Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 14:10, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
3

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.

1.1 Геологиясы.
4
1.2 Жер бедері.
4
1.3 Климаты.
5
1.4 Ішкі сулары.
5
1.5 Топырақ жамылғысы.
6
1.6 Өсімдігі.
6
1.7 Жануарлар дүниесі.
6
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.

2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы
7
2.1.1 Амазония.
7
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
10
2.1.3 Ориноко жазығы.
11
2.1.4 Бразилия таулы қыраты
13
2.1.5 Тропиктік жазықтар
16
2.1.6 Ла-Плата аймағы
18
2.1.7 Прекордильер
20
2.1.8 Патагония үстірті
21
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы
23
2.2.1 Кариб Анд тауы
23
2.2.2 Солтүстік Анд
25
2.2.3 Орталық Анд
27
2.2.4 Чили – Аргентина Андысы
30
2.2.5 Оңтүстік Анд
31
2.2.6 Отты жер
32
III Тарау.

3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары
34

Қорытынды
37

Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы..doc

— 536.50 Кб (Скачать файл)

     Құрғақтық және күшті жел ағаш өсімдігінің өсуіне кедергі жасайды. Шоқ – шоқ шағын ормандар Андының етегінде ғана кездеседі. Патагонияның қалған жерінде өсімдік жамылғысы астық тұқымдастардан және төселіп сирек өсетін қатты бұталардан тұрады. Солтүстікте осы жерлерге тән өсімдік күміс түстес аргентина қоңырбасы көбірек өседі, барлық жерде қойға азық болатын селеудің, арпабас пен бетеге түрлері тараған. Мәңгі жасыл өсімдіктер: кактус, опунция т.т. кездеседі. Жалпы алғанда өсімдігі маусым бойынша жарытымсыз өзгереді. Оңтүстікте мүк пен қына өседі және алап құрғақ дала және шөлейттен тундраға айналады.

     Патагония үстіртінің аздаған елді мекендері ықтасыны бар және сумен қамтамасыз етілген өзен аңғарларына шоғырланған. Суайрық кеңістіктер, әдетте, мүлде сусыз болады. Аймақтан тыс жатқан Андының көлдері мен мұздықтарынан толығандықтан ғана аздаған өзендерде су ағыны болады. Қолдан суармайынша, Патагонияның еш жерінде дерлік егін салуға мүмкіндік жоқ. Чубут өзенінен оңтүстікке қарайғы жерде дәнді дақыл қолдан суарғанның өзінде пісіп жетілмейді. Халық табиғи жайылымдарды пайдаланып, қой шаруашылығымен айналысады.

     Аймақта халық аз тұратындықтан және мүлде дерлік игерілмегендіктен, онда көптеген жабайы жануарлар жақсы сақталған: қой шаруашылығына үлкен зиян келтіретін пума қазіргі кезге дейін мекендейді, астық тұқымдас өсімдік өсетін жұтаң шалғындарда гуанако ламасы жайылып жүреді. Құстан нанду, түйеқұс, алып кондора және колибри кездеседі.

 

2.2 Анд тауындағы ландшафтардың  таралуы.

     Тектоникалық құрылымы мен орографиясы күрделі, орасан зор қашықтыққа созылған, Оңтүстік Американың шығыс бөлігінен мүлде өзгеше. Оның жер бедері климаты қалыптасуының заңдылықтары басқаша болады және органикалық дүниесінің құрамы да өзгеше болып келеді.

     Андының табиғаты  айта қаларлықтай алуан түрлі. Бұл ең алдымен оның солтүстіктен оңтүстікке қарай орасан зор қашықтыққа сазылуына және Андының әртүрлі бөліктерінің геологиялық құрылысы мен орографиясының ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсетін ендік зоналықтың әсеріне байланысты. Оның солтүстік, орталық және оңтүстік бөліктерінің бір – бірінен өзгешілігі, мысалға Амазонияның Пампадан немесе Патагониядан айырмашылығынан кем соқпайды.

     Андының орографиясы  мен тектоникасының негізгі ерекшеліктері  жалпы шолуда қарастырылды. Олардың анағұрлым егжей–тегжейлі сипаттамасы шекаралары жер бедері ерекшеліктеріне және солтүстіктен оңтүстікке қарай зоналық жағдайлардың өзгеруіне байланысты анықталатын жеке физикалық – географиялық аймақтар көлемінде берілді.

     Анды алабында экваторлық және субэкваторлық белдеулерде жатқан Кариб Андысы мен Солтүстік Анды, тропиктік белдеудің Орталық Андысы, субтропиктік Чили–Аргетина Андысы және қоңыржай белдеу алабында жатқан Оңтүстік Анды бөлінеді. Отты жер–аралдық аймақ ретінде ерекше қарастырылады.                    

 

2.2.1 Кариб Анд тауы.

     Андының Тринидад аралынан Маракайбо ойпатына дейінгі солтүстік ендік бөлігі орографиялық ерекшеліктері мен құрылымы, сондай–ақ климат жағдайлары мен өсімдігінің сипаты жөнінен кәдуілгі Анд тау жүйесінен өзгеше болады әрі ерекше физикалық – географиялық аймақ құрайды.

     Тектоникасы жөнінен  Кариб Анд тауы Кордильер қатпарлы  белдеуінің Антиль – Кариб  аймағына жатады. Ол құрылымы мен даму ерекшеліктері жөнінен Солтүстік Америка Кордильерінен де, кәдуілгі Андыдан да өзгеше болады.

     Кариб Анд тауы материкте екі антиклиналь зонадан тұрады, бұларға кең – байтақ синклиналь зонаның жалпақ аңғарымен бөлініп жатқан Кордильера – да – Коста және Сьерра – дель – Интериор жоталары тұспа – тұс келеді. Барселона шығанағы тұсында тау үзілісі де, батыс және шығыс болып екі жаққа бөлінеді. Сьерра–дель–Интериор платформасы жағынан мұнайлы Анд маңындағы майысу терең жарықтармен бөлінген, ол рельефте Ориноко ойпатына қосылып кетеді. Мұндай терең жарықтар сонымен бірге Кариб Анд тау жүйесін Кордильера – де – Меридадан бөліп тұрады. Солтүстікте теңіз суы басқан синклиналь майысуы Маргарита–Тобаго аралдарының антиклинорийін материктен бөледі. Бұл құрылымдардың жалғасы Парагуана мен Гоахира түбектерінде байқалады.

     Кариб Анд тауының бүкіл тау құрылысы, палеозой мен мезозойдың қатпарланған жыныстарынан құралады және онда әртүрлі жастағы интрузиялар бар. Оның қазіргі жер бедері бірнеше қайтара көтерілулердің әсерімен үзілген, синклиналь зоналардың майысуы мен жарылуы қабаттаса жүрген соңғы көтерілу неогенде өткен. Кариб Андысының бүкіл тау жүйесі сейсмикалық жағдайда бірақ сөнбеген жанар таулары жоқ. Таудың жер бедері жақпарлы, орта биіктіктегі, ең биік шыңдар 2500 м- ден асады, тау массивтері бір–бірінен өтпелі эрозиялық және тектоникалық ойпаңдармен бөлінген.

     Cубэкваторлық және тропиктік белдеулердің арасындағы шекарада жатқан Кариб Анд тауы, әсіресе Парагуана мен Гоахира аралдары, көршілес аудандарға қарағанда анағұрлым құрғақ климатымен ерекшеленеді. Бұл аймақ жыл бойы солтүстік – шығыс пассатпен келетін тропиктік ауаның ықпалында болады. Жауын – шашынның жылдық мөлшері 1000 мм – ден аспайды, көбіне, тіпті, 500 мм – ден де аз. Оның көпшілігі майдан ноябрьге дейін түседі, ал өте – мөте құрғақ солтүстік аудандарда ылғалды кезең не бары 2–3 айға ғана созылады. Таулардан Кариб теңізі жағына қарай жағаға көп мөлшерде опырылған материал апаратын шағын қысқа су ағындары ағып шығады; жер бетіне сор шығып жататын жерлер мүлде сусыз деуге болады.

     Материктің және аралдардың лагуналы жағалауларын мангра тоғайларының жалпақ өңірлері жауып жатады, құрғақ ойпаттарда шырағдан тәріздес кактустан, опунциядан, сүттігенінен, мескиттен тұратын монте типтес тоғайлар басым. Осы сұр–жасыл өсімдіктің арасынан сұр топырақ немесе сары құм көрініп жатады. Таудың мол сулы беткейлерінде және теңізге қараған жағындағы ашық аңғарларда аралас ормандары өседі. Оларда ағаштардың мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін түрлері, қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдары араласып кеткен. Таудың биік жерлерін жайылым ретінде пайдаланады. Теңіз деңгейінен шамалы биіктікте король пальмасы мен кокос пальмасының тоғайлары немесе жеке өскен ағаштары шоқ – шоқ болып бөлініп тұрады. Венесуэланың ьүкіл солтүстік жағалауы жағажай, қонақ үйлері және парктері бар курорттық – туристік зонаға айналдырған.

      Теңізден Кордильера – да – Коста жотасымен бөлінген кең аңғарда және айнала қоршаған тау беткейлерінде Венесуэланың астанасы–Каракос орналасқан. Орманнан тазартылған тау беткейлері мен жазықтарды кофе мен шоколад ағаштарының, мақтаның, темекінің, сизальдың плантациялары алып жатады.

 

2.2.2 Солтүстік Анд.

     Бұл атпен кәдуілгі Андының Кариб теңізі жағалауынан оңтүстікте Эквадор мен Перудің арасындағы шекараға дейінгі солтүстік бөлігі аталады. Бұл жерде, 4–5° о. е. ауданында Солтүстік Андыны Орталық Андыдан бөлетін жарық өтеді.

     Кариб теңізі жағалауында Колумбия мен Венесуэланың территориясында қолдың саласындай бытырап тарайтын жоталар тау бөктері ойыстарымен және кең тауаралық аңғарлармен кезектесе отырып, жалпы ені 450 км – ге барады. Оңтүстікте, Эквадор алабында, бұл тау жүйесі 100 км – ге дейін тарылады. Солтүстік Андының негізгі бөлігінің (шамамен 2 және 8° с.е. аралығында) құрылысында Анд тау жүйесінің барлық басты оротектоникалық элементтері айқын көрінеді. Тынық мұхит жағалауын бойлап енсіз, аласа және күшті тілімденген Жағалық жота созылып кетеді. Ол Андының қалған бөлігінен Атрато өзенінің ұзына бойғы тектоникалық ойысымен бөлінген. Шығысқа қарай Батыс және Орталық Кордиьердің ең биік және кең аумақты жоталары бір – бірімен қатарласа көтеріліп, жатады. Олардың аралығын Каука өзенінің тар аңғары бөледі. Орталық Кордильер – Колумбияның ең биік тау жотасы. Оның кристалды негізінде ең жанар таулық шыңдар көтеріліп тұрады, олардың ішінде Толима 5215 м биіктікке дейін көтеріледі.

     8° с.е. маңында Шығыс Кордильер екі тармаққа–меридиан маңындағы Сьерра – Перихаға және солтүстік–шығысқа қарай бұрылып кететін, әрі биіктігі 5000 м–ге жететін Кордильера – Меридаға бөлінеді. Олардың арасында жатқан ортаңғы массивте кең–байтақ тауаралық Маракайбо ойысы қалыптасқан. Ойыстың орталық бөлігінің осы аттас лагуналы – көл алып жатады. Сьерра – Периха жотасынан батыста төменгі Магдалена – Кауканың жас тауаралық майысуға тұспа – тұс келетін батпақты ойпаты созылып кетеді. Кариб теңізінің нақ жағалауында Орталық Кордильер антиклинорийінің жалғасы болып табылатын, оның негізгі бөлігінен Магдалена аңғарының майысуымен бөлінген Сьерра – Невада – де Санта – Марта оқшау массиві (Кристобаль – Колон – 5800 м) көтеріліп тұрады.

     Маракайбо мен Магдалена–Каука  ойыстарын толтырып жатқан жас шөгінділерде мұнай бен газдың аса бай кендері бар.

     Бүкіл Солтүстік Анд  зонасына платформа жағынан жас  Анд маңындағы майысу ұштасып  жатады, сонымен бірге бұл жерде  мұнайлы қабат бар.

     Солтүстік Андыда биіктік белдеулері айқын көрініс береді. Таулардың бөктері мен жағалық ойпаттар ылғалды, әрі ыстық болады, онда Оңтүстік Америкадағы ең жоғары жылдық орташа температура (+28°C) байқалады. Сонымен бірге маусымдық айырмашылықтар жоқтың қасы. Маракайбо ойпатында шілденің орташа температурасы +29°С, қаңтардың орташа температурасы +27°С. Ауа ылғалға қаныққан, жауын – шашын бүкіл жыл бойы түседі десе де болады, оның жылдық жиынтығы 2500 – 3000 мм – ге жетеді, ал Тынық мұхит жағалауында – 5000 – 7000 мм.

     Таулардың жеткілікті халық “ыстық жер” деп атайтын бүкіл төменгі белдеуі адам тіршілігіне қолайсыз. Ауа ылғалының үнемі жоғары болуы және аптапты ыстық адам организмін дәл–сал етеді. Зор көлемді батпақтар әртүрлі аурулардың ордасы болып табылады. Таудың төменгі белдеуін түгелдей сырт көрінісі жөнінен материктің шығыс бөлігінің ормандарына ұқсас ылғалды тропиктік орман алып жатады. Оның құрамына пальма, фикус туыстастар (олардың ішінде каучукты кастиллоа), какао ағашы, банан т.б. кіреді. Жағалауда орман мангра тоғайларымен ауысады, ал батпақталған алаптарда зор көлемді және көбіне адам жүре алмайтын қамысты батпақтар тараған.

     Солтүстік Андының көпшілік аудандарында тазартылған ылғалды тропиктік ормандардың орнында Оңтүстік Американың солтүстік аудандарының басты тропиктік дақылдары – қант құрағы мен банан өсіріледі. Жалпы алғанда тау белдеуінің баурайында халық аз қоңыстанған. Мұнайға бар ойпаттар мен Кариб теңізінің жағасында ғана тропиктік ормандардың көп жерінің ағаштары кесіліп біткен де, олардың орнында сансыз көп мұнай мұнаралары “орманы” жұмысшы поселкесі, ірі қала пайда болған. Әсіресе,Тынық мұхит жағалауында халық сирек тұрады. Жағалаудың батпақты жазығындағы елді мекендерде қазіргі кезге дейін бағана үстіндегі құрылыстарды көруге болады.

     Тау баурайындағы ыстық белдеуден жоғарыда Солтүстік Андының қоңыржай белдеуі жатыр, оның биіктігі 2500 – 3000 м- ге дейін көтеріледі. Тау баурайындағы белдеу сияқты бұл белдеуде де жыл ішіндегі температураның барысы біркелкі болады, дегенмен онда биіктікке байланысты температураның тәуліктік ауытқуы біраз мөлшерге жетеді. Ыстық белдеудегідей өте ыстық болмайды. Жылдық орташа температура 15–тен 20°С–ге дейін ауытқиды, жауын–шашын мөлшері мен ылғал төменгі зонадан гөрі біраз аз. Әсіресе, оқшауланған биік тау қазаң шұңқырлары мен аңғарларында жауын – шашын мөлшері өте аз болады (жылына 1000 мм – ден аспайды). Бұл белдеудің байырғы өсімдік жамылғысы құрамы және сырт көрінісі жөнінен тау етегіндегі орманды белдеуден біраз өзгешелеу. Таулы ормандарда пальмалар жоғалады да, ағаш тәріздес папоротниктер мен бамбук басым, хина ағашы жапырағында кокаин болатын кока бұтасы, “ыстық жер” ормандары үшін белгісіз басқа тұқымдар да өседі.

     Таулардың келесі белдеуін жергілікті халық “салқын жер” деп атайды. Оның жоғарғы шекарасы 3800 м шамасындағы биіктікте жатыр. Бұл белдеу алабында бірқалыпты температура сақталады, бірақ ол қоңыржай белдеудегіден гөрі анағұрлым төмен (не бары +10, +11°С). Бұл белдеуде аласа, қисық ағаштар мен бұталардан тұратын биік таулы гилея кездеседі. Түрлердің алуан түрлілігі, эпифит өсімдіктері мен лианалардың мол болуы биік тау гилеяс жазықтағы тропиктік орманға ұқсас келеді.

     Солтүстік Андының келесі белдеуі – альпілік белдеу. Жергілікті халыққа ол “парамос” белдеуі деген атпен белгілі. Ол мәңгі қар жиегі маңында 4500 м шамасындағы биіктікте бітеді. Бұл белбеу алабында климат қатаң. Күндізгі температура жылы бола тұра, жылдың барлық мезгілінде түнде өатты үсіктер болады, қарлы боран соғады және қар түседі. Жауын – шашын аз түседі, ал булану өте күшті. Парамостың өсімдігі ерекше және айқын ксерофитті түрге ие. Ол сирек өсетін шымды астық тұқымдастардан, төселіп өсетін, дегелек тәріздестерден немесе ашық гүлшоғыры бар биікт (5 м дейін), қатты мамықтанған күрделі гүлді өсімдіктерден тұрады. Жер беті тегіс алаптарда көп жерді мүкті батпақтар алып жатады, ал тік беткейлердің тастақты жерлерінде ештеңе өспейді.

     

2.2.3 Орталық Анд.

     Орталық Анд солтүстікте Эквадор мен Перудің арасындағы мемлекеттік шекарадан оңтүстікте 27° о.е. дейін орасан зор қашықтыққа созылып кетеді. Бұл тау жүйесінің ең енді бөлігі, оның ені Боливия алабында 700 – 800 км жетеді.

     11° о.е. оңтүстікке қарай Андының орта бөлігін таулы үстірттер алып жатады, олардың екі жағынан Шығыс және Батыс Кордильер жоталары жарыса жүреді.

     Батыс Кордильера сөнген және сөнбеген: Охос – дель – Саладо (6880 м), Коропуна (6425 м), Уальягири (6060 м), Мисти (5821 м) т.б. жанар таулары бар биік тау тізбегі болып табылады. Боливия алабында Батыс Кордильер Андының бас суайрығын құрайды.

     Солтүстік Чилиде Тынық мұхит жағынан биіктігі 600 – 1000 м ге баратын Жағалық Кордильер тізбегі кіреді. Оны Батыс Кордильерден Атакама шөлінің тектоникалық ойысы бөліп жатады. Жағалық Кордильер тура мұхитының өзіне тік құлайды да, кеме тұруға өте қолайсыз түзу сызықты жартасты жаға құрайды. Перу мен Чили жағалауларын бойлап мұхиттан жартасты аралдар шығып жатады. Жағалардағы жартастардағы сияқты ол аралдарда да миллиондаған құстар ұялайды да, бұл елдерде кеңінен пайдаланылатын аса құнды табиғи тыңайтқыш – гуаноны үйіп тастайды.

     Батыс және Шығыс  Кордильердің аралығында жатқан, жергілікті халық Чили мен  Аргентинада – пуна, ал Боливияда  – альтиплано деп атайды. Анд таулы үстірттерінің биіктігі 3000 – 4500 м – ге барады. Олардың бетінде ірі тас кесектер немесе сусымалы құм үйіліп жатады, ал шығыс бөлігінде жанартаулық жыныстардың қабаттарынан тұрады. Кей жерлерде ішінара көлдер алып жатқан ойыстар кездеседі. Бұған 3800 м биіктікте жатқан Титикака көлінің қазан шұңқыры мысал бола алады. Бұл көлден оңтүстік–шығысқа таман теңіз деңгейінен 3700 м биіктікте, үстірттің бетін тіліп түскен терең шатқалдың түбінде және оның беткейлерінде Боливияның басты қаласы – дүние жүзіндегі ең биік таудағы астана – Ла – Пас орналасқан.

Информация о работе Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы