Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 10:19, курсовая работа
Әлемнің алдынғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европаның көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі..............................................5
1.1 Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуы...................................................5
1.2 Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері......................................9
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар................................................. 14
2.1 Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау........................................................14
2.2 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің
педагогикалық қызметі.........................................................................................15
2.3 Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері...................................................18
2.4. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі.........................................25
Қорытынды .........................................................................................................29
Қолданған әдебиеттер тізімі..............................................................................30
Оқыту технологиясы-жүйелі категория. Оның құрлымы төмендегідей
6
болып келеді:
- оқытудың мақсаты,
- білім беруің мазмұны,
- педагогикалық өзара
- оқушы,оқытушы,
- әрекетің нәтижесі /сонымен бірге кәсіптік дайындықтың деңгейі/
Оқыту технологиясы-оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек.
Бүгінде білім беруде нәтижелі жетілдірудің құралы ретінде практикада жаңа оқыту технологиясын кіргізуге батыл шаралар қолдану. Сондықтан Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы ойлай білетін және шығармашылықпен жұмыс істейтін қабілеті бар тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сол себептен де бүгінгі еліміздегі білім беру жүйесі оқушылардың таным белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес белсенді формалары мен әдістерін көптен енгізуді қажет етуде.
Осындай инновациялық технологиялардың кейбіреулеріне қысқаша сипаттама жасайық:
Модулдік оқытудың басты мақсаты-оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрлым құру.
Модулдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:
- модул-біліктілік
мінездемесінің талаптарына жауап
беріп, мамандық бойынша оқу
- модул-пәнаралық әдістемелік-
- модул-бір ғана
оқу пәнінің шеңберіндегі
Оқыту мазмұнын таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес модулдерге жіктеудегі модулдік оқытуға байланысты.
Модулдік оқытудың дидактикалық жүйесі басқада дидактикалық жүйелер сияқты оқытудың мақсатарына сай жалпы дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрлымды меңзейді. Модулдік бағдарламаларды құрастыруда әр түрлі тәсілдер байқалады. Даралық модулдердің мазмұны оқыту мазмұнын құрлымдау түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, ділгірлік және қолданбалы міндеттермен қамтамсыз етілуі керек.
7
Сонымен, модулдік оқытуды кибернетикалық басқару тұрғысынан талдасақ, модулдік оқыту педагогикалық басқарудың қалыптасқан жүйесін сапалық жағынан өзгертеді. Ендеше модулдік оқыту жағдайында оқу үрдісін басқару мәлімет беру үрдісіне бағытталған цикілділігімен, білім алушының өздігімен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін-өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатумен ерекшеленеді.
Қашықтан оқыту - қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бірі-білім беру ісін ақпараттандыру. Бұл жаңа ақпараттық құралдар мен әдістерін дамыта оқытудың идеяларын жүеге асыруға, оқу –тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір-бірімен тағыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану деген ұғымды білідіреді.
Бұл күнде қашықтан оқыту білім берудің дамытудың нақты элементті болып табылады. Өйткені қашықтан оқыту жүйесінің икемділігі сол, оқушылар негізінен дәріс, семинар түріндегі сабақтарға бармай, өздеріне ыңғайлы мзгілде, қолайлы жерде, қолайлы жылдамдықта жұмыс істу мүмкіндігіне ие болады.
Интерактивті оқыту-қазіргі кезде қарым-қатынас үрдісіне негізделген оқыту-интерактивті оқытуға үлкен көңіл бөлуде. Оқыту үрдісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағы қатысуы қажет: 1/ақпарттық /ақпараттық берілуі және сақталуы/; 2/интерактивті /біріккен іс-әректте өзара әсердің ұйымдастырылуы/;
Қазігі кезде интерактивті оқыту 2 бағытта жүзеге асырылып жүр.
1. «Қарым-қаынасмәдениті», «Риторика», «Біз адамдар арасында өмір сүреміз», т.б. арнайы оқу курыстарын ендіру.
2. Оқу жағдаяттарын барынша пайдалану, студенттер үшін «қарым-қатынас алаңын» құру.
Интерактивті оқыту кезінде студенттер тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселелерді де өз бетінше шеше алатын болады.
Сонымен, Білім беру жүйесі дегеніміз қазіргі тарихи кезеңде әлеуметтік-эконмикалық, ұлттық ерекшеліктеріне және еліміздің негізгі саяси–экономикалық міндеттеріне жауап беретін принциптер негізіде құрылған оқу-тәрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін айтады
8
1.2 Білім беру
жүйесінің құрылымы мен
Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
мүмкіндіктер жасау;
тәрбиесін дамыту;
жағдайлар жасау
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
құқықтарының теңдігі:
фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
9
дамыту;
беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру.
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады.
10
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
2.1 Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудық 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: бастауыш (1-5 сынып-тар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу міндеттеледі. Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі (6-10
11
сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Жалпы білімнің нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға, жалпы орта білім беретін ұйымдардық әр алуан түрлері мен үлгілерін дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды құру арқылы қол жеткіземіз.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.
Гимназия - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес тереңдетіп, салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында. Лицейге жастарды қабылдау ең алдымен олардың табиғи мүмкіндіктерін, интеллектуалдық ерекшеліктерін айқындау негізінде жүргізіледі, кейін де бала дамуын қадағалай отырып, бірнеше іріктеу сатыларынан өткізеді. Ал оны аяқтаған жастар жоғары оқу орнында білім алу құқығына ие болады. Бұл оқу орындарының басты принципі баланы дәл болашақ мамандығына сәйкес қабілетіне қарай іріктеу және сол мамандықты жоғары деңгейде меңгеруіне көмектесетіндей бірнеше жыл бойы арнайы дайындықтан өткізу болып табылады."Мирас" халықаралық мектебінің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы ұлттық стандарт пен халықаралық бакалавриат бағдарламасының талаптары орынды үйлесім тапқан. Көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Информация о работе Қазақстанда білім беру жүйесінің қазіргі құрылымдары