Антимонополия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті

Файлы: 1 файл

1 болим 777.docx

— 177.18 Кб (Скачать файл)

4. Орта пайда алу мақсатындағы бәсеке күресімен қатар үстем пайда үшін күрес тоқталмайды.

5. Бәсеке ұлттық нарықта ғана емес әлемдік нарықта болады.

6.Монополиялардың бірімен бірінің күресі әрдайым қауіпті сипатта болады. Бір саладағы монополиялар, саланы бүтіндей қожалығына айналдыру, тек өз үстемдігін жүргізу үшін күреседі.

Монополистік шаруашылықтағы бәсекенің мәні − монополдық үстеме жоғары пайда түсіру. Монополиялардың  өзара бәсекелестіктің түрлері  бірнеше: қарсылсушыны шикізатсыз, өткізетін  нарықсыз, несиесіз қалдыру. Қарсыласушы  жұтағанша бағаны төмендету, сосын  қайтадан көтеру. Бәсекелесушінің кәсіпорын  өртеп жіберу, мамандарды өзіне тарту, қаржыдан жайсыздандыру, үкімет тапсырмасы үшін күрес, тағы басқа.

Монополия экономикалық тұрғыдан өзінің үстемдігін монополиялық бағада монополиялық пайдада жүзеге асырады.

Монополиялардың қолына орасан зор күш-қуат жинақталу арқасында, олар ішкі салалық бәсекені тежей  алады және өз өніміне қойылатын  баға жөнінде нарыққа белгілі  бір шекке дейін өз дегенін  орындаттыра алады.

Монополиялық баға дегеніміз - монополияның жеке дара немесе көбінде  басқа концерндермен мәмілесіп  қоятын бағасы. Әдетте, бұл бағалар  тауардың нақтылы құнынан да және өндіріс бағаларынан да жоғары болып  келеді, ал қоғамдық құнынан төмен  болады.

Монополиялық баға екі түрде болады:

Біріншісі – монополиялық жоғары баға. Бұл жоғарғы бағамен  монополиялық кәсіпорын өзі ғана өндіріп, өзі белгілеген жоғарғы  бағамен сатады. Бұл тауарды басқа кәсіпорындар өндірмейді. Сондықтан тұтынушылар, оның бағасы жоғары болса да, алуға мәжбүр болады.

Екіншісі – монополиялық төменгі баға. Бұл тауарларды өндіруге қажетті материалдардың, шикізаттың, бөлшектердің бағасы. Оны сатушылар  шағын кәсіпорындар, ал сатып алушылар тек бір-екі монополиялық кәсіпорындар. Олар, осы жағдайды пайдаланып, төмен  бағамен өздеріне керекті материалдарды  алады. Ал бұлар алмаса, сатушылардың заттары өтпей қалады. Ол өндірістің тоқтауына апарады.

Монополиялық бағалар  дәрежесіне сұраныс пен ұсыныстың  ара-қатынастары әсер етеді. Алайда, монополистер сұраныс төмендеп кеткен жағдайдың өзінде де тауарлардың  бағасын жоғары ұстай алады. Өйткені, бағаның тиісті дәрежесі келісім- шарт жасау арқылы іске асып. Баға қоюдың «Басшылық» жүйесі ең ірі компанияның  қолына көшеді. Дегенмен, бұған қауіп  төндіретіндер бар- олар келісімге  келмеген «бөгде» фирмалар.

Монополиялардың өздері сатып  алатын тауарларлың (бөлшектер, шикізат, материалдар) бағасы. әдетте, монополиялық төмен бағалар болады. Бірақ, мұның  да шегі бар. Ол мұндай тауарларды сататын  шағын кәсіпорындардың капиталдардың  ұдайы өндірілуі қамтамасыз етіліп тұруы қажет, яғни бұдан төмен  болмауы керек. Алайда монополиялық бағалар да өзгереді. Оның негізі- тауар  құнының өзгеруі.

Монополдық пайда –  ол монополдық жоғары бағамен тауардың құнының (болмаса тепе-тең баға) айырмасы. Мұнда сатып алушылар өзінің әдеттегі табысының бір бөлігін монополияның пайдасына жібереді. Оның негізі –  жолдама жұмысшылардың еңбегімен  жасалатын қосымша құн.

Монополдық жоғарғы пайданың жолдары:

- жұмысшыларға төмен жалақы  төлеу, оларға қажетті тауарларды  жоғарғы бағамен сату;

-  монополдық кәсіпорындарда  еңбек өнімділігін жоғарлату;

- монополиялардың шетке  капитал шығару арқылы сол  елдерде өндірілетін құн.

Монополияның әлеуметтік-экономикалық салдары:

- Көтерме пайданы монополдық  кәсіпорындар, өндірілетін тауарлардың  сапасын жоғарлатпай – ақ, жоғары  монополдық бағамен табады. Ол  үшін олар тек бағаның деңгейі  туралы келіссе болғаны. Бұл  техникалық және басқадай прогресске  экономикалық қызықтыруды қолдауы  керек еткізбейді, уақытша болса  да, мұнда тоқыраулық жағдай туғызады. Бірақ та, күрделі инновация (өндірісті  жақсарту) жасайтын тек ірі бизнес.

-  Тауарларға сұранысты  көбейту үшін монополиялар өнімінің  өндіру көлемін әдейі, жасанды  түрде азайтады[7].

- Монополия белгілі бір  өнімді тек өзі ғана сатып  алушы болуға тырысады. Кейбір  уақытта ол өзі сатып алатын  заттарға алуды жасанды түрде  азайту арқылы сатушылардың өнім  ұсынушы монополдық сұраныстан  арттырады. Бұл олардың сататын  өнімдеріне монополдық төмен  баға қоюға мүмкіндік туғызады. Бұл бағаның деңгейі қоғамдық  қажетті еңбек шығынынан төмен болады.

- Монополия сатылатын  және сатып алатын тауарлардың  бағаларының айырмашылығының жоғарылай  беруіне ықпал жасайды. Оны  «бағаның қайшысы» деп атайды. Мұның мәні - ауылшаруашылық өнімдерінің  бағасы өнеркәсіп өнімдерінің  бағасынан төмен болуы. Бұл  Қазақстанда да орын алады,  шаруашылықты индустрияландыру  және техникалық қайта қаруландыру  кезеңінен бері.

Табиғи монополияны мемлекеттік реттеудің мақсаты екі жақты: бір жағынан ол рынокта монополистің жан жақты билеуінен бағаны реттеу жолымен қоғамды қорғау үшін, екінші жағынан, олардың тиімді дамуына жағдайды қамтамасыз етеді.

Мемлекет тарапынан көңіл  аудару мен реттеудің объектісі  баға болып табылады.

Бағалар – тұтынушылардың, өндірушілердің, импорттаушылардың  және экспорттаушылардың мүддесі тоғысатын, экономикалық және әлеуметтік саяси  өмірдің соңғы нүктесі.

Бағаларды бағалаумен орталық  статистикалық басқару органы айналысады. Мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер тарапынан бағаны бақылаудың басты мақсаты -  еңбекақы мен  зейнетақының жыл сайын атаулы көтерілуінің индексін анықтау үшын, өмір сүру құнының  өсуін өлшеу, сондай ақ өндірістің шығынына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне бағаның өсуінің ықпалын анықтау. Аталмыш үкіметтік орган тарапынан  бағаға бақылау орнатудың әдістері 5-суретте келтірілген.

 

Сурет 5. Бағаға бақылау орнату әдістері.

Е с к е р т у  – Сурет қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды.

 

Бағаның өзгеру үрдістеріне  тікелей мемлекеттің араласуы акциздік тауар деп аталатындарға, бағаны белгілеудің мемлекеттік саясаты  болып табылады.

Үкіметтік органдар, жеке фирмадан бнлгілі бір тауарлар мен қызметтің  түрлерін тұрақты сатып алушы  немесе тапсырыс беруші болып, әріптеспен келісімшарт бойынша, кейін сала үшін базалық болып кететін «нақты бағаны» белгілейді.

Бағаны реттеудің тиімді құралы - қосымша құнға салық болып  табылады. Бұл салықты өндіруші тауар  мен қызметтің бағасына қосылады. Бұл салықты өндіруші тауар мен  қызметтің бағасына қосылады және бұл  салықтың мөлшерлемесінің саралау  өзгерістері тікелей бағаға ықпал  етеді.

Мемлекеттің монополияға  қарсы саясаты тиімді нарық экономикасы  мен бәсекелестікті нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шараларының  жүйесі. Мемлекеттің монополиялық билікке  қарсы саясаттар желісі келесідей  негізгі саясат бағыттары ретінде  6-суретте келтірілген.

 

Сурет 6. Монополиялық билікті қысқарту тәсілдері.

Е с к е р т у  – Сурет қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды.

 

Экономиканы мемлекеттік  реттеудің негізгі бағыттары  сыртқы сауда бағасына мемлекеттік  ықпал жасау болып табылады. Экспортты  мемлекеттік көтермелеу, экспорттаушыларды  салықтан босату, кейбір елдерде экспорттық демеу қаржы, жеңілдетілген көліктік тарифтер мен кредиттер беру әлемдік  рынокта бағалық бәсекелестік жағдайында елеулі түрде көрінеді.

Қазіргі уақытта барлық мемлекеттерде  монополияландыруға қарсы заңдар қолданып келеді. Сол арқылы олардың іс-әрекеттеріне шек қойылған. Мемлекет монополияның іс-әрекетіне мына бағыттарда араласады, бақылау жүргізеді:

а) Мемлекет жоғарғы деңгейде салық салу арқасында монополияның пайдасының көлемін азайтады. Соның  нәтижесінде әлеуметтік жағдайға тигізетін  тиімсіздігін әлсіретеді.

б) Инфляцияны басу және жоғарғы  деңгейде шоғырланған салалардың бағаларына қысым жасау үшін бағаға бақылау  қойылады.

в) Монополияның бірлестіктердің  мемлекет меншігінде болуы. Мысалы, телефон байланысы. Сумен табиғи газбен, элетрокүшімен жабдықтау, темір жол монополдың кәсіпорындар болса, тиімділігі жоғары болады.

г) Мемлекеттік экономикалық реттеу бағаға, өндірістің көлеміне, фирмалардың реттелетін салаларға кіруін, одан шығуын бақылауға мүмкіндік тудырады. Бұл бақылау болады коммуналдық кәсіпорындарда, көлікте, қаржы рынокта. Бұл құрал-жабдық мемлекет меншігінде болса да, ол бақылау жүргізеді.

д) Монополияның іс-әрекетін мемлекет реттейді, монополияға қарсы саясат арқылы. Бұл саясат, әсіресе. Жоғары деңгейде шоғырланған салаларға қарсы қолданылады. Монополияға арнайы заң және ережелер шығарылады, мемлекеттік тапсырманың үлесін ұлғайтады. Эскпорттың және импорттың тауарлардың түріне, көлеміне бақылау, шек қояды. Ақша айналымы, несие, салық саясаты жүргізеді[8].

Жалпы мемлекеттік реттеудің екі формасы болады: экономикалық және әлеуметтік.

Экономикалық реттеудің  сферасында қамтылады бағаға, тауардың түрлеріне, типтеріне, фирмалардың салаларға кіру және шығу жағдайларына бақылау жүргізу.

Әлеуметтік реттеу келесілерді қамтиды – суды және  ауаны тазарту бағдарламасы, ядролық энергетиканың, дәрілердің, көліктің, ойыншықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

 

1.3 Монополияға қарсы реттеудің халықаралық тәжірибесі

 

Әлемдік практикада монополияға  қарсы саясаттың қалыптасуына елдің  ішкі ахуалы және дүниежүзілік экономикалық, саяси жағдайлар әсер етіп отырды. Ұдайы өндірістегі экономикалық дамуға байланысты монополияға қарсы  саясаттың мазмұны мен оның ережелерінің орындалу механизмдері де өзгеріп отырды. Әр елде монополияға қарсы саясат осы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына байланысты оны  дамытудың өзіндік ерекшеліктеріне  ие болды. Ол әрине объективтік және субъективтік себептерге байланысты. Әлемдік экономикалық коньюктура Қазақстанға  да ықпалын тигізеді.

Монополиялық саясаттың  қалыптасу тарихы бірнеше кезеңдерден  тұрады. Бұл саясаттың мақсат –  міндеттері дамудың әр кезіндегі  экономикалық басымдылыққа тәуелді  болғандығы белгілі. Бірталай елдің  даму тарихына сәйкес монополияға қарсы  саясат бірде экономикалық саясаттың  негізгі бағыты саналып, енді бір  кезеңдерде ол екінші кезектегі мәселе ретінде қаралды. 1980 -1990 жылдарда болып  өткен экономикалық өзгерістер мемлекеттің  экономикаға араласу процесін тағы да анықтап берді, мемлекет қатаң  түрде осы қатынастарды реттеуден  бас тартып, біртіндеп нарықтық күштердің  тауар мен қызмет түрлерін еркін  түрде халыққа ұсынатын дәрежеге жетуіне ықпал етті. Бірақ, мемлекеттің  тек бақылаушы рөлінде болуы  да дұрыс емес, дәл осы жерде  мемлекеттің кейбір шаруашылық субъектілерінің  нарыққа кері әсерінің алдын алушы  немесе жалпы нарықтың халықтың тұрмыс - тіршілігіне тек қолайлы болуын қамтамасыз етуші болуының маңызы арта түсті.

Қазіргі уақытта монополиямен күресу мен бәсекені дамыту саясаты  барлық елдерде дерлік қалыптасқан. Осы саясаттың мақсаттары мен  міндеттері бір-біріне ұқсас келгенімен, орындалу механизмдерінде едәуір өзгешеліктер бар. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің  монополияға қарсы жүргізілетін саясаттарының үш түрлі моделі бар: американдық, еуропалық және жапондық моделдер. Жапон моделіне сәйкес, монополист компанияның ісінде жаңалық (ноу-хау) болса, сол фирмаға біраз уақытқа нарықта монополист болуына рұқсат етіледі. Ал, Америка Құрама Штаттарында өте қатаң заңнама, осыған байланысты егер фирма монополист болса, оның нарықтағы қызметі үнемі бақылауда болады . Әлемдік тәжірибедегі монополияға қарсы саясат үлгілері 7-суретте көрсетілген. Еуропалық моделде мемлекеттің ролі басқаша, ТМД елдерінің көпшілігі монополистік қызметті реттеуде осы моделді жақын санайды. Бірталай елдерде осы саясатты жүзеге асыруда АҚШ-та қолданылған іс - шаралардың нәтижелігі мен озық тәжирібиесі әсер етті. Америка Құрама Штаттарында монополияға қарсы заңнаманың негізгі тарихи мақсаты экономикалық еркіндік пен нарықтағы бәсекені дамыту екендігін осы саясаттың даму эволюциясы дәлелдеп отыр. 1890 жылдары Шерманның трестке қарсы Заңы деп аталған монополизмге қарсы заң қабылданып, АҚШтың осы бағыттағы мемлекеттік саясатының бастамасы жасалды. Бұл Заң жалпы монополиялық қызметке тиым салды. Осы шара әрине қатаң түрдегі саяси шешім болып есептелінеді.


 


 



 



 

 

 

 

 

 

 

Сурет 7 . Дүниежүзіндегі монополияға  қарсы саясат үлгілері.

Е с к е р т у  – Сурет қолданылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылды.

 

Дәл осы кезеңде АҚШ - та экономикалық үрдістерге саяси араласу жолдарының осындай қатаң түрде болуының себептері де жеткілікті болатын. Шаруашылық субъектілерінің белсенді түрде тауар өндіру мен қызмет түрлерін ұсыну бәсекесі өте жылдам жетіліп, ірі - ірі субъектілердің дараланып шығуына, олардың нарық бағасын келісіп қою нәтижесінде көптеген ұсақ шаруашылық субъектілерінің банкротқа ұшырауы жиі кездесіп отырды. Сонымен қатар ұсақ жекеменшік субъектілерінің нарыққа еркін еніп, өздігімен шаруашылық істерін дамуына ірі фирмалар тарапынан қысым көрсетілетін жайлары тым жиі кездесіп отырды. Шаруашылық субъектілері нарықты өзара бөліске салып немесе бірігу процесстері де орын алды. АҚШ-та билік институттары халықтың тұрмысына нарықтағы жағдайлардың кері әсерін сараптай келе, монополист мекемелердің іс-қимылын мемлекет тарапынан қатаң түрде реттеу қажеттілігі туралы үкіметтік ұсыныстарды қабылдады. Солардың негізгісі трестке қарсы Шерман Заңы болды деп айттық. Осы Заңның нәтижесінде баға жөнінде жасырын келісім жасаған фирмалар мен бәсекелестердің нарықты бөліске салуы федералдық үкіметке қарсы жасалған қылмыс деп саналынды. Шерман Заңы бойынша монополист фирмалардың ісінен запа шеккен заңды  басқа да тұлғалар заңды бұзушы  фирмаларға айып беруге құқылы болды. Соттың шешіміне байланысты заң бұзушы фирма таратылып немесе сол заңсыз деп танылған іс - қимылдарына тиым салынған. Айыптың нәтижелігі бас бостандығынан айырылу мен айып - пұл төлеумен де  аяқталынатын. Шерман Заңы бойынша  корпорацияға 10 млн. АҚШ доллар есебінде, басқа айыпталушыларға 350 000 АҚШ доллар есебінде айып - пұл салынуы мүмкін. Жеке тұлға үш жыл бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Сонымен бірге Заң монополистік қызметтен зиян шеккендердің шығындарын үш есе етіп қайтарып беру жөнінде ұйғарым жасауды да ескерткен. Бірақ, үкіметтің осы Заңға негізделген бастапқы сот тыңдалымдарынан – ақ, бұл Заңның әлі де толық жетілдірілуді қажет ететіндігіне көздері жеткен еді. 1914 жылы қабылданған Клейтон Заңы бастапқы шыққан Заңды толықтыруға бағытталған. Клейтон Заңының негізгі ережелері төмендегідей болды:

Информация о работе Антимонополия