Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].

Содержание работы

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

І. КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................5

1.1 Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды

оқытудың ерекшеліктері.............................................................................................7

1.2 Оқу процесін ұйымдастырудың формалары.................................................11

ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16

2.1 Кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді ақпараттандыру....................................18

2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби

қасиеттерін арттыру...................................................................................................22

2.3 Техника қауіпсіздігі.............................................................................................. 25

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28

СӨЗДІК..........................................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................30

Файлы: 1 файл

курсовая оригинал 2.doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

 

І.  КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................5

 

1.1 Техникалық және кәсіби білім  жүйесіне кредиттік технологияларды

 

оқытудың ерекшеліктері.............................................................................................7

 

1.2 Оқу процесін  ұйымдастырудың  формалары.................................................11

 

ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16

 

2.1 Кәсіби лицейдегі  арнайы  пәндерді  ақпараттандыру....................................18

 

2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби

 

қасиеттерін арттыру...................................................................................................22

 

2.3 Техника қауіпсіздігі.............................................................................................. 25

 

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28

 

СӨЗДІК..........................................................................................................................29

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді.  Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].

    Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі  білім беруді дамыту тұжырымдамасында  “жоғарғы білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның саналы жоғары білім алуға деген  мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұны,таңдауға кеңінен мүмкіндік беру” делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани және инновация жағынан дамуындағы  ролін терең зерттеуді қажет етеді [2]. Сондай қажеттіліктердің бірі- кәсіби  лицейдегі арнайы пәндерді оқу процесінде ақпараттандыру.

    Жалпы, кәсіптік  лицей - бұл жалпы орта білім  берудің жалпы білім беретін  оқу бағдарламалары мен техникалық  және қызмет көрсету еңбегінің  білікті кадрларын даярлау жөнінде  техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны болып табылады [3].

   Кәсіптік лицей  қабырғасында студенттерді кәсіпке  бағыттау маман тұлғаны  қалыптастыру  ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамның экономикалық даму жағдайларына  тез бейімделіп, еңбек нарығында өз орындарын тауып,  өз іс-әрекеттерінен тұрмыстық және рухани қанағат алатын, өз  қабілеттерін орынды пайдаланып және  шығармашылық күштерін дамытуға  белсене ат салысатын озық ойлы, елжанды мамандарды дайындау қажетті  деп есептелінеді.

   Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты жолдауында да Қазақстандағы  білім беру жүйесінің алдында  тұрған негізгі мәселелерге тоқталып  өтті. Жолдаудың біздің алдымызға  қойып отырған басты міндеті  – еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру. 

  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруде жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген. Соған байланыста алған білім мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермей өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылды.[4]

   Лиссабон конференциясының  «Еуропа аймағында жоғары білім  мамандықтарын мойындау туралы»  шешімін Қазақстан Республикасының  қабылдауы республика жоғары  оқу орындарының студенттеріне  басқа елдердің оқу орындарында  оқуларын жалғастыруға немесе бітіріп шығуларына мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар, республика оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне көшуі жастардың өзіндік білім деңгейлерін көтерулеріне және өз беттерімен білім алуларына, оқу орындарын таңдауларына және білім көлемдерін кредит түрінде есепке алуларына әсерін тигізуде. XXI ғасырдың өзекті талабы кәсіби- техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарының кадрларын  даярлау [1]. Осыған байланысты « Білім туралы заң» 4- тарау, 17- бабы бойынша:

     1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтердің негізгі бағыттары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлауға бағытталған.

2. Техникалық және  кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бағдарлама мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қатысты техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарын даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруді көздейді[3].

  Тақырыптың мақсаты - жастарды әр кәсіптің ерекшелігімен,  олардың мазмұны туралы толық біліммен қаруландыру, әрбір кәсіптің олардың жеке қасиеттеріне қоятын талаптарымен таныстырумен қатар, таңдап алған кәсібіне деген терең қызығушылығын ояту, маңыздылығын сезіндіру, оның қоғамдық өмірдегі әлеуметтік беделін түсіндіру және жаңа заман технологиясының көмегімен арнайы пәндерді ақпараттандырылған түрде болуына қызығушылығын тудыру  болып табылады.

   Тақырыптың міндеті - студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын  толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

1.1 Техникалық және  кәсіби білім жүйесіне кредиттік  технологияларды оқытудың ерекшеліктері

 

 

   Көп жылдар  бойы білімді кәсіптік білімнің  негізгі көрсеткіші деп бағалау  теория мен тәжірибе жұмысы  дайындығы арасындағы табиғи  байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кәсіпке дайындауда білім қорының жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген біліктілігінің төмендеуіне әсерін тигізді. Кәсіптік лицейдің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі - студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын  толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіби біліктілік - ол маманның таңдаған кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді және оған сәйкес көзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша қабылдау деген сөз. Әсіресе, студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше. Бастапқы кезеңде бірқатар студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді жоспарламайды, сондықтан олардың оқуға жағымды көзқарасын тудыру арқылы болашақ кәсібіне  қызығушылығын қалыптастыру қажет [1].

   Білім берудің  мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы,технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат  -  мазмұн - форма - әдіс -  оқыту көрнекілігі болса, бүгінгі жаңа технология бойынша: оқып үйрену - меңгеру - өмірге ендіру - дамыту болып өзгеріп отыр.

    “Нені оқыту  керек?” деген сауалға мемлекеттік  білім беру стандарты жауап  берсе, “қалай оқыту керек?”  сауалына жауапты тек мұғалімнің  кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны  пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білуі, оқу материалы мазмұнын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдай білуі керек. Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді. Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білгені жөн. Шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет. Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны деп саналады.

   Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру түрі - оқу процесіндегі арнайы пәндер бойынша берілетін білімді жалғастыруға және тереңдетуге, сонымен қоса оқушының тәжірибелік дайындығын жүргізуге мүмкіндік туғызады. 

   Кәсіптік- техникалық  мектептерде, лицейлерде оқытудың  мынадай формалары қолданылады:

    1. Теориялық оқыту: түрлі типтегі сабақтар, дәрістер, зертханалық- сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалық семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.
    2. Өндірістік оқыту: оқу шеберханаларындағы сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны және т.б.
    3. Сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтар: факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары және т.б.

         Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру: коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференция- біліктілік байқау жұмыстары.

Сабақ- оқу үрдісін  ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ  оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Сабақ беру- білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс- әрекетінің күйі. Оқу- оқушының нақты білім алып, біліктіліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс.

Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру  оқушылардың үздіксіз өз бетімен  білім және тәрбие алуды қажетсінуін  туындатады. Оқудың сипаты, оның нәтижесі мұғалімдер құрамына, олардың теориялық және педагогтық дайындығына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу іс- әрекетінің сипатталуына, оқуға олардың қатынасына тәуелді болады.

Кәсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер- педагог оқушыларды білім деңгейі бірдей нақты топтарға, бригадаларға біріктіріп, белгілі бір мерзім ішінде ақпарат береді.

Кәсіби оқытуда сабақ  берудің мына түрлері қалыптасқан:

    • Теориялық оқыту сабағы;
    • Практикалық оқыту сабағы.

         Теориялық оқыту сабағы оқушыларға  болашақ кәсіби қызметін жүзеге асыруда ғылыми- теориялық білім мен парасат, білік, дағдылық қабілеттіліктерін жетілдіруге арналған оқу үрдісі болып табылады. Кәсіптік лицейлерде сабақ мынадай түрлерге жіктеледі:

    1. Жаңа білім негіздерін игеру;
    2. Білім мен дағдыны жетілдіру;
    3. Қайталама- жалпылау;
    4. Бақылау- тексеру;
    5. Аралас сабақтар т.б.

          Теориялық оқыту үрдісінде негізінен  аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады.  Мұнда сабақтың ұйымдастыру және  дидактикалық құрылымы болады. Ұйымдастыру  құрылымы мыналардан тұрады:

    • ұйымдастыру кезеңі;
    • үй тапсырмасын орындауын тексеру;
    • оқушылардан өтілген материалдарды сұрау;
    • жаңа сабақты түсіндіру;
    • жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;
    • жаңа сабақ материалдарын бекіту;
    • сабақты қорытындылау;
    • үйге тапсырма.

         Өндірістік оқытудың мынадай формалары бар:

              1.  оқу шеберханаларында оқыту;

              2.  өндірісте оқыту [5].

         Сабақтың сапалы болуы оның  ғылыми тұрғыдан,теориялық жағынан  жоғары дәрежеде дәлелденуі ұстаздың  шеберлігі мен жаңа технологияны  тиімді қолдана білуінде. Ал, қазіргі әлемдік стандартта қолданылатын оқу процесінің жаңа технологиясы немесе әдісі ол- кредиттік оқыту жүйесі.

Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу  жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген  бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту [3].

Кредиттік оқыту технологиясы - оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңістігін таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей қазіргі білім талаптарына сай технология болып саналады.

Информация о работе Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру