Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 14:10, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
3

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.

1.1 Геологиясы.
4
1.2 Жер бедері.
4
1.3 Климаты.
5
1.4 Ішкі сулары.
5
1.5 Топырақ жамылғысы.
6
1.6 Өсімдігі.
6
1.7 Жануарлар дүниесі.
6
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.

2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы
7
2.1.1 Амазония.
7
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
10
2.1.3 Ориноко жазығы.
11
2.1.4 Бразилия таулы қыраты
13
2.1.5 Тропиктік жазықтар
16
2.1.6 Ла-Плата аймағы
18
2.1.7 Прекордильер
20
2.1.8 Патагония үстірті
21
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы
23
2.2.1 Кариб Анд тауы
23
2.2.2 Солтүстік Анд
25
2.2.3 Орталық Анд
27
2.2.4 Чили – Аргентина Андысы
30
2.2.5 Оңтүстік Анд
31
2.2.6 Отты жер
32
III Тарау.

3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары
34

Қорытынды
37

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы..doc

— 536.50 Кб (Скачать файл)

     Өзінің шығу тегі  жөнінен Пуна – Альтиплано  зонасы кайнозойдың басында ой  түскен және неогенде Шығыс  және Батыс Кордильерлер сияқты  күшті көтерілмеген, тегістелген, палеозой  жасындағы қатпарлы ғимараттардан тұратын ортаңғы массивке тұспа – тұс келеді.

     Шығыс Кордильердің орта биіктігі 4000 м – дей, қырқаларының үстіндегі биіктігі 6000 м – ден асатын жеке қарлы шыңдар көтеріліп тұрады. Олардың ішіндегі ең биіктіктері – Ильямпу (6550 м) және ильмани (6462 м). Шығыс Кордильерде жанар тау жоқ.

     Орталық Андының бүкіл өн бойында түсті, сирек және радиоактивтік металл рудаларының ірі кендері бар. Атакамада және Тынық мұхит жағалауында табиғи селитраның дүние жүзіндегі бірден – бір кен орны бар.

     Орталық Андыда шөл мен шөлейт ландшафтылары басым. Солтүстікте жылына 200 – 250 мм жауын – шашын түседі, мұның көпшілігі жаз айына тура келеді. Ең жоғары айлық орташа температура +26°С, ең төменгісі +18°С. Өсімдігі кәдуілгі ксерофитті түрден және кактус, опунция, қараған және қатты шөптерден тұрады.                                                                                

     Оңтүстікке қарай тез құрғай береді. Атақама шөлді ойысы мен Тынық мұхит жағалауының көршілес алабында жылына 100 мм – ден аз жауын – шашын түседі, ал кей жерлерде 25 мм–ге жетпейді. Жағалық Кордильердің шығыстағы кейбір жерлерінде ешқашан жаңбыр жаумайды. Теңіз маңы өмірінде (биіктігі 400–800 м - ге дейін) жаңбырдың түспеуінің ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуымен (80% - ке дейін), әдетте жылдың қыс мезгілінде түсетін тұмандармен және шықпен біршама толады. Кейбір өсімдіктер осы ылғалдың есебінен тіршілік етуге бейімделген.

     Перуан суық ағысы жағалаудағы температураны бәсеңдетеді. Каңтардың орташа температурасы, солтүстіктен оңтүстікке қарай +24–тен +19°С–ге дейін, ал шілденің ортага температурасы +19-дан +13°С ге дейін өзгереді.

     Атакама топырақ пен өсімдік жоқтың қасы. Тұтас жабынды құрамайтын жеке эфемерлік өсімдіктер туманды маусымда шығады. Үлкен көлемді жерді тұзды алап алып жатады, ол жерде өсімдік мүлде өспейді.

     Батыс Кордильердің Тынық мұхит жағына қараған беткейлері өте құрғақ. Онда шөлдер солтүстікте 1000 м биіктікке, ал оңтүстікке 3000 м – ге дейін көтеріледі. Таудың беткейлерінде әр жерде бір көрінетін кактустар мен опунциялар өседі.

     Тынық мұхит шөлі алабында оазистер біршама аз. Табиғи оазистер мұздан басталатын шағын өзендердің аңғарларында немесе жауын – шашын едәуір мөлшерде түсетін аудандарда кездеседі. Олардың көбі Солтүстік Перу жағалауында жатыр. Онда шөл ландшафтысының ортасында суарылған және гуаномен тыңайтылған алаптарда қант құрағының, мақтаның және кофе ағашының плантациялары көгеріп тұрады. Жағалаудағы оазистерде ең ірі қалалар, солардың ішінде Перудің астанасы – Лима орналасқан.

     Тынық мұхит жағалауының шөлдері құрғақ пуна деп аталатын таулы шөлейт белдеуіне жалғасып кетеді. Құрғақ пуна ішкі таулы үстірттердің оңтүстік – батыс бөлігіне, 3000 – нан 4500 м биіктікке дейін таралады, кей жерлерде одан да төмен түседі.

     Құрғақ пунада жауын – шашын 250 мм – ден аз түседі, оның ең мол кезі жаз айына тура келеді. Мұндай температура барысында климаттың континенттіні байқалады. Ауа күндіз қатты ысиды, бірақ салқын желдер жылдың ең жылы кезеңінің өзінде ауаны өте қатты салқындатып жібере алады. Қыста  – 20°С – ге дейін аяз болады, бірақ айлық орташа температурасы жылы. Ең жылы айлардың орташа температурасы +14, +15°С. Жылдың барлық мезгілінде күн мен түннің температурасының айырмашылығы зор. Жауын – шашын негізінен жаңбыр мен бұршақ түрінде түседі, бірақ қыста қар да түседі, әйтсе де қар жамылғысы орнықпайды.

     Өсімдігі өте тапшы. Аласа бұталар, олардың ішінде тола деп аталатын туыстасының өкілдері басым, сондықтан құрғақ пунаның бүкіл ландшафтысы көбіне тола деп аталады. Оларға айрауық, селеу сияқты кейбір астық тұқымдастар мен әртүрлі қыналар араласады. Сондай–ақ кактустар да кездеседі. Тұзды алаптар өсімдікке бұдан да кедей. Оларда негізінен жусан мен қылша өседі.

     Аймақтың шығысы мен солтүстігінде жауын – шашынның жылдық мөлшері бірте – бірте арта береді, ал климаттың басқа ерекшеліктері сақталады. Жауын – шашын мөлшері шығыста 800 мм – ге дейін, ал солтүстікте тіпті, 1000 мм – ге дейін көбеюіне байланысты өсімдік мол және алуан түрлі болады, таулы шөлейт таулы далаға ауысады, оны жергілікті халық пуна деп атайды.

     Таудың биік жерлерінде де егіншілікпен айналысады. Отырғызылған картоптың және кейбір астық тұқымдастардың егістерін 4000 м биіктікке дейін кездестіруге болады, одан да биіктікте ала өсіріледі. Киноа жергілікті халықтың негізгі тамағы болып табылатын ұсақ тұқымдардан мол өнім береді. Ірі қалаларды (Ла – Пас, Куско) төңіректерінде пуна “кесінді” ландшафтыға айналдырылған. Ол жерлерде егістер испандар әкелген эвкалитерден тұратын тоғайлармен, сонымен бірге дрока және басқа бұталар шіліктерімен кезектесіп отырады.

     Оңтүстікке 5000 м, ал солтүстікте 6000 м биіктікте температура бүкіл жыл бойы салқын болады. Климат құрғақ болғандықтан мұз басу шамалы, тек жауын – шашын көп түсетін Шығыс Кордильерде ғана ірі мұздықтар кездеседі.

     Шығыс Кордильердің ландшафтысы қалған Орталық Андының ландшафтысынан әдәуір өзгеше болады. Жазғы мезгілде ылғалды жерлер Атлант мұхиты жағынан едәуір мөлшерде жауын –шашын әкеледі. Бұл ылғал тосқауылсыз аңғарлар арқылы ішінара Шығыс Кордильердің батыс беткейіне және таулы үстірттердің іргелес жатқан бөліктеріне өтеді. Тау беткейлерінің төменгі бөліктерін 1000 – 1500 м биіктікке дейін пампа мен хина ағаштарынан тұратын қалың тропиктік ормандар алып жатыр. Осы белдеу алабындағы аңғарларда қант құрағы, кофе, какао және әртүрлі тропиктік жемістер өсіріледі. 3000 м биіктікке дейін аласа мәңгі жасыл таулы ормандар – лианалар шырмаған бамбук пен папоротник шіліктері өседі. Одан биігіректе бұта шіліктері мен биік таулы дала көтеріледі.

               

 

 

 

 

2.2.4 Чили – Аргентина Андысы.

     Субтропиктік белдеуде 27 мен 42° о.е. аралығында Чили мен Аргентина алабында Анд тауының ені тарылады, ал кей жерлерде бір ғана тау тізбегінен тұрады, бірақ ең үлкен биіктікке көтеріледі.

     Тынық мұхит жағасын бойлап Орталық Андының Жағалық Кордильердің жалғасы болатын Жағалық Кордильердің аласа үстіртті өңірі созылып кетеді. Оның орташа биіктігі 800 м, жеке шыңдар 2000 м–ге дейін көтеріледі. Өзендердің терең аңғарлары оны Тынық мұхитқа тік құлайтын төрткүл үстірттерге бөлшектейді. Жағалық Кордильердің сыртында оған жарыса Чили ағарының Орталық немесе Ұзына бойғы тектоникалық ойысы жатыр. Ол Атакама ойысының орографиялық жалғасы болып табылады, бірақ одан Андының кесе – көлденең сілемдерімен бөлінеді. Бас жотаның мұндай сілемдері аңғарды бірқатар жеке – жеке ойпаңдарға бөледі. Аңғардың түбінің биіктігі солтүстікке 700 м шамасында, оңтүстікке қарай ол 100 – 200 м – ге дейін аласарады. Оның төбелі бетінің үстінен ежелгі жанар таулардың салыстырмалы биіктігі бірнеше жүз метрге баратын жеке конустары көтеріліп тұрады. Аңғар – Чилидің халық ең көп қоныстанған ауданы, бұл жерде осы еслдің астанасы Сантьяго орналасқан.

     Орталық аңғар шығысынан Бас Кордильердің биік тізбегімен шектелген. Оның қырқасын бойлап Чили мен Аргентинаның шекарасы өтеді. Анды бұл бөлігінде мезозойдың күшті қатпарланған шөгінді және жанар таулық жыныстарынан тұрады, сонымен бірге орасан зор биіктікке, әрі тұтас көтерілген. Бас жотаның үстінде Андының ең биік шындары–Аконкагуа (6960м), Мерседарио (6770 м), Тупунгато (6800 м), Майло (5323 м) сөнбеген жанар таулары көтеріліп тұрады. 4000 м- ден биіктікке тауларды қар мен мұз басып жатады, олардың беткейлері адам аяқ баса алмайтын тіп – тік деуге болады. Орталық аңғармен бірге бүкіл тау өңірінде жер сілкіну және жанар тауылық әрекеттер жүріп жатыр. Өте – мөте жиі және аса күшті жел сілкінулер Орта Чилиде болып тұрады. Апатты жер сілкіну Чилиде 1960 жылы болды. Әлденеше реет қайталанған дүмпілер 12 баллға жетті. Жер сілкінуден туған толқындар Тынық мұхитты кесіп өтіп, Жапонияның жағаларына орасан зор күшпен келіп соқты.

     Чили Андысының теңіз жағалауы бөлігінде климат субтропиктік, жазы құрғақ, ал қысы ылғалды. Бұл климат таралған аудан 19 және 37° о. е. аралығындағы жағалауды, Орталық аңғарларды және Бас Кордильердің батыс беткейлерінің баурайын қамтиды. Солтүстікте шөлейтке өту байқалады, ал оңтүстікке қарай жауын – шашынның көбеюі жене жазғы құрғақ кезеңнің бірте – бірте жоғалауы қоңыржай ендіктерінің мұхиттық климат жағдайына ауысуы байқалады.

     Оңтүстік – батыста жауын – шашынның жылдық мөлшері тез артады және олардың жаз бен қысқа бөлінуіндегі айырмашылықтар болмайды. Бас Кордильердің батыс беткейлерінде жауын – шашын көбейеді, бірақ оның шығыс беткейінде қайтадан барынша азаяды.

     Топырақ жамылғысы өте ала – құла. Ең көп таралғаны – құрғақ субтропиктік аудандарға тән кәдімгі қоңыр топырақ. Орталық аңғарда қара топырақ сияқты қоңыр түсті топырақ дамыған.

     Табиғи өсімдік қатты жойылған, өйткені ілдің көбіне ауыл шаруашылығымен айналысатын халқы түгелдей дерлік Чилидің орта бөлігінде тұрады. Сондықтан жыртуға жарамды жердің көпшілік жерін әртүрлі дақылдардың егісі алып жатады. Табиғи өсімдігінде Оңтүстік Европаның максисін немесе Солтүстік Американың чаппаралы сияқты мәңгі жасыл бұта тоғайы басым.

     Бұрын Андының беткейлерін 2000 – 2500 м биіктікке дейін орман алып жатқан. Орманның жоғарғы шекарасы, ылғалды батыс беткейлерге қарағанда шығыстың құрғақ беткейлерінде 200 м төмен жатады. Қазіргі кезде орман ағаштары кесілген, Анды мен Жағалық Кордильердің беткейлері жалаңаштанған. Ағаш өсімдігі негізінен қолдан отырғызылған көшет түрінде елді мекендерде және егіс бойында кездеседі. Сантьяго алабында аңғардың түбінен көтеріліп тұрған конусты жанарт тауларда эвкалипт, қарағай мен араукария, платан, шамшат тоғайларын, орман шілігінде – ашық гүл шашатын қазтамақ пен дрок тоғайын көруге болады. Бұл көшеттерде жергілікті флора Европадан әкелінген түрлерімен ұштасып жатады.

     Андыда 2500 м –ден биіктікте тау шалғыны белдеуі жатыр, оның алабына аңғарларды бойлап аласа ормандар мен бұталардың жіңішке өңірлері кіреді. Тау шалғындарының өсімдік жамылғысы Ескі дүниенің альпі шалғындарында кездесетін өсімдік туыстарының түрлері – сарғалдақ, тасжарғыш, саумалдық, бәйшешек т.б. тұрады. Сонымен бірге кейбір бұталар, мәселен қарағат пен бөріқарақат тараған. Кәдуілгі батпақ флорасы тараған шымтезекті батпақты жерлері кездеседі. Тау шалғындарын жазғы жайылым ретінде пайдаланады.

 

2.2.5 Оңтүстік Анд.

     Қиыр оңтүстікте қоңыржай белдеу алабында Анды аласарған және бөлшектенген. Жағалық Кордильер 42° о.е. оңтүстікке қарай Чили архипелаганың мыңдаған таулы аралдарына айналып кетеді. Орта Чилидің ұзына бойғы аңғары оңтүстікке төмен түседі, ал одан кейін мұхит суының астына кетіп жоғалады. Оның жалғасы Чили архипелагы аралдарын материктен бөліп тұрған шығанақтар мен бұғаздар жүйесі болып табылады. Бас Кордильер де мүлдем аласарады. Оңтүстік Чили алабында оның биіктігі 3000 м- ден шамалы ғана асады, ал қиыр оңтүстікте 2000 м – ше дейін жетпейді. Жағалауға таудың батыс беткейін оқшауланған бірқатар түбек алаптарына бөлшектейтін көптеген фьордтар кіріп тұрады. Фьордтар көбіне ірі мұздық көлдерге жалғасады, олардың қазан шұңқырлары аласа жотаны қиып өтеді, оның шығыс Аргентина жақ беткейіне шығады да, таудан асуды жеңілдетеді. Бүкіл Тынық мұхит маңы өңірі Скандинавия түбегінің Норвегия жағалауына ұқсас келеді, бірақ Чили жағалауының фьердтары Норвегиядағыдай орасан зор емес.

     Оңтүстік Андыда жер бедерінің мұздық формалары кең тараған. Онда фьордтар мен мұздық көлдерден басқа үлкен цирктерді, пішіні кәдуілгі астау тәріздес болып келетін аңғарларды, ілінбе аңғарларды, көбіне көлдерді бөгеп жататын мореналық қырқаларды т.б. кездестіруге болады. Ежелгі мұз басу формалары қазіргі зор мұз басумен және мұздық процестердң дамуымен ұласып жатады.

     Патагония Андысының солтүстігінде шамамен 1500 биіктікте, оңтүстікте – 1000 м – ден төменде жатады. Қазіргі мұз бау өте үлкен ауданды қамтиды, әсіресе 48° о.е. маңында мұз көп жерді басқан, онда 20 мын км² - де настам территорияны қалың мұз жамылғысы басып жатыр.

     Патагония Андысының  беткейлерін діңі биік ағаштар  мен бұталардан тұратын ылғал  сүйгіш субантарктикалық ормандар  алып жатады. Олардың арасында мәңгі жасыл түрлер басым: 42° о.е. маңында араукария ормандарының алқабы бар, ал оңтүстікке таман аралас ормандар тараған.

     Оңтүстік Анды ормандары флорасының басты өкілдері – мәңгі жасыл және жапырағы түсетін оңтүстік шамшаттың магнолиялардың түрлері, қылқан жапырақты алып алерце және либоцедурустар, бамбуктар және ағаш тәріздес папоротниктер. Көптеген өсімдіктер орманды, әсіресе көктем мен жаз мезгілдерінде түрлендіріп жіберетін әдемі хош иісті гүл жарады. Ағаштардың бұтақтары мен діңдері лианалармен шырмалған және мүк пен қына сәнді жамылғысына оранған. Мүк пен қына жапырақ төсенішімен қосылып топырақ бетін жауып жатады.

     Оңтүстік Анды ормандарында жоғары сортты ағаш сүрегінің орасан зор қоры бар. Бірақ олар қазіргі кезге дейін біркелкі пайдаланылмай келеді. Көбіне араукария ормандары кесілген. Оңтүстік, баруға қиынырақ аудандарда қазіргі кезге дейін адам қолы тимеген орман алқаптары бар.

 

2.2.6 Отты Жер.

     Отты Жер деп Оңтүстік Американың оңтүстік жағалауы төңірегінде 53 пен 55° о.е. аралығында жатқан және Чили мен Аргентинаға қарайтын ондаған үлкенді – кішілі аралдардан тұратын архепелагты айтады. Аралдар материктен және бір – бірінен ирелеңдеген енсіз бұғаздармен бөлінген. Ең шығыстағы және ең ірі арал Отты Жер немесе Үлкен арал деп аталынады. Геологиялық және геоморфологиялық жағынан архипелаг Андының және Патагония үстіртінің жалғасы болып табылады. Батыстағы аралдардың жағалаулары жартасты және фьордтармен терең тілімденген, шығыс жағалары тегіс әрі аз тілімденген.

     Отты Жердің климаты қиыр шығыстың басқа жерінде өте ылғалды. Архипелаг ұдайы өкпен және ылғалды оңтүстік – батыс желдерінің ықпалында болады. Жауын – шашын батысында жылына 3000 мм – ге дейін түседі, сонымен бірге сіркіреуік жаңбыр басым болады, ол жылына 300 -330 күндей жауады. Шығыста жауын – шашын мөлшері күрт азаяды.

Информация о работе Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы