Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:30, курсовая работа

Описание работы

Әдістеме -педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар [

Содержание работы

Кіріспе
1.Кәсіби оқытудың жалпытехникалық пәндерін оқытудың жалпы сұрақтары
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны және міндеттері
1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
1.3 Оқу әдістері және құрал жабдықтары
1.4 Оқытудың кәсіби білім беру жүйесіне қатысты жалпы дидактикалық қағидалары
1.5 Кәсіби оқытудың жүйесі
1.6 Теориялық оқытуды ұцымдастырудың негізгі формалары
1.7 Теориялық оқытуды құрылымы және типтері
3 Оқу процесін ұйымдастыру
3.1 Кәсіби оқу педагогының оқу жоспарын жоспарлау жіне даярлау
3.2 Кәсіби оқытудың оқу-материалдық базасы
3.3 Кәсіби бағдар беру мектептеріндегі сыныптан тыс жұмыс
Тест тапсырмалары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 75.20 Кб (Скачать файл)

  Жоғары оқу орындарындағы өз бетінше жұмыс негізгі мақсатты көздейді: студенттерді оқуға үйрету, яғни оқу процесінде олардың білім мен білікті өз бетінше алу қажеттігі мен қабілетін дамыту. Өз бетінше еңбек студенттердің өзінің ойы мен көзқарасының шығармашалық дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік пен басьама, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамытады.

 Жоғары оқу орындарында  семестрге арналған өз бетінше  атқарылатын жұмыстың графигі  жасалады, оған семестрлік оқу  жоспарлары мен оқу бағдарламалары  қосылады. График – студенттерді  өз уақыттарын жоспарлауға, оны  тиімді пайдалануға мәжбүр ететін  өзіндік стимул.

Студенттер орындаған  жұмыстар оқытушылардың жүйелі бақылауында  болуға тиіс, ал өте маңызды қателері студенттермен әңгімелесу кезінде  талқыланады.

  Өз бетінше жұмысқа тиісті ғылыми-теориялық курс, дәлірек айтқанда, студенттердің алған бүкіл білім кешені негіз болады. Жұмыс басталар алдында студенттер өз бетінше жұмысты орындауға арналған арнайы түсініктеме алады – талаптар анықталады, құралдар мен түпнұсқалар көрсетіледі, тиімдірек әдістер ұсынылады.

  Лекцияға, семинарларға, зертханалық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға дайындық, ең алдымен, өз бетінше жеке жұмыс ретінде жиі қарастырылады және ұйымдастырылады. Дегенмен, эксперименттік зерттеулер, жоғары оқу орындарының жұмыс практикасы көрсеткендей, егер оған 2-3 адам қатысатын болса, онда белгілі кезеңдерде тиімдірек болады. Бұл жағдайда екінші және үшінші студент өзара бақылаудың қатысушылары ретінде ғана емес, әрбір қатысушының танымдық қызметінің тиімділігін біршама арттыруды қамтамасыз ететін, өзара санаткерлік белсенділіктің бұлжымас шарты ретінде көрінеді.

Серіктестердің қатысуы  дербес дайындық процесінің психологиялық  жүйесін біршама қайта құрады. Ол толық құнды және аяқталған  ретінде, сонымен бірге оқылатын оқу пәнінің «түсіну» кезеңіндегі  жеке дербес оқу жұмыстарының жоғары кезеңі ретінде субъективті бағаланады. Дегенмен, көп жағдайда субъективті  баға қате болады. Жоғары оқу орны жағдайында бұл кезең қажетті өз бетінше  даярлық жұмыстарының тек бірінші  жартысын ғана құрайды: оның екінші бөлігі игерілген материалдарды ретімен  баяндау, басқа адамға белгілі бір  қағидаларды дәлелдеу қажеттігін көздейді. Осы екінші бөлік ғана оқу материалын толықтай тануды қамтамасыз етеді. Тек  өз бетінше оқу қызметінің екінші буыны ғана оның тиімділігі мен біткендігін  қамтамасыз етеді.

Өз бетінше оқу жұмыстарының аса жоғары әдістемелік деңгейінде студент жеке екі кезеңді де орындай  алады:

1) өз бетінше жеке жұмысты;

2) бұл нәтижелерді серктесіне  – курстасына көрсету, баяндау,  талқылау.

 

 

2.1 Арнайы пәндер және жалпытехникалық сабақтарда зертханалық, практикалық жұмыстарды өткізу

 

 

Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының  кеңеюі экономиканың қай саласында  болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды  әлемдік талаптармен үйлестіруді  қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту  мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу  мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер  жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім  саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық  білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында  дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары  жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді.  Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан  білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне  қарай бейімдеу қажет [17].

         Қазақстан Республикасының 2015 жылға   дейінгі білім беруді дамыту  тұжырымдамасында  “арнаулы кәсіби  білім берудің мақсаты - жеке  тұлғаның саналы арнаулы білім  алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру” делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани және инновация жағынан дамуындағы  ролін терең зерттеуді қажет етеді [21]. Сондай қажеттіліктердің бірі - кәсіби  лицейдегі арнайы пәндерді оқу процесінде факультативтік сабақтар мен курстарды оқу жоспарына енгізу.

         Жалпы, кәсіптік лицей - бұл   жалпы орта білім берудің жалпы   білім беретін оқу бағдарламалары  мен техникалық және қызмет  көрсету еңбегінің білікті кадрларын   даярлау жөнінде техникалық және  кәсіптік білім берудің кәсіптік  оқу бағдарламаларын іске асыратын  оқу орны болып табылады [3].

        Кәсіптік  лицей қабырғасында оқушыларды  кәсіпке  бағыттау маман тұлғаны   қалыптастыру  ғана емес, сонымен  қатар қазіргі заманғы қоғамның  экономикалық даму жағдайларына  тез бейімделіп, еңбек нарығында  өз орындарын тауып,  өз іс-әрекеттерінен  тұрмыстық және рухани қанағат  алатын, өз  қабілеттерін орынды  пайдаланып және  шығармашылық  күштерін дамытуға  белсене ат  салысатын озық ойлы, елжанды  мамандарды дайындау қажетті   деп есептелінеді.

        Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев «Жаңа  әлемдегі  жаңа Қазақстан» атты  жолдауында  да Қазақстандағы  білім беру  жүйесінің алдында  тұрған  негізгі мәселелерге тоқталып  өтті. Жолдаудың біздің алдымызға   қойып отырған басты міндеті  – еліміздегі білім берудің  ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға  сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру [4 ].

       Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі  мерзімге арналған білім беру  ісін дамыту тұжырымдамасында  отандық білім беруде жетілдіру  мен оның әлемдік білім беру  аясына ықпалдасуының басты бағыттары  белгіленген. Соған байланыста  алған білім мен біліктілігі  негізінде бүгінгі өзгермей өмірді  еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі  дамытып, өз бетінше дұрыс,  жауапты шешім қабылдай білетін  тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылды [11].

Арнайы пәндер бойынша  зертханалық  және практикалық   сабақтарды ұйымдастыру жолдары

        Көп  жылдар бойы білімді кәсіптік  білімнің негізгі көрсеткіші  деп бағалау теория мен тәжірибе  жұмысы дайындығы арасындағы  табиғи байланысқа мән берілмеуіне,  мамандарды кәсіпке дайындауда  білім қорының жеткілікті болмауына  әкеліп, кейбір студенттердің оқуға,  одан кейін болашақ кәсібіне  деген біліктілігінің төмендеуіне  әсерін тигізді. Кәсіптік лицейдің  білім беру барысындағы осы  мәселені шешу жолының бірі - студенттердің  кәсіби біліктілігін қалыптастыруды  қайта бағдарлау арқылы оларды  таңдаған кәсібі саласында өз  білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын   толықтай жүзеге асыруға тұлғалық  құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіби  біліктілік - ол маманның таңдаған  кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді  және оған сәйкес көзқарастарды,  пікірлерді, нұсқауларды барынша  қабылдау деген сөз. Әсіресе,  студенттердің болашақ кәсібіне  байланысты мәселелерді шешу  барысындағы олардың шығармашылық  ой қабілеттерінің маңызы ерекше. Бастапқы кезеңде бірқатар студенттер  өз мамандықтары бойынша жұмыс  істеуді жоспарламайды, сондықтан  олардың оқуға жағымды көзқарасын  тудыру арқылы болашақ кәсібіне  қызығушылығын қалыптастыру қажет [15].

        Білім  берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық  құрылымы,технологиялық жағынан  жабдықталуы, оқыту әдістемесі  қоғамның әлеуметтік сұранысынан  туындайды. Бұған дейін білім  беру үрдісінің негізгі бөліктері:  мақсат  -  мазмұн - форма - әдіс -  оқыту көрнекілігі болса,  бүгінгі жаңа технология бойынша:  оқып үйрену - меңгеру - өмірге  ендіру - дамыту болып өзгеріп  отыр.

       Білім  беру  бағдарламасын жүзеге асыруды  ұйымдастыру түрі - оқу процесіндегі  арнайы пәндер бойынша берілетін  білімді жалғастыруға және тереңдетуге,  сонымен қоса оқушының тәжірибелік  дайындығын жүргізуге мүмкіндік  туғызады. 

        Кәсіптік- техникалық мектептерде,  лицейлерде  оқытудың мынадай  формалары  қолданылады: 

Теориялық оқыту: түрлі типтегі  сабақтар, дәрістер, зертханалық- сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалық  семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.

Өндірістік оқыту: оқу  шеберханаларындағы сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі  еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны және т.б.

Сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтар: факультативті  сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары  және т.б.

      Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру: коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференция- біліктілік байқау жұмыстары.    

Сабақ- оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі  түрі. Сабақ оқу- тәрбие барысының  нақты түрі. Мұның нәтижесінде  оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім  беру міндеттері арнайы дайындығы бар  маман басшылығымен жүзеге асады. Сабақ  беру- білім беру және тәрбиелеу  мақсаттарына бағытталған мұғалім  ұйымдастыратын оқушылар іс- әрекетінің күйі. Оқу- оқушының нақты білім алып, біліктіліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс.

 Оқу процесін дұрыс  ұйымдастыру оқушылардың  үздіксіз  өз бетімен білім және тәрбие  алуды қажетсінуін туындатады. Оқудың  сипаты, оның нәтижесі мұғалімдер  құрамына, олардың теориялық және  педагогтық дайындығына, оқушылардың  дайындық деңгейіне, оқу іс- әрекетінің  сипатталуына, оқуға олардың қатынасына  тәуелді болады.

     Кәсіби  білім  берудегі сабақ өту барысында   инженер- педагог оқушыларды білім   деңгейі бірдей нақты топтарға, бригадаларға біріктіріп, белгілі  бір мерзім ішінде ақпарат  береді.

     Кәсіби  оқытуда  сабақ берудің мына түрлері   қалыптасқан:

Теориялық оқыту сабағы;

Практикалық оқыту сабағы.

         Теориялық оқыту сабағы оқушыларға  болашақ кәсіби қызметін жүзеге  асыруда ғылыми- теориялық білім   мен парасат, білік, дағдылық  қабілеттіліктерін жетілдіруге арналған оқу үрдісі болып табылады. Кәсіптік лицейлерде сабақ мынадай түрлерге жіктеледі:

 Жаңа білім негіздерін  игеру;

Білім мен дағдыны жетілдіру;

Қайталама- жалпылау;

Бақылау- тексеру;

 Аралас сабақтар т.б.

          Теориялық оқыту үрдісінде негізінен   аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады.  Мұнда сабақтың ұйымдастыру және  дидактикалық құрылымы болады. Ұйымдастыру   құрылымы мыналардан тұрады:

ұйымдастыру кезеңі;

үй тапсырмасын орындауын  тексеру;

оқушылардан өтілген материалдарды  сұрау;

жаңа сабақты түсіндіру;

жаңа сабақты игеруде  оқушылардың өз бетінше жұмысы;

жаңа сабақ материалдарын  бекіту;

сабақты қорытындылау;

үйге тапсырма.

         Өндірістік оқытудың мынадай   формалары бар:

              1.  оқу шеберханаларында оқыту;

              2.  өндірісте оқыту [20].  

Бастауыш  кәсіптік білім  мен  орта кәсіптік білім  беру

Қызмет  корсету 

Техникалық 

Ауылшаруашылық 

Кәсіптік техникалық мектептерде оқытудың мына турлері  қолданылады: 1.Теориялық оқыту:-сабақтар, лекциялар, -зертханалық-сарамандық жұмыстар, -семинарлар,экскурсиялар, -оқу конференциялары, үй тапсырмалары.

2.Өндірістік оқыту: -оқу шеберханасындағы сабақ, -кәсіпорынның ӛндірістік цехында ӛқыту, - қызмет кӛрсету аясындағы еңбек,

 

2.2 «Байланыс және телекоммуникация» траекториясының арнайы пәндерінің зертханалық және практикалық жұмыстарын жүргізу

 

Тұтас педагогикалық процесті құраушы  екі басты процестің  бірі –  оқыту процесі (оқу процесі) болып табылады. Оқыту процесі  күрделі процесс болып табылатындықтан  оның анықтамалары да әртүрлі.

  Ерте  дәуірдегі және ортағасырлық ойшылдар еңбектерінде «оқыту», «оқыту процесі» ұғымдары «білім беру» деген мағына береді. Өткен ғасырдан бастап оқыту  ұғымына білім беру және оқу компоненттері енгізіле бастады. Мұнда білім беру – мұғалімнің оқу материалын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті, оқу – оқушының ұсынылған білімдерді меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде көрінеді. Кейінірек оқыту түсінігі сол сияқты мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыруды басқару іс-әрекеті және мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін де қамтиды [23].

Қазіргі түсінікте оқытудың мынадай белгілері  бар: 1) екіжақты сипат; 2) мұғалімдер мен  оқушылардың  өзара іс-әрекеті; 3) мұғалім тарапынан  басшылық; 4) арнайы жоспарланған ұйымдастыру  және басқару; 5) тұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне  сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен  тәрбиесін басқару.

Информация о работе Арнайы пәндер және жалпы техникалық сабақтарда зертханалық,практикалық жұмыстарды өткізу әдістемесі