. Бір ел көлемінде осындай үлкен мәселені бірден шешу мүмкін емес. ТМД елдерінің экономикалық бірлестік құру барысында адал бәсекеге қолайлы жағдайдың болуы барлық елдердің әлеуметтік, саяси және экономикалық мәселелерінің дұрыс шешуілуіне әсер етіп, қоғамда адамдардың тұрмыс - тіршілігін одан әрі көтере түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Антимонополия