Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 06:45, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасу және дамуы мен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, жұмсалымдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді.
КІРІСПЕ.................................................................................................3
1 Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуы.......................5
2 Қазақ ағартушы -педагогтарының шығармаларында педагогикалық терминдердің көрінісі.........................................................................12
3 Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасу кезеңінде (ХХ ғасырдың 50-80 ж.ж.) педагогикалық терминология мәселелері............................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................24
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Магистратура
Педагогика және психология кафедрасы
« Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуы » тақырыбын : (курстық жұмыс тақырыбы)
« Қазақ педагогикасының терминологиясының қалыптасуы мен дамуы » (тарихи аспект) (магистрлік диссертация тақырыбы диссертациялық зерттеу бойынша)
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған Саймкулова.К.Р.
педагогика ж/е психология мамандығы 1 курс, тобы М103-11
Жетекшісі п.ғ.д., профессор
Алметов Н.Ш_____________
Қорғау мерзімі «___»___________2012 ж.
Кафедра мәжілісінің №_____ хаттамасы
Бағасы __________________
Шымкент-2012
МАЗМҰНЫ |
||
КІРІСПЕ....................... |
||
1 |
Қазақ педагогикалық
терминологиясының қалыптасуы.. |
|
2 |
Қазақ ағартушы -педагогтарының
шығармаларында педагогикалық терминдердің
көрінісі...................... |
|
3 |
Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасу
кезеңінде (ХХ ғасырдың 50-80 ж.ж.) педагогикалық
терминология мәселелері.................... |
|
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ |
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» ана тіліміздің терминология саласын қазіргі талаптарға сай жетілдіру қазақ тілін іс жүзінде мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеру жолындағы келелі міндет болып отырғаны айтылған [1].
Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасу және дамуы мен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, жұмсалымдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Бұл жағдай қазіргі таңдағы мемлекеттік мәртебесіне сәйкес әлеуметтік, қоғамдық, қызметі ерекше өзектелу үстіндегі қазақ педагогикалық терминологиялық жүйеге де тікелей қатысты [2].
Ғылыми ұғымдарға атау беру үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үдеріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ол жүйенің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бір мағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай талаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы терминдерді ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға, яғни, қабылдауға мәжбүр етеді.
Терминология саласының ғылыми мәселелерін А.Байтұрсынұлы[2], М.Жұмабаев[3], Б.Қалиев, Ө.Айтбайұлы[4],, Ш.Құрманбайұлы [5] және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған. Атап айтқанда, қазақ терминологиясы ғылымының тұтас тарихы, терминдік жүйе мен терминжасамның теориялық мәселелері академик Ө.Айтбайұлының ғылыми еңбектерінде жасалса,салалық терминологияға қатысты А.Исанованың, С.Әлісжановтың, Ш.Біләловтың, С.Исақованың, Г.Ақшалованың, А.Қоңырованың, Ж.Молдажаровтың және т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың арқауы мен негізгі ұстанымы қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасу және дамуы мен байланысты анықталады.
Осыған орай педагогика зерттеулерінің нәтижелерін тәжірибеге ендіру тәжірибешіл педагогтардың педагогикалық білімдерге деген сұранысын тағыда күшейтеді. Дегенмен, қазақ педагогикасының терминологиясын нығайтудың көптеген проблемалары педагогика ғылым жетістіктерін, білім саласында кең пайдалану мүмкіндіктерін белгілі жағдайда шектеуде.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстанның педагогикасының терминологиясының қалыптасуын тарихи генетикалық талдау, оның даму болашағын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасу кезеңдерін анықтау және негіздеу.
2. Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуына тарихи -генетикалық сипаттама беру.
3. Қазақ педагогикалық терминологиясының қазіргі жағдайын анықтау және оның даму болашағын айқындау.
Зерттеудің нысанасы. Қазақстанда тәлім-тәрбиелік ойлар мен білім берудің дамуындағы педагогикалық терминологияның қалыптасу үрдісі.
Зерттеу пәні: қазақ педагогикалық терминологиясы қалыптасуының тарихи -генетикалық аспектісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; тарихи - генетикалық әдіс; жүйелеу; салыстырмалы талдау әдіс; анкеталау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығымен теориялық мәнділігі:
- қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасу кезеңдері анықталады және негізделеді;
- қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуына тарихи -генетикалық сипаттама беріледі;
- қазақ педагогикалық терминологиясының қазіргі жағдайын анықталады және оның даму болашағын айқындалады.
Зерттеудың практикалық маңыздылығы. Қазақ педагогикалық терминологиясына тарихи генетикалық сипаттама беру оны жүйелеуге нақтылауға, оларды педагогикалық әдебиеттерде пайдалануға, педагогикалық жұртшылықтың ғылыми педагогикалық ақпарат көздерін қолдануына оңтайлы жағдайлар жасайды. Зерттеу барысында алынатын нәтижелер жоғары және арнаулы педагогикалық оқу орындарында педагогикалық пәндері оқытуды және ғылыми педагогикалық зерттеулерді жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Қандай да болсын құбылыс өз кезінде өмірге келеді. Тілдің әрбір стиліде оның қалыптасуы үшін қоғамда жағдай туғанда, тіл өзінің дамуында анағұрлым жоғары дәрежеге жеткенде пайда болады. Ғылыми стильдің пайда болу уақыты әрбір елде әртүрлі. Мәселен, Қазақстанда ғылыми тілдің қалыптасуы ХХ ғасырдың басына жатады.
Қазақ ғылыми тілінің қазіргі қалпына жету жолында бір ғасыр бойы қалыптасуының негізгі бағытын белгілейтін болсақ, оның өзіндік жекеленген және оқшауланған тіл құралдары жүйесін құруға, көркем стильден қашықтауға, бейнелі және эмоциялы сипаттамалардан бас тартуға, ойды анық және дәл баяндауға ұмтылуын айтуымыз қажет. Дамудың алғашқы кезеңінде ғылымның тілі дербес функционалды стиль ретінде қалыптаспаған болатын. Ол көркем әдебиет тіліне анағұрлым жақын тұрды. Ғалымдар мен ақын-жазушылардың шығармалары бір-біріне ұқсас болды. Қазақ арысы Ахмет Байтұрсыновтың да ақындығы мен ғалымдығы қатар жүрген, және алдынғы сыннан соңғысы басым болды. Мұны ақын әрі ғалымның ғылыми-педагогикалық жұмыстары мен қазақ тіл білімінің негізін салған қомақты еңбектері дәлелдейді. Белгілі тілтанушы З.Қабдолов Байтұрсыновтың қазақ тілін дүние жүзіндегі ең бай, ең сұлу тілдердің деңгейіне көтергенін және әлемдегі бір де бір тілде қазақша баламы табылмайтын бір де бір сөз жоқ деп білгенін айтады: «Сіресіп, тіресіп тұрған терминдер Ахаң аузынан шыққанда жібектей есіліп жүре берді.
Әдебиетшілер
аллегория, антитеза, синекдоха, гротеск,
градация дегендерді түсіну не түсіндіру
үшін шет сөздер сөздігін ақтарып, тілдері күрмелете ұттығып
жүргенде Ахаң оларды пернелеу, шендестіру,
мегзеу, әсірелеу, дамыту деп сайратты
да жіберді... Ахаңа дейін осылар қай лингвистің
тіліне оралыпты? Не деген байлық, хан
қазына! Ахаң түрлеп әбден жеріне жеткізген
осы байлықтың, икемділіктің, ықшамдықтың,
әсерліліктің, «сымға тартқан күмістей»
әдеміліктің, Абайша айтқанда «тас бұлақтың
суындай сылдыраған өңкей келісімнің»
бәрі көктен түскен жоқ, қазақ тілінің
өз табиғатынан, қазыналы қойнауынан,
мағыналы көлемінен, мазмұн тереңінен,
мәдени биігінен табылды» [2, 395]. Ал М. Жұмабаевтың [3] “Педагогика”
(1922) атты оқулығы педагогика және әдiстеме
ғылымдарына қосқан тың үлесі болып саналады.
М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог
ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен
бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн
ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын
жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды:
“Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс,
батыс ғалымдарын айтып отыр ) таңдап алуға
ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына
қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән
тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге
тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке
тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң
жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға
айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық
терминдер ) болып кеткен сөздерi қазақшаға
аударам деп азаптануды тиiс таппадым”.
Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық
терминдар жоқтың қасы едi.
М.Жұмабаев [3] жүздеген педагогикалық
жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге
енгiзген.
Жалпы айтатын болсақ, эмоциялылық
ғылым тіліне тән емес, сондай-ақ шығарманың
тақырыбына немесе өзіндік сипатына байланысты
болуы да мүмкін. Мәселен, гуманитарлы
ғылымдар дәл ғылымдармен салыстырғанда
эмоциялы баяндауға көбірек бейімделген.
Пікір-таластардың эмоциялы болуы абзал.
Сонымен қатар, автордың жеке дара ерекшеліктеріне,
ойлау және сөйлеу мәдениетіне байланысты
оның ғылыми стилінің өзіндік әуесқойлығы
байқалуы мүмкін. Дегенмен, ғылыми стильдің
негізгі міндеті – хабарланатын ақпаратты
оқырманға мүмкіндігінше анық және нақты
жеткізу. Ал бұл міндетті шешуге апаратын
ең лайықты жол – эмоциялы сөз құралдарын
қолданбау, өйткені ғылым сезімге емес,
ақыл-ойға шағынады. Бүгінгі зерттеулердің
өзінің сипатыда өзгерді. Қазіргі ғылыми
мәселелер жалғыз зерттеушілермен емес,
ғалымдар қоғамдастықтарымен шешіледі.
Сондықтан да заманауи ғылыми баяндау
әдісін ұжымдық, яғни формальды-логикалық
деп анықтауға болады. Олай болса, ол, әрине,
жеке шығармаға тән эмоциялылықтан қашық
тұруы жөн.
Қоғамның қарқынды дамуы, ғылым мен техниканың екпінді өрлеуі ғылыми білімді мазмұндауға және тапсыруға ең жақсы бейімделген арнайы тілдің қалыптасуын қажет етеді. Зерттеудің ұжымдық сипаты, ғылыми ойлаудың өзіндігі, зерттеудің арнайы әдістерінің дамуы, сонымен қатар ғылымның өзін ғылыми емес таным әдістерінен қорғауға ұмтылуы– ғылыми тілдің жалпыламалығын, абстракциялылығын, объективтілігін, қисындылығын белгілейді. Бүгінгі заманда тілдің дамығандығын оның ғылыми тілін есепке алуынсыз бейнелеу мүмкін емес. Айтқанымызды мынадай мысал толық дәлелдейді: ағылшын тіліндегі абыройы анағұрлым жоғары Вебстер сөздігіндегі алты жүз мың сөздің бес жүз мыңы – арнайы лексика.
Н.М. Шанский[8] Лингводидактика
терминін дүниеге келтіргенде орыс тілінің
бір сөз жасамдық моделіне сүйенген ( лингвостилистика,
лингвотипология, лингвоконтрастивный).
М. Жүсіпұлы (М.Джусупов) сингармофонема,
сингармовариант, сингармовариация терминдерін
жасағанда жалпы тіл біліміндегі фонография,
фонометрия, фоностилистика сияқты терминдердің
сөзжасамдық үлгісіне сүйнеген [9,72-81бб;],Ә
Жүнісбеков үндесім, үйлесім терминдерін
жасағанда қазақ тіліндегі асым, салым
сияқты сөздердің жасалу жолын үлгі тұтқан
[10, 262-268 бб.].
Ахмет Байтұрсынов[2] қазақ термині мен терминологиясы жасағанда қазақ тіліндегі сөзжасам үлгілері ғылыми жүйеге келтірілмеген еді, терминологиялық сөздіктер жоқ еді, оқу құралдары өте аз еді. Ахмет Байтұрсынов[2] барлық жағдайда ең алдымен жеке өзінің тәжірибесіне, содан соң сол салада атсалысып жүрген замандастарының тәжірибесіне, орыс және басқа үнді европа мамандарының тәжірибелеріне, олардың тіл білімінің жетістіктеріне, араб парсы сөз жасам үлгілеріне сүйенді. Ғылыми баяндаудағы лексиканың орны айрықша. Ғылыми тілдің дәлдігі алдынғы кезекте оның лексиканы іріктеп алуына байланысты. Лексикалық бірліктер бір мағыналық сипатқа және ұғымдардың мәнін оңтайлы айқындау қабілетіне ие болуы керек. Ғылыми тілдің сөздік қорын жалпы пайдаланылатын сөздер, жалпы ғылыми сөздер, ғылыми ой желілерін ұйымдастыратын арнайы қызметтік сөздер және терминдер құрайды. Жалпы қолданылатын лексика арқылы ғылыми тіл әдеби тілмен байланысын сақтайды және мағлұматтыларға ғана түсінікті тіл болып қалудан құтылады. Алайда, ғылыми әдебиетте жалпы қолданылатын сөздерді ғылыми тілдің міндеттеріне сәйкес бейімдей отыра пайдаланады [5;15;46;47].
Жалпы ғылыми лексика – ғылыми тілдің, метатілдің, яғни сан алуан ғылыми нысаналар мен құбылыстарды сипаттауға арналған тілдің тұғыры.
Жалпы ғылыми сөздер белгілі ұғымдарды танытқанымен терминдерге жатпайды: мәселе, құбылыс, негізделу, зерделеу, т.б. Арнайы қызметтік сөздер ғылыми баяндауды ұйымдастыруға (келтірілген тұжырымдарды мақұлдауға,
олармен келіспеуге, оларды кеңейтуге, оларға сілтеме жасауға) көмектеседі: сондықтан, сөйтіп, нәтижесінде, алайда, дегенмен, сондай-ақ, сонымен қатар,мүмкін, ықтимал, пайымдауынша, т.б.
Терминология – ғылыми тілдің ең елеулі, жетекші белгісі. Терминге ғылыми стильдің негізгі ерекшеліктері сіңген, сондықтан ол ғылыми қатынасу міндеттеріне толық сәйкес келеді. Термин ғылымның пәнін, құбылысын, ұғымын дәл және бір мағынада ғана атап отырып, оның мазмұнын білдіреді. Терминнің негізінде тұжырым жатады. Терминдер тиесілі ғылым категорияларының жүйесін – ұғымдық-терминологиялық аппаратын құрайды.
Информация о работе Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуы