Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 10:19, курсовая работа
Әлемнің алдынғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европаның көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі..............................................5
1.1 Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуы...................................................5
1.2 Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері......................................9
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар................................................. 14
2.1 Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау........................................................14
2.2 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің
педагогикалық қызметі.........................................................................................15
2.3 Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері...................................................18
2.4. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі.........................................25
Қорытынды .........................................................................................................29
Қолданған әдебиеттер тізімі..............................................................................30
23
аккредиттеу агенттiктерінiң талаптары деңгейiнде кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын аккредиттеуді енгiзумен Болон декларациясының негiзгi қағидаттарын iске асыруға және Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттарына сәйкестікке қол жеткізіледі.
Қазақстан PISA, TIMSS, CIVIC, SITES, LES халықаралық зерттеулер шеңберінде оқитындардың нақты жетістіктерін салыстырмалы талдауға, жоғары білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі ENQA, INQAAHE және басқа да агенттіктердің халықаралық желілеріне қатысатын болады.
Мониторинг деректерінің, бiлiм берудің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманың, бiлiм беру ұйымдарын дәрежелеу нәтижелерінің негiзiнде түрлі кәсіптерге сұраныс, әр түрлi бiлiм беру ұйымдарында, өңірлерде білім беру қызметтерінің болуы және оның сапасы туралы қоғамды хабардар ету жүйесі құрылатын болады, білім беруді дамыту стратегиясы әзірленеді.
Біліктілікті арттыру институттары білім беруді дамыту орталықтарының мәртебесіне өтеді.
2010 жылдың соңына қарай мектептердегi компьютерлердiң саны 20 оқушыға 1 компьютерден келетін арақатынасқа жеткiзiлетiн болады.
Білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктері әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2010 жылға дейiнгі мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде бiлiм берудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазiргi әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалы биiк деңгейiне қол жеткiзілетiн болады.
24
2.3. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнің (бұдан әрi – БСБҰЖ) міндеттерін iске асыру үшiн:
Бiлiм беру ұйымдарын сыртқы бағалау үшiн лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, дәрежелеу, орталықтандырылған тестiлеу және тікелей мониторингтік зерттеулер рәсімдері көзделеді.
Iшкi бағалау өзiн-өзi бағалау (өзiн-өзi аттестаттау), үлгерiмдi ағымдағы бақылау, бiлiм беру ұйымдарында жүзеге асырылатын, оқитындардың оқудағы жетiстiктерiн бағалау нысанында көзделеді.
Оқитындарды орталықтандырылған тестiлеу бiлiм берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттiк жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзiрленетiн стандартталған тапсырмалардың базасында өткiзiлетiн болады.
Оқитындардың оқудағы жетiстiктерiн орталықтандырылған тестiлеу нысанында мемлекеттiк бақылау жалпы орта бiлiм берудің әрбiр сатысын (4 сынып, 9 (10) сынып, 11 (12) сыныптар) аяқтағанда, колледждер мен жоғары оқу орындарының бiтiрушi курстарында өткiзiлетiн болады \25\.
БСБҰЖ-ның жұмыс істеуіне тиісті инфрақұрылым қолдау көрсететін болады.
Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығы (БТМСҰО) оқитындардың оқудағы жетiстiктерiн барлық бiлiм беру деңгейлерi мен сатыларында орталықтандырылған тестiлеу нысанында сыртқы бағалауды жүргізеді, әдiснамалық, технологиялық, техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етедi, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын және бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады, бiлiм беру стандарттарының мазмұнын әзiрлеу үшiн ғылыми, әдiснамалық және әдістемелік база құрады.
Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы (БСБҰО) бiлiм беру жүйесi жай-күйiнiң мониторингiн жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында бiлiм беру саласын дамыту стратегиясын әзiрлеуге қатысады, сапаны талдауды және бағалауды жүзеге асыру үшiн статистикалық дерекқор жасайды, ақпараттық ресурстарды бiлiм беру
25
саласының бiрыңғай мониторингі жүйесiне бiрiктiредi және Қазақстан Республикасында бiлiм берудің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындайды.
Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеуді және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүргізеді, сапаны бағалауды Болон процесiнiң шарттарымен үйлестіру үшiн аккредиттеудiң келiсiлген өлшемдері мен рәсiмдерiн әзiрлейдi, шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификаттау рәсiмдерiн жүзеге асырады, сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық бағдарламаларға қатысады.
Сертификаттау, сапа менеджменті және консалтинг орталығы (ССМКО) 9000 және 14000 сериялы ISO стандарттарының негiзiнде сапа менеджментi жүйелерiн жоғары оқу орындарына енгiзуді және сертификаттауды, сапа менеджментi саласында оқу-әдiстемелiк және нормативтiк құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады.
Республикалық біліктілікті беру және қуаттау орталығы (РББҚО) жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегі мамандарының кәсiби даярлығын, олардың бiлiктiлiгін беру және қуаттауды бағалауды тәуелсіз жүргiзеді.
Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.
Креативтiк компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.
Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.
Әдiстемелiк оқудың соңында инновацию, «педогогикалық инновация деген түсініктерді зерделей келе аудан мектеперiнiң басшылары, оқу ісінің меңгерушiлерi инновациялық жағдайда жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн төмендегі маңызды шарттар қажeт деп тоқталды:
- Педагогтар бiлiктiлiгiн жетiлдiре отырып мектептi басқарудағы басымдылықтарды анықтау;
- өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру;
26
- басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi технологияларды қалыптастыруға бағыттау.
Әдістемелік семинардың бiр сабағы бiлiм саласындағы инновациялық кедергiлердiң басты себептерін анықтауға арналды. Ф.М.Русинов, В.И.Антонюк сияқты зерттеушiлер психологиялық кедергiлер дегенiмiз әрекеттердiң, түнiктердiң, ой қорытулардың, күтудің жиынтығы дейдi, жаңалықтарға қарсы қызметкерлердiң саналы немесе ойланбай, ашық немесе жасырын, әдейi немесе кездейсоқ бiлдiретiн тepic әлеуметтiк-психологиялық көңiл күйлерi деп түсiндiредi.
Әрекет ету және оны түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда болуы белгiлi бiр жағдайларды объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.
Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің жандануына түрткі болады, қалыптасқан «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi \28\.
Инновациялық кедергiлердiң анықтауыштары ретiнде мына параметрлердi қарастыруға болады:
Кедергілердің құрамы, яғни қызметкерге кері әсер етyшi нақты факторлар;
Кедергілер дәрежесі, теpic пікірлердің қызметкерлердiң санымен анықталады;
Кедергілердің сипаты, яғни теpic пiкiрдегi қызметкерлердiң қарсылық бiлдiруiнiң формалары;
Жеке топтарда жұмыс iстей отырып басшылар инновациялық кедергiлердiң жaғымды да, жaғымсыз да жақтары бар екедігiн анықтады. Кедергiнiң оңды жақтары, бiрiншiден ол жете ойластырылмaған және шапшаң күштеумен енгiзілетiн инновациялық шешiмдердiң жүзеге асуына бөгет жасайды, өйткенi оған әлi объективтi жағдайлар пiсiп жетiлген жоқ, екiншiден, ол инновациялық үpдicтe қоздырушы күш рөлiн атқарады, жаңашылдардың қызмeтiн жандандыра отырып, олардың қол жеткенге тоқтап қалмай, iлгерiлеуi үшiн күш жұмсауын талап eтeдi, үшiншiден, кедергi әрқашан да индикаторлық қызметтi аткарады, жаңашылдарға оперативтi, тұрақты, нақты хабар бере отырып, қабылданған шешiмдердiң осал жақтарын көрсетiп бередi және инновацияның әлi де толық жұмыс жасамаған элементтерiн анықтап, аса қажеттi түзетулер жасайтын негiзгi бағыттарды көрсетедi.
Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру
Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi.
Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп отырған қоғамда өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылыктарға байланысты өзгеpicтep болып
27
отырғанын бiлу қажет.
Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмip сүpeтiн адам бастауыш мектептің өзiнде-ақ өзiн-өзi шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс.
Осыған орай бастауыш сыныпта "Ақпараттық медениет негiздерi" пәнiн енгiзу мынадай мақсаттарды көздейдi:
Сезiмдi ынталандыру деген бiлiм беруге жағдай жасау, сабақ кезiнде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерiн тиiмдi пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
28
ҚОРЫТЫНДЫ
Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан-салалы жұмыстың құйылатын арнасы да білімнің сапасында болатыны даусыз. Білім қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты — ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Сондықтан алға басқан сайын біз халқымыздың тарихи құндылықтар, ұлттық тіл қазынасын, яғни халық қазынасының бағалы жақтарын келешекке өзімізбен бірге индустриясы дамыған, толыққанды техникаланған болашаққа ала баруымыз керек. Сонда ғана біздің ұрпақ өз тілегін, өз тілін, сабаққа деген қызығушылығын, қабілетін дамыта алады.
Білім беру жүйесі дегеніміз қазіргі тарихи кезеңде әлеуметтік-эконмикалық, ұлттық ерекшеліктеріне және еліміздің негізгі саяси–экономикалық міндеттеріне жауап беретін принциптер негізіде құрылған оқу-тәрбие мекемелері мен оны басқару органдарының жүйесін айтады
Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай солардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді, әрі шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ.
Қазақстан Республикасының Білім беру көрсеткіштерінің деңгейі төмен деңгейде десек те болады. Өйткені бізді білім беру саласындағы құрал жабдықтар жетіспеуі, қаржы қаражаттың өз орнына дұрыс жеткізілмеуі, сонымен қатар дамыған елдердегідей компьютер желісінің бізде аз қолдануы бізді осындай қиыншылықтар мен ақсаңдауға алып келіп отыр, дегенмен де бұл проблемелерды жою үшін біздің елде бірнеше қатарлы бағдарламалар мен шаралар қолдануда.
Біз келешекте сол алдыға қойған мақсаттарға жетіп, қиыншылықтар мен кемшіліктерді жоямыз деген сенімдеміз.
Бірақ оған ең басты мемлекет қолдауы мен біздер жастардың білімге деген көңіл бөлушілігімізді арттыруымыз қажет. Сол кезде ғана біз болашақты Қазақстан мемлекетін жоғарыға көтере аламыз. Тек қана мемлекет тарапынан көмек көрсетіп отыру, аз болып келеді, өйткені егер мемлекет барлық мүмкіншілікті жасап ал, жастардың өздері білім алмайтын, оқымайтын болса, ең қиыны сонда болады деп ойлаймын, қандай қиын қыстау кезеңі болмасын әр жас өркен өз алдына мақсат қойып мұратына жету қажет, әйтпесе ол осы өмірін бос өткізеді.
Информация о работе Қазақстанда білім беру жүйесінің қазіргі құрылымдары