Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].

Содержание работы

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

І. КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................5

1.1 Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды

оқытудың ерекшеліктері.............................................................................................7

1.2 Оқу процесін ұйымдастырудың формалары.................................................11

ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16

2.1 Кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді ақпараттандыру....................................18

2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби

қасиеттерін арттыру...................................................................................................22

2.3 Техника қауіпсіздігі.............................................................................................. 25

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28

СӨЗДІК..........................................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................30

Файлы: 1 файл

курсовая оригинал 2.doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

Техникалық және кәсіптік білімді енгізу, біздің республикамыздың жоғары оқу орындарының тәжірибесі мен халықаралық жинақтамай тәжіриебенің оқып білу мүмкін емес. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету.

Кредиттік–сағаттық  жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болған және онда әбден  дамыған. Гарвард университетінің Президенті, белгілі американдық білім қайраткері Чарльз Элиот «кредит–сағат» ұғымын енгізді, 1870-1880 жж. Пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйесінің екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім комитеті «колледж-мектеп» топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, кредиттік жүйені бағалау көлемінің мазмұны бакалаврлық бағдарламаның магистрлік және докторлық білім сатысына да таратылды.

Қазақстанда кредиттік  оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан стихиялы қалыптаса бастады. 15 тамызда 2007 жылы «Білім туралы» жаңа заң қабылданды, осы заңда «кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы заңнамада анықталған. Осы заңның 11 бабында 9 п. білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны белгілінген.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңын іске асыру  мақсатында «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру  ережесі» әзірленген және бекітілген, № 66, 22 қараша 2007 ж., осы ереже білімнің барлық деңгейі үшін құптауға лайық. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу.

Кредиттік оқыту жүйесін  іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру  болады. Кредиттік оқыту технологиясының  позитивтік жағы — оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізу болады.

Кредиттік оқыту жүйесіндегі жоғары білім беру орны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқу дәрежесін алуына барынша қолайлы жағдайлар жасайды.  Ең алдымен жоғары оқу орны оқу  жұмысын әдістеме жағынан қамтамасыз етуге жауапты. Осы мақсатта:

  1. Әрбір студентті қамтамасыз ету үшін   анықтамалар.  
  2. Әрбір пәннен студенттер мен оқытушылар үшін оқу-әдістемелік кешендер.
  3. Әрбір пәннен дәрісхана жұмыстарына материалдар:  лекция көшірмелері, тәжірибе және зертхана сабақ жоспарлары, оқу құрал жабдықтары.
  4. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмалары мәтіндері, әр пәннен бақылау, тексеру сұрақтары,  тақырыптық баяндамалар және курстық жұмыстар, электрондық оқу құралдары.
  5. Білімді  бақылауға материалдар: жазбаша бақылау жұмыстары, тестілер, емтихандық билеттер және т.б.
  6. Тәжірибе жұмысы материалдары: тәжірибе жұмысын  жүргізу әдістеме нұсқаулары және жоспарлары, есеп беру құжат  түрлері әзірленеді [6].

Оқу процесінің негізгі  кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып, сөзсіз қиыншылықтар тудыратынын айта кету керек:

Бірінші кезеңде кредиттік  оқыту технологиясын енгізу арқылы осы салада нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту, қызметкерлер құрамын осы технология бойынша жұмыс істеуге үйрету, лауазымдық міндеттерді және спецификаны есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша біліктілігін арттыру курсын әзірлеу қажет; Екінші кезең жалпыға бірдей мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген типтік оқу жоспарларын зерттеу болады. Типтік оқу жоспары оқу процесінің құрылымы мен мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болады (техникалық және кәсіби білім үшін кредиттік технологияның сәйкестігіне жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды әзірлеу қажет).

Үшінші кезеңде академиялық  күтізбені бекіту болады. Айта кету керек, академиялық күнтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесінен ерекшелеу. Оның ерекшелегі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен  қатар мерекелік күндер де міндетті түрде көрсетілген. Студенттер шетел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар каникул кезеңі туралы ғана ақпаратты біліп қоймай, сонымен қатар басқа да демалыс күндерін, мысалы, ұлттық мерекелерді де білулеріне байланысты.

Төртінші кезеңде оқу  процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесі (ЭПТ) қалыптасуды, барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім  беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға құрауым болып кіреді (оқушыға  пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орынынан пәнді таңдап алса, кредиттер жинай алады, дұрыс білім беру кеңестігін құру үшін, барлық техникалық және кәсіби білім оқу орындары кредиттік технологияға көшуге тиісті);

Бесінші кезеңде оқушылар ұсынылған КЭТ негізінде жеке оқу жоспарын құрастырады (ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір оқушының бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен тіркеу бөлімшесінде әр оқу жылына оқушының өзімен оқу пәндеріне алдын ала жазылу бойынша қалыптасады;

Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен бар оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспарын құрастырады. Мамандықтар бойынша ЖОЖ барлық жеке жоспарлардың бірігу болып табылады.

Қорытынды кезеңде оқу  сабақтарының кестесі жасалады [7-8].

Кредит - оқушылардың оқу жұмысының өлшеу көлемінің бірлігін бірыңғайлау. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1,  байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.

Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.[1]

Дәстүрлі оқыту жүйесінде  кәсіпке бағыттау жұмысы халық шаруашылығының мамандарға деген қажеттіліктеріне байланысты шешілсе, ал қазіргі әлеуметтік–экономикалық саланың дамуы нарықтық қағидаларға негізделіп, жаңа өндірістік қатынастардың қалыптасуына әкелді. Жеке тұлғаларға кеңінен еркіндік беріліп, олардың әр түрлі кәсіп саласында кәсіпкерлікпен айналысуына жағдай жасалынды. Қоғамда және елдің сана – сезімінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай бағыттауды қажет етеді. Сонымен қазіргі республика білім жүйесінің әлемдік білім кеңістігімен бірігуі, атап айтқанда кредиттік оқыту жүйесіне көшуі де кәсіптік бағыттылық мәселесін қайтадан қарауға себеп болды.

 Қазіргі таңдағы жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жұмысын ұйымдастырудағы  басты міндеттердің біріне студенттердің өзіндік жұмыстарының  ролі мен тиімділігін арттыру және оның кәсіби бағыттылықты дамытуға  көзделуі жатады.

Студенттің оқуы  - бұл оның өз  қалауы бойынша өз оқуын өзі жалғастыруы  емес, бұл танымдық  және кәсіби мамандығында  өзін өзі  жүзеге асыруға және өзін өзі жетілдіруге бағытталған оқытушының  жетекшілігімен басқарылатын өзіндік іс-әрекет екенін айрықша атап өту қажет .

Студенттердің өзіндік  жұмысында  оқытушылар мен студенттердің  арасында субъект- субъектік қатынастардың дамуы -  студенттердің  «өздерін өздері басқару тәртібіне»  көшуін, яғни  оқу іс-әрекетінің барлық кезеңдеріне олардың   белсенді қатысуы үшінші деңгейдегі басқару деп анықталады.  Өзін өзі басқаруды адам факторының өзін өзі ұйымдастыра білу  қабілеті деп қарап, оны оқу іс-әрекетінде қолдансақ, онда одан  мынандай қызметтердің бөлініп шығатынын көреміз. Олар өзара бір бірімен байланысты бір мақсатқа көзделген  мотивтер жүйесі,  өз жұмысын өзі жоспарлау, өзін өзі ұйымдастыру (өз қызметін ұйымдастыру), өзін өзі қадағалау және өзін  өзі бағалау, өзін өзі түзету [2].

Сонымен, кредиттік  оқыту жүйесінде оқытушылар мен студенттердің кәсіптік дайындығының қазіргі мәселелері туралы  ағарту жұмыстары, осы процесте  тұлғаға бағдарланған білімнің орны мен қызметі, сонымен бірге олардың нарық экономикасы және Қазақстанның әлемдік білім кеңістігімен бірігу жағдайында кәсіби бағыттылықтың маңызы, оны дамыту және қалыптастыру ерекшеліктері білім саласында басты орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Оқу процесін  ұйымдастырудың  формалары

 

Тұтас педагогикалық  процесті құраушы екі басты процестің  бірі – оқыту процесі (оқу процесі) болып табылады. Оқыту процесі  күрделі процесс болып табылатындықтан  оның анықтамалары да әртүрлі.

Ерте дәуірдегі және ортағасырлық ойшылдар еңбектерінде «оқыту», «оқыту процесі» ұғымдары «білім беру» деген мағына береді. Өткен ғасырдан бастап оқыту ұғымына білім беру және оқу компоненттері енгізіле бастады. Мұнда білім беру – мұғалімнің оқу материалын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті, оқу – оқушының ұсынылған білімдерді меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде көрінеді. Кейінірек оқыту түсінігі сол сияқты мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыруды басқару іс-әрекеті және мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін де қамтиды [9].

Қазіргі түсінікте оқытудың мынадай белгілері бар: 1) екіжақты сипат; 2) мұғалімдер мен оқушылардың өзара іс-әрекеті; 3) мұғалім тарапынан басшылық; 4) арнайы жоспарланған ұйымдастыру және басқару; 5) тұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесін басқару.

Дидактика (гр. Didaktikos –  оқытушы, didasko – оқушы, үйренуші) –  оқыту мен білім берудің мәселелерін  қарастыратын педагогиканың бөлімі.

Дидактика ғылым ретінде  оның пәні аясында әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің жүргізілуі мен барысын айқындайтын тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Сондықтан дидактика екі негізгі қызмет (функция) атқарады: 1) теориялық (негізінен, диагностикалық және прогностикалық); 2) практикалық (нормативтік, құрал-жабдықтық).

Дидактика принципі немесе оқыту принципі — бұл    негізгі   кағидалар.   Ғылым   негіздерін оқытқанда соларға сүйену керек. Олар барлык оқу пәндерін окытудың барлық сатысында колданатын нағыз   жалпы   қағидалар   болып   табылады. Дидактикалық принциптер- оқыту принциптерінің жүйесі мақсаттарына негізделеді. Сондықтан қоғамдық дамудың әр кезеңінде дидактикалық принциптер өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді.

Педагогикадағы оқытудың принциптері тәрбиемен бірге  дидактикалық негізде құрылады. Қоғамдық прогрестің талаптарына сай оқыту  процесінің мазмұнын, оның әдістері мен  ұйымдастыру жолдарын анықтайды.

Дидактикада принциптер жүйесі мыналарды қамтиды:

1-оқытудың ғылымилық,  жүйелілік принципі;

2-оқытудың көрнекілік  принципі;

3-саналылық және белсенділік принципі;

4-теория мен практиканың байланыстылық принципі;

5-білімнің шамаға лайықтылығы  мен оқушылардың жас және дара  ерекшеліктерін есепке алу принципі;

6-білім беру мен  тәрбиенің байланыстылық принципі;

7-білімді берік және  тиянақты меңгеру принципі;

Оқыту процесінде бұл  принциптер бір-бірімен өзара тығыз  байланыста және бірлікте жүзеге асырылады.

Оқу орындарының  даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады. Оқыту формаларының бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнер-кәсіптің,  ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады.

Білім ортасында  сабақты оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, консультациялар, үй оқу жұмысы т.б.

Саяхат - пәндер бойынша жоспарланып, мектептің  жалпы іс жоспарларына кіреді. Саяхатты ұымдастыру үшін түрлі объектілер пайдаланылады. Оларға мұражай, көрме, табиғат, өндіріс жатады.

Семинар сабағы – бұл арнайы немесе жекелеген  пәндер бойнша өткізіледі. Семинарға  қатарынан екі сабақ беріледі, онда 2-3 мәселелер қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу үшін әрбір  мәселе бойынша материалдар жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, мұражайға, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді.

Семинар сабақтары  оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге  үйретеді, зерттелген материалдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады.

Практикумдар – курс тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың өз бетімен орындайтын зертханалық жұмысының кешендісі. Зертханалық жұмыстарды оқушылар топ-топ болып дербес орындайды, эксперименттік есептер шығарады.

Информация о работе Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру