Қазақстанда білім беру жүйесінің қазіргі құрылымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 10:19, курсовая работа

Описание работы

Әлемнің алдынғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европаның көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі..............................................5
1.1 Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуы...................................................5
1.2 Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері......................................9

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар................................................. 14
2.1 Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау........................................................14
2.2 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің
педагогикалық қызметі.........................................................................................15
2.3 Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері...................................................18
2.4. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі.........................................25

Қорытынды .........................................................................................................29
Қолданған әдебиеттер тізімі..............................................................................30

Файлы: 1 файл

Қаз-да білім б.ж-ң қазіргі құрылымдары.docx

— 81.05 Кб (Скачать файл)

"Арман" оқыту-тәрбиелеу  кешені 1997 жылы ашылды. Оның оқыту-тәрбиелеу тұжырымы негізінде "Оқу дегеніміз - әлемді ашу" тезисі жатыр. Педагогикалық кешеннің мақсаты: өзіндік жіне шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі іске асыра алатын тұлғаны тәрбиелеу. "Болашақ" арнаулы орта мектебінде оқушылар екінші шетел тілі ретінде 3-сыныптан бастап (ағылшыннан басқа) қытай және араб тілдерін оқиды. "Болашақ" - оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жеке меншік мектептердің бірі. Оқытудық негізгі бағыттары - информатика және экономика. Сонымен бірге мектеп оқушыларға барлық пәндер бойынша жоғары деңгейлі жалпы білім беруге бағытталған. Оқу үрдісінде электронды оқулықтар қолданылады. "Болашақ" мектебінің түлектері орта білімі туралы аттестатпен бірге экономикалық білім алғаны туралы сертификат алады. 
"Дәулет" мектебінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға байланысты бірнеше бастамалар бар, олар - " Лингвоелтану" оқулығы бойынша қазақ

 

12

және ағылшын халықтарының тарихын, мәдениетін, білім беру құндылықтарын, рухани мұраларын зерттеу және олардың ерекшеліктерін мәдениеттанымдық тұрғыдан салыстыру. Оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын меңгеруі мен тіл дамытуы компьютерлік бағдарлама бойынша беріліп, тексеріледі.

"Ақ жол" - оқу-әдістемелік  орталық. Мақсаты - білім және тәрбие беру үрдісінде балалардың дүниеге өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін, логикасын, коммуникативтік қасиеттерін дамыту. Қосымша білім беруде театр, хореография, қазіргі би, ырғақты гимнастика, сурет-кескіндеме өнері, бағдарламалау, психология пәндері және дене тәрбиесі қамтылған.

"Келешек" – республикалық физика-математикалық дарынды балаларға арналған мектеп. Негізгі пәндер: физика, математика, информатика, ағылшын және қазақ тілдері. "Стандартты емес олимпиадалық есептерді шешу" және "Бағдарламалау негіздері" арнайы курстары бар.

Орал қаласындағы "Талап" акционерлік қоғамы жанындағы бірінші мектеп-гимназия 1995 жылы құрылды. Гимназия жұмыс істейтін ата-аналарға ыңғайлы, балаларға барлық жағдай жасалған. Әрбір сыныпта 5-8 оқушыдан білім алады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ұзартылған күн топтары ұйымдастырылған.

Кәсіптік бастауыш білім беру. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі - 2-3 жыл, кәсіптік лицейде -3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін - 4 жылға дейін болады. Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған.

Кәсіптік орта білім беру. Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 3-4 жыл. Ұқсас мамандықтар бойынша жалпы орта және кәсіптік бастауыш білімі бар азаматтардың қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша кәсіптік орта білім алуына болады. 
Кәсіптік орта білім колледждерде, негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.

Кәсіптік жоғары білім беру. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары

 

13

дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім асыру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады. 

Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді. 
Сонымен, білім мен тәрбие беру - бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат - оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14

2.2 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің педагогикалық қызметі

 

  Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептерді 100 пайызға компьютерлендіру аяқталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратының торабы және облыстық білім департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулық басылымдары  мектеп пәндерінің 25%-ын  қамтиды. Қашықтан оқытудың спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебі қосылған (8,7 %).

  Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникациялық  технологияларды (бұдан әрі - АКТ) дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіктен  әлдеқайда артта қалуда.

  Қазақстанда бір компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі                    54 оқушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі (Ресейде - 59). Сонымен қатар  2002 жылы  Экономикалық  ынтымақтастық және даму ұйымы  елдері бойынша бұл  көрсеткіш 13-ке теңелді,  Латвияда, Венгрияда және Чех Республикасында  бұл  тиісінше 5, 9 және  15-ті  құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерінде 1 компьютерге 5 оқушыдан келген,  АҚШ-та – 4.

  Қазіргі   таңда   Интернет   желісіне  қосылуға Қазақстан мектептерінің  44%-ы ғана қол жеткізген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан астам мектеп, 2000 жылы Эстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада, Исландия мектептерінің  80 %-ы, Венгрияда 58%, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша мектептердің орташа есеппен 52%-ы  Интернет желісіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізген.

  Кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде бір компьютерге тиісінше 31 және 25 оқушыдан келеді. Интернет желісіне кәсіптік мектептердің (лицейлердің) 39%-ы және колледждердің 51%-ы қосылған.

  Жоғары білім беру деңгейінде ақпараттық жүйемен келісілген интерфейсі жоқ оқу процесін басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс істейді.

  Жекелеген жоғары оқу орындары ғана қашықтан оқытудың технологиясын енгізген, кейбірінде аталған технология эксперименттік режимде іске асырылуда.

Білім беруді қаржыландыру. Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік берді  (7-кесте).

 

7-кесте 

Білім беруді қаржыландыру (млн. теңге)

 

15

 

2000

2001

2002

2003

2004

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

2975

3322

3880

4553

5742

Жалпы орта білім беру

60007

67224

81744

98906

124979

Кәсіптік бастауыш білім беру

2693

3018

3910

5299

6540

Кәсіптік орта білім беру

2662

2528

2989

3495

5001

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

8120

9344

11783

12763

15506

Басқа да бағдарламалар

4959

17640

14671

24505

33547

Жиынтығы

81416

103076

118977

149521

191315

ІЖӨ-ге  %

3,1

3,1

3,2

3,4

3,8


 

Білім беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолютті артып қана  қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өсті.

Білім беру сапасын бағалау. Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) енгізілуде.

Дегенмен білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі нақты жай-күйін толыққанды көрсете алмайды және басқару үшін кері байланыстың объективті құралы бола алмайды.

Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, объективті мониторинг жоқ. Білім беру сапасын басқару компоненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты мен міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы зерттеулер жөніндегі халықаралық бағдарламаларға Қазақстан қатыспайды.

Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы статистика жүйесі қазіргі заман талабына мағыналық та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес келмейді. Мазмұнды әрі  оралымды  емес,  халықаралық стандарттарға сай келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қажетті бірізді статистикалық ақпараттық ағын әзірленбеген. Білім беру

 

16

көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады,  олар пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.

Білім беру жүйесінде қалыптасқан ахуалдың негізгі себептері:

білім беру сапасын бағалауда объективтілікті қамтамасыз етпейтін рәсімдердің басымдығы;

білім беру жүйесінің жаңадан  еніп жатқан  жайларға ден қоймауы, білім беру құрылымының мазмұны мен қалыптасуының ескірген қағидаттарына  бейілділігі;

педагог кадрларды даярлау деңгейінің төмендігі, таңдаулы кадрлардың тұрақтамауы, ұстаз еңбегінің  материалдық жағынан нашар ынталандырылуы;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтудың жеткіліксіз қаржыландырылуы;

оқу-зертханалық, дене шынықтыру, ойын жабдықтарының, оқу және әдістемелік әдебиеттердің қазіргі заманғы  талаптарға сәйкес келмеуі;

білім беру қызметтерінің нарығында сұраныс пен ұсыныстың ғылыми негізделген ұзақ мерзімді болжамының болмауы;

сабақтас мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларына арналған бағдарламаларды, олардың мониторингінің тетігін жасау және іске асыру кезінде әдіснамалық  қағидаттардың үйлесімсіздігі;

кәсіптік оқытуды және мамандар даярлауды ұйымдастыру процесіне жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестерді тарту тетіктерінің болмауы;

білім беру саласындағы құралдардың, әдістердің және бағалау қызметі технологияларының жеткіліксіз әзірленуі;

педагог, ғылыми-педагог кадрлардың және өндірістік оқыту шеберлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің нашар дамуы;

білім беруді басқару жүйесін қамтитын бірыңғай ақпараттық білім беру инфрақұрылымының болмауы.

Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ “Білім” бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда,  білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Алайда мұның өзі білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіктеріне сәйкессіздігін жою үшін   жеткіліксіз.

Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғары елдердің озық тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды  қажет етеді.

 

 

17

2.3. Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері

 

   Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің бағдарламасы кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

  Бірінші кезең (2005-2007 жылдар). Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың бірізділік жүйесі құрылатын болады.

  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде әйелдерге жұмыс істеуге мүмкіндік  беретін  және әлеуметтік жағынан қорғалмаған  әрі  тұрмысы  төмен отбасыларға қолдау көрсететін әлеуметтік институт ретінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын  дамыту жөніндегі  нормативтік құқықтық база және ғылыми-әдістемелік негіздер әзірленетін болады.

  Кәсіпорындарға  жеңілдікпен салық  салу,  ауылдық мектептерде көп  функциялы білім беру  ұйымы  ретінде  “мектеп – балабақша” кешендерін құру мақсатында оларды қайта құрылымдау жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірленетін, сондай-ақ “Мектепке дейiнгi балалық шақ” республикалық ғылыми-практикалық орталығы  құрылатын болады.

  Балабақшалар салу және білім беру ұйымдарының базасында мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісі кеңейеді.

 Арнаулы бiлiм беру жүйесiнде:

  • мүмкiндiктері  шектеулi балаларды қамту кеңейтіледі;
  • арнаулы түзеу бiлiм беру ұйымдарының желiсi сақталады және  кеңейтіледі;
  • мүмкiндiктері шектеулi балаларды есепке алудың бiрыңғай нысаны жасалатын болады;
  • мүмкiндiктерi шектеулi балалардың кәсiпке дейінгі және кәсiптiк даярлыққа қол жеткізуі кеңейеді.

Информация о работе Қазақстанда білім беру жүйесінің қазіргі құрылымдары