Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 06:45, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасу және дамуы мен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, жұмсалымдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді.
КІРІСПЕ.................................................................................................3
1 Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуы.......................5
2 Қазақ ағартушы -педагогтарының шығармаларында педагогикалық терминдердің көрінісі.........................................................................12
3 Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасу кезеңінде (ХХ ғасырдың 50-80 ж.ж.) педагогикалық терминология мәселелері............................................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................24
Ғылымның ұғымдық-
Қазақ тіліндегі терминологиялық қордың негізін Ахмет Байтұрсынов қалады. Біз ХХ ғасыр басынды алаш зиялылары жасап, ресми бекіткен жүздеген терминдерді күні бүгінге дейін өзгеріссіз қолданып келеміз.
Олардың қатарына ұғым, қосымша, баяндама сынды сан түрлі саланың терминдерін жатқызуға болады.
90-жылдары ұлт тілінде термин жасау үдерісі жандана бастағанда біз тағы да алаш зиялыларының терминжасам тәжірибесіне жүгіндік. Кезінде олар жасап қолданысқа енгізген, алайда 30-жылдары шеттетілген көптеген терминдерді 90-жылдары қайтадан қажетімізге жарата бастадық, мысалы, хаттама, көшірме, әдіс, әдістеме сияқты алаш қайраткерлерінің қаламынан туындаған терминдердің қазіргі терминологияға қайта енуі – үзіліп қалған сабақтастықтың қайта жалғасын таба бастағандығының көрінісі.
Алаш идеясының негізгі өзегі
– ұлттық мемлекеттілік. Сондықтан да
алаш зиялыларының бүкіл қызметі, атқарған
істері ұлттық мемлекеттің іргетасын
нығайтуға бағытталды. Олардың тіл саласындағы
атқарған істерінен, терминологияны қалыптастыруда
ұстанған қағидаттарынан да оны анық байқауға
болады.
Олар ұлттық мемлекеттің ғылыми-техникалық терминологиясының да ұлт тілі негізінде жасалып, қалыптасуын көздеді.
Ғылымның көптеген салалары бойынша, оның ішінде педагогикадан, қазақ тіліндегі оқулықтардың жазылуы және өзге тілдерден аударылуы ұлттық терминологиялық қордың қалыптасуына жол ашты. Терминологиялық
мәселесінің ерекше мәні неде? Бұл мәселе ғылыми, ұстаздық, ағартушылық
қызметпен, қазақтың
мәдениетті, іргелі елдер қатарына
қосу үшін сауатты,білімді ұрпақ
тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты. Оқулықтар
мен оқу құралдарын жазу барысында авторлар
термин мәселесімен бетпе-бет кездеседі.
Кез келген пәнді оқыту үшін сол саланың
арнаулы ұғымдарын анықтау қажеттілігі
туындайды. Ұлттық терминдер қорын қалыптастырмай,
білім мен ғылымның тілін заманауи деңгейге
көтермей, ана тілінде білім беріп, ұрпақ
тәрбиелеу мүмкін емес.
Терминология мәселелерін зерттейтін беделді маман, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы [10] термин жасау үдерісінің қазіргі ахуалы турасында былай дейді: «Қазір де көптеген мамандықтар бойынша қазақ тіліндегі оқулықтармен оқу құралдары, терминологиялық сөздіктер жетіспейді. Арнаулы салалардың бір қатарының ұлт тіліндегі терминдер жүйесі жасалмаған.
Жасалғандарының да кемшіліктері, жетілдіруге тиісті қырлары аз емес. Бүгін ғасыр басындағыдай оқығандарымыз санаулы ғана дей алмаймыз. Ғылыми атақ-дәрежесі бар ғалымдар мен ұстаздар қауымы, тіпті ондаған ғылыми-
зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары да бар. Алайда уақыт талабы мен ұлт тілінің мүддесін, қажеттілікті алаш зиялыларындай терең сезініп, осы жолда жарғақ құлағы жастыққа тимей, еңбек етуге итермелейтін елшілдігіміз, мемлекетшілдігіміз, ұлтшылдығымыз жетісе бермей ме деген ойға жетелейтін жайттар аз емес»[3]. Өкінішке орай, жалпы қарқынды дамып кележатқан педагогика ғылымындағы терминология саласы да осындай халде.
Педагогиканың терминологиялық мәселелерінің өзектілігі әсіресе білім жүйесін жаңғырту кезеңінде арта түседі. Заманауи ақпараттың саналуан көздеріне еркін қол жеткізе алу, әртүрлі елдердің ғалымдарының ынтымақтасуы мүмкіндігі, білім стандарттарының енгізілуі, білім беру мекемелерінің жаңа түрлерінің ашылуы – осының барлығы педагогикалық ғылымды жаңа ұғымдармен айтарлықтай байытты. Білім жүйесін басқаруға, оқу орындарының аттестациясы мен аккредитациясына, білімнің мақсаты мен мазмұнына, компьютер, мультимедиа құралдарының көмегімен оқытуға байланысты жаңа ұғымдар мен терминдер пайда болды. Педагогиканың ұғымдық қорына соңғы жылдары Интернет желісімен байланысты терминология да кеңінен енуде.
Алайда, мәселенің өзектілігі мен маңыздылығына қарамастан, педагогиканың ұғымдық-терминологиялық аппараты, әсіресе қазақ тіліндегі педагогикалық әдебиетте, әлі де жетілмеген. Педагогикалық ғылымдарды өзінің пәнін, заңдары мен заңдылықтарын, негізгі категорияларын еркін түсіндіреді деп айыптайды. Педагогикаға қойылатын тағы да бір кінә - ұғымдардың көп мағыналылығы, оларды белгілейтін терминдерге сәйкес болмауы, олардың қарама-қайшылығы. Оқулықтарда тіпті негізгі категориялар мен ұғымдардың әртүрлі атаулары кездеседі: білім – білім беру– білімдену – білімдендіру; білік – ептілік – икемділік – іскерлік.
Ғылым тілі құрғақ болуы міндетті емес. Ұлы физик Альберт Эйнштейн [27] теоретик Л.Больцманның ғалым әсемділікті тігіншілер мен етікшілерге қалдырғаны жөн деген белгілі кеңесіне құлақ салғанымен, ғылыми тіл мәнерлі және көркем бола алатынын мойындаған. Оның көркемдігі — ойды
қысқа әрі нұсқа тұжырымдауында. Ғылым тілі – дәл, ықшам, сонымен қатар сыйымды да мәнді. Әрине, бұл үлгілі ғылыми мәтіндердің тілі, оның ғылыми қауым талпынуы тиіс эстетикалық мұратты әрі әлеуеті. Тәжірибедегі жағдай бұл мұраттан әлі алыс. Қазіргі ғылыми тіл үлгілері жиі ауыр, аса ауқымды. Алайда, ғылым, ақиқат құбылыстарын түсіндіргенде, анық, ұғынықты, мүмкіндігінше бірмағыналы тұжырымдардан бас тартпауы керек.
Терминдер – өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Аталған ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды.
Қазақ дәстүрлі
терминологиясында қазақ
Әр ұлт тілінде дүние, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі тілдік фактілер арқылы таңбаланып, қоршаған әлемнің тілдік бейнесі, негізінен, адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып-білуге болады.
Ғаламның ғылыми бейнесі мен тілдік бейнесі арасындағы айырмашылықтар турасында ғалым В.В.Воробьев төмендегідей тұжырымдаманы ұсынады [8, 9]:
1) когнитивтік жүйе әмбебап сипатта болады, оның көлемі мен тұтастығындағы айырмашылық түрлі ұлт өкілдері өркениетінің деңгейіне байланысты. Лексикалық жүйе ұлттық сипатта болады, түрлі тілдердің лексикалық жүйелері арасындағы айырмашылық, алдымен, ішкі бөліктерге бөлінуіне байланысты (Осы тұрғыдан келгенде, терминдер әмбебаптық сипатқа ие болғандықтан, когнитивтік жүйенің негізгі бір бөлігін құрайды);
2) функционалдық
айырмашылықтарға келсек, когнитивтік
жүйе тану процесі мен еңбек
әрекетіне бағытталған болса,
лексикалық жүйе
3) генетикалық
тұрғыдан когнитивтік жүйе
4) когнитивтік жүйе лексикалық жүйеге және жалпы тілдік жүйеге қарағанда толығырақ, байырақ болып көрінеді, лексикалық жүйе когнитивтік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады (Терминологиялық жүйе терминдік қоры жағынан лексикалық жүйе секілді когнитивтік жүйенің бір бөлігі болып саналады).
Терминдердің
концептуалдық құрылымын анықта
Егер терминді тек жеке сөз ретінде ғана қабылдамай, оны белгілі бір терминологиялық жүйе бірлігі ретінде қабылдайтын болсақ, онда ол өзінің негізінде бүкіл сол жүйенің құрылымдық және мазмұндық жақтарын сипаттауымен қоса, онымен семантикалық қатынаста болуы тиіс. Яғни, бір жеке терминнің концептуалдық құрылымын айқындау арқылы сол терминологиялық жүйенің де концептуалдық құрылымын анықтауға болады. Термин концептуалдық құрылымының жалпы сұлбасын былай көрсетуге болады (сурет 1):
Интенсионал топтық сема + +даралаушы сема
саласы +жекелік сема факультативті элементтер
өзекті семалар
Импликационал перифериялық семалар
саласы
Сурет 1
Ұсынылған сұлбаны терминнің концептуалдық құрылымының матрицасы ретінде қабылдауға болады, ал оның элементтері кез келген терминологиялық жүйенің тұрақты параметрлері болып табылады.
Біздің зерттеуімізде «концептуалдық құрылым» термині сөздің терминологиялық мағынасының семантикалық белгілер жиынтығын, олардың иерархиялық құрылымын көрсетеді.
Концептуалдық құрылым категориясы жекелік (жеке термин) пен жалпылық (терминологиялық жүйе) арасындағы диалектикалық байланысты экспликациялауға мүмкіндік береді. Жеке термин концептуалдық құрылымының семантикалық негізі жалпы терминологияның мазмұн межесіндегі жүйелілік сипатын айқындайды.
Концептуалдық құрылымның жұмсалымдық негізі терминнің когнитивтік-семантикалық ерекшелігін айқындауға, лингвистикалық логикалық (білім) бірлігін көрсетуге бағытталады.
Терминологиялық жүйелердің концептуалдық құрылымын айқындаудың практикалық маңызы арнайы ұғымдар жүйесі мен тұрақты тілдік тәсілдер байланысының экспликациялануында болып табылады.
Когнитивтік семантика тілді түсіну және қолдану мәселесін негізгі назарға ала зерттеп, мағына санада кодталатын процесс, ғаламның тілдік, ғылыми бейнесін құрушы элемент екені ескеріледі. Соның нәтижесінде когнитивтік процестің «әрекет етуші ® әрекет ® мақсат ® нәтиже» қатынасы негізінде ғана жүзеге асатыны мойындалады. Әрекет етуші (сана, аралық әлем) әрекетті белгілі бір мақсат көздеп жасайды және ол белгілі бір нәтижеге бағытталады. Ал нәтиже – обьективтік шындықтың тілдік бейнеленген формасы (мағына, мазмұн), концептуалды жүйесі (семантикалық құрылымдар – терминдер, терминдік бірліктер, кәсіби атаулар т.с.с.), ал ол мағына – санада кодталатын процесс. Ғылыми танымның кодталуы әрекет түрінде сөз, дыбыстық құрылым мен мазмұн бірлігі арқылы ойша және бейвербалды емес, вербалды түрде жүзеге асады. Вербалды түрде кодталған ғылыми, тілдік таным мағынасы (терминдер, терминдік бірліктер т.б.) ғаламның ғылыми бейнесі ретінде көрініс береді. Ал обьективті дүниені тану, яғни, тілдің шындықты тануға бағытталуы мақсат ретінде анықталады.
Орыстың ғылым тілінің даму тарихын зерттеуші ғалымдар бір ауыздан энциклопедист-ғалым М.В.Ломоносовты “орыс ғылыми терминологиясының атасы” дейтін болса, Қазақстан ғылымының тарихындағы ондай орынды ұлтымыздың бағына туған перзенті, Алаштың аяулы ұлы, аса көрнекті тілші ғалым Ахмет Байтұрсынұлы иеленіп тұр.
Информация о работе Қазақ педагогикалық терминологиясының қалыптасуы