Антимонополия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 17:14, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасады деп атап өтті

Файлы: 1 файл

1 болим 777.docx

— 177.18 Кб (Скачать файл)

1) Баға саясатындағы барлық  кемсітушіліктер жойылды;

2) Мәжбүр ететін тауар  түрлерін сату мен өткізуге  шектеулік қойылады;

3) Құнды қағаздар нарығындағы  корпорациялардың акцияларын сатып   алуының бәсекенің төмендеуіне  әкелетін бірігулерге тиым салады;

4) Бірнеше кәсіпорындар  мен фирмалардың директорлар  кеңесінде басқару қызметін қатар атқаруға тиым салынады.

Сонымен бірге Клейтон  Заңының 4 Актісіне сәйкес жекеменшік немесе бизнес иесінің зиян шеккендігін  анықтайтын 2 шарты бар. Біріншіден, ол өзінің зиян шеккендігін, екіншіден  дәл трестке қарсы заңның бұзылғандығына байланысты зиян шеккендігін тағы да дәлелдеуі тиіс. Дәлелі ретінде жауап  берушінің заңды бұзғанға дейінгі  және одан кейінгі сату көлемі салыстырылады. Сонымен қатар шағымданушының сату көлемі төмендемесе де немесе өскен  жағдайда да оның дәлелдеуге толық  мүмкіндігі бар. Билік субъектілері шағымданушының нарықтағы үлесінен айырылып қалу себебін де анықтауға  тырысады. Шағымданушы өзінің бәсекелестік қабілетінің төмендеуінен емес, жауап  берушінің заңның бұзғандығының  салдары екендігіне назар аударады. Экономикалық үрдістерге саяси араласудың аталмыш жолдары АҚШ-тың монополияға  қарсы бағытталған заңдарын нәтижелі етіп отырғандығын дәлелдейді[9].

АҚШ заңнамаларында фирмалардың  келісімдердің барлық түрлері тиісті билік органдары арқылы бақыланып  отырады. Оның мысалы ретінде аукционда  бағаны төмендету жөніндегі оған қатысушылардың келісімі де жатады. Осындай  келісімдерді ұзақ уақыт бойына тиісті мемлекеттік билік органдары  тек бақылап қана қоймай, олардың залалдарының алдын алуға тырысты. 1936 жылы қабылданған Робинсон-Патман Заңы күрделі болды, тауарды қайта сатуға байланысты бағаны ұстап тұруға тиым салды. Бағаға байланысты белгілі бір сатып алушыларды қанауға, осыған байланысты жарнамаларға және жаңа тауарды төмен бағамен сатуға тиым салады.

Мемлекеттік билік орындары Клейтон Заңымен бірге осы  мерзімде бұл заңға толықтырулар енгізілген Федералдық сауда комиссиясының  Заңын да Конгресте қабылдады. Федералдық сауда комиссиясы тәуелсіз орган  ретінде құрылып, шаруашылық субъектілерінің  кез келген нақты ісінде монополияға  қарсы заңдылықтың бұзылу фактісін анықтау құзыреттігіне ие болды. Бұл комиссия сонымен бірге жарнама  берілу тәртібін де бақылап, тұтынушыларды  жалған ақпараттардан қорғау мәселесін  де қолға алды. Комиссия монополиялық құрылымдардан тәуелсіз, өз еркімен  заң бұзушылыққа қарсы сотта  іс қозғау құқығына ие болды. Монополияны  реттеу шаралары қоғам назарын ерекше аударды. Соның арқасында 1912 жылдары  президенттікке сайлау барысында қоғамның басты назары үкіметтің экономикадаға  рөліне байланысты болды. Президенттікке үміткер В.Вильсон  «Жаңа бостандық» (Новая свобода) атты бағдарламасын  сайлаушылар мен үкімет назарына ұсынған болатын. Онда ол кез келген монополиялық қызметке байланысты  қылмыстық іс қозғалуы мен нарықта  ұсақ жекеменшік иелерін қорғау жөніндегі  биліктің рөлін арттыру қажеттігіне  байланысты ұсыныс жасайды. Вильсонның бұл ұсынысы көпшіліктің көңілінен  шығып, тек сайлауда жеңіп шығуына  ықпал етіп қоймай, үкіметтің экономикаға  араласуына және реттеуіне жаңа жол  ашты. Сонымен бірге В.Вильсон  Федералдық сауда комиссиясы сияқты әкімшілік органның құрылуын қолдады. Комиссияның басты мақсаты - таза бәсекеге қолайлы жағдай туғызып, жосықсыз бәсекені болдырмаудың алдын алу болды.

АҚШ-тың монополиямен күресу саясатын жүргізу тарихында осы  аталған 3 түрлі заңның маңызы аса  ерекше болды, қазіргі жүргізіліп отырған  монополияға қарсы саясаттың  негізін осы Заңдар қалайды деуге  де болады. Аталған заңнама актілерінің  түсіндірмелері қазіргі монополияға  қарсы заңнама доктринасының  қалыптасуына негіз болды[10].

1976 жылы қабылданған Харт-Скотт-Родино заңы монополияға қарсы бағытталған заңнамаларды одан әрі жетілдіруге бағытталған. Осы заңға сәйкес шаруашылық субъектілері өздерінің бірігіп іс жүргізетіндіктері жөнінде Юстиция Министрлігі мен Федералдық сауда комиссиясына алдын ала хабарлауы тиіс.Бұл билік субъектілері тұтынушылардың құқығының қорғалуын басты назарға ала отырып,осы фирмалардың бірігу салдарын алдын ала зерттейді.Керек болған жағдайда билік органдары шаруашылық субъектілеріне активтерінің жартысын сату жөнінде ұсыныс жасауы мүмкін немесе бірігу процесін толығымен тоқтатуға да құзырлы.Егер осы аталған шарттар орындалмаған жағдайда заңның бұзылуына байланысты сот орындары 10 000 АҚШ доллар көлемінде айып -пұл салуына болатын болды.Заманның талабына сәйкес бұл заңнамалар әрі - қарай жетілдіріп, қосымша бөлімдер енгізіліп отырды. Соның бірі 1993 жылы  қабылданған біріккен шаруашылық және ұлттық ғылыми – зерттеу істері жөніндегі заңы,осы заңға сәйкес монополияға қарсы заңнама шеңберінде біраз компанияларға бірігіп ғылыми-зерттеу мен тәжірибе-конструкторлық жұмыс жүргізу істеріне белгілі қорғау көрсетеді.Уэбба-Помирин заңы әр салада бәсекелесетін кейбір ұйымдар мен ассоциацияларға бірігіп экспорттық операцияны жүзеге асыруға монополияға қарсы шектеулі жеңілдіктер беруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, АҚШ-та 1994 жылы қабылданған монополияға қарсы заңының қолдануына халықаралық ықпал ету заңыда жүзеге асырылады. Осы заңға сәйкес Федералдық сауда комиссиясы мен АҚШ-тың Юстиция Министрлігіне шетелдік монополияға қарсы құрылымдарына өзара көмек көрсету жөнінде келісім жасауға мүмкіндік береді. Бұл заң АҚШ пен шет мемлекеттер арасындағы монополиялық қызметті реттеу мен заңды бұзу фактілерін анықтауға көмек береді [17]. АҚШ-тағы монополияға қарсы заңдылықтың орындалуын Федералдық сауда комиссиясы мен Юстиция Министрлігі қатар қадағалайды. Жалпы алғанда АҚШ-та трестке қарсы заңдардың жасалуы мен орындалуын Юстиция Министрлігі  қамтамасыз етеді де, ФСК атқарушы орган болып саналады. Сонымен бірге Министрліктің трестке қарсы бөлімшесі де монополиялық қызметке бақылау жасайды.Бөлімшенің трестке қарсы заңнаманы бұзушыларға қарсы іс қозғау сияқты билік құзыреттілігі бар. Заңнаманың бұзылғандын дәлелдеу мен оның орындалуын қадағалау көбіне АҚШ-тың Жоғарғы сотының құзырында.Табиғи монополия қызметі үкімет тарапынан айрықша реттеліп отырады. Сонымен қатар бұл жұмыстар көбіне салалық ведомстволарға жүктеледі.Бұл мемлекеттік билік органдары компаниялардың бірігу мен бірін бірі сіңіру мәселелерімен көбірек айналысуына тура келеді.Комиссия мен Министрлік қадағалайтын қызмет салаларын өздерінің құзіреттіліктеріне байланысты өзара бөліскен және олардың бірігулерге бақылау жасауға құқықтары да бірдей.Осы екі билік органдарының арасында реттеу механизмі нақты жасалған.Юстиция Министрлігінің монополияға қарсы бөлімшесі монополияға қарсы заңнаманы негіз ете отырып, нарықта бәсекеге кең жол ашады, оған кедергі келтіретін кез-келген жайлардың алдын алу үшін күреседі. Бөлімше шаруашылықтың барлық саласында аталған заңдылықтың толық орындалуына байланысты мемлекеттік саясатты жүзеге асырып отырады.

Жалпы АҚШ-та  кәсіпкерлікті  бақылаудың екі типі бар:

1) қатаң түрдегі шектеулікті қолданатын табиғи монополияны бақылау;

2) фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі сіңірулеріне байланысты  шарттарды қолданылатын жеке секторларға бақылау жасау мен тауардың сапасы мен зиянсыз болуына, жосықсыз бәсекені болдырмауға бақылау;

Билік институттары АҚШ-та моноплияны реттеуге бөлінген қаражатты көбінесе қоршаған ортаны ластауды болдырмауға  пайдаланды, бағаны бақылау мен нарыққа  ену кедергілерін жоюға, инвестицияларға  пайдалану жөнінде ұсыныстар  жасайды.

АҚШ-тың трестке қарсы  қолданатын заңнамасының ерекшелігі кез- келген монополиялық қызметті заңсыз деп табуында, ал басқа елдерде көбіне басқа әдістер қолданылады. Кейінірек, Құрама Штаттарында осы заңнаманы жеңілдететін «парасаттылық ережесі» әдісі табылып, ол іске енгізілді. Бұл әдіс барлық монополиялық қызметке қарсы бағытталмаған, билік институттары осы әдісті тек жалпы құқықты өрескел бұзатын монополиялық қызметті шектейтін құрал ретінде пайдаланды. Осыдан басқа да американдық сот органдары бәсекені дамыту мен нарықты тұтынушының ыңғайына қарай реттеудің жаңа жолдарын да пайдалана бастады. Біраз мемлекеттік шаралар нәтижесінде монополиялық қызметті аса ептікпен қадағалау мен сотта істерді қараудың кеңейтілген түрлері қолданылатын болды. АҚШ-та Федералдық сот заң бұзушыларға қарсы шешім қабылдайды, сот көбіне бірігуге тиым салу немесе фирмаларды бөлу сияқты істерді қарастырады, осының барлығы да билік институттарының аталған шаралар нәтижесінде бәсекенің жандануы мүмкін деген үмітінен туындап отыр. Негізінен АҚШ фирмаларының бәсекеге қарсы іс-қимылдары төмендегідей сипатталады:

- монополиялық қызметке қарсы заңға мүлдем қайшы келетін істермен айналысу, оған бағаны көлбеу белгілеу, нарық үлесін көлбеу бөлісу жөніндегі келісім, үшінші бір фирмаға оны нарықтан шығарып тастау мақсатымен топтасып байкот ұйымдастыру, сату және сатып алу жөнінде өзара келісу, сату, тауар жөнінде бір-бірімен байланысты жалған ақпарат беру сияқтылар жатады. 

Фирмалардың «парасаттылық  ережесіне» сәйкес заңсыз іс - қимылдары соттың шешімі фирманың бәсекеге әсер ететін тиімді және тиімсіз жақтарын салыстырумен байланысты қабылданады. Соңғы жылдардағы осы бағытта атқарылған іс - шаралар Құрама Штаттарының заңнамаларының түбегейлі өзгеріске ұшырамағанын, бірақ оған қосалқы нормативтік актілердің өзгеріп отырғандығын байқатады. Нормативтік актілердің үнемі өзгеріске ұшырауы сауда қатынастарының күрделі түрде дамуы мен жаңадан экономикалық байланыстардың, басқа да шетел фирмаларымен бірігіп жұмыс істеудегі түрлі жолдардың пайда болуымен байланысты. Америкада бастапқы қатаң заңдардың біршама жеңілдірек түріне алмасуының бірнеше себептері бар. Экономистердің пікіріне сәйкес, нарықтық орталықтандырудың және шоғырланудың жалпы экономиканың дамуына кері әсері үлкен деуі орынсыз. Керісінше фирмалардың бірігіп жұмыс істеуі соңғы жылдары америка экономикасының қарыштап дамуына көп ықпал ететіндігі дәлелденіп жүр. Ірі компаниялардың бірігуі нәтижесінде акция иелері қосалқы фирмалар мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің ісін толық қадағалауларына мүмкіндік туады. Егер бұрынғы экономика жайдайына байланысты бірігулер мен сіңірулер тек ішкі экономикалық процесс ретінде қарастырылса, бүгінгі күні біріктірілген компаниялардың экономикалық көрсеткіштері бүкіл Америка экономикасының айнасы болып отыр. Олар өндірістік қуатын одан әрі арттырып, өнім сапасының жақсаруына бірден бір көңіл бөледі, ғылыми –техникалық жаңалықтарды аз уақыт аралығында өндіріске енгізіп, оның нәтижесін тұтынушыға жылдам мерзімде ұсынып отырады. Әрине осындай ірі компаниялар тек өз елдің ішкі нарығында ғана емес, дүниежүзілік нарықта жоғарғы бәсекеге қабілетті екендіктерін толығымен дәлелдеп жүр. Демек өркендеген нарықтық қатынастарға саяси билік институттарының араласуы қажеттілік пен тиімділік принциптеріне негізделуі абзал. Ешуақытта биліктің жасанды диктаты мен себепсіз зорлығы болмауы шарт.

Дегенменде, АҚШ-тың монополияға  қарсы заңнамасы аса күрделі. Мемлекеттік саясат басты назарда  нарықтағы бәсекені дамыту арқылы тұтынушыға алуан тауар ұсынуды мақсат ете  отырып, заңнамалардың орындалуын әлі  де қатаң қадағалайды. Компаниялардың бірігіп кету түрлерін бақылауда  билік институттары көптеген әдіс-шараларды  ұйымдастырып, олардың орындалуын қамтамасыз етіп отырады.

Осындай шаралар мемлекеттік  биліктің реттеушілік қызметі арқылы халықтың әлеуметтік мүдделерінің қорғалуына әкеледі. Баға келісімдерін анықтау  АҚШ - тың монополияға қарсы қызмет органдарының ісінде шешуші орында тұрады. 1972 - 1981 жылдары бір ғана федералдық юстиция министрлігі сотқа фирмалардың баға келісіміне байланысты азаматтық және қылмыстық 500 тексерілген істі жіберді. 1987 жылдың ішінде министрлік баға келісімі немесе электроөндірісі, спирт ішімдіктерін, шойын трубаларын сату, кино өндірісінде, қоқыстар мен қалдықтарды тасу және жою барысында аукциондардағы ставканы амалдағандары үшін айыпталған 92 істі сотқа беретіндіктерін жариялады. 1988 жылдың басында ғана осындай істер саны 36 ға жеткен. АҚШ - та бәсеке қатынастарын реттеу саясаты ең жүйелі, қатаң және нәтижелі саясат болып саналады. Соңғы кезде трестке қарсы заңнаманы бұзу жауапкершілігі қатаңдатылған. Мысалы, компанияларға салынатын айып -пұл мөлшері 10 млн. долллар көлемінде. Соңғы кезде юстиция департаменті айып-пұл мөлшерін 100 млн. долларға дейін көтеруді дұрыс санап, парламентке өтініш білдіріп отыр. Оның себебі, монополияға қарсы заңнамалардың өрескел бұзылуы мен алдында белгіленген айып–пұл мөлшерінің қуатты компаниялар үшін мардымсыз болуынан. Сондықтан айып-пұл қазіргі уақытта компанияның заң бұзушылықтан тапқан табысынан немесе запа шеккен жақтың шығынынан екі есе артық мөлшерде болуы осы саясаттың пәрменділігін арттыруы тиіс.

АҚШ-тың экономикалық үрдістерге мемлекеттің саяси араласу жолдары  аса ерекше, сондықтан да экономикалық, саяси және құқықтық әдебиеттерде осы  саясат бөлек  қаралады. Ғылыми - зерттеу  жұмыстарында да американдық үлгіні дүниежүзілік  тәжірибемен салыстыра  отырып, реті келгенде көптеген елдерде  іс жүзінде пайдалану да өзіндік  нәтиже беретіні де дәлелденген. Дүниежүзінің назарын аударған АҚШ - тағы Майкрософт компаниясына қарсы істің көптеген елдердегі монополияны реттеу саясатын жүзеге асыруда көмектесетіні сөзсіз. Жалпы Құрама Штаттары Майкрософт ісі арқылы трестке қарсы орган ұмыт бола бастаған қоғам назарын өздеріне қайта аударды. Акция курсы атақты Dow Jоnеs индексіне кірген дүниежүзіндегі аса ірі компьютерлік компания  бәсекелестерді басу мақсатында нарықта үстемдік ететін монополист деп танылады. 1990 жылдан бастап Майкрософт компаниясы 4 федералдық монополияға қарсы органның тексеру объектісі болды. Юстиция Министрлігінің  монополияға қарсы органының  бірінші дау-талабында Майкрософт операциялық жүйеде монополияға ие, монополиялық жағдайынын пайдалана отырып, осы жағдайын заңсыз әрекеттермен стратегиялық түрде нықтап алған дегеннен туындайды. Сонымен бірге Windows операциялық жүйесінің Майкрософт әдісіне қарсы көптеген шағымдары тексерілді. Осы тексеріс 1995 жылы тар түрдегі келісім Декретімен аяқталған. Бұрын  компьютер шығарушылар әр сатылған компьютерге Windows жүйесінің орнатылғанына немесе орнатылмағанына байланыссыз Майкрософт компаниясына авторлық гонорар төлейтін еді. Қабылданған Декретке байланысты Windows жүйесіне лицензия сатуда баға шарттарының кейбір түрлеріне тиым салынды. Майкрософт ісі трестке қарсы органның Интернет заманындағы технологиялық жаңалықтардың интенсивті түрде пайда болатын жаңа ақпараттық экономикадағы рөліне байланысты фундаменталды сұрақтарды көтереді. Майкрософт компаниясының қорғаушылары алдыңғы қатарлы өндірушілердің өзі қарқынды өзгерістерге ілесіп отыруы керек, сондықтан жоғарғы технология нарығындағы жаңалықтар деңгейі үкімет тарапынан бұған араласуды аса қажет етпейді деп санайды. Монополияға қарсы соттар жаңа технологияның күрделілігі мен тереңдігін аса бағалай алмай, нарық процестеріне араласуы қымбат қателіктерге әкелуі мүмкін деп санайды. Шынымен-ақ, монополияға қарсы реттеу жаңалықтың толық енуі мен нарықтың өзін өзі реттеуіне кедергі келтіруі мүмкін [11].Біраз жылға созылған Майкрософт компаниясына байланысты іс АҚШ-тың монополияға қарсы бағытталған заңнамасын жүзеге асыруда көзқарасын өзгертті.

 Билік органдары үкіметтің  монополияға қарсы бағытталған  саяси  инициативалары мен  шешімдері ең алдымен қоғамдық  мүддені көрсетуі және қорғауы  керек екендігін айтады. Алдында  қарастырылған сот істерінде  заңның мүлтіксіз орындалуына  нақты ден қойылған болса, заманның  талабы бұл істі тексеруде  билік институттары аса ептілікпен, технологияның немесе жалпы даму  процестеріне кедергі келтірмеуі  керектігін ескеріп отырды. Айтылған  мысалдар АҚШ дүниежүзінде монополияны  реттеуде қатаң саясат ұстайтын  тәжірибесі мол елдер қатарын   әлі де бастап келе жатқандығын  дәлелдейді.

Еуроодақ мүше елдерінің  ішінде Францияның монополиялық қызметті реттеу саясаты өзіндік сипатымен  ерекшеленеді. Францияда басқа да одақтас мемлекеттер сияқты бәсекені дамытып, тұтынушылармен тығыз байланыста болуы осы саясатты жүзеге асыруда  нәтиже беріп отыр деп айтуға болады. Қазіргі уақытта экономикалық үрдістерге саяси араласу жолдарының осы  әдісі Францияның экономикасының бірнеше  салалардан дүниежүзі нарығына бәсекеге қабілетті тауар ұсынуына әкеліп отыр. Франция елінің монополиялық қызметті реттеу саясатының тарихында  осы аталған қызметті бақылауды  басты мақсат етпеген, керісінше 1980-1990 жылдар аралығында фирмалардың іріленіп, өз саласында басқа ұсақ фирмаларға сараптама жасауларына жол беріліп  отырған. Үкімет тігінен бірігулерді  тіпті ынталандырып, экспорт саудасы  мен инновациялық істерді дамыту жөнінде саяси шешімдер қабылдаған. Мемлекет тарапынан бәсекеге кедергі  келтірілетін істерді қадағалап  отыратын билік органдары бәсеке жөніндегі Комиссия мен Экономика Министрлігі болып саналады. Бұл қызмет Экономика министріне жүктеледі, оған бағынышты бәсеке Комиссиясы бар. Оның құрамына 16 мүше кіреді. Мүшелер 6 жылға сайланады. Францияда монополияға қарсы саясат тұтынушылардың осы саясатқа тығыз араласуымен жүреді. Тұтынушылардың Ұлттық Кеңесі бағаға бақылау жасауды белгілеу турасында кеңестер беріп отырады. Бұл Кеңес сонымен бірге тұтынушылардың шағымын тексеріп, олардың құқығының шектелмеуіне басты назар аударады [12]. Франция тәжірибесіне ұқсас тәжірибе біздің елде де бар. Қазақстан Республикасы территориясында да дәл осы мақсатта жұмыс істейтін тұтынушылар ұлттық Лигасы монополиялық қызметті шектеу мен жосықсыз бәсекені болдырмау және сатушылар мен өндірушілер тарапынан болатын келеңсіз жайттарды ретке келтіріп отырады. Бәсеке ісі жөніндегі Кеңес Франция үкіметі мен парламенті комиссиясы мәселеріне тұжырым жасайды. Франциядағы Федералды басқару органының негізгі атқаратын істері төмендегідей:

Информация о работе Антимонополия