Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 06:45, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасу және дамуы мен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, жұмсалымдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................3


1 Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуы.......................5

2 Қазақ ағартушы -педагогтарының шығармаларында педагогикалық терминдердің көрінісі.........................................................................12

3 Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасу кезеңінде (ХХ ғасырдың 50-80 ж.ж.) педагогикалық терминология мәселелері............................................................................................17



ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................23


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................24

Файлы: 1 файл

Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуы кур раб.doc

— 214.00 Кб (Скачать файл)

Ахмет Байтұрсынұлы [2] – қайраткер. Ғалым. Ұстаз. Қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Біз бүгін бұлардың бәріне емес, тек соңғысына тоқталмақпыз.

Жалпы кез келген ғылымды  оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге  үйрету сол салада қолданатын арнаулы  ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ  тіл білімінің негізін қалаушы  ғалым ретінде Ахаң осы ғылым  саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған жан.

Бұл тұрғыдан келгенде, ұлт ұстазы қазақ тілін термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін көрсете білді. Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген “Оқу құралының” (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 және одан кейінгі 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған “Тіл – құрал” оқулық­тарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты көптеген терминдер кездеседі. Бұлардың терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан, уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті.

Мұнда ең басты атап айтатын нәрсе – Ахмет Байтұрсынұлы [2] бір топ терминдерді ғана емес, бүкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ұғымдардың атаулар жиынтығын, дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған. Ғылымның дамуына орай ұғымдар жүйесінің ұлғайып отыруы табиғи құбылыс. Ахаң қалыптастырған терминдер жүйесі де қазақ тіл білімі дамыған сайын жаңа элементтермен толыға түсуде.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ  тіл білімінің ғана емес әдебиеттану  ғылымының да негізін қалаушы  екендігі өткен ғасыр басында-ақ мойындалды. 1923 жылы ғалымның мерейтойына арналған баяндамасында Мұхтар Әуезов: “Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды”, – деп көрсетеді.

Сонымен, екіншіден, қазақ  әдебиеттану ғылымының негізін  салған, тұңғыш әдебиет теориясын  жазған ғалым осы ғылым саласының ғылыми терминологиясын да жасаған.

Терминделуші ұғымдарды  дәл білдіретін ондаған әдебиеттану  терминдерін жасай отырып, ғалым  олардың ғылыми терминге тән ғылыми анықтамасын берген. Ол дегеніміз  – ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән  белгілерін айқындаумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы: “Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз – өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады”, – дейді  “Әдебиет танытқыш” еңбегінде ұлт ұстазы.

Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын анықтаған, екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни, әрбір ұғымның мазмұны мен көлемін бағамдаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылыми ұғымдардың арасындағы жүйелілік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтың –шумақтан, шумақтың – тармақтан, тармақтың – бунақтан, ал бунақтың – буыннан құралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымдардың микрожүйесінің өзіндік табиғатын ашқан.

Бұдан ғалымның өзі зерттеп отырған ғылым саласындағы ұғымдар жүйесінің ішкі байланысы мен ерекшелігін терең білумен бірге, оларды таңбалауда тілді өте шебер пайдалана алғандығы анық көрініп тұр. “Әдебиет танытқыштан” мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіре беруге болады.

Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы [2] тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының ғылыми терминологиясын жасаумен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты да көптеген терминдерге  де жол салғандардың қатарына әдіс, әдісқой, сауаттау әдісі, жалқылау әдісі, жалпылау әдіс, жалқылау-жалпылау әдіс сияқты терминдерді жатқызуға болады. Бұлармен қоса Ахаң тарих, этнография терминдерін де жасаған. Олай дейтініміз, Мұхтар Әуезов 1923 жылы ғалымның “Мәдениет тарихы” атты кітап жазып бітіргенін айтқан еді.

Сонымен, үшіншіден, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Ахмет Байтұрсынұлы [2] қазақ тіл білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаумен бірге әдістеме, тарих және этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты көптеген терминдер жасаған ғалым.

Ендігі бір айрықша атап айтуды қажет ететін мәселе – Ахаңның терминжасамның тәсілдері мен жолдарын анықтап бергендігі. Яғни төртіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтап, оларды өзінің терминжасам тәжірибесінде кеңінен пайдаланған ғалым.

Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуы қазақ тілінің грамматикасының (сарфы) жазылуымен тікелей байланыста қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі  терминжасам тәсілдерінің өзіндік  ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді.

Ахмет Байтұрсынұлының  қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жарқын үлгісін  көрсеткендігін оның қаламынан туындаған  жүздеген терминдері дәлелдейді. Мәселен, ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, рай, мүше сияқты терминдері семантикалық тәсілмен, жақша, сызықша, көсемше, есімше, дәйекші, буыншы, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, әуреленіс, күліс, әлектеніс, әліптеме, зауықтама, мазмұндама, ермектеме, қорытпа, ұсынба, сұқтаныс, азаптаныс, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген терминдері морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, жалаң сөйлем сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалған.

Кезінде Ахмет  Байтұрсынұлы [2] “ұлтшылдық”, “пуристік” бағыт ұстады деп, ол жасаған терминдердің біразы қолданыстан шеттетілгені белгілі. Соған қарамастан, Ахаң еңбегінің  көпшілігі өзінің өміршеңдігін танытып келеді. Ал арнайы шеттетілген терминдердің арасында бүгінде қайтадан қажетімізге жарайтындары да аз емес. Сондай-ақ оның қаламынан туындаған терминдер арасында авторы өзі екендігі ұмытылып кеткендері де бар. Ұлы тұлғаның термин жасауда ұстанған бағыты мен оның қаламынан туған басы ашық терминдері-ақ Ахаңның қазақ терминологиясының негізін қалаушы және ғасыр басындағы бүкіл ғылыми ой-сананың қалыптасуына ықпал ете білген жан екенін дәлелдейді.

Бесіншіден, Ахмет  Байтұрсынұлы жекелеген ғылым салаларының  ғана емес, бүкіл қазақ терминологиясының  қалыптасуына тікелей әсер еткен  айрықша тұлға.

Ғалымның терминжасам тәсілдерін көрсетіп, оларды пайдалана отырып, тіл білімі, әдебиет ғылымдарының терминологиясын, өзге арнаулы салаларға қатысты терминдер жасауы – ғасыр басындағы өзге ғылым салалары бойынша оқулықтар мен түрлі ғылыми еңбектер жазған авторларға таптырмайтын үлгі болды. Ахаңнан кейін әр түрлі ғылым салалары бойынша еңбектер жазған қазақ зиялыларының жасаған терминдері оған айқын дәлел бола алады. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы­ның 1914, 1915 жылдары және одан кейін бірнеше дүркін қайта басылған “Тіл – құрал” еңбегінде -уыш/уіш, -ша/ше, -лық/-лік жұрнақтары арқылы жасалған сызықша, есімше, көсемше, бастауыш, баяндауыш, сұраулық терминдерінің үлгісі 1927 жылы Мәскеуде басылған Ж.Күдериннің “Өсімдіктану” оқулығында сабақша, тұқымша, қайықша, қаптауыш, аналық, ал Е.Омарұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген “Пішіндемесінде” (геометрия) тікше, қиықша, өлшеуіш, өлшемдік түрінде жалғасын тапқанын көруге болады.

Осы деректердің  өзі ғалымның тіл білімпазы ретінде  қазақ тілінде термин жасаудың үлгісін  көрсете отырып, ғасыр басындағы термин жасау ісіне тікелей ықпал еткен зор тұлға екенін анық аңғартады.

Алтыншыдан, Ахмет  Байтұрсынұлы XX ғасырдың басындағы  қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың бағыт-бағдарын айқындаушы.

Еңбекші қазақ” газетінің 1926 жылғы 12 тамыздағы санында жарияланған “Қазақстан оқу кемесериетінің орынбасары Жолдыбайұлы Молдағалимен әңгіме” деп берілген “Қазақ тілін байытамыз” атты шағын сұхбатта сол кезеңде термин жасаумен кімдер айналысқандығы және өзге тілдерден термин қабылдауда қандай қағидат басшылыққа алынғандығы, осы істі жүзеге асырудағы Ахаңның рөлі атап көрсетіледі. “1922 жылы Қазақстанда жат сөздерді, пән атауларын қазақшыландыратын кемесие құрылған. Кемесиенің құрылғаннан бергі жұмысы аз емес. Мың-мыңдаған сөздер қазақ тіліне аударылып, иә қазақ тіліне үйлестіріліп, қазақ тілі байытылды. Кемесиеде қазақ тіліне жетік 5-6 қазақ қызметкерлері жұмыс істейді. Оның үстіне кемесиенің жұмысына түрлі білімнің басын ұстаған мамандар қатыстырылады. Кемесиенің ағасы Қазақ елінің әсіресе тіл заңына жетік оқымысты данышпаны Байтұрсынұлы Ахмет. Кемесиенің негізгі мақсаты – қазақ тілін өнер-білімге бейім мәдениетті тіл қылу”.

 Барлығы  5-6 адамнан тұратын комиссия үлкен  іске мұрындық болып, көп іс  тындыра білді. Оқу комиссариатының  орынбасары атап көрсеткеніндей сол жылдарда қазақ тілі, оның терминологиялық қоры байыды, ғылым ұлт тілінде сөйлей бастады. Қазақ тілі термин шығармашылығында пайдаланылып, терминжасам тәжірибесі, дәстүрі қалыптаса бастады. Алаш арысы Ахаң төрағалық еткен осы комиссия қазақ тілінің терминологиялық қорын қалыптастырудың негізін салды, іргетасын қалады. Бұл істің ілгері басуына көрнекті көшбасшы, тіл, терминология жайын терең білетін ірі тілші ғалым, тарихи тұлға А.Байтұрсынұлының жеке үлесінің зор болғанын айрықша атап айтқан абзал.

“Кемесиенің негізгі  мақсаты – қазақ тілін өнер-білімге  бейім мәдениетті тіл қылу”дегеніне  келсек, Ахаң басқарған комиссия мақсатына  адал болып қана қойған жоқ, қазақ  тілін білім-ғылым тілі ету жолында  қыруар іс тындырды. “Байтұрсынұлы  кезеңінде” қазақ тілінде жазылған көптеген оқулықтар мен, оқу құралдары, сөздіктер соның дәлелі бола алады. Оның бәрі азғантай ғана қазақ зиялыларының атқарған үлкен ісі, солардың қажырлы еңбегінің, мақсатты жұмыстарының нәтижесі. 1924 жылғы маусым айында Орынборда “Қазақ ғылыми қызметкерлерінің 1-съезі” болып, онда Е.Омарұлы баяндамасына негізделген терминологияны қалыптастырудың қағидаттары съез қаулысымен ресми бекітілді. Араға екі жылдай уақыт салып, 1926 жылы Бакуде өткен “Түркологтардың Бүкіл­одақтық бірінші құрылтайында” терминология жөнінде жасаған баяндамасында А.Байтұрсынұлы қатынасушыларға осы қағидаттарды таныстыра отырып, өзге түркілерге де ғылыми терминологияны қалыптастыруда қазақ білімпаздары жасаған осы қағидаттарды басшылыққа алуды ұсынды. Оның ұсыныстары ғалымдар тарапынан қолдау тауып, құрылтай қарарына енді.

Сонымен жетіншіден, Ахаң қазақ оқығандары жасап, ресми  бекіткен терминология қағидаттарын бүкіл  түркі халықтарына ұсына отырып, түбі бір туыстас тілдердің терминологиялық  қорының ортақтық сипатын арттыруды көздеген кең тынысты түрколог ғалым.

“Ахмет Байтұрсынұлы жасаған терминдердің өміршеңдік танытуының сыры неде?” деген сұраққа жауап  іздесек, ол ең алдымен ұғымға атау беруге ұлттық таным тұрғысынан келген. Сондықтан оны қазақ қауымы алғашқыда аздап жатсынғанмен, тез қабылдап санасына сіңіре алған. Екіншіден, сол кездегі Ахаңның зиялылар арасындағы зор беделі мен тіл саласындағы бірегей ірі оқымысты ретінде мойындалуы да оның жасаған терминдерінің шығармашыл қауым тарапынан талқысыз қабылдануына себеп болды. Онымен иықтас тұрып, ой жарыстырып, пікір таластырып, өз терминдерін ұсына қоятын тіл мамандары қалыптаса қоймап еді. Оның маңайындағы тіл мәселелеріне жетік деген Е.Омарұлы, Х.Досмұ­хамедұлы, Н.Төреқұлұлы сынды Алаш арыстарының да ғалым пікіріне құрметпен қарағаны байқалады.

Ахаң еңбегінің  өміршеңдігін көрнекті тілші ғалым  Мәулен Балақаев жақсы айтқан. Мәкеңнің мысалы мына төмендегі пікірінде  шындық бар. Ол былай деп жазады: “Тіл — құрал” кезінде “алашордашылардың, ұлтшылдардың” кітабы болғандықтан, оны пайдалануға тыйым салынса, жаңа грамматика авторы да “халық жауы” атанып, кітабы қолданудан қалып қойды. Енді қайту керек? Тірі қалғандарымыз мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету үшін еңбектенгенде, алдымен грамматикалық атауларды қалай атаймыз деген проблема туды. Біз бұрыннан үйреншікті болған Ахмет терминдерін қазақ тілінің, қазақша айтылған бұрынғы сөздері деп танып, солай атай бердік. Себебі, басқаша жазу мүмкін емес, әдеби нормаға айналып, қалыптасып кеткен еді. Ахмет Байтұрсынов шығарған терминдер екенін білсек те, қазақ тілінің сөз байлығы деп танығанбыз”.

“Тілдің міндеті  – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның  бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын... Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді”, – деп тілдің міндетін терең түсініп, оны термин шығармашылығында асқан шеберлікпен, үлкен жауапкершілікпен жұмсай білген ұлы тұлғаның қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы еңбегі ұшан-теңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

3.

Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасу  кезеңінде (ХХ ғасырдың  50-80 ж.ж.) педагогикалық  терминология мәселелері


       Әбдуәли Туғанбайұлы мектеп бітірісімен өз еркімен майданға аттанып, Ұлы Отан соғысына қатысқан, туған еліміздің азаттығы үшін қан төккен рухы таза, жігерлі, намысты азаматтардың бірі. “Даңқ” (1944), І дәрежелі және ІІ дәрежелі “Отан соғысы” (1944) ордендерімен, екі мәрте “Қызыл Жұлдыз” (1945) орденімен, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін”, “Москваны қорғағаны үшін”, т.б. медальдармен марапатталған. Жауынгерлік парызын үлкен абыроймен атқарып келген соң Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, оны үздік тәмамдап шығады. 1951 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасына қабылданып, оны 1954 жылы “ұйғыр тілі” мамандығы бойынша бітіреді. Осының өзінен ғылым жолына аяқ басқан жас ғалымның тіл таңдаудағы өзгелерден ерекшелігін, қиындықтан тайсалмайтын батылдығын байқауға болады.

       Сол 1954 жылдан бастап осы күнге дейін, жарты ғасырдан астам уақыт ғалым қазақ тіл білімінің қара шаңырағы саналатын ғылым ордасында – қазіргі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында еңбек етіп келеді. Аспирантураны бітіріп, арнаулы ғылыми даярлықпен келген жас маман өзінің еңбек жолын ұйғыр-дүнген мәдениеті секторының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастап, институт директорына дейінгі жолды жүріп өтті. Осы қызметті 1995 жылға дейін үлкен абыроймен атқарды. Ғылым кандидаты, ғылым докторы, профессор, академик болды. Сөйтіп, ғылымның ауыр жолында оның барлық лауазым, атақ, дәреже баспалдақтарынан өтті. Белгілі бір мамандықтың барлық сатыларынан өткен адамның ғана өз саласының хас шеберіне айналатыны белгілі жайт. Академик Ә.Қайдардың ғылымдағы өмір жолы осының айқын дәлелі бола алады.

Информация о работе Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуы