Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Әдістеме -педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар [

Содержание работы

Кіріспе
1.Кәсіби оқытудың жалпытехникалық пәндерін оқытудың жалпы сұрақтары
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері
1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
1.3 Оқу әдістері және құрал жабдықтары
1.4 Оқытудың кәсіби білім беру жүйесіне қатысты жалпы дидактикалық қағидалары
1.5 Кәсіби оқытудың жүйесі
1.6 Теориялық оқытуды ұцымдастырудың негізгі формалары
1.7 Теориялық оқытуды құрылымы және типтері
3 Оқу процесін ұйымдастыру
3.1 Кәсіби оқу педагогының оқу жоспарын жоспарлау жіне даярлау
3.2 Кәсіби оқытудың оқу-материалдық базасы
3.3 Кәсіби бағдар беру мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс
Тест тапсырмалары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 75.20 Кб (Скачать файл)

Оқыту процесінде бұл принциптер бір-бірімен  өзара тығыз байланыста және бірлікте жүзеге асырылады.

Оқу орындарының даму тарихында  оқытуды  ұйымдастырудың әр түрлі  формалары  пайдаланылады. Оқыту  формаларының бірте өзгеруі мұғалім  мен  оқушылардың іс-әрекетінің, өнер-кәсіптің,  ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне  байланысты болады.

Семинар сабағы – бұл  арнайы немесе жекелеген  пәндер бойнша өткізіледі. Семинарға қатарынан  екі сабақ беріледі, онда 2-3 мәселелер  қарастырылады. Оқушылар сабаққа дайындалу  үшін әрбір мәселе бойынша материалдар  жинайды, бақылау жасайды, кітапханаға, мұражайға, көрмеге, архивке барады, құжаттармен танысады, қосымша әдебиеттерді зерттейді.

Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен  жұмыс істеуге үйретеді, зерттелген материалдың мәніне жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді. Демек, семинар сабақтары оқушыларды зерттеу  жұмысының кейбір элементтерімен таныстырады.

 Практикумдар – курс  тарауы аяқталғаннан кейін оқушылардың  өз бетімен орындайтын зертханалық  жұмысының кешендісі. Зертханалық  жұмыстарды оқушылар топ-топ болып  дербес орындайды, эксперименттік  есептер шығарады.

Мұғалім оқу бағдарламасының  материалдарын және мектептің нақтылы  жағдайын есепке алып, практикумдар тақырыбын  анықтайды. Оқу жоспарындағы сағаттардың  есебінен практикумдарды өткізуге 6-8 лабораториялық сабақтар бөлінеді. Зертханалық жұмыстар негізінен берілген пәндер бойынша  өткізіледі.

     Оқу процесін  ұйымдастыру формасы сыныптық-сабақтық  жүйесінің ерекшеліктері:

     - оқушылардың  жас және дайындық  деңгейлерінің  шамалас болуы; 

     - әр сынып  жылдық оқу жоспары  бойынша  жұмыс істеу;

     - оқыту процесі  - бірлескен бір-бірімен  жалғасқан  сабақ жүйесі;

     - әр сабақ  бір пәнге ғана арналуы (монизм);

     - сабақтың  арнайы кесте бойынша  өтуі;

     - мұғалімнің  жетекшілік ролі;

     - оқушылардың  оқу-танымдық іс-әрекеттері  қалыптастыруда  оқушылардың оқу  іс-әрекеттерін  ұйымдастырудың әр  түрлі формаларын  қолдану.

       Арнайы  пәндерден зертханалық және практикалық сабақтар  оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Арнайы  пәндерден зертханалық және практикалық сабақтарды  жоспарлау оқу жылына арналған  оқу- тәрбие процесінің графигі  мен теориялық және практикалық  сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

     Арнайы  пәндерден  сабақтан тыс курстар  мен  факультативтік сабақтардың есебі  теориялық және өндірістік оқытудың  есепке алу журналдарын және  оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында  орындалуын есепке алу табельдерін  жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Арнайы  пәндерден сабақтан тыс курстар  мен факультативті  сабақтарды  өткізуге қойылатын жалпы талаптар  кәсіптік мектептер үшін бірдей  десе болады.

       Орта  кәсіптік-техникалық мектептерде  сабақтан тыс курстар мен факультативті   сабақтар әдетте, оқушылардың қалауы  бойынша аудиторияларда немесе  арнаулы құрал-жабдықтармен шеберханаларда  өткізіледі.

       Сабақтан  тыс курстар мен факультативтік  сабақтарды жоғары әдістемелік  дәрежеде өткізу үшін мұғалім  дәстүолі сабаққа қалай әзірленіп  өткізсе, мұнда да сабаққа алдын  ала мүқият дайындалуы керек,  әрбір жұмыс орнын қажетті  жабдықтармен қамтамасыз етіп, жұмыстың  озық әдістерін ұйымдастыруын  көздейді.

       Арнайы  пәндерден сабақтан тыс курстар  мен факультативтік сабақтарды  өткізудің негізгі мақсаты - оқушылардың  ғылыми-теориялық білімін, танымдық  ынтасын, шығармашылық қабілетін  дамыту, оқушылардың теориялық сабақтардан  алған білімдерін практика жүзінде  бекіту, оларға машиналар мен  механизмдердің құрылысын тереңірек  таныстырып, бөлшектеу, жинау, реттеу  әдістерін үйрету.   Арнайы  пәндер бойынша сабақтан тыс  курстар мен факультативті сабақтарды 10 немесе 15 топтар бойынша ұйымдастыруға  болады; мұндай жағдайда 8-12 топ сабақты  шеберхана зертханасында өтеді  де, 2-3 топ өндірістік оқыту шеберімен  бірге машина-трактор агрегаттарын  жөндеуге дайындайды. Оқушыларды  топтарға бөлгенде, олардың «қабілеттеріне, сабақ үлгерімдеріне қарай дұрыс  жасақ-тай білу керек. 

Мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат - оқушыға тек сапалы білім берумен шектелмей, оны  келешек өмірге дайын азамат ретінде  қалыптастыру. Оқу-зертханалық жұмыстардың  дұрыс жолға қойылуы оқушылардың  техникалық білімін қалыптастыруда үлкен маңызға ие [25].

«Байланыс және телекоммуникация»  траекториясының арнайы пәндері эксперименттік ғылым болғандықтан онда теорияны практикамен ұштастыру мақсатында зертханалық-тәжірибелік жұмыстар жүргізу қажет.

Зертханалық жұмыстарды орындау  кезінде оқушылардың пәнге деген  қызығушылығы артады. Оқушылардың белсендігін  арттыруда мынандай жұмыс түрлерін ұйымдастырамын: пәнге қажетті арнайы сілтемелік материалдар карточкалар, тестер, тірек конспектілері;пәннің қоғамдағы рөлінің маңызын түсіндіру, оқушыны психологиялық тұрғыдан дайындау.

Сабақ беретін пәндерім гидравлика, электротехника, термодинамика, физикамен  тығыз байланысып, содан бастау алатындықтан оның жаттығулармен, яғни есептермен тығыз  байланысты екенін барлығымыз білеміз. Сондықтан есептерді жақсы түсініп, шеше білу оқушылардың зертханалық  жұмыстарды орындау барысында көп  көмегін тигізеді.

Жаттығуларды дамытуда оқытудың арнаулы мақсаттарын шешу үшін үш саты қарастырылады: дайындық жаттығулары; үйретуші жаттығулары; жаттықтырушы жаттығулар;

Дайындық жаттығулары  іскерлік, дағды әдістерді қалыптастыруда жаңа материалдарды сапалы түрде  меңгеру үшін қажетті білім мен  практикалық іс-әрекет түрлерін жүйелеу  есте тұрақтандыруды, іс-әрекеттің  жекеленген тәсілдерін меңгеруді қамтиды.Жаңа материалдарды түсіндіргеннен кейін  үйретуші жаттығулар беріледі.Үйретуші және жаттықтырушы арасындағы байланысты сақтаудың үлкен мәні бар.Егер көп  уақыт үйретуші жаттығулар орындайтын болса, онда оқушылар оқытушының көмегіне сүйеніп, өзіндік даму мен ойлау  әрекетінің белсенділігін тежейді.

Зертханалық жұмыстарды орындау  кезіндегі іс-әрекеттің жобасы көбінесе үш жағдайда қарастырылады: Тәжірибе жүргізу  жоспарын дайындау. Тәжірибе,бақылау, өлшеулер жүргізу. Істелінген жұмыс  бойынша есеп.Тәжірибені жүргізу  жоспарын дайындау.

1.Тәжірибенің мақсатын  ұғыну. 

2. Тәжірибе жүргізуге  қажетті жағдайларды анықтау. 

3. Тәжірибе жүргізу жоспарын  жасау: тәжірибелер мен бақылаулардың мазмұны мен жүргізу ретін зерттеу; өлшеуге тиісті шамаларды анықтап алу, бұларды өлшеу әдістерін ұғыну; өлшеу нәтижелерін жазу амалын таңдап алу, кесте сызу; тәжірибеде алынған шамаларды өңдеу әдістерімен танысу.

4. Эксперимент жасайтын  қоңдырғылармен танысу.

Тәжірибе, бақылау, өлшеулер жүргізу.

1.Жұмыс үстеліндегі құралдар  мен материалдарды түгелдеу.

2. Эксперименталдық қондырғыны  жинау және ретке келтіру

3. Тәжірибелерді, бақылауларды  және өлшеулерді жоспарланған  ретпен жүргізу.

Істелінген жұмыс бойынша  есеп. Алынған мәліметті талдау.  Қортындыларды шығару, жұмысты талдауға дайындау.

Бүгін елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық – әлеуметтік даму өзгерістері келешек ұрпаққа  тәлім-тәрбие беру үрдістерін жаңа сатыға көтеруді міндеттейді.

Сондықтан да білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны  қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың  шығармашылық қабілетін жетілдіріп, рухани сұраныстарын қанағаттандыруға, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік  ұстануға бағытталуы тиіс.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Білім- қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.

Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси  жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз»-деді  [ 3 ].

Халықтық мәдени құндылықтар  мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қандай қоғам болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы  үшін білім мен тәрбие жүйесін  мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре  отырып құруға мүдделі.

 Ендеше, мемлекетіміздің  өз бағытын айқындаудың стратегиялық  мақсат-міндеттерінің қатарына жас  ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығару- заңды құбылыс. Ел Президентінің 2004 жылғы халыққа жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады…» - деп атап көрсетті [21].

Білім жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси  көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясын  кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси  келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен  рөл атқарады.

 Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар  арасындағы рухани құндылықтардың  бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны  әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік  мәртебесін көтеруде – білімнің  орны ерекше.

 Қазіргі білім - азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.

 Кез келген кәсіптегі  маманды қалыптастыруда мамандыққа  сай білім алу қаншалықты өткір  мәселе болса, сонымен қатар  “жеке маман тұлғаны” өзіндік  дамытуда оны шығармашылықпен  терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарты.

 Білім жүйесінің мазмұны  өмірдің түрлі жағдайларында  әрекет ете алатын «тұлғаны»  дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын  оқушыларға азаматтық білім беруге  бағыттау керек. Бірінші кезекте  әлемдегі болып жатқан өзгерістерге  байланысты білім жүйесін ұлттық  модульде құру және ол үшін  өркениетті елдерде берілетін  біліммен ортақ көзқарастарын  табуға ұмтылу қажет.

 Қазіргі қоғамдық сұраныс  – өз ісіне мығым, жұртшылықпен  араласуда жеке басындағы барлық  шынайы жағымды қасиеттерін байқата  алатын бүгінгі студент, ертеңгі  маманды тәрбиелеуді талап етеді.

 Адамның қоғамдық мәні  – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік  жағдайы, білімі, санасының жоғары  немесе төмен болуы оның жеке  адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының  шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие  берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің  түрлері де әр алуан: жас  бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін  тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі  жақты: жас өспірімдерге тәрбие  беру, ересек адамдарға тәрбие  беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері  бар.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруде жетілдіру  мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары  белгіленген. Соған байланыста алған  білім мен біліктілігі негізінде  бүгінгі өзгермей өмірді еркін бағдарлай  алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше  дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін  тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылды.

       Өндірістік  оқыту процесінде негізінде   арнайы пәндерден сабақтан тыс  курстар мен факультативтік сабақтарды  ұйымдастыру  оқу шеберханалары  мен өнеркәсіптің оқу учаскелері, цехтарында жүргізіледі де, шебер  барлық топтармен бір мезгілде  жұмыс атқарады.

      Оқушылардың  білім деңгейлерінің тереңдігі  және білім дағдыларын қалыптастыруда  зертханалық сабақтан практикалық сабақтарды дұрыс ұйымдастырылуының маңызы өте зор. Сондықтан оқытушы сабақтарды дұрыс басқарып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн. Оқыту барысында оқытушы оқушы білімінің тиянақты болуын қадағалайды. 

Курстық жұмысты қорытындылай келе,  арнайы және жалпытехникалық пәндердің  зертханалық және практикалық  сабақтарды өткізу әдістемесімен таныстық .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

   1 Назарбаев Н.Ә.  Қазақстанның егеменді мемлекет  ретінде қалыптасуы мен дамуының  стратегиясы. – Алматы: РГЖИ «Дәуір», 1992. - 56 б.

Информация о работе Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі