Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].

Содержание работы

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

І. КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................5

1.1 Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды

оқытудың ерекшеліктері.............................................................................................7

1.2 Оқу процесін ұйымдастырудың формалары.................................................11

ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16

2.1 Кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді ақпараттандыру....................................18

2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби

қасиеттерін арттыру...................................................................................................22

2.3 Техника қауіпсіздігі.............................................................................................. 25

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28

СӨЗДІК..........................................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................30

Файлы: 1 файл

курсовая оригинал 2.doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

Мұғалім оқу  бағдарламасының материалдарын  және мектептің нақтылы жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын  анықтайды. Оқу жоспарындағы сағаттардың  есебінен практикумдарды өткізуге 6-8 лабораториялық сабақтар бөлінеді. Зертханалық жұмыстар негізінен берілген пәндер бойынша өткізіледі.

Факультативтік  сабақтар – оқудың формасы оқушылардың  қалауы бойынша жүргізіледі. Негізгі  мақсат: оқушылардың ғылыми-теориялық  білімін, танымдық ынтасын, шығармашылық қабілетін дамыту. Факультатив оқушыларға кәсіби бағдар беру ісінің тиімді формаларының бірі.

Үй жұмысы –  бұл жұмыста оқушылардың дербес қасиеті және қабілеті байқалады. Үй тапсырмасы олардың жауапкершілік  сезімін тәрбиелейді, қиыншылықтармен  күресуге үйретеді.  Үй тапсырмасы сабақ кезеңдерінің бірі, білімді іскерлікті және дағдыны бекіту үшін пайдаланылады.

Оқыту – білім  берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы  мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері. , сондықтан ол екі жақты біртекті процесс, біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы танып міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

Форма – сыртқы пішін, түр, қалыптасқан белгілі  бір тәртіп. Кез келген заттың, процестің формасы оның ішкі мазмұнымен шартталады. Сонымен қатар форманың өзі мазмұнға әсер етеді. Оқу процесін ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің арнайы конструкциясы. Бұл конструкция оқыту процесінің мазмұнымен, әдістерімен, құралдарымен, оқушылардың іс-әрекеттерінің түрлерімен анықталады.

Сабақ – оқушылардың  топқа ұйымдасқан, класс (сынып, топ)   деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалім басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақта оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы адамгершілік қасиеттері қалыптасады..

Оқу процесін ұйымдастыру формасы сыныптық-сабақтық жүйесінің ерекшеліктері:

- оқушылардың  жас және дайындық деңгейлерінің  шамалас болуы; 

- әр сынып  жылдық оқу жоспары бойынша жұмыс істеу;

- оқыту процесі  - бірлескен бір-бірімен жалғасқан  сабақ жүйесі;

- әр сабақ  бір пәнге ғана арналуы (монизм);

- сабақтың арнайы  кесте бойынша өтуі;

- мұғалімнің  жетекшілік ролі;

- оқушылардың  оқу-танымдық іс-әрекеттері қалыптастыруда оқушылардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын қолдану.

Әрбір сабақта  логикалық, психологиялық, ұйымдастыру бірліктері болуы тиіс.

 

Сабақтың типіне байланысты сабақтың  құрылысы.

 

Сабақтың  типтері.                          Құрылымы.

1.Жаңа білімді хабарлау                 1.Ұйымдастыру кезеңі

                                                       2. Мақсат, міндеті.

                                                       3. Жаңа білімді хабарлау.

                                                      4. Бекіту.

                                                       5. Қорытынды.

                                                       6.Үйге тапмырма.

   

2. Аралас сабақ.                                1. Ұйымдастыру кезеңі

                                                        2. Мақсат, міндеті

                                                         3. Үй тапсырмасын сұрау.

                                                       4. Жаңа сабақты хабарлау.

                                                         5. Бекіту.

                                                         6. Қорыту.

                                                         7. Үйге тапсырма.

 

3. Білімді бекіту,қолдану                        1. Ұйымдастыру кезеңі.

 және дағды  мен іскерлікті                      2. Мақсат, міндет.

 қалыптастыру сабағы.                             3. Білімді бекіту,қолдану.

                                                         4. Қорытынды.

4.Бақылау сабағы.                                    1. Ұйымдастыру кезеңі

                                                          2. Мақсат–міндеттерін   

                                                                   анықтау.

                                                          3. Бақылау мазмұнымен,

                                                                  тапсырмасымен, оны  

                                                                  орындау тәсілдерімен 

                                                                  таныстыру.

                                                          4. Өздігінен жұмыс.

                                                          5. Қорытынды.

5. Қорыту және жүйелеу  сабағы.             1. Ұйымдастыру кезеңі.

                                                      2. Сабақтың мақсаты,

                                                                    міндеттері.

                                                        3. Оқу материалын 

                                                                    қайталау,  жүйелеу және      

                                                                    жинақтау.

                                                      4. Сабақтың қорытындысы [10].

 

Оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру

1.Білім беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие процесі жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Білім беру  ұйымдары жүзеге асыратын оқу  және тәрбие жұмысын жоспарлау  мен есепке алу және тәрбие  процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады, оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Білім беру ұйымдарындағы  оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау  оқу жылына арналған оқу- тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарындағы  оқу және тәрбие жұмыстарының есебі  теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын және оқу  бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

3. Білім беру  ұйымдарындағы бағдарламалары оқу  процесінің құрамдас бөлігі болып  табылады және білім алушылардың,  тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық,  интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай- ақ жан- жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Білім беру ұйымдарында  нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздықты насихаттауға, милитарситік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тиым салынады.

4. Оқу және  тәрбие процесі білім алушылардың,  тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің  адамгершілік қадір- қасиетін  өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты  күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға  жол берілмейді.

5. Азаматтарды  күндізгі бөлімдерінде оқыту  уақыты мерзімді әскери қызметті  өткеруге теңестірілетін білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін ұйымдастыру тәртібінің олардың мемлекеттік басқару органдары айқындайды.

6. Әскерге шақырылуға  дейінгі және шақырылу жасындағы  білім алушылардың негізгі білім  беру базасындағы алғашқы әскери  даярлығы- жалпы орта білім берудің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асратын білім беру ұйымдарында ( арнаулы білім беру ұйымдарынан басқа), ал жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасынның заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери кафедраларда жүзеге асырылды.

7. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және білім алушыларды аралық аттестаттауды дүргізудің нысандарын, тәртібін және мерзімділігін таңдауда дербес болады.

8. Негізгі орта, жалпы орта, техникалық жіне кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары  және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім берудің білім беретін  оқу бағдарламаларын меңгеру  білім алушыларды міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

9. Жалпы орта  білім беру ұйымдарында білім  алушыларды және оқуын бітіретін  жылы орта білімнен кейінгі  немесе жоғары білім беретін  ұйымдарға оқуға түсуге ниет  білдірушілерді қорытынды аттестаттау  ҰБТ санасында жүзеге тасырылады.

10. Техникалық  және кәсіптік, орта білімнен  кейінгі білім беру ұйымдарының   білім алушыларын қорытынды аттестаттау  :

1) білім беру  ұйымдарында білім алушыларды  қорытынды аттестаттауды;

2) кәсіптік даярлығының  бағалауды және біліктілікті  берді қамтиды.

Жоғары  білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

11. Білім беру  ұйымдары кәмелетке толмаған  білім алушылардың, тәрбиеленушілердің  ата- аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқу және тәрбие процесінің барысымен және мазмұнын, сондай-ақ білім алушылардың үлгерімімен танысу мүмкіәндігін қамтамасыз етеді (Білім туралы заң 28-бап). 

Техникалық және кәсіптік білімді енгізу, біздің республикамыздың кәсіптік лицейлерінде немесе жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясын қолдану - Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс ететіндіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсетіледі [3].

 

 

ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ  ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ

 

2.1 Кәсіби лицейдегі   арнайы пәндерді  ақпараттандыру

 

 

 

  Қазіргі ғылым мен техниканың кең  қанат жайған кезеңінде оқыту  әдістерін жетілдіру тікелей  білім беру жүйесіне де тұтастай ақпарат  технологиясын дамытуға да үлесін қосты. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1.Олар  оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2.Оқыту жүйесінің көп  деңгейлі жетілдірілуі олардың  тарамдалуы мен оқу материалының  сапасын арттырады.

 Оқытудың мәңгілік  сауалы: “нені оқыту,қалай оқыту”күн өткен сайын күрделеніп келеді. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендеше “Мұғалімге жаңа технологияны ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу” мәселесін өз жұмысына арқау еткен мұғалімнің мақсаты төмендегідей болуы тиіс:

-озық тәжірибелерді, түрлі педагогикалық әдістерді, жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу және пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту;

-өз білімін жетілдіру  негізінде оқушының жеке тұлға болуына ықпал ету,

-оқушылардың маңызды  мәселелерді өздері талдап,қорытындылауына  жол ашу;

Кәсіптік білім педагогикасы кәсіптік білімнің жекелеген (жеке) аспектісіне  мақсатталған. Белгілі мамандықты меңгерген  келешек маман білімнің үш аспектімен кездеседі – мазмұнды, технологиялық және жекелік. Мазмұнды аспект келешек мамандықтың профилі бойынша арнайы пәндер бойынша білімді бейнелейді. Технологиялық аспект кәсіптік міндеттерді орындау үшін қажетті аспект келешек маманның кәсіптік бейімділігін көрсетуінде, мамандықты меңгеру үшін оң мотивтерінің қалыптасуында студенттің жеке басының қасиеттерінің таңдаған мамандығының ерекшеліктеріне сәйкес келуінде пайымдалады. 
Келешек маманның қажетті білімді, шеберлікті және дағдыларды меңгеру тиімділігі оның кәсіптік қалыптасуында түбегейлі әсерін тигізген өз бетінше білім алу қабілетінің қалыптасуын болжамдайды немесе оның жоғары білім алғаннан кейінгі үздіксіз білім алу мүмкіндігін анықтайды [1].

Информация о работе Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру