Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 14:10, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
3

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.

1.1 Геологиясы.
4
1.2 Жер бедері.
4
1.3 Климаты.
5
1.4 Ішкі сулары.
5
1.5 Топырақ жамылғысы.
6
1.6 Өсімдігі.
6
1.7 Жануарлар дүниесі.
6
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.

2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы
7
2.1.1 Амазония.
7
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
10
2.1.3 Ориноко жазығы.
11
2.1.4 Бразилия таулы қыраты
13
2.1.5 Тропиктік жазықтар
16
2.1.6 Ла-Плата аймағы
18
2.1.7 Прекордильер
20
2.1.8 Патагония үстірті
21
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы
23
2.2.1 Кариб Анд тауы
23
2.2.2 Солтүстік Анд
25
2.2.3 Орталық Анд
27
2.2.4 Чили – Аргентина Андысы
30
2.2.5 Оңтүстік Анд
31
2.2.6 Отты жер
32
III Тарау.

3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары
34

Қорытынды
37

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы..doc

— 536.50 Кб (Скачать файл)

     Бүкіл жыл бойы температура төмен, әрі ол маусым бойынша ауытқуы шамалы. Отты Жер архипелагы жазғы температурасы тундраға, қысқы температурасы субтропиктерге ұқсас деуге болады.

     Оттты Жердің климат жағдайлары мұзданудың дамуына қолайлы. Қар жиегі батыста 500 м биіктікте жатыр, сондықтан да мұздықтар мұхөитқа тікелей опырылып түсіп, айсбергтер түзеді. Тау жоталарын мұз басып жатады, тек жеке сүйір шыңдар ғана мұз жамылғысының үстіне шығып тұрады.

     Теңіз маңының тар өңірінде, негізінен архипелагтың батыс бөлігінде, мәңгі және жапырағы түсетін ағаштардан тұратын ормандар тараған.

     Отты Жер архипелагы  мен Оңтүстік Анд аймағының  жануарлар дүниесі шамамен бірдей  әрі едәуір ерекше. Онда гуанакомен қатар көгілдір түлкі, түлкі тәріздес немесе магеллан иті және көптеген кемірушілер таралған. Жер астында тіршілік ететін эндемик туко – туко кемірушісі кездеседі. Құстар: тотылар, колибрилер көп – ақ.

    

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Тарау.

3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары.

     Сабақтың мақсаты:

     Білімділігі - Оңтүстік Америка бойынша баланың бойына білімді қалыптастыру сонымен қатар география мамандығына кәсіптік мақсат беру.

     Тәрбиелілігі - Оқушының ой өрісін дамытып, ұныммен бірлесіп картамен жұмыс жасауға дағдыландыру түсінікпен жұмыс істеуге бағыттау.

    Дамытушылығы – оқушыға іскерлік тдағдыны қалыптастыру сабағы.

     Мен Оңтүстік Америка бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау сабағын дәстүрмен тыс саяхат сабағы ретінде өткізуді жөн көрдім.

     Сабақты биология, әдебиет, тарих, сурет сабақтарымен байланыстырдым.

     Жаңа сабақты түсіндіру:

     I аялдама. Аралдар елі.    

  1. Х. Колумб жасаған саяхат кезінде қандай белгісіз аралдар тобы ашылды?
  2. Бұл аралдар қандай тіршілік дүниесіне бай екен?
  3. Екі рет саяхат жасап, Саргасс теңізін ашқан кім?
  4. Үшінші саяхатында Х. Колумб қай өзеннің сағасына жетті?
  5. Төрт рет саяхат жасап, үндістанды аштым деген кім?
  6. Х. Колумбтан кейін саяхатшы кім болған?
  7. Жер шарын айналып шыққан теңіз саяхатшысы кім?

II аялдама. Таулар әлемі. Аралдар елінен өттік, таулар әлеміне жеттік.

  1. Анд таулары туралы не білеміз, ол неге мыс тауы деп аталған?
  2. Анд тауының ең биік нүктесі?
  3. Сарқырамалары?

III аялдама. Климаттар ауылы (кестемен жұмыс).

  1. Батыстан шығысқа қарай созылып жатқан қандай тау үстірттері бар?
  2. Күн сәулесін мол алатын ең ылғалды материк?
  3. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американың климатын салыстыра отырып, кестені толтырыңыздар.

 

Материктер

Климатындағы ұқсастығы

Климатындағы айырмашылығы

Оңтүстік Америка

   

Солтүстік Америка

   

 

     IV аялдама. Өзен, көл, сарқырама белесі.   

     Шетсіз – шексіз шалқар су, ұшы – қиыры жоқ апат әлемі бар Амазонка өзеніне келіп жеттік.

  1. 500 – ден астам салалары бар, тіршілікке бай, маусымға байланысты өзгеріп отыратын қандай өзендерін білесің?
  2. Күміс өзендері деп неге аталған?
  3. Анд тауында қандай ірі тектоникалық көл бар?
  4. Қандай Лагуналық көл бар?
  5. Игуаса сарқырамасының табитғатын тамашалайық.

V аялдама. Табиғаттар елі.

  1. Оңтүстік Американың тіршілік дүниесі, табиғатының ұзақ уақыт жеке дара дамуына байланысты, географиялық орны мен климаттық жағдайына сәйкес ормандар кең тараған.
  2. Оңтүстік Америкада, Аустралия қалталылар өкілі де бар екен. Он қандай жануарлар екен?      

VI аялдама. Жануарлар әлеміне саяхат.

  1. Аргентина ламасы туралы не білеміз?
  2. Гуана ламасы туралы не білеміз.

VII аялдама. Халқы және елдері.

     Оңтүстік Американың қазіргі кездегі халқы 320 млн. астам, нәсілдік ұлттық құрамы алуан түрлі.

  1. Оңтүстік Американың байырғы халқы туралы не білеміз?
  2. Саяси картасының қалыптасуы:

а) Анд елдеріне саяхат жасайық. 

ә) Шығыстағы жазық елдеріне саяхат.

     Оңтүстік Америка паттшалығына келіп жеттік. Тест арқылы білімімізді көрсетейік.

     VIII аялдама. Тест сұрақтарына жауап көрейік. 

  1. Оңтүстік Америка ежелгі қай материкттің құрамында болған?

а) Америка;                                  б) Еуразия;

ә) Гондвана;                                 в) Лавразия.

2. Оңтүстік Америка мына аталған материктердің қайсысына көлемі жағынан кіші?

а) Солтүстік Америка;                б) Еуразия;

ә) Африка;                                    в) Бәрінен де. 

3. Материктің солтүстік шеткі нүктесі:

а) Горн мүйісі;                             б) Париньяс мүйісі;

ә) Гальинас мүйісі;                      в) Фроуэрд мүйісі.

4. Материк пен Отты Жер Архипелагын қандай бұғаз бөліп тұр?

а) Дрейк бұғазы;                          б) Флорида бұғазы;  

ә) Панама бұғазы;                        г) Магилан бұғазы.

5. Оңтүстік Америка материгіне қай мұхиттың әсері үлкен?

а) Тынық мұхиты;                       б) Солтүстік мұзды мұхит;

ә) Атлант мұхиты;                       в) Үнді мұхиты.

6. Оңтүстік Американы  Солтүстік Америкадан не бөліп  тұр?

а) Панама мойнағы;                    б) Панама каналы;

ә) Кариб теңізі;                           в) Суец каналы.

 

7. Мына аталған теңіздердің  қайсысы Оңтүстік Америка материгін  шайып жатыр?

а) Кариб теңізі;                            б) Лабрадор теңізі;    

ә) Жерорта теңізі;                       г) Беринг теңізі.

8. Аталған ағыстардың қайсысы Оңтүстік Америка жағаларын шайып өтеді?

а) Бразилия жылы ағысы;           б) Батыс желдері суық ағысы;

ә) Перу суық ағысы;                    в) Осы аталғандардың барлығы.

9. Аталған тау массивтерінің  ішінде қайсысының шыңы биік?

а) Кордильер;                               б) Анд; 

ә) Кавказ;                                      в) Альпі.

10. Оңтүстік Америкадағы жер шарының аса ірі үлкен жазығы:

а) Ла – Плата ойпаты;                 б) Амазонка ойпаты;

ә) Ориноко ойпаты;                    в) Бразилия таулы үстірті. 

     Соңғы аялдамамыз – мақал – мәтелдер тосқауылы.

     Бұл тосқауылдан өту үшін табиғат, су, оларды қорғау жайлы тыйым сөздерге тоқталайық.

     Сабақты қорытындылау.

     Картамен жұмыс.

  1. Оңтүстік Америка туралы не білдік?
  2. Сабақтан қандай әсер алдық?

     Білімді бағалау. Оқушының білімін бағалап, нәтижесін шығару.

     Үйге тапсырма беру. Оңтүстік Америка материгі бойынша қосымша материалдар жинақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Оңтүстік Америка – Батыс жарты шардың оңтүстік бөлігінде орналасқан.

     Оңтүстік Америка жері бернеше геологиялық мезгілдерде жаралған таулы, үстіртті, қыратты өңірлерден, жазықтар мен ойпаттардан құралады. Платформалық шығыс бөлігін биіктігі орташа таулы үстірттер қыратты жазықтар мен мен ойпаттар қатпарлы геосинклиналдық батысын Анд тау жүйесі, солтүстік – шығысын, шығысын Гвиана және Бразилия таулы қыраттары, оңтүстігін Патагония үстірті алып жатыр. Аталған таулы қыраттар Оңтүстік Америкамен Патагония платформалық көтерілімдеріне, ал Амазония – тауралық синиклизге сәйкес келеді. Оңтүстік Америка жері негізінен төменгі ендіктерде жатқандықтан, күн сәулесінің жылылығы мол түседі. Жылдық күн радиациясы 120 – 160 ккал/см², қиыр оңтүстігіндегі Патагонияда 80 ккал см² жылдық радиация балансы барлық бөлігі үшін 60 – 90 ккал/см².

     Жауын – шашынның таралуы Бразилия тау қыратында 500 – 1000 мм, Амазонка ойпатымен Гвиана тау қыратында 1500–2500 мм, Анд беткейлерімен Тынық мұхит жағалауларында 5000 – 7000 мм жауын – шашын түседі; қуаң бөлігі Патагониямен Оңтүстік Андыда 200 мм – ге жетпейді. Климатының ылғалдылығына, жер бедерінің ер екшелігіне байланысты өзендер тор жақсы дамыған; ірі өзендерінің суы мол. Жылдық ағын мөлшері 7450 км³.

     Оңтүстік Андыда тропиктік қызыл және саванналық қызыл қоңыр топырақ басым. Өсімдік түріне өте бай: бұлардың ішінде жабайы лоббия (бұршақтың бір түрі) картоп, каучук ағаштары, кокос, шарап пальмалары т.б. бар.

     Қалың орманды алқаптар Амазонка ойпатының едәуір бөлігі, Ориноко ойпаты, Бразилия и Гвиана таулы қыраттарының беткейлерін алып жатыр. Оңтүстік Америкасының фаунасында эндемиктік түрлер басым. Мұнда қалталы жануарлар, кең танау маймылдар, құмырсқалар, жер бетіндегі ең ірі кеміргіш – капибара су шошқасы, өзен көлдерінде дельфині, балықтардың 2000 астам түрі мекендейді. Шығу тегі мен геотехникалық құрылысының әртүрлі болуына байланысты осы бөліктердің әрқайсысының ендік бойынша климат жағдайлары қзгеше болады, таулы өңірдегі биіктік белдеулігі әртүрлі қалыптасады және органикалық дүниесінің құрамымен бейнесі де әрқилы келеді.              

     Оңтүстік Американың құрылымы платформалық және жер бедері көбіне жазық болып келетін шығыс бөлігі солтүстік субэкваторлық және оңтүстік қоңыржай климаттық белдеулердің аралығында жатыр.

     Амазония - жер бетіндегі ыстық ылғалды климатпен ылғалды тропиктік ормандардың сондай – ақ суы мол өзен жүйесінің ең зор аймағы. Мұнда желтоқсаннан мамыр айына дейін жаңбыр мол жауады және ауаның салыстырмалы ылғалы 95%- ке жетеді. Амазонияның суайрық ормандар 10 – 12 қабаттан тұрады.

     Бразилия таулы қыратының  шығыс және оңтүстік – шығыс  бөктері Атлант мұхиты жағынан  биік және күшті тілімденген  тау жүйесі сияқты болып көрінеді. Бразилия таулы қыратында саванналар мен тропиктік сирек ормандар басым болады. Бұдан жоғарыда биік тау шалғындары, ал одна кейін кең байтақ шымтезек батпақтары бар тундраға ұқсас ландшафт басталады.

     Патагония үстірті  Оңтүстік Американың Аргентина  алабында жатқан оңтүстік шығыс бөлігін айтады. Патагония үстірті бет жағы көлбеу жатқан жас шөгінді жыныстар мен қоңыр түсті базальт лаваларының жабындыларынан тұрады. Мәңгі жасыл өсімдіктер: кактус, опунция кездеседі.

     Анды алабында экваторлық  және субэкваторлық белдеулерде  жатқан Кариб Андысы мен Солтүстік Анды, тропиктік белдеулердің Орталық Андысы, субтропиктік Чили – Аргентина Андысы және қоңыржай белдеу алабында жатқан Оңтүстік Анды болып бөлінеді.

     Отты Жер аралдық  аймақ ретінде ерекше қарастырылады.

     Тектоникасы жөнінен Кариб Анд тауы Кордильер қатпарлы белдеуінің Антиль –Кариб аймағына жатады. Субэкваторлық және тропиктік белдеулердің арасындағы шекарада жатқандықтан Кариб Анд тауы, Парагуана мен Гоахира аралдары көршілес аудандарға қарағанда құрғақ климатымен ерекшеленеді. Жауын – шашын 1000 мм- ден аспайды, 500 мм – ден аз.

     Солтүстік Андының  негізгі бөлігінің құрылысында  Анд тау жүйесінің барлық басты  оротектоникалық элементтері айқын  көрінеді. Өсімдіктері басты тропиктік дақылдары–қант құрғағы мен банан өсіріледі. Солтүстік аудандарында Орталық Андыда шөл мен шөлейт ландшафтылары басым. Солтүстікте жылына 200 – 250 мм – ден жауын шашын түседі.

     Чили Андысы теңіз жағалауы бөлігінде климаты субтропиктік, жазы құрғақ, ал қысы ылғалды. Топырақ жамылғысы өте ала – құла. Ең көп таралғаны – құрғақ субтропиктік аудандарға тән қоңыр топырақ орталық аңғарда қара топырақ сияқты қоңыр түсті топырақ тамыған. Оңтүстік Анды ормандарында жоғары сортты ағаш сүрегінің орасан зор қоры бар. Оңтүстік Анды ормандары флорасының басты өкілдері – мәнгі жасыл және жапырағы түсетін оңтүстік шамшаттың магнолиялардың түрлері, қылқан жапырақты алып алерце өседі.

     Ең шығысындағы ең ірі арал Отты Жер немесе Үлкен арал деп аталынады. Геологиялық және геоморфологиялық жағынан архепелаг Андының және Патагония үстіртінің жалғасы болып табылады. Отты Жер аралының климаты ылғалды, жаңбыр жылына 3000 мм – ге дейін түседі. Мәңгі және жапырағы түсетін ағаштардан тұратын ормандар тараған. Жер астында тіршілік ететін эндемиктік туко – туко кемірушісі кездеседі, тотылар, колибралар көп.                              

Информация о работе Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы