Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Әдістеме -педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар [

Содержание работы

Кіріспе
1.Кәсіби оқытудың жалпытехникалық пәндерін оқытудың жалпы сұрақтары
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері
1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
1.3 Оқу әдістері және құрал жабдықтары
1.4 Оқытудың кәсіби білім беру жүйесіне қатысты жалпы дидактикалық қағидалары
1.5 Кәсіби оқытудың жүйесі
1.6 Теориялық оқытуды ұцымдастырудың негізгі формалары
1.7 Теориялық оқытуды құрылымы және типтері
3 Оқу процесін ұйымдастыру
3.1 Кәсіби оқу педагогының оқу жоспарын жоспарлау жіне даярлау
3.2 Кәсіби оқытудың оқу-материалдық базасы
3.3 Кәсіби бағдар беру мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс
Тест тапсырмалары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 75.20 Кб (Скачать файл)

Оқудың  практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді.

Жаттығулар  – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау.

Жаттығулар  ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады.

Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды.

Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу.

Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады.

Оқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие.

Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні – оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі.

Лабораториялық  жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген [6]. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады.

3. Оқу əдістерін шəкірттердің  танымдық əрекеттеріне орай топтастыру.

Танымдық  іс-əрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің  деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі əдістер түрі ажыралады: түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) жəне зерттеу.

Түсіндірме  – көрнекілі əдістің мəні –  оқытушы əрқилы құрал-жабдықтар  көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл  бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну əдісі əрдайым тиімді бола бермейді.

Қайта жасау (репродуктивті) əдісте оқытушы ақпаратты  дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз  тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске  түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік  талап етілмейді.

Қайта жасау  əдісінің, ақпараттық іштей түйсіну  əдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл əдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге  мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы  көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл  əдіс те оқушылардың ой белсенділігін  көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады.

Проблемді оқу əдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-əрекетке өту  құралы ретінде танылады. Бұл əдістің  мəні – оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Оқушылар дайын білімдерді, қорытындыларды тек  қана түсініп, есте қалдырумен шектеліп қалмай, дəлелдер қисынына, ой пайымдау тəсіліне бақылау қояды. Мұндай əдісті қолдану барысында оқушылар таным  процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп  барады.

Танымдық  процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын  толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің  ізімен екіншісіне жауап тауып отырады.

Оқытушы мұндайда оқушының ізденіс əрекетіндегі əр қадамына назар сала отырып, оған бағыт-бағдар сілтейді.

Оқудың  зерттеу əдісі – оқушының білім  игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын  көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың  мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген  білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру.

Бұл əдістің  бір кемшілігі -көп уақыт жұмсауды талап етеді.

Жоғарыда  аталған дəстүрлі əдістерінің бəрі оқушының таңдау, есте қалдыру, мұғалімнің айтқанын қайталау əрекеттерін дамытуға бағытталып, шын мəніндегі шығармашыл еңбек, белсенді таным мүмкіндіктерін өрбітуде тиімсіздік танытады. Бұл  кемшілікті белсенді жəне жедел əдістермен толықтыруға болады. Оқудың белсенді əдістері -оқушы іс-əрекетіне өнімділік, шығармашыл- жасампаздық жəне ізденісті - зерттеу сипатын беретін жол-жобалар тобы [7]. Оқу танымдық процесте шəкірт белсенділігін көтеруге дидактикалық ойындар, нақты ситуатцияларды талдау, іскерлік ойындар, проблемді мəселелерді шешу, алгоритм бойынша оқу, ақыл шабуылы («мазговая атака»), жеке ұғымдармен жұмыс істеу.

Жедел əдістер  – қысқа уақыт аралығында оқу  сеанстарына ұзақтай ендіру жолымен  көзделген іс-əрекетке үйретуде қолданылады (шомдыру əдісі). Бұл əдістер бизнес, маркетинг, шет ел тілдерін, практикалық психология мен педагогиканы оқытуда кең қолданылуда.

Қазіргі уақыттары жалпы педагогикада теориялық негізін тауып, оқу-тəрбие процесіне еніп жатқан бұрын соңды естімеген əдістер тобын келтіруге болады: суггестопедия – иландыру жолымен оқыту; гипнопедия –ұйқыда оқыту; фармакопедия – дәрі-дəрмек қолданып оқыту. Бұл əдістердің бəрі адамның табиғатындағы, ішкі мүмкіндіктеріне қозғау салып оқытуға бағытталған.

Сонымен, əдіс көп, оның топтастырылуы да сан қилы, əрқайсысы өз алдына тиімді де, кемшілігі де жоқ емес.Осынысына көз жібере отырып, зерделі ұстаз оқу мақсатына, мазмұнына, алдындағы оқу субъектіне сай келетін нақты əдіс таңдайды, оны қолданудың жолдарына мəн береді.

 

 

 

 

1.3 Оқыту әдістерінің түрлері

 

 

Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне  мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне  байланысты.

Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов: «Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас»,-дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол: «Баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек»,-дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді.

Сөздік әдісі мектептің  барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің  сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:

  • әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
  • әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
  • ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
  • әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
  • әңгіменің әсерлілігі;
  • тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
  • мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.

Түсіндіру – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.

Химиялық, физикалық, математикалық  есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу  кезінде түсіндіру әдісі жиі  қолданылады.

Түсіндіру әдісіне қойылатын  талаптар:

  • сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
  • себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
  • салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
  • жүйелілік.

Түсіндіруоқыту әдісі  ретінде әр жастағы балалар тобымен  жұмыста кең қолданылады. Бірақ  орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының  мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа  қарағанда көбірек қолданылады.

Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.

Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:

  • ес пен тілді дамытуы;
  • оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
  • оқушылардың білімінің белгілі болуы;
  • жақсы диагностикалық құрап;
  • үлкен тәрбиелік күші бар.

Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:

  • уақыттың көп кетуі;
  • қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.

Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби: «Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік»,-деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.

Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен  өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім  мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі  сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық  бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде  қабылдайды. Қазіргі мектепте осы  мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен  топқа бөлуге болады: иллюстрация  және демонстрация.

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар –  атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау  арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі  құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл  бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш  техникасы кабинеттерін құру міндеті  шешілуде, оқу процесіне белгілі  бір жағдаяттарды және процестерді  үлгілеуге мүмкіндік беретін  компьютерлерді енгізу міндеті де қолға  алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі  түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:

  • көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
  • көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;
  • демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
  • иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
  • құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
  • демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
  • көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.

Оқытудың тәжірибелік  әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.

Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің  ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу  сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.

Келесі шолу әрбір әдістің  артықшылығы мен кемшіліктеріне тоқталады.

1.Баяндама

Жағдай: Оқытушы оқу тобының  алдында тұрады және фактілер, түсініктер, негіздер және үрдістер туралы көбіне мүдіріссіз айтады. Ол толық жете зерттелген білімді алдыға тартады, жол-жөнекей  сұрақтарды күтпейді.

Информация о работе Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі