Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 14:10, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.
Кіріспе
3
I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.
1.1 Геологиясы.
4
1.2 Жер бедері.
4
1.3 Климаты.
5
1.4 Ішкі сулары.
5
1.5 Топырақ жамылғысы.
6
1.6 Өсімдігі.
6
1.7 Жануарлар дүниесі.
6
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.
2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы
7
2.1.1 Амазония.
7
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
10
2.1.3 Ориноко жазығы.
11
2.1.4 Бразилия таулы қыраты
13
2.1.5 Тропиктік жазықтар
16
2.1.6 Ла-Плата аймағы
18
2.1.7 Прекордильер
20
2.1.8 Патагония үстірті
21
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы
23
2.2.1 Кариб Анд тауы
23
2.2.2 Солтүстік Анд
25
2.2.3 Орталық Анд
27
2.2.4 Чили – Аргентина Андысы
30
2.2.5 Оңтүстік Анд
31
2.2.6 Отты жер
32
III Тарау.
3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары
34
Қорытынды
37
Пайдаланған әдебиеттер
2.1.1 Амазония.
Амазония табиғатының негізгі ерекшелігі оның жер бедерінің жазық болуына, континенттің ұзақ уақыт дамуы мен экватор маңындағы орнына байланысты. Ол – жер бетіндегі ыстық ылғалды климат пен ылғалды тропиктік ормандардың, сондай – ақ суы мол өзен жүйесінің ең зор аймағы,
Амазонияның шекарасын Бразилия пен Гвиана таулы қыраттарының беткейлері және Анд тауының шығыс етегі айқын белгілеп тұрады. Солтүстікте табиғат жағдайына қарай оған Ориноко ойпатының оңтүстік шеті мен Пардаос аласа тау сілемдерін жатқызуға болады.
Амазонка ойпаты ұзақ уақыт бойы шөккен алап, соған орай оның бүкіл территориясында дерлік биіктік шамалы және жер бедері бірыңғай тегіс болып келеді. Тіпті, Анд тауының етегі маңында да оның жер бетінің биіктігі теңіз деңгейінен 100 м – ден аспайды. Тек оңтүстік – батыста ғана Анды жағынан терең өзен аңғарларымен тілімденген құм тасты үстірттер, ал солтүстік – батыста тектоника жағынан Гвиана таулы сілемі (900 м) бой түзеп тұрады.
Шығыста платформаның ежелгі негізі көтеріңкі және жер бетіне біршама таяу жатыр. Бұл жергілікті жердің теңіз деңгейінен жаппай 200 – 250 м дейін көтерілуіне және өзен аңғарларының тереңірек тілемденуіне әкеліп соғады. Ең терең аңғарларда кристалды тау дыныстары ашылып жатады. Су жайылған кезде террассалардың айқын кемерлерімен және негізгі жағалармен шектелген өзендердің біршама енсіз жайылмаларын ғана су басады.
Амазонканың сағалық бөлігінде оның аңғары қайтадан кеңейеді, ішінара су басқан кең – байтақ атырауға айналады. Атырауында өзен жан – жаққа тарамдалып кетеді де, салалардың, тармақтардың және көлдердің барып тұрған шытырманынына айналады.
Амазонияның орта және батыс бөліктеріне экваторлық климат тән. Онда февральдан июньге және октябрьден январьға дейінгі жаңбыр өте мол жауатын екі кезең болады.
Амазонияның солтүстік және оңтүстік шет аймақтарында мол жауын – шашын кезеңдері әрбір жарты шардың жазына сәйкес келетін бір кезеңге бірігіп кетеді. Онда жылдың ылғалды кезеңі өте ұзаққа созылады, құрғақ маусым кезінде де жауын – шашын жауады, бірақ оның мөлшері елеулі азаяды.
Ең ұзақ құрғақшылық кезең Манаустан шығысқа таман, оңтүстік жарты шардың пассаты сағатын жерде болады. Онда декабрьден майға дейін жаңбыр мол жауады және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95% - ке жетеді, июньнен декабрьге дейін жауын - шашын мөлшері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы анағұрлым аз болады.
Бүкіл Амазонияға маусымдық айырмашылығы шамалы, жоғары және бірқалыпты температура тән. Температураның тәуліктік ауытқуы температура жылдық ауытқуынан көп асып кетеді. Өте қатты ыстық болмайды, бірақ +24, +27° С температураның өзін адам ауаның ылғалдылығы жоғары болуына және тундра салқын түспеуіне байланысты ауырсынады.Жаңбыр әдетте түстен кейін әрі ұзақ нөсер болып жауады, ал кеште және түнде ашық ауа райы орнайды. Климат жағдайларының бұл ерекшеліктері сан алуан түрлі өсімдігі ну болып өсетін ылғал сүйгіш тропиктік ормандардың дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Амазонка ойпатынының ылғалды тропиктік орманының құрамы мен сыртқы көрінісі өзеннің қайсыбір бөлігіне қарай, орналасу орнына байланысты өзгеріп отырады. Амазонка мен оның салалары суының мезгіл – мезгіл басып кетуі өсімдікке үлкен әсер етеді. Осыған орай ойпаттағы орман өсімдігінің бірнеше типі болады: жылына бірнеше ай бойы су басып жататын өзен аңғарындағы ормандар (жергілікті халық оларды “игапо” деп атайды); су қысқа мерзім басатын өзен аңғарының аңғарындағы ормандар (олар “варзея” деп аталады); мүлде су баспайтын суайрық кеңістіктегі ормандар (“эте” деген атпен белгілі). Бұған қоса Амазонканың өзінің және басқа өзендердің су өсімдігі, сондай – ақ Атлант жағалауының мангра тоғайлары бар.
Өзен бойындағы ұзақ уақыт су басатын территорияның өсімдігі оншалықты бай емес. Су басатын өңірде, әдетте, топырақ жамылғысы болмайды, және батпақты тұнба басып жатады,ол ағаштардың діңін бірнеше метр биіктікке дейін орап әкетеді. Мұндай ормандарда жер беті өсімдік жамылғысы мен орман шілігі болмайды, ал онда өсетін биік ағаштардың тыныс алатын тамырлары және тіреуіш тамырлары болады. Игапоға жалпақ ақшыл түсті жапырағы және тіреуіш тамырлары бар биіктігі орташа ағаш цекропия тән болады. Сондай – ақ лианалар және ашық, әрі әдемі гүлдейтін эпифит өсімдіктері көп. Тоспа және баяу ағатын сулардың бетін әртүрлі балдырлар мен су өсімдіктері жауып жатады.
Олардың ішіндегі ең көрнекісі тұңғыиқтар тұқымдасына жататын, жапырағының диаметрі 2 м – ге дейін жететін және 50 кг – ға дейін жүк көтере алатын викротория – регия. Оның хош исті ірі гүлдері гүлдеу кезінде түсін бірте – бірте ақтан қара қощқылға дейін өзгертеді, ал тұқымы жеуге жарамды болады, оны жергілікті халық тамаққа пайдаланады.
Амазонияның суайрық ормандары 10 – 12 қабаттан тұрады. Бұл ормандар құрамында өсімдіктердің орасан көп түрлері бар, олардың кейбіреулері су басатын кеңістіктердің ормандарында өсетін түрлер. Бұл ормандарда басым болған ағаш топтары қалмаған. Өсімдік түрлері көп – ақ, бірақ бір түрге жататын особьтар саны, әдетте көп емес. Жоғарғы қабаттарда кездесетін ағаш – бертолетия немесе кастанья. Кастаньяның қасында сейба алып ағашы, т.б. туыстарға жататын пальма, лавр, мирта, мимоза, бұршақ тұқымдастар өсе береді. Олардың көпшілігі бағалы құрылыс материалын және жөндеу жұмыстарына жұмсалатын ағаш сүрегін береді, басқа біреулерінің жемісі тамаққа және әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады. Жер беті жамылғысында сабағы мен жапырағы үлкен алуан түрлі ірі шөп өсімдіктері, биіктігі бернеше метрге жететін папоротник, ірі ашық гүл жаратын бромелия, кани тұқымдастары көп; су басатын ормандарда кездеспейтін астық тұқымдастар, қоғашықтар, марантустар өседі. Ағаштар мен жерде төсеніш тәрізденіп, шырмауық тәрізденіп және оралып өсетін өсімдіктер аса көп, олардың сабағының жуандығы мен беріктігі арқаннан кем түспейді.
Амазонияның жануарлар дүниесі былайша алғанда өте бай болғанымен, адам аяғы баспаған орманда бұл байлық бірден көзге түске қоймайды. Амазонияның қалың тропиктік ормандарында ірі жануар көп емес. Олардың көпшілігі ормандардың шет аймақтары мен өзен бойларында кездеседі. Құстар мен насекомдар, бауырымен жорғалаушылар мен қос мекенділер басым.
Әсіресе Амазонка мен оның салалары жануарлар дүниесіне бай. Онда балықтардың 2000 – ға тарта түрі, солардың ішінде жыртықш пираньялар, ірі сүт қоректілер (ламантиндер, тұщы су дельфиндері, кішкене су шошқалары), бауырымен жорғалаушылар (өзен тасбақалары, қаймандар) өседі. Өзендер мен көлдердің жағалауларында уақытының көбін суда өткізетін алып аждаhар анаконда тіршілік етеді.
Аймақта өңделген жер аз. Амазония флорасының көптеген бағалы өсімдіктері (гевея, какао ағашы, бразилия жаңғағы т.б.) ертеден бері Оңтүстік Американың көптеген аймақтарында және басқа материктерінде көптен өсіріліп келеді. Бірақ оларды өз отанында қазіргі кезге дейін түгелдей дерлік жабайы өсімдіе ретінде пайдаланады: осы уақытқа дейін Амазонияда гевеяның каучук шырынын жабайы өсетін ағаштарды керту арқылы жинау орын алып келеді және бұл бағалы өсімдік қолдан өсірілмейді десе де болады; бразилия жаңғағын егіп өсіру Малакка түбегінде кең тараған, ал Амазонияда халық жабайы өсетін ағаштардың түсіп қалған жаңғақтарын ғана жинайды.
Амазонияның үндіс халқының көпшілігі жеміс немесе әртүрлі жануарларды, мысалға ірі сүт қоректі ламантиндерді, сонымен бірге берік және әдемі терісі, жоғары бағаланатын крокодилдерді аулап, көшіп – қонып жүреді. Жергілікті халықтың табыс көзінің бірі – тасбақаның дәмді де нәрлі жұмыртқасын жинау. Тасбақалар топталып жұмыртқалайтын жерде олардың саны жүздеген мыңға жетеді.
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
Атлант мұхиты жағалауына Ориноко ойпатына дейін жер беті бірте – бірте кең саты түрінде көтеріле береді. Теңіз маңы өңірін батпақты ойпат алып жатады, ол әрі қарай кристалды жыныстардан түзілген баяу көтеріле беретін тегіс үстіртке өтеді. Оңтүстік – батысқа қарай жер беті тау жыныстарынын түзілген шоқы – шоқы болып көрінетін кәдуілгі кристалды мүжілген тауға айналады.
Гвиана таулы қыраты орталық бөлігінде өте – мөте биік және тілемденген болады. Беті кристалды жыныстарының үстінде жатқан протерозой жамылғысындағы түрлі түсті құмтас және кварцитпен жабылған жеке массивтер 2000 м – ден асып кетеді, ал тау қыратының ең биік массивтері (Рорайма және Аяун - Тепуа) 2772 және 2950 м – ге жетеді. Кей жерлерде жер бедері опырықтармен күшті кесінделген, биіктігі 2000 м – ге дейін баратын және одан да асатын қырқалар кездеседі (Пакараима т.б.).
Ең биік массивтердің төрткүл бастарында орман өспейді және оларды түзетін жыныстар әртүрлі – сұр, ақ, қызыл түстерге боялған. Олар, әсіресе, беткейлерін жауып жатқан көктің арасында көз тарарлықтай оқшауланып тұрады. Рорайма қызыл массивін жергілікті үндіс тайпалары қасиетті деп есептейді және оған байланысты әртүрлі аңыздар бар. Қазіргі кезге дейін адамдар оның маңына бара алмайды десе де болады.
Тау қыратының қия, сатылы беткейлерінен ағатын өзендер биік кемелерді басып өтеді де, көптеген сарқырама жасайды. Әсіресе, тау қыратының орталық бөлігін басып өтетін өзендерде – тау қыратының аса биік массивтерінен түсетін және құмтас пен кварциттердің қия жарларын жарып өтетін Карони мен оның оң жақ салаларында орасан зор сарқырамалар көп.
Негізгі климат айырмашылықтары жауын–шашынның режиміне байланысты. Солтүстік шығыста, яғни Атлант маңы ойпатында және тау қыратының беткейлерінде бүкіл жыл бойы жауын – шашын түседі. Сәл байқалатын минимум экваторлық муссон солтүстік – шығыс пассатымен ауысатын күз айларына тура келеді. Оңтүстік – шығыста қысқа мерзімді құрғақ кезең оңтүстік жарты шардың қыс айларымен тұстас келеді. Тау қыратының ішкі бөліктерінде – батыста және оңтүстік – батыста құрғақ кезең солтүстік жарты шардың қысында болады, ал ол жаңбыр апрельден сентябрьге дейін түседі.
Шамалы биіктіктерде температура біркелкі және жоғары (орташа айлық температура +26, +28° С) болады. Ол тауға көтерілгенде төмендейді, бірақ оның жылдық ыңғайы бірсыдырғы қалпында қалады. 2000 м шамасындағы биіктікте температура, әдетте, +10, +15° С – ден жоғары көтерілмейді.
Өсімдік жамылғысы жауын–шашын режиміне және жер бетінің теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты. Биіктік белдеулік тау қыратының оңтүстік және оңтүстік – батыс бөліктерінде өте – мөте айқын.
Атлант мұхиты жағалауын бойлап мангра тоғайлары тараған, олар мұхиттан алыстаған сайын ылғалды тропиктік ормандарға айналады. Бұл ормандар батпақтармен немесе әртүріл тропиктік дақылдар плантацияларымен кезектесіп ауысып отырады.
Ылғалды тропиктік ормандар сонымен қатар өзен аңғарларын бойлап тау қыратының ішкі бөліктеріне енеді. Бұған қоса олар оңтүстікте тау беткейлерінің төменгі бөліктерін жауып жатады. Алайда жер бетінің көп бөлігін саванна алып жатыр, тау қыратының ішкі бөлігінің тегіс үстірттерінде саванна кең тараған және тау беткейлерін 400 – 500 м биіктікке дейін жауып жатады. Саваннада қалың әрі биік шөптердің арасында әдем і сымбатты пальмалар өседі.
Ылғалды тропиктік ормандар мен саванналар биіктікке көтерілген сайын флоралық құрамы өте алуан түрлі және әдемі, әрі ашық гүлдейтін өсімдіктері көп таулы тропиктік ормандармен ауысады. 2000 м – ден биігірек жерде тау орманы бұталарға және ірі, бояуы қанық гүлді шөптерге ауысады. Тау қыратының ең биік басында өсімдік өспейді, ол тастақ болып жатады.
Гвиана таулы қыраты аймағы, әсіресе, оның ішкі бөліктері әлі де болса зерттелген және оны елсіз деуге болады. Елді мекендер мен плантациялар негізінен жағалық аудандарға шоғырланған. Көптеген елді мекендер аймақта қоры мол боксит, марганец рудасы өндірілетін жерлерде, алмас пен алтын кең орындарының маңында пайда болған. Гвиана таулы қыратының орталық бөлігіндегі ормандарда қашқын құлдардың ұрпағы – “орман негрлері” дейтіндердің қарапайым егіншілікпен айналысатын тайпалары тіршілік етеді. Кейбір үндіс тайпаларының сыртқы дүниемен байланысы жоқ десе де болады.
2.1.3 Ориноко жазығы.
Аймақ Атлант мұхиты жағаларынан оңтүстік – батыста Амазония орманды алқабына дейін созылып жататын кең – байтақ өңір құрайды. Оңтүстігінен және солтүстігінен ол Гвиана таулы қыратымен және Солтүстік Анд тауларымен шектелген.
Жер бедерінде бірнеше эрозиялық сатылар айқын көрінеді. Ең төменгі саты – Ориноко өзенінің және оның салаларының бойындағы ойпат. Бұл ойпат барлық жерінде дерлік мұхит деңгейінен 100 м – ден аспайтын биіктікте жатыр. Оның Атлант мұхиты маңындағы бөлігін сусымалы шағыл құм алып жатады. Ойпатта биіктігі 200–300 м дөңес алаптар оқшауланып тұрады. Олар солтүстікте және оңтүстікте кездеседі.
Тау алдындағы мессадан гөрі биігірек үстірт тәрізді бөлік пьемонт деп аталады. Оларды кей жерлерде кристалды жоталар – сьерралар кесіп өтеді. Месса мен пьемонт бетін Ориноконың ең ірі салалары – Метаның, Апуреннің және Гуавьяренің терең аңғарлары тілімдеген. Гуавьяреннің аңғарын аймақтың оңтүстік шекарасы деп есептеугек болады.
Аймақ климатының басты ерекшелігі – жауын – шашынның маусымдылығы. Жаңбырлы кезең шамамен алғанда апрельден октябрьге дейін, құрғақ кезең – ноябрьден мартқа дейін созылады. Оңтүстік аудандарға қарағанда солтүстік – шығыс пассат анағұрлым бұрын келетін солтүстікте қуаншылық кезең ұзағырақ болады, жаңбырлы маусым жазғы үш айға ғана созылады. Оңтүстікке қарай жауын – шашынның экваторлық режиміне ауысқанда жаңбырлы кезеңнің ұзақтығы бірте – бірте артады. Жауын – шашынның жалпы жылдық мөлшері солтүстікте 800 мм, оңтүстікте – 1000 мм- ге дейін. Мұның өзінде бүкіл жыл бойы +20° С – ден төмен түспейтін температура басым. Құрғақ маусымның солтүстік – шығыс пассат соғатын ең құрғақ айларының өзінде орташа температура шамамен +25, +26° С болады, ал ылғалды маусымның басы мен соңында 29° С – қа дейін жетеді.
Венесуэла мен Колумбияның жергілікті халқы ылғалды астрономиялық жазды – қыс деп, ал құрғақ қыс кезін – жаз деп атайды. Жаңбырлы маусымда өзендер кемерінен аса суға толады да, тасиды. Төменірек болатын батыс бөлігінде – Аласа Льяностарда – бұл жағдайда көптеген километрге созылып кететін тұтас су айдындары пайда болады. Бұл кезеңде кейбір аудандар мүлде адам өте алмайтын жағдайға келеді, бірақ оның есесіне көп жерде жалғыз дерлік қатынас жолы болып табылатын өзендерде кеме қатынасы жағдайы жақсарады. Су қайтқаннан кейін кең көлемді батпақ жерлер пайда болады. Олар тропиктік безгек таратын насекомдардың таралу ошағына айналады. Жаңбырлы кезде өсімдік қаулап өтеді–астық тұқымдастар жайқалып өсіп, көгереді, ағаштар мен бұталар жапырағын жамылады.
Информация о работе Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы