Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 14:10, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.
Кіріспе
3
I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.
1.1 Геологиясы.
4
1.2 Жер бедері.
4
1.3 Климаты.
5
1.4 Ішкі сулары.
5
1.5 Топырақ жамылғысы.
6
1.6 Өсімдігі.
6
1.7 Жануарлар дүниесі.
6
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.
2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы
7
2.1.1 Амазония.
7
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
10
2.1.3 Ориноко жазығы.
11
2.1.4 Бразилия таулы қыраты
13
2.1.5 Тропиктік жазықтар
16
2.1.6 Ла-Плата аймағы
18
2.1.7 Прекордильер
20
2.1.8 Патагония үстірті
21
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы
23
2.2.1 Кариб Анд тауы
23
2.2.2 Солтүстік Анд
25
2.2.3 Орталық Анд
27
2.2.4 Чили – Аргентина Андысы
30
2.2.5 Оңтүстік Анд
31
2.2.6 Отты жер
32
III Тарау.
3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары
34
Қорытынды
37
Пайдаланған әдебиеттер
Мазмұны | |
Кіріспе |
3 |
I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы. |
|
1.1 Геологиясы. |
4 |
1.2 Жер бедері. |
4 |
1.3 Климаты. |
5 |
1.4 Ішкі сулары. |
5 |
1.5 Топырақ жамылғысы. |
6 |
1.6 Өсімдігі. |
6 |
1.7 Жануарлар дүниесі. |
6 |
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама. |
|
2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы |
7 |
2.1.1 Амазония. |
7 |
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты. |
10 |
2.1.3 Ориноко жазығы. |
11 |
2.1.4 Бразилия таулы қыраты |
13 |
2.1.5 Тропиктік жазықтар |
16 |
2.1.6 Ла-Плата аймағы |
18 |
2.1.7 Прекордильер |
20 |
2.1.8 Патагония үстірті |
21 |
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы |
23 |
2.2.1 Кариб Анд тауы |
23 |
2.2.2 Солтүстік Анд |
25 |
2.2.3 Орталық Анд |
27 |
2.2.4 Чили – Аргентина Андысы |
30 |
2.2.5 Оңтүстік Анд |
31 |
2.2.6 Отты жер |
32 |
III Тарау. |
|
3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары |
34 |
Қорытынды |
37 |
Пайдаланған әдебиеттер |
39 |
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Америка материгінің ландшафтысының таралу ерекшеліктерін құрастырып, оларға сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Алдымен әдебиеттермен танысу;
- Алынған әдебиеттерді жинақтау;
- Оңтүстік Америка материгіне физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама;
- Курс жұмысының иақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру;
- Курстық жұмысқа байланысты суреттер, карталар, құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Оңтүстік Америка материгіне физикалық географиялық сипаттама бере отырып, материктің табиғи қалыптасу кезеңдеріне, яғни геологиясы сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ жамылғысы және өсімдігі мен жануарлар дүниесі бірінші тарауда айтылып жалпы сипаттама беріліп кетеді.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негізгі мәліметтер екінші тарауда жазылған. Онда Оңтүстік Америка материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама беріледі. Жалпы оңтүстік Америкада орналасқан Шығыс субконтиненттегі ландшафтысының таралуы.
Гвиана таулы үстірті мен Бразилия таулы қыраты, Амазонка ойпаты, Отты Жер аралы, Анд тауындағы ландшафтысының таралуы жайлы мәліметтер қарастырылады.
I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.
Оңтүстік Америка жері бірнеше геологиялық мезгілдерде жаралған таулы, үстіртті, қыратты өңірлерден, жазықтар мен ойпаттардан құралады. Платформалық шығыс бөлігін биіктігі орташа таулы үстірттер, қыратты жазықтар мен ойпаттар, қатпарлы геосинклинальдық батысын Анд жүйесі, солтүстік – шығысын, шығысын Гвиана және Бразилия таулы қыраттары (араларын Амазонка ойпаты бөледі), оңтүстігін Патагония үстірті алып жатыр. Аталған таулы қыраттар Оңтүстік Америка (Гвиана, Бразилия) мен Патагония платформалық көтерілімдеріне, ал Амазония – тау аралық синеклизке сәйкес келеді. Анд тау жоталарымен, көршілес таулықыраттар аралындағы ойпаңдарда Ориноко және Ішкі жазықтар (Маморе, Пантанал, Гран–Чако, Пампа жазықтары) құрылды. Неогендік – төрттік тектоникалық қозғалыстар нәтижесі әсіресе Бразилия (шығыс жағы) және Гвиана (орталық бөлігі) таулы қыраттарында жақсы байқалады; мұнда сол кезде шұғыл көтерілулер (Сьерра – да–Мантикейра, Сьерра–Лу–Мар тау массивтері пайда болды), күшті жарылыстар жүрді.
Дүние жүзіндегі аса күрделі тау жүйелерінің бірі – Анд, палеозой кезінен басталып қалыптасты; герцин құрылымы Солтүстік және Орталық Андыдағы шығыс жоталардың негізі болып табылады. Анд бас қатпарлығының түзілуі бор мезгілінде басталып, бүкіл кайнозой бойы жалғасты; қазіргі мұндағы вулканизм және сейсмизм құбылыстары тау түзілу процесінің әлі жүріп жатқанын көрсетеді. Бұл өңірге дә әсерін тигізген альпілік қозғалыстар кезінде Анд тауларының Кариб Андысы, Батыс Кордильера, Оңтүстік Анд т.б. бөліктері жаралды. Өте күшті плиоцендік және бұдан кейінгі жас тектоник қозғалыстар кезінде Анд жүйесі (әсіресе Перу Андысы, Орталық және Солтүстік Андылар) тағы да жаратылыстарға, опырылыстарға және көтерілулерге ұшырады, вулканизм процесі күшейді. Қазіргі кеологиялық кезеңде Колумбия, Эквадор, Орта Чили территориясындағы Анд жоталарында және Орталық Андыда вулканизм және сейсмизм өте күшті байқалады. Биік шыңдары мұздықтар жамылған.
Оңтүстік Америка платформасының ежелгі архейлік негізі Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия қалқандарының кей бөліктерінде пенеплен (кейде төбелі таулы үстірт) ретінде Жер бетіне шығып жатады. Барлық жерлеріндегі ескі кристалдық және метамофртық жыныстарды континеттік шөгінділер жапқан. Палеозойлық, мезозойлық және кайнозойлық жыныстар Бразилия таулы қыратының қалқандары аралығындағы ойыстарда шоғырланған.
1.2 Жер бедері.
Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 580 м, жерінің 45%-і ойпатты жазық. Батысы мен солтүстігінен Анд қатпарлы тау жүйесі қоршап жатыр. Бұл қатпарланып созылған жоталардан және биік үстірттен құралған. Басты шыңдары: Аконкагуа (6960 м), Ильимани (6862 м), Охос-дель-Саладо (6880 м), Тупунгато (6800 м), Ускаран (6768 м), Ильямпу (6485 м), Коропуна (6425 м), Чимборасо (6267 м). Биік жоталары, шыңдары мұздықтар және көп жылдық қар жамылған; экватор маңында қардың төменгі шегі 4700-5000 м – ден, Отты жерде 700 – 900 м- ден өтеді. Сөнген және сөнбеген вулкандар Андының әр жерінде кездеседі. Жер сілкінулер болып тұрады. Материктің солтүстік – шығысында Гвина таулы қыраты орналасқан; оңтүстік беткейі тік, солтүстік және солтүстік шығысқа қарай көлбей төмендейді; биік шыңы – Рорайма (2810 м). Бразилия таулы қыраты экскаватор мен 30° оңтүстік ендік арасын алып жатыр; мұның шығыс бөлігі едәуір көтерілген, Атлант мұхитына тік беткейлене жалғасады. Ең биік дері – Бандейра шыңы (2890 м). Оңтүстік Американың оңтүстік – шығысында көтеріңкі Патагония үстірті жатыр, бұл өзінің шығысында аласарады, Атлант мұхиты жағасында биіктігі 200 м – ге төмендейді. Анд тауының шығысындағы ойпатты жазық зоналар Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы деп аталатын ойпаттан басталады. Атлант мұхитының Ориноко өзенінің оңтүстік – шығысындағы жағасын – Гвиана ойпаты, экватордың оңтүстігі – аллювийлік Амазонка ойпаты. Оңтүстік Американың орталық бөлігінде Анд тауы мен Бразилия таулы қыратының аралығында Гран – Чако жазығы орналасқан, оңтүстікте Гран – Чако аргентиналық дала өңірі – Пампамен жалғасады.
1.3 Климаты.
Оңтүстік Американың
жері негізінен төменгі ендікте
1.4 Ішкі сулары.
Оңтүстік Америкада
климатының ылғалдылығына, жер бедері
ерекшелігіне байланысты өзенде
1.5 Топырақ жамылғысы.
Оңтүстік Америкада тропиктік қызыл және саванналық қызыл қоңыр топырақ басым (әсіресе солтүстігі мен орталығы). Бразилия таулы қыратының солтүстік – шығысында қоңыр және сұр топырақ, Атлант мұхиты жағалауында субтропиктік қызыл, материктің оңтүстігіне таман саванналық қара, Анд тау беткейлерінде қызыл, жоғарғы жағында таудың шалғын топырағы таралған.
1.6 Өсімдігі.
Өсімдігі жөнінен Оңтүстік Америка 2 ботаника – географиялық аймақ құрамына кіреді. Материктің 40° оңтүстік ендікке дейінгі солтүстік бөлігі неотропиктік, оңтүстік жағы антарктикалық аймаққа кіреді. Өсімдік түріне өте бай; бұлардың ішінде жабайы лобия (бұршақтың бір түрі), картоп және шоколад, хина, каучук ағаштары, кокос, шарап пальмалары т.б. бар. Бразилия территориясының өзінде 40 мыңнан астам өсімдік өседі. Қалың орманды алқаптар Амазонка ойпатының едәуір бөлігін, Ориноко ойпатын, Бразилия және Гвиана таулы қыраттарының беткейлерін алып жатыр.
Материктің тау аралық ойыстары саванна жамылған. Мұнда биік шөптесін өсімдіктер, кактус түрлері кездеседі. Гран – Чако жазығындағы өңірлерде тікенді бұталар өседі. Тынық мұхит жағалауындағы Оңтүстік Америкалық субтропиктік өсімдіктер түрлерінің жерорта теңіздік өсімдіктерге көптеген ұқсастық жақтары бар. Мұнда да мәңгі жасыл жапырақты бұталар басым.
1.7 Жануарлар дүниесі.
Оңтүстік Американың
қазіргі фаунасы флорасы
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.
2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы.
Оңтүстік Американың құрылымы платформалық және жер бедері көбіне жазық болып келетін шығыс бөлігі солтүстік субэкваторлық және оңтүстік қоңыржай климаттық белдеулердің аралығында жатыр.
Оның шегіндегі жердің формасына қарай бөлінуінің басты факторларына, бір жағынан, платформаның құрылымы мен жер бедеріндей айырмашылықтар (кең – байтақ қалқаңдар мен платформалық синеклизалардың алмасып келуі), екінші жағынан, зоналық құрылымы жатады. Бұған қоса материктің пішінінің – экваторлық бөлігінде барынша кеңіп, оңтүстікке таралуының, Тынық мұхит жағынан тау тосқауылы болып, Атлантика жағынан анағұрлым ашық болуының мәні зор.
Жер бедеріне қарай бөлінуінде (олай болса, территориялық табиғат комплекстерінің жекеленуінде) платформаның мұхит маңы және геосинклиналь маңы шеттерінің орогендік күшеюінің, сонымен бірге Бразилия таулы қыраты мен Прекордильераның эпиплатформалық таулары түзілуінің үлкен маңызы бар.
Оңтүстік Америка Шығысының осы ерекшеліктерінің бәрі оның табиғатының жер формасының бөлінуіне қарайғы күрделі бейнесін қалыптастырады және айқын жекелеген табиғат аймақтары жүйесін ажыратуға мүмкіндік береді.
Информация о работе Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы