Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].

Содержание работы

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

І. КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................5

1.1 Техникалық және кәсіби білім жүйесіне кредиттік технологияларды

оқытудың ерекшеліктері.............................................................................................7

1.2 Оқу процесін ұйымдастырудың формалары.................................................11

ІІ. АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16

2.1 Кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді ақпараттандыру....................................18

2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби

қасиеттерін арттыру...................................................................................................22

2.3 Техника қауіпсіздігі.............................................................................................. 25

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................28

СӨЗДІК..........................................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................30

Файлы: 1 файл

курсовая оригинал 2.doc

— 207.50 Кб (Скачать файл)

Ақпараттық – коммуникативтік  технологияларының қайнап дамуы  жағдайында, маманның алдында ақпараттық алаңның құшақ жетпес кеңшілік төселіп жатқанда осы саладағы жетістіктерді дамытудың деңгейіне тепе-тең кәсіптік оқытудың процесін ұйымдастыру маңызды. Сондықтан оқыту процесі мен білімнің мазмұнын компьютерлік технологияға аудару (ауыстыру) жай ғана мәселе емес, уақыт талабы болып табылады.          

Біз кәсіптік оқыту процесінің мектепте оқыту процесі сияқты құрылымдық компоненттермен сипатталатынын естен шығармаймық. Сондықтан кәсіптік білімнің электрондық оқулықтары да төрт компонентті құрылымнан тұрады: модуль, гипермәтін, интерактивті тапсырма және тестілеуші. 
Бірақ, кәсіптік білімнің арнайы пәндері бойынша электрондық оқулықтар құрастыру ерекшелігі олардың кәсіптік қызметті функционалдық түрде талдауға деген бағдары мен өнімді дайындаудың технологиялық процесінде. 
Кәсіптік білім бойынша электрондық оқулықтарды құрастыру кәсіптік жеке тұлға моделінің, әрбір жекелеген мамандықтың кәсіптік қызметінің маңыздылығының білімін студентттердің ой елегінен өткізуі арқылы қамтамасыз етілген жағдайда ғана тиімді бола алады.          

Келешек мамандарды кәсіби дайындаудың мазмұнды жағын қарастыра  келе, авторлар электрондық оқулықтардың тиімділігі маңыздылықты ғылыми жағынан  тануға, қазіргі кездегі өндірістің дамуы мен қызмет етуінің заңдарына байланысты деген қорытынды жасады. Электрондық оқулықтарды құрастырудың маңызды шарттарының бірі - өндіріс туралы шашылып кеткен білімді жүйелі білімге шоғырландыру.

 Көптеген кәсіпорындарда жұмысшы кадрларды дайындау деңгейі жұмыстың технологиялық күрделілігі 1-2 дәрежеге жұмысшылардың біліктілік деңгейінен озық жүретін өндіріс талаптарынан артта қалған. Бұл жағдай бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарында мамандарды жоғарылатады.

Компьютерлік технологияларды енгізу жұмысы барысында компьютерлік қолдауы бар сабақ құрылымының алгоритмі құрылады. Оның келесі кезеңдері бар:

1. Сценарий қалыптастыру (нақты көрсетілген компьютерлік  тапсырмалары бар сабақ құрылымы: экран түрі, мұғалім әрекеті, оқушылар  әрекеті, нәтиже);

2.Сабақтың әр кезеңіне уақытты есептеу;

3.Сабақтың мақсатын міндеттерін, жүру барысын, практикалық тапсырмаларды және оларды орындау әдістерін құрастыру; қажет бағдарламалық құралдарды анықтау.

Компьютерлік технологиялардың білім-берудің гуманистік концепциясын іске асыруда үлкен мүмкіншіліктері бар, нақтырақ айтсақ:

пәндік білім бағыттылығынан оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін  игеруге ауысуы;

шешімі шоғырландырып  ойлауды қажет ететін, вербальды  және бейнелі құрылымдық ойлаудың дамуын қалыптастыратын, кешенді мәселелерді шешуге бағыттау;

оқушылардың іс-әрекетін басқаруда оның нәтижелілігін оқудан тыс оперативті бағалау мониторингін жетілдіру;оқушылардың іс-әрекетінің сабақтан тыс нәтижелілігін бақылау  үшін дәстүрлі жүйені толықтыратын оқушылардың  танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық белсенділігін жоғарылататын рейтингтік жүйені қолдану[11].

        Қазіргі заманғы «Білім беру жүйесін ақпараттандыру» өзекті мәселелеріне келетін болсақ,

-облыс мектептерінің және білім берудің басқа да мекемелерінің қазіргі заманғы  компьютер техникасымен жеткіліксіз жабдықталуы;

- электрондық оқу бағдарламалары және құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

-оқу-тәрбие процесінде оқушылардың компьютерлік технологияларды пайдаланып іздену, зерттеу сипатындағы өз бетімен жұмысының жеткіліксіз қолданылуы;

-білім беру мекемелерінің қызметінде оқушылардың қызығушылығын, бейімділігін және қабілеттерін, олардың даму деңгейін, кәсіби шеберлігінің компьютерлік диагностикасын құру жүйесінің жоқтығы; 

-білім беру мекемелерінің жаһанданған ақпараттық ресурстарына, бірінші кезекте Интернет желісіне кіру құралдарымен жеткіліксіз жабдықталуы.

Перспективалар:

-салалық ақпараттық жүйені құру;

- барлық білім беру  ұйымдары мен мекемелерін қазіргі  заманғы компьютерлік техникамен  және телекоммуникациялық құралдармен, лицензияландырылған бағдарламалармен  қамтамасыз ету;

-оқушылардың өз бетімен, жеке, топтық жұмыстарын, компьютерді пайдаланып іздену және зерттеу сипатындағы практикалық және зертханалық жұмыстар көлемін көбейту мақсатында оқыту жұмысының дәстүрлі формасын қайта қарау;

-оқушылардың жеке ерекшеліктер, бейімділіктер, қызығушылықтар және мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері деңгейінің компьютерлік диагностикасын өткізу;

-білім беру жүйесінде инновациялық процестерді ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді құру жұмыстарын ұйымдастыру;

-оқу процесіне интернеттегі дидактикалық материалдар қорын тарту;

-компьютерлік тестілерді, білім беру сапасын бақылау және мониторингтің диагностикалық әдістемелерін құру және қолдану;

-мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін үйренуде компьютерлік қолдауды  қамтамасыз ету;

-жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және енгізу саласында педагогикалық және басқару кадрларды даярлау және қайта даярлау;

-басқару ақпаратын жедел жинау, сақтау  және талдау үшін компьютерлік жүйені құру;

-электрондық оқу басылымдарын әзірлеу және енгізу процестерін жетілдіру, облыс өңірлерінде ақпараттық ресурстық білім беру орталықтарын құру[2].

Бүгінгі уақыт талабына сәйкес мемлекетіміздегі 2015 жылға дейінгі  білім беруді дамыту тұжырымдамасына байланысты болып жатқан жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекетіміздің алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қояды. Нақтылы аса маңызды тұжырымдар мен құндылықтар ғана білім беру сапасын жаңа деңгейге алып шығатын қадамдар жасауға ықпал етеді.

Жаңа экономикалық жағдай және тенденция қоғам дамуының ерекшелігіне байланысты білім беру жүйесін түбірімен  өзгертуді талап етеді. Ол біздің еліміздегі прогресивті технологияның дамуы. Білім берудің сапасы қазіргі білім алып жатқан оқушыларға болашақта бүкіл дүние жүзіндегі білім алу дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялық  біліммен қарулану функциясы арқылы оқушылар бойындағы еңбекке деген  алуан түрлі қабілеті ерік-жігердің дамуына әкеледі.

Ақпараттық  технологиялардың кең мүмкіншіліктерінің бірі – интернет жүйесі. Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге ықпал ететін интернеттегі программалардың қоры оқыту үрдісіне жаңа мүмкіндіктер жасайды. Осымен бірге оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы  ақпараттық оқыту технолгиясының маңыздылығы күн өткен сайын анық аңғарылуда. Қазіргі заманда ақпараттың көптігі мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп қабырғасында, сабақта  ақпараттық технологияны меңгерудің маңызы мен қажеттілігін дәлелдейді. Оқытуда  коммуникативтік  бағытты ұстану басты мәселе болып табылады. Қатысымдық тұрғыдан ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту үрдісінің тиімді болуы осы зерттеу жұмысында қатысымдық тұлға – мәтінді компьютер арқылы оқытумен тығыз байланысты. Өйткені компьютердің мультимедиалық мүмкіншіліктері оқушының тілін дамытуды жан-жақты басшылық жасай алады. Қазақстандық білім беру жүйесінде барлық пәндер бойынша электрондық құралдар жасалып жатқаны белгілі. Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен де көп байқауға болады [8].

Жалпы оқытуда  және тұлғаның жан-жақты дамуына  және қалыптасуына бағытталған оқу үрдісі ретінде оқушының өзіндік білім алу кеңістігінің мүмкіндігін арттыратын, орта және жоғары оқу орнына дайындайтын, жалпы орта білім беру бағдарламасындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ететін, жеке бейімділіктер мен қабілеттеріне қарай білім алатын, яғни барлық оқушылардың толық білім алуларына тең жағдайларды және олардың әлеуметтану мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін мақсаттарды көздейді. Кәсіби оқыту жалпы нарықтық экономикалық жүйемен байланысты. Нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуіне байланысты қоғам талабына сай қазіргі өмір, экономикалық білім мен тәрбие беруді мектептен бастап қалыптастыруды талап етеді. Өйткені нарықтық экономикалық жүйеде мектеп қабырғасынан жеке тұлғаны кәсіби бағдарланған бағытта тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Мектептен алған білімі болашақ мамандарды мектепті бітіргеннен кейін өндіріс орнында еңбек ете жүріп, экономикалық білімінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді [12].

Арнайы пәндерді ақпараттандыру – бұл ақпараттық технологияның  құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:

  • білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану; 
  • ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін  негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
  • үйренушінің интеллектуалдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;
  • үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану[9].

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн, оның ішінде арнайы пәндерді ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.

Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң  өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке  енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.

Студенттердің жалпы  оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда.

Демек, оқыту процесінде ақпараттық технологияны қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді[4].

Сонымен, арнайы пәндерді оқыту процесінде компьютерді қолдану  оқытушы мен студенттердің қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді.

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

 

 


 

 

 

 

 

 

Сурет 1 - Ақпараттық технологиялар арқылы мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіруде  пайдаланудың педагогикалық мүмкiндiктері

 

 

2.2 Жаңа заман технологиясы көмегімен болашақ мамандардың кәсіби

қасиеттерін арттыру

 

Қазақстан республикасының  президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мектептерде мүмкіндігінше толық компьютерлендіру міндетін білім беру саласының басты мақсатының бірі деп көрсетті. Бұл мәселе елбасының 2006 жылдың наурыз айындағы қазақстандықтарға арналған Жолдауында білім беру саласының болашағы үшін маңызды фактор ретінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасындағы  оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары  іздеумен және ақпараттық жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген [9].

          Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

  • оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
  • оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
  • проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.  
           Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

Информация о работе Ақпарттық технологиялар арқылы білім беру