Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].

Содержание работы

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

І. КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................5

1.1 Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды

оқытудың ерекшеліктері.............................................................................................7

1.2 Оқу процесін ұйымдастырудың формалары.................................................11

ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16

2.1 Кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді ақпараттандыру....................................18

2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби

қасиеттерін арттыру...................................................................................................22

2.3 Техника қауіпсіздігі.............................................................................................. 25

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28

СӨЗДІК..........................................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................30

Файлы: 1 файл

курсовая оригинал 2.doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)
  • ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
  • оқытушылардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
  • бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
  • арнайы пәндерді оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша  стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;
  • қашықтықтан оқыту формаларына оқытушылардың қызметiн бағыттау;
  • оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.

Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жүзеге асырылуда.

       Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – жоғары оқу орындарында компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану. Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қажеттi шартына айналып отыр.

Ақпараттық технологиялар  арқылы мамандардың кәсіби маңызды  қасиеттерін жетілдірудің негiзгi мақсаты: ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру.

Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн демонстрация жасау.

Жалпы ақпараттық технологиялар  арқылы болашақ мамандардың кәсіби маңызды қаситеттерін жетілдіру  құрамына  мына дағдылар енеді:

Ақпараттық бөлік:

  • түрлі ақпарат көздерінде ақпараттарды іздеу;
  • қажетті ақпараттарды табуда түрлі ресурстарды (кітап, журнал, электрондық құралдар, Интернет) қолдану;
  • табылған ақпараттарды сынау арқылы қажетті ақпараттарды сұрыптай білу;
  • кесте, диаграмма, кескін және т.б. тәсілдерді қолдану  арқылы ақпараттарды түрлендіру;
  • ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіндігін ескере отырып, қолданушыға ақпараттарды жеткізу тәсілдерін таңдау.



 



 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады[4].

Соңғы жылдары қазақ  тілін оқытуда және білім беруді компьютерлендіруде ақпараттық технология пайдалану туралы мәселеге баса назар аударылуда. Қазіргі ақпараттық құралдар - бұл тек спутниктік және кабельдік телевидение, бейне және дыбыстық жүйелер, электрондық ойындар емес, сонымен бірге  окытудың жаңа жүйесі, ерекшелігі және тәсілін атқаратын негізгі бағаты болып табылады (О.Околелов) .

Осы мақсатты іске асыру  барысында, яғни болашақ мамандар өз пәніне деген қызығушылықты арттыру  мақсатында дәстүрден тыс әдістер  мен тәсілдерді іздеуі керек. Өйткені  қызығушылық дегеніміз - үйренушілердің шығармашылық және ойлау қабілетін  арттыруға, кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіруге септігін тигізетін ынталылық.

Жаңа ақпараттық технологияларды  пайдаланатын әдістер мен Интернет секілді қазіргі тәсілдер -жеке бағдарламалық  бағытта көмегін тигізеді, студенттердің  қабілетіне қарай оқытудың дифференциациясын қамтамасыз етеді және пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бүгінгі таңда адамзат  өмірінде компьютердің қолданылмаған  жері жоқ. Әр салада ақпараттық технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта оқытушы мен  студенттерге көмекші құрал.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды. Егер ақпараттық бағдарлама сауатты құрылса, онда ол оқытушыға уақыт үнемдеуге және үйретудің кейбір тиімді сәттеріне назар аудартуға көмегін тигізеді. Ал, студенттер - компьютердің арқасында өздерін болашақ маман ретінде жауапкершілік сезінеді. Ақпараттық технологияның тиімділігін арттыру үшін бағдарламада әртүрлі жаттығулар мен ойын элементтері мен ән-музыканы қолдануға болады.

Компьютермен жұмыс  істеу өте қызықты. Үлгерімі нашар  оқушылардың өзі компьютермен жұмыс  істеуге қызығатын болады, өйткені  кейбір жағдайда компьютер оның білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Студенттердің білім сапасының жоғарлауына, жекелей ерекшеліктерінің ескерілуіне ықпал етеді. Жаттығу жұмысын орындау барысында оның жауаптарына машина тура және үздіксіз серпілісті қамтамасыз етеді. Студенттер жұмыс қарқынын өзі ажырата білсе де, компьютер оқытудың даралығын жақсартады. Студенттер қанша қате жіберсе де, қатені талдау мен түзетуге уақытта мол болады[4].

 

 

КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ  АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ еңбек қауіпсіздігі

         1 Санитарлық-гигиеналық талаптар

 Кәсіптік  лицейдегі әрбір кабинет -оқушылардың  еңбектік оқуына, бағдарламаға сәйкес еңбек сабақтарын өткізуге, сондай-ақ үйірме сабақтарды өткізуге пайдаланылады.

Әрбір кабинетте  екі бөлме болған дұрыс. Кабинетке  жарық беру, жылыту және желдету  және оқушыларды еңбекке даярлайтын өндіріс орындары үшін қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөнінде ережелер белгіленген санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес жүргізіледі. Оқу көрнекі құралдары мен құрал-жабдықтармен, оқу-методикалық, анықтама әдебиетімен, дидактикалық материалдармен, қосымша құралдармен, оқушылардың жеке және бірігіп пайдаланылатын жұмыс орындары, мұғалімнің жұмыс орны жабдықталады.

Оқушылардың жұмыс  орны, олардың жоқ ерекшеліктеріне  қарай, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы  ережелеріне, өндірістік санитария  және техникалық эстетика нормаларына сай жабдықталады.

Жеке пайдаланатын жұмыс орындар-екі орындық столдар, олардың беті ашық бояулы, су сіңбейтін  материалдан болуы қажет, ал орындықтары  жоғарылытып,төмендетіп тұруға бейімделуі тиіс. Жұмыс орындары қажетті құралдар жиынымен жабдықталуы қажет. Жұмыс орындары жақын жерге қауіпсіздік техникасы жөніндегі тиісті нұсқауларды іліп қойған жөн.

Кабинеттің  жабдығы құрамына тиісті материалдары бар аптечкада кіреді. Кабинетке  қолжуғыш орнатылады. Кабинетті түрліше  стенд және плакаттармен безендіру  қажет, онда оқушылар орындаған жұмыстардың тұрақты көрмесін ұйымдастырған жөн.

Мектеп гигиенасы  – өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалармен жас өспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.

Мектеп гигиенасы  мектеп оқушысының даму ерекшеліктерін және гигиенасын, сыртқы ортаның табиғат факторларының гигиеналық маңызы және оларды мектеп оқушыларын шынықтыру үшін пайдаланады,  кәсіптік мектептегі санитарлық-гигиеналық талаптар арнайы пәндерді оқыту  сабағында:

- оқушылардың  шеберханаларда өтілетін апта сайынғы екі сағаттық арнайы пәндер сабағы дағдыларын, тәртіптілікті қалыптастыруды, арнайы пәндерге деген ынтаны дамытуды көздейді, сөйтіп олар осы арқылы мектептегі оқуды өмір талаптарына жақындастырады.

Арнайы пәндер сабақтарының гигиеналық жағынан нәтижелігі бір қатар жағдайларға: оларды өткізу жағдайларына, оқушылардың жұмыс режиміне, сабақтардың құрылымына, оқушылардың ынтасына байланысты.

Жаңа кәсіптік мектептерде шеберханалар үшін ауданы 16 м2 бөлмелер бөлінеді. Ондағы ауаның температурасы 16-тан аспауы тиіс, ал ауаның салыстырмалы ылғалдығы 40-60%  болуы мүмкін.

Шеберхана ауасы  температураның көтерілуі және салыстырмалы ылғалдығының өзгеруі класс бөлмесіндегіден  гөрі сабақтан сабаққа үдей түседі, бұл еңбек сабақтарында мектеп оқушылары  организмнің көп жылу шығаруына байланысты болады. Мектеп шеберханаларында ауаның ауысуы класс бөлмесіндегіден гөрі сабақтан сабаққа барған сайын жеделдетіле түсуге тиіс [28].

Шеберханаларға жарықтың жақсы түсуі оқушылар жанарының өткірлігін сақтау үшін ғана емес, сондай-ақ жұмыс кезінде тез шаршауды болдырмау үшін де қажет. Жарықтың бір қалыпты түсуінің маңызы бар: онсыз көру органының қалыпты жұмысы бұзылады және еңбек өнімділігі нашарлайды, мұның өзі жарақаттануға әкеп соғуы мүмкін. Қабырғалар мен жабдықтарды ашық түскебояу арқылы жарықтың мол түсуін, жарықтың шағылысуының жоғарғы коэффицентін қамтамасыз  етуге болады.

Шеберханаларда  кейде у-шу көп болуы мүмкін, сондықтан  оларды бірінші этажға орналастырған  жөн. Оқу кластарын шеберхана  үйлерінің астына немесе үстіне орналастыруға болмайды.

Күш-қуат шығыны жұмыс кезінде дененің дұрыс  қалыбын сақтап отыруға да байланысты. Дұрыс жұмыс қалыбы сақталғанда  оқушы аз шаршайды және жұмыс операцияларын  оңай  меңгереді.

Оқушылардың жұмыс  сипатына сабақ өткізу методикасы үлкен әсерін тигізеді. Түрлі операциялардың жиі ауысып отыруын талап ететін жұмыс-тарды орындаған жөн. Еңбек сабақтарында ұзақ уақыт орындауды керек ететін біркелкі операциялар бар жұмыстарды істеген кезде оқушылыр тез шаршайды.

А) Бұл жұмыстарды ұзақтығы жағынан нормалау;

Ә) Оқушылардың  өмірі мен денсаулығы үшін орындалатын  жұмыстардың толық қауіпсіздігі;

Б) Жұмыстардың  оқушылардың денсаулық жағдайына  және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, іскерліктеріне сәйкес келуі;

В) Бұл жұмыстарды оқушылардың күн режиміне дұрыс енгізу;

Г) Оқушыларды арнаулы  киіммен, жылы сумен қамтамассыз  ету және басқа жағдайлар жасау;.

 

4.2 Қауіпсіздік  техникасы

18 жасқа толмаған  адамдар үшін қабыл алынған  еңбек нормаларымен шек қоюлардың  көптеген мәселелерге қатысы  бар; жұмыс күнінің ұзақтығы, өндірістік үйлердің тазалық жағдайлары, шумен, шаң-тозаңмен күресу шараларының мәселелері, ауыр жүктерді қолмен және көлікпен тасу, бірқатар жұмыстардағы жеке адамдық қорғану құралдары, станоктарды, машиналар мен жүргізу механизмдерін қоршау, электр қондырғыларын пайдаланғандағы сақтық шараларын қолдану. Қауіпсіздік техникасының ережелерінде әр алуан жұмыс түрлерін орындағанда оқушылар үшін жеке адамдық қорғану құралдары ұсынылған. Ауада шаң мен газ болғанда тыныс алу органдарын қорғау үшін сүзгіш приборлар-респираторлар қолданылады. Әдеттегі жұмыс кезінде көздерін қорғау үшін оқушылар көзілдірік киюлері, ал газ бен бу бар жерде герметикалық ілгектері бар көзілдіріктерді пайдалану керек.

Қауіпсіздік техникасының жоғары класс оқушыларының еңбегін қорғаудың аса маңызды талаптарының бірі оларды жұмыс істеудің дұрыс та қауіпсіз әдістеріне мұқият үйрету болып табылады. Тек осы білімдері мен  іскерліктерді меңгергеннен кейін ғана оқушылар жеке бастың гигиенасы туралы және жабдықтарды қорғайтын тетіктер туралы қажетті білім алады.

Өрт қауіпсіздігін  сақтау

А) Ғимаратты  салғанда өрт сөндірушілердің талаптары  мен нормативтері  мұқият сақталуы керек.

Ә) Өрт жағдайында  ғимараттардан шығатын қосымша  есіктер болуы міндетті шарт.

Б) Өрт қаупі  жөніндегі арнайы нұсқаулармен жеке плакаттармен танысу қажет.

В) Жабдықтарды  сүртетін шүберектер арнайы қораптарға салынып, уақтылы әкетілуі тиіс.

Г) Электр қозғалтқыштарына шамадан тыс күш түсудің және олар ұзақ уақыт үздіксіз жұмыс істеп қызудың әсерінен өрт шығатынын білген жөн.

Д) Өртті сумен  сөндіргеннен арнайы көпіршікті өрт  сөндіргішпен сөндіру керек.

Е) Өрт шыға бастағанда дер кезінде өрт сөндірушілерге хабарлау керек.

Өртті өшіргеннен гөрі, оны болдырмаған абзал, сондықтан  өрттен сақ болған жөн.

Оқу шеберханасында өрт қауіпсіздігіне арналған арнаулы  құралдар міндетті түрде болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

          Сонымен, кәсіби лицейдегі білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру түрі – бұл оқу процесіндегі арнайы пәндер бойынша берілетін білімді жалғастыруға және тереңдетуге, сонымен қоса оқушының тәжірибелік дайындығын жүргізуге мүмкіндік туғызады.  Ал, сол ұйымдастыруда кредиттік оқыту технологиясын қолдану — бұл білім беру технологиясы болғандықтан, оқушының не студенттің өз бетімен білім алу деңгейін көтереді және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеруін қамтамасыз етеді.

Жаңа экономикалық жағдай және тенденция қоғам дамуының ерекшелігіне байланысты білім беру жүйесін түбірімен  өзгертуді талап етеді. Ол біздің еліміздегі прогресивті технологияның дамуы. Білім берудің сапасы қазіргі білім алып жатқан оқушыларға болашақта бүкіл дүние жүзіндегі білім алу дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы  оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және  ақпараттық жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген.

Информация о работе Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру