Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Әдістеме -педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар [

Содержание работы

Кіріспе
1.Кәсіби оқытудың жалпытехникалық пәндерін оқытудың жалпы сұрақтары
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері
1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
1.3 Оқу әдістері және құрал жабдықтары
1.4 Оқытудың кәсіби білім беру жүйесіне қатысты жалпы дидактикалық қағидалары
1.5 Кәсіби оқытудың жүйесі
1.6 Теориялық оқытуды ұцымдастырудың негізгі формалары
1.7 Теориялық оқытуды құрылымы және типтері
3 Оқу процесін ұйымдастыру
3.1 Кәсіби оқу педагогының оқу жоспарын жоспарлау жіне даярлау
3.2 Кәсіби оқытудың оқу-материалдық базасы
3.3 Кәсіби бағдар беру мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс
Тест тапсырмалары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 75.20 Кб (Скачать файл)

Егер ауқымды тақырып  бойынша кіріспе әрекеттер беру керек болса, бұл әдіс өте тартымды.

Артықшылықтары:

  • үлкен көлемді деректерді қысқа мерзімде беруге болатындығы
  • қарапайым әдістемелік және ұйымдастырушылық дайындық мүмкіндігі
  • огикалық жүйелілікті сақтауға жеңіл қол жеткізуге болатындығы

Кемшіліктері:

  • кең көлемді білімді қабылдауға үлкен күш керек, есте сақтап қалу қиын
  • шаршатады, 20 минуттен артық назар салып тыңдау ылжыратып жібереді!
  • әралуан алдыңғы білімдерді ескеру мүмкіндігінің жоқтығы
  • сұрақ қою мүмкіндігі жоқтың қасы
  • оқушыларға жоғары талап қойылу қаупі бар

- оқу енжар түрде өтіп жатады

2. Презентация

Жағдай: Оқытушы оқу тобының  алдында тұрып, нақты заттарды, модельдерді, жұмыс мысалдарын, сондай-ақ фотосуреттерді, постерлерді және есту-көру ақпарат  құралдарын – фильмдерді, диапозитивтерді  және т.б. ұсынады. Алға тарту түсіндірумеен  қоса жүріп жатады. Білім беруді қызықты, көрнекті және практикаға жақын  етіп іске асырып, фактілер қабылдауды жеңілдету үшін бұл әдіс орынды.

Артықшылықтары:

  • оптикалық қолдау қабылдау қабілетін және түсінуін ынталандырады
  • әдістемелік дайындық қиын емес
  • логикалық жүйелілікті оңай қабылдауға болады
  • оқушылардың басқадай тек орнында тұрғанда ғана мағлұмат алатын нақты заттар мен жағдайларды көз алдына келтіре алатындығы

Кемшіліктері:

  • егер талқылау жүрсе, білімді қамту тек біржақты жүреді
  • егер қосымша шаралар болмаса, біржақтылық қаупі бар
  • әралуан алдыңғы білімдерді ескеру мүмкіндігінің жоқтығы

-егер оқушы құрылғыларды қолдануда тәжірибесіз болса, құрылғыларда техникалық сәтсіздіктер болу қаупі бар

- оқу енжар түрде өтеді

- 20 минутттен артық назар салып тыңдау қалжыратып жібереді

3. Көрсету

Жағдай: Оытушы оқу тобының  алдында тұрып, сайманды ұстауды  немесе машинаны күтуді немесе белгілі  бір жағдайда тығырықтан қалай шығу керектігін көрсетеді.

Егер практикалық жұмыс  әрекеттері көрсетілуі керек болса, бұл әдіс әсіресе ыңғайлы.

Оны нұсқанаумаға қатысты  қолдануға болады.

Артықшылықтары:

  • егер соңынан еліктеу болатын болса, көптеген дағдыларға үйрету оңай
  • бұрыс әрекеттерден және қателерден аулақ болып немесе басталғанша жөндеуге болады
  • қадамдардың дұрыс жүйелілігін оңай құруға болады
  • егжей-тегжейлі тәжірибе беруге болады
  • әртүрлі жылдамдықпен дағды көрсетудің жақсы мүмкіндігі

Кемшіліктері:

  • оқытушының мүмкін болу қателіктері оқушыға ауысады
  • 20 имнуттен артық назар салып тыңдау қалжыратады
  • әралуан алдыңғы білімдерді ескерілмейді
  • азғантай ғана оқушының көре алатындығы
  • оқушылар тез шаршайды

- дайындық көп уақытты тілейді

4. Барлау (зерттеу)

Жағдай: Оқытушы бақылау  үшін негізгі баптары белгіленген  есептерді дайындайды. Ол берілген есептерге жауап табу үшін белгілі  бір жерде барлау жасауға тапсырма береді. Оқытушы оқушыларды бақылап  және топты бағдарлайды (қауіпсіздік  шаралары). Бұл – оқу тобын  белгілі бір ортаға енгізуге арналған жақсы әдіс.

Артықшылықтары:

  • оқу орнымен танысудың босаңсыған және қызықты жолы
  • оқушылар назар салып бақылауды үйренеді
  • оқушылардың алдыңғы білімін қатыстырудың қысқа жақсы мүмкіндігі

Кемшіліктері:

  • көп уақыт талап етеді

- оқушыларға келесіде әлі де өңдеуді талап ететін толық емес түсінік берілуі мүмкін.

5. Оқу сұхбаты

Жағдай: Оқытушы білімді  фактілер, негіздер мен үрдістер түрінде  береді және ойлану бағдарына әсер ету үшін сұрақтарды пайдаланады  да, жауаптар мен талқылаулар күтеді. Бұл жерде барлық дидактикалық негіздерді ескеруге болады, бұл ең кең тараған  оқыту әдісі. Бұл түсінуді және “байланыста  ойлауды” дамытуға өте қолайлы.

Артықшылықтары:

  • оқытушы парасаттық (танымдық) қабілетті даму үрдісін тікелей қолдап отырады
  • ауқымды деректер аздаған қадамдармен талдана алады
  • оқудың өте белсенді жолы
  • оқушылардың алдыңғы білімін қатыстыруға жақсы мүмкіндік

Кемшіліктері:

  • сұрақтар қоюдың қате техникаларын қолдану қаупі бар
  • оқытушы оқушыны асыра бағалап жіберуі мүмкін
  • оқушының өз пікірінің бағытын ойластыруына әсер ету қаупі бар

Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін  білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы  жас ұрпақты тәрбиелеу мен  оқыту процесінің заңдылықтарын  дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін  және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тәнзаңдылықтарын пәндік дидактика  қарастырады. Бұлардың әрқайсысына  тән өзіндік ерекшеліктеріне  байланысты оқыту Әдістемелері бар.

Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен  сөйлеуге баулу әдістемелерінің  ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын  Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның «Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы» деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, «Баяншы», «Тіл жұмсартар» деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.

Осы кезеңнен бастап, қазақ  әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан  салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың  жеке бөлімдері бойынша берілетін  білім мен дағдыларды меңгертудің  тиімді жолдары зерттеле бастады.

Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі  озат тәжірибелер мен мәселелерді  жедел ғылым талдаудан өткізіп  отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Зертханалық және практикалық   сабақтарды өткізу әдістемесі

 

Бүгінгі күні бүкіл дүние  жүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен  оқыту үрдісінің сапалы да жемісті  жолы аудиториялық сабақтардың көлемін  тиімді қысқарту арқылы студенттердің  өздік жұмыстарына уақытты көбірек  беріп, олардың шығармашылық қабілетінің  өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының  барысындағы студенттердің еңбек  санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз  берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі  «үлгермеушілікке» және білім сапасының  төмендеуіне әкеліп соғады.

Осыған байланысты, зертханалық және практикалық  жұмыстарды орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма беру, соған байланысты әр тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс.

Студенттердің қарқыны қай  пәнді болсын оқу кезіндегі зертханалық  жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің зертханалық жұмыстарының ішкі мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.

 Негізінен алғанда,  студенттердің зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:

 студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,

 әдістемелік қамтамасыз  ету,

 бақылау және орындалу  бағасы,

 талдау және жетілдіру.

 Студенттердің  зертханалық және практикалық жұмыстарын жоспарлау кезінде, студенттердің өздік жұмыстарымен қатар мұғалімнің жетекшілігімен өткізілетін (СМЖӨЖ) да сағат бөлу керек,, яғни СМЖӨЖ-ң көлемі әр пәнге бөлінген лекция, практика, студиялық және семинар сағаттарының толық көлемінен кем болмауы керек. Қалған өздік жұмыстарының сағаты күнделікті орындауды талап ететін комьютердің тапсырмасымен толықтырылуы тиіс.

Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өткізілетін жұмыстардың уақыты көрсетіліп, оқу кестесіне енгізілуі  тиіс және сабақтан соң арнайы аудиторияда  өткені жөн.

Әр оқу пәнінің жұмыс  бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне  студенттердің өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау  мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа  да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Студенттердің зертханалық және практикалық жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.

 Жоғары оқу орындарында  студенттердің өздік жұмыстарының  қарапайым және қолайлы түрі  – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы  баяндама немесе деректі мәсеені  талқыға салатын ғылыми жиналыс  түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет [11].Мысалы, студенттердің жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді.

Барлық инженерлік қызметтің  негізгі мазмұны жобалық-конструкторлық және жобалық-технологиялық құралымнан тұратыны мәлім. Курстық жоба, дипломдық  жоба сияқты жобалық-конструкторлық және оқу ісінің синтезін құрайтындықтан, болашақ маман үшін, әсіресе инженерлік мамандар үшін өте қажет курстық жобаны ерекше атап өткен жөн тәрізді.

Тәжірибе көрсеткендей, бір  курстық жобаны 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын  арттыруға болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара  көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін  тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау  кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады.

 Білімгерлердің өздік  жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері  де үлкен нәтиже береді. Өзін  бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру  – оқушының қызығушылық көзқарасын  және белсенділігін арттыратын  сенімді тәсіл. 

Әр пәнге арналған өзіндік  жұмыстар студенттердің өз күштеріне  сенімділігін және жауапкершілігін  арттырып, өзіндік баға беру қабілетін  қалыптастырады.

Өзіндік жұмыстың нәтижесін  көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік  шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті  нәтижесін алу үшін қойылатын  негізгі шарт – студенттерді оқу-әдістемелік  және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.

Әрбір студенттің өсуі мен  жетілуі оқыту барысында табысты  болуы үшін, оқытушы олардың әрқайсының қабілетіне байланысты бейімделген  және ерекшеліктеріне сай болуға тиісті, яғни бұл жерде жеке студентке  тең құқықты серіктес ретінде  сыймен қараудың да маңызы зор. Қайталап айтатын болсақ, жоғары мүддеде үлкен  қарқынмен оқыту талабына сай  студенттердің өздік жұмыстарына  көбірек уақыт беру арқылы оқушының өздігінен ойлау қабілетін кеңейтіп, ізденісін арттыратын деп сөз  жүзінде айтып қана қоймай, сонымен  қатар, білім беру ісінің сапасын  арттыру үшін оқыту үстінде оң қабақ танытып, ұнамды көңіл қоюдың да мәні зор.

 Білім беру барысында  мұғалім пәнге деген қызығушылықты  тудырып, оқушы содан қанағат  алатындай жағдай жасауы керек.  Өйткені оқу материалын саналы  түрде меңгеру, оның қажеттілігін  түсініп, мәнін ұғынуға көп  байланыст

Жоғарғы мектептерде оқытуды  ұйымдастырудың әр алуан түрлері  бар: лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық  жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика және басқалар. Дидактикада олар студенттердің  белгілі бір дидактикалық міндеттерді  шешуі үшін танымдық қызметтік басқару  тәсілдері ретінде түсіндіріледі.

Информация о работе Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі