Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Әдістеме -педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар [

Содержание работы

Кіріспе
1.Кәсіби оқытудың жалпытехникалық пәндерін оқытудың жалпы сұрақтары
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері
1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
1.3 Оқу әдістері және құрал жабдықтары
1.4 Оқытудың кәсіби білім беру жүйесіне қатысты жалпы дидактикалық қағидалары
1.5 Кәсіби оқытудың жүйесі
1.6 Теориялық оқытуды ұцымдастырудың негізгі формалары
1.7 Теориялық оқытуды құрылымы және типтері
3 Оқу процесін ұйымдастыру
3.1 Кәсіби оқу педагогының оқу жоспарын жоспарлау жіне даярлау
3.2 Кәсіби оқытудың оқу-материалдық базасы
3.3 Кәсіби бағдар беру мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс
Тест тапсырмалары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 75.20 Кб (Скачать файл)

Сонымен қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды ұйымдастыру  түрлері ретінде болады, өйткені  олар оқытудың мазмұны мен әдістерін  жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады.

 Жоғары мектептерде  оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық  және дәрісханадан тыс жолдармен  іске асырылады, олардың әрқайсысында  студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады [12 ]. Оқу пәнін ұйымдастырудың дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға болады.

Оқу процесін ұйымдастыру  түрлері

Теориялық дайындыққа бағытталған 

Практикалық жұмыстарға бағытталған

 лекция,

 семинар,

 өз бетінше жұмыс,

 конференция,

 кеңес беру практикалық  оқулар,

 курстық жобалау,

 дипломдық жобалау,

 практика,

 іскерлік ойындар

Жоғары оқу орнындағы практикалық сабақтар. Жоғары мектептердегі оқыту процесі қайсыбір пәнді тереңдетіп оқытуға арналған практика-сабақтарды қамтиды. «Практикалық сабақ» термині педагогикада зертханалық жұыстардан, жаттығулардан, әр түрлі семинарлардан тұратын, жинақтайтын тектес ұғым ретінде пайдаланылады. Дәрісханада өтетін практикалық оқулардың студенттердің оқытушылармен бірлескен қызметінде практикалық міндеттерді шешу үшін алған білімдерін пайдалану дағдысын қалыптастыруда маңызы зор. әр түрлі практикалық сабақтар академиялық жүктемелердің ең сыйымды бөлігі болып табылады.

Төменгі курстарда практикалық  сабақтар жүйелік сипатта болады, олар әрбір немесе екі-үш лекцияның  соңынан үнемі өткізіліп отырады. Күндізгі және кешкі бөлімдерде, барлық лекциялық курс және оның негізгі, күрделірек бөлімдері лекциялар мен практикалық  сабақтар арқылы өтеді, олар лекцияда басталған жұмыстарды іштей жалғастырады.

Егер лекция ғылыми білімнің жалпы түріндегі негізін қаласа, практикалық сабақтар осы білімдерді тереңдетеді, кеңейтеді, бөліктерге жіктейді, кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Практикалық сабақтар студенттердің  ғылыми ойлауы мен оны өз сөзімен  жеткізу қабілетін дамытады, олардың  білімін тексеруге мүмкіндік  жасайды, осыған орай, жаттығулар, семинарлар, зертханалық жұмыстар мейлінше жедел  кері байланыстың маңызды құралы ретінде саналады.

Практикалық сабақтардың  жоспары – пәнді оқыту жоспарының бір бөлігі. Ережеге сәйкес, ол кафедраның мәжілісінде талқыланады және лекция курсының негізгі ғылыми идеялары мен  жалпы бағытына жауап бере отырып, кафедраның барлық оқытушыларына ортақ  болып табылады. Алайда, бұл оқытушылардың  бастамасы мен педагогикалық  шығармашалығы кафедра жоспарына  байланысты болады дегенді білдірмейді. Практикалық сабақтардың әдістемесі оқытушының тәжірибесі мен әдістемелік  тұжырымдамасына байланысты әр түрлі  болуы мүмкін. Мұндағы маңызды  нәрсе: студенттердің оқу жұмыстарында білімді меңгеруіне жағдай жасау

 Практикалық сабақтар  теория мен практиканың байланысын  жүзеге асырудың өзіндік нысаны  болып табылады. Практикалық сабақтардың  құрылымы негізінен бірдей –  оқытушының кіріспе сөзі, студенттердің  материал бойынша қосымша түсіндіруді  қажет ететін сұрақтары, практикалық  бөлігінің өзінен, оқытушының қорытынды  сөзі. Рефераттардан, баянадамалардан,  пікірталастардан, жаттығу тапсырмаларын  орындаудан, міндеттерді шешуден,  бақылаудан, эксперименттен және  т.б. тұратын негізгі, практикалық  бөлігінде әр түрлілік туындайды.  Тәжірибе көрсеткендей, практикалық  сабақтарда тек практикалық дағдыларын  қалыптастырумен, міндеттерді шешудің  техникасымен, графиктер құрумен  және тағы басқалармен шектеліп қалуға болмайды [13 ]. Студенттер әрқашан курстың басты идеясын және оның практикасын көре білуі керек. Сабақтың мақсаты тек оқытушыға ғана емес, студенттерге де түсінікті болуы керек. Бұл оқу жұмысына өміршеңдік сипат береді, кәсіби қызметтің тәжірибесін меңгеру қажеттігін паш етеді, оларды практикалық өмірмен байланыстырады.

 Оқытушы сабақты барлық  студенттер шығармашалық жұмыспен, дұрыс және дәл шешімдер іздестірумен  айналысатындай етіп өткізу керек.  Әрбір студент өзін «ашып»  көрсетуге мүмкіндік алуы керек,  сондықтан оқытушы оқу және  жеке тапсырмалар жоспарын дайындағанда  әр студенттің жұымын қадағалайтын, студенттің бастамасы мен дербестігіне  қысым жасамай, дер кезінде  лайықты педагогикалық көмек  көрсетуге қабілетті кеңесші  ретінде көрінеді.

Практикалық сабақтар. Практикалық сабақтар өз атауын «көшет өсірілетін ыдыс» деген мағына білдіретін латынның «seminaries» деген сөзінен алынған. Олар ежелгі грек, рим мектептерінде пікірталастардың сабақтастығы, студенттердің хабарламасы, түсіндірмесі, оқытушының қорытындысы ретінде өткізілді.

 Қазіргі жоғарғы мектептерде  семинар – гуманитарлық және  жаратылыстану пәндері бойынша  практикалық сабақтардың негізгі  түрлерінің бірі. Семинар белгілі  бір пәнді тереңдетіп оқуға  арналған.

 Семинарлық сабақтардың  мамандар дайындауға мүмкіндіктері  зор, сондықтан кафедралар оны  әр алуан және күрделі талаптарды  табысты шешуге мүмкіндік жасайтын, оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі  формасы ретінде көреді. Семинарлар  студенттердің шығармашылық дербестігін  дамытады, олардың ғылымға және  ғылыми зерттеулерге қызығушылығын  күшейтеді. Семинар сабақтары  барысында студенттер ғылыми  ақпаратты иемденеді, ғылыми жұмыстарды  рәсімдеу икемін қалыптастырады, материалды ауызша және жазбаша  баяндау өнерін, дамушы ғылыми  қағидалар мен қорытындыларды қорғауды игереді. 

Жоғары мектептерде үш түрлі семинар сабақтары белгілінген: алдын-ала өтетін семинар, арнайы семинар  және жеке семинар.

 Алдын-ала өтетін семинар,  аты айтып тұрғандай, семинарға  кірісуге дайындайтын сабақ. Осындай  сабақтар, негізінен, 1 курс студенттерін  өз бетінше істелетін жұмыстың  ерекшеліктерімен, сонымен қатар  әдебиеттермен, түпнұсқалармен, олармен  жұмыс істеу әдістерімен таныстыру мақсатында өткізіледі. Тәжірибе көрсеткендей, 1 курс студенттері бірнеше түпнұсқалармен жұмыс істей алмайды, ұсынылған әдебиеттер тізімін оқып, қажетті материалды қалай іріктеп алу керектігін, оны тақырыбына, қойған міндеттеріне сәйкес баяндауды білмейді. Сондықтан, бірнеше түпнұсқалармен жұмыс істегенде студенттерге дағдыға айнала бастайтын, ғылыми мәселелерді шешудің компилятивтік тәсілдерінен сақтандыра отырып, түпнұсқалармен жұмыс істеу дағыдысын дамытуға басты назар аудару керек. Алдын-ала өтетін семинардағы жұмыстың екінші кезеңі – студенттердің белгілі бір тақырыпқа рефераттар дайындауы, алдын-ала өтетін семинарға қатысушылардың оны оқуы, талқылауы және жетекшінің қорытындысы.

Маңыздырақ оқу және тәрбие міндеттері ІІ-ІІІ курстардағы семинарларға, негізінен V курстағы студенттердің  материалға зерттеушілік тұрғыдан келуін қалыптастыратын арнайы семинарларда шешіледі. Жоғары мектептерде семинарлық сабақтың үш түрі белгіленген: негізгі  мақсаты белгілі бір жүйелі курсты және тақырыбы жағынан онымен тығыз  байланысты курсты тереңдетіп оқытуды  көздейтін семинар; курс тақырыптарының немесе тек бір тақырыптың жекелеген  қатынастарын түбегейлі қайта қарап  жетілдіруге арналған семинар; жекелеген  проблемаларды тереңдету қарастыру  үшін өткізілетін зерттеу түріндегі  семинар немесе арнайы семинар.

Жоғары курстардағы семинар  бірте-бірте студенттерді арнаулы  семинарға – арнайы ұйымдастырылған  семинарға, жас зерттеушілерді, аз ғана уақытқа болса да, белгілі бір  мәселені танып-білуге алып келеді. Алдын-ала  семинар мен семинарға қарағанда  арнайы семинардың табысты болуы  оған кімнің жетекшілік етуіне көбірек  байланысты. Белгілі маман жетекшілік ететін арнайы семинар студенттерді ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа бейімдейтін ғылыми мектеп сипатына ие болады. Бұл жерде студенттердің  топтық жұмысқа және оны бағалауға  деген бағыт-бағдарын арнайы тәсілдерді (мысалы, жағдайларды моделдеу және т.б.) пайдалануныңы маңызы бар. Сабақ  соңында жетекші, әдеттегідей, студенттердің  ғылыми қызығушылығын қалыптастыра, мәселені әрі қарай зерттеу көкжиегін  аша отырып, семинар сабақтары  мен жұмыстарына ғылыми тұрғыдан толық шолу жасайды. Семинар сабақтарының сапасын бағалауда, оларға дайындықты жоспарлауда төмендегі критерийлер  пайдалы болады:

 Мақсаттылық – мәселелер  қою, теориялық материалдарды,  оларды болашақ кәсіби қызметіне  пайдалана отырып, практикалық материалдармен  байланыстыруға ұмытылыс; жоспарлау  – негізгі пәндерге қатысты  басты мәселелерді бөліп қарау,  әдебиеттер тізімінде жаңалықтың  болуы; семинарды ұйымдастыру  – пікірталас туғызу және қолдай  білу, студенттердің барлық жауабы  мен шығып сөйлеген сөздерін  сындарлы талдау, оқу уақытын  мәселелерді талқылаумен толықтыру,  оқытушының өзінің әрекеттері; семинарды  өткізу стилі – пікірталастан  туындаған, өткір мәселелерді  талқылап, қызу өтетін немесе  ойға қозғау салмай, сылбыр өтетін, оқытушының студентке қарым-қатынасы – сыйластық, ретіне қарай талап қоя білу немес кеңпейілді; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы – сыйластық немесе немқұрайлы, сынаушылық; топты басқару – оқытушы семинарға қатысушылармен тез байланыс орнатады, топта өзін сенімді, еркін ұстайды, барлық студенттермен әділ, байсалды әрекет жасайды немесе керісінше, көптеген ескертулер жасайды, дауысын көтереді, басқаларын елеусіз қалдырып, аз ғана студенттердің жұмысына сүйенеді; оқытушының қорытындысы – білікті, сенімді немесе студенттердің білімін байыптайтын, теориялық тұжырым жоқ; студенттер семинарларда жазу жұмыстарын жүргізеді – үнемі жүргізеді, сирек жүргізеді, тіпті жүргізбейді.

Зертханалық сабақтар студенттердің  теориялық-әдістемелік білімі мен  оқу-зерттеу сипатындағы қызметінің біртұтас процесіндегі практикалық  білігі мен үйлестіруге ықпалдастыруға мүмкіндік жасайды. Олардың ролінің  артуы – эксперименттің қазіргі  нысанында тез дамуына байланысты, соның нәтижесінде іс жүзінде  жоғары оқу орындарын бітірушілердің барлығы да зерттеу жұмыстарына  даяр болуға тиіс. «Зертхана» деген  сөздің мағынасы (латынша labor – ебек, жұмыс, қиындық) туындаған ғылыми және өмірлік маңызы бар міндеттерді  ой және дене еңбегін қолданып, шешумен  байланысты, ежелден қалыптасқан  ұғым екендігін білідреді. «Практикум»  сөзі де сол ойды білдіреді: грекше practices «әрекетті» білдіреді, осыған орай, студенттерден қажырлы іс-әрекетті талап ететін оқу сабақтарының түрін  білдіреді. Зертханалық жұмыстардың  нақты оқу мамандығына байланысты айрықша айқын көрінетін ерекшеліктері болады [16]. Сондықтан бұл жағдайда жалпы педаогикалық ұсыныстарға қарағанда, жеке ұсыныстар орындылау.

  Зертханалық сабақтарда жұмыстың тиімді нысандарының бірі бірлескен топтық жұмыс болып табылады. Оның нақты бағыты оқытушылардан көп жұмысты талап етеді. Практикалық сабақтарды, оларды студенттерді практикалық жұмыстардың әдістерімен қаруландыратындай, олардың ойлау қызметін жандандыратындай, алдағы уақытта тереңдетілген өз бетінше істелетін жұмысқа әкелетіндей етіп өткізу маңызды саналады.

Жаттығулар – практикалық  сабақтардың маңызды бөлігі. Жаттығудың негізі – лекцияда теория тұрғысынан талданып дамытылған мысал. Әдетте, нақты  біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға баса назар аударылады, бұл студенттер қызметтерінің мазмұнын – міндеттерін  шешуді, графикалық жұмыстарды, дұрыс  ойлау мен сөз сөйлеудің алғы шарты болып табылатын ғылымның категориясы мен ұғымын нақтылауды айқындайды.

 Студенттердің өз бетінше  жұмысы. Жоғары мектептің орта  мектептен айырмашылығы – даярлаудың  мамандандыруылында ғана емес, ең  бастысы, оқу жұмыстарының әдістемелеріне, студенттердің дербестік деңгейіне  байланысты. Жоғары оқу орнының  оқытушысы тек белгілі бір  түрде студенттердің танымдық  қызметін ұйымдастырады, ал танымды  студент өзі жүзеге асырады.

  Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының басқа түрлерінің міндеттерін орындап тамамдайды. Өз қызметінің объектісі бола алмаған ешқандай да білім адамның шын мәніндегі игілігіне айналмайды. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен біліктің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білікті маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар. Сондықтан әрбір жоғары оқу орнында, әрбір курста оқытушының басшылығымен барлық студенттердің өз бетінше жұмысы үшін қажетті материалдар тыңғылықты түрде іріктеліп алынады.

 Студенттің пәнде оқылатын  материалды меңгеруге арналған  типтік есептеулер деп аталатын  арнайы құрылған есептерді орындау  – сонымен қатар рефераттар  жазу және студенттердің ғылыми  жұмыстардың тақырыбын зерттеу  жөніндегі өз бетінше жұмысы  да. Дәрісханадан тыс практикалық  сабақтарға оқу залдарында, компьютерлік  сыныптарда және үй жағдайларында  орындалатын практикалық жұмыстар  жатады, бұл оқулықтарды, оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен  қатар ғылыми монографияларды  және мерзімді басылым әдебиеттерін  қажет етеді. Дербестік тұлғаның  сапасы ретінде оқытудағы негізгі  көрсеткіш болып табылады және  оның дамуы белгілі бір дидактикалық  әдістерді талап етеді. 

Егер студент танымдық қызметтің тәсілдері берілмеген оқу кітаптары бойынша жұмыс  істесе, онда ол дербес таңдау жасағаны.

 Ал егер ол танымдық  қызметті оған бұйырылған әрбір  әрекетін қадағалайтын және оның  дұрыстығына бақылайтын ережелер  арқылы жүзеге асыратын болса,  онда бұл дербестік емес, бұл  оның белсенділігі. Студент танымдық  қызметті материалды меңгерудің  шарты ретінде әрқашан өзі  жүзеге асырады, бірақ ол барлық  уақытта дербес болмауы мүмкін. Типтік есептеулерді орындағанда,  танымдық қызметтегі белсенділікті,  ал ғылыми жұмыстарды орындағанда  – танымдық дербестікті талап  ету керек.

Информация о работе Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі