Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 15:33, реферат
Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасының білім беру саясаты білім берудің құндылық мәнін толығымен күшейтуге және оның әрбір адам тағдырындағы үлесін арттыруға, жас ұрпақты жаңа, ақпараттық қоғамның талаптарына сай тәрбиелеуге бағытталған.
Сауатты, зияткер, рухани мықты адам тәрбиелеу адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді бекіту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Өзіне, басқаларға және әлемге деген құндылық қатынасын дамыту негізінде тұлғаның үйлесімді қалыптасуы бейбітшілік пен келісімнің нығаюының алғышартына, ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған ұлттық басымдылықтардың жүзеге асуының жасампаз күшіне айналады.
2. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын тараптар
2.1. Білім беру аялары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері
13. Білім беру аялары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері – бұл әр білім аясы бойынша бекітілген бастауыш білім берудің ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі.
14. Білім беру аясы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері бастауыш білім берудің базалық мазмұнын анықтауға, оқушылардың әртүрлі білім алу қажеттілік деңгейлеріне қарай, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін пәндер бойынша бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларының түрлі нұсқаларын құрастыруға негіз болып табылады.
15. Бастауыш
білім берудің оқу
16. Күтілетін оқыту нәтижелерінің жүйесі оқушылардың дербес даму траекториясын жасауға және орта білім беру ұйымынан «шығу» кезінде ұзақ мерзімді оқыту мақсаттарына қарай сатылап ілгерілеуіне мүмкіндік туғызады.
17. Күтілетін оқыту нәтижелері бір-біріне жақын бірнеше оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім аясының ерекшелігін есепке ала отырып жоспарланған: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру».
18. «Тіл мен әдебиет» білім аясы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері.
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы:
тыңдалым және айтылым:
оқылған немесе тыңдалған мәтінді, әңгімені түсінеді, негізгі ойы мен мазмұнын баяндайды, түрлі көзқарастарды анықтайды, ой түйіндейді; ақпараттық мәтіннің мазмұнын баяндайды; әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; оқылған материалды талдайды және баға береді; аудиовизуалды мәтін негізінде өз пікірін білдіруге дәлелдер келтіреді; тақырыпты түсінеді және сөйлеу нормаларын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; диалог жүргізудің түрлі формаларын түсінеді; сөйлеушінің көзқарасын талдайды және бағалайды (бірінші тіл, әдебиет );
ауызша мәтіндегі сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді; аудиовизуалды материалдың мазмұнын түсінеді (оқиғалар, кейіпкерлердің әрекеттері); шағын көлемдегі ауызша мәтіндерге қарапайым талдау жасайды; шағын көлемдегі аудиовизуалды материал мазмұнындағы негізгі кезеңдерін анықтайды; әңгімені қолдау үшін қажетті сөздерді пайдаланады; қысқа әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; оқылған материалды талдайды және баға береді; мәтін негізінде өз пікірін білдіруге дәлелдер келтіреді; тыңдалған немесе оқылған материал бойынша негізгі ойды анықтайды, негізгі кезеңдерін талдайды және түсіндіреді; басқалардың пікірлеріне өз келісімін не қарсылығын білдіріп, баға береді (екінші тіл);
өзі туралы сұрақтардың мағынасын, жалпы оқу тақырыбы, арнайы ақпарат бойынша анық жеткізілетін әңгіменің негізгі мазмұнын және шағын ауызша хабарлама немесе мәтіннің мағынасын түсінеді; мазмұндық нұсқамаларды пайдалана алады; жеке дыбыстар мен қысқа сөздерді таниды; таныс сөздерді, қысқа сөз орамдары мен жай сөйлемдерді айтады; өзі, қазіргі тәжірибесі, заттар туралы негізгі хабарлама мен пікірді жеткізеді; жұппен және топпен жұмыс барысында өз ойын білдіріп, басқалармен әңгімелеседі; жалпы оқу тақырыбы бойынша өте қысқа әңгімелер мен оқиғаларды әңгімелейді (үшінші тіл);
оқылым:
оқиды және кейіпкерлердің «іс-әрекетіне қарап, олардың мінез-құлқын анықтайды талдайды, түрлі мәтіндердің (көркем және көркем емес) құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды; мазмұнына қарай сөздің лексикалық мағынасын анықтайды; зер салып оқу арқылы нақты ақпаратты табады; түрлі мәтіндерден ақпарат тауып, мәтін түрлерін салыстырып, тани алады: әңгімелеу, сипаттау және пайымдау (бірінші тіл, әдебиет );
қарапайым қысқа мәтіндегі басты ақпаратты түсінеді; көркем және көркем емес мәтіндерді ажыратады; оқу үшін кітап таңдайды және өз таңдауын түсіндіреді; түрлі дерек көздерінен қалай ақпарат табуды біледі; кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің идеясын, оқиғасы мен себептерін түсінгендігін көрсетеді (екінші тіл);
оқиды және таныс бұйрықтарды орындайды; жалпы оқу тақырыбы бойынша өте қысқа қарапайым әдеби және әдеби емес мәтіндерді оқиды; қарапайым бейнелі сөздікті пайдаланады; қысқа қарапайым мәтіндердің басты идеяларын анықтайды; қысқа қарапайым мәтіндердегі айрықша ақпарат пен деталін анықтайды (үшінші тіл);
жазылым:
өз жұмысын жазу үшін хабарлы және хабарлы емес сипаттағы түрлі формаларды таңдайды; өзара байланысқан абзацтардан мәтін құрайды; мәтін мазмұнының негізінде дәлелдер табады және қолданады; басқаларды сендіру үшін дәйектер пайдаланып, мәтін жазады; көркем емес мәтіндердегі сюжет пен композицияны салыстырады; өз мәтінін түзетеді; өз көзқарасын ұсынып, әңгіме жазады; меңгерілген грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық нормаларға сай сөйлемдер құрастырады (бірінші тіл, әдебиет );
оқиға орнын, уақыты мен кейіпкерлерін білдіретін тілдік құралдарды қолданып, хабарлы/хабарлы емес сипатта мәтіндер құрастырады; тыңдалған, оқылған және көрілген материал бойынша қысқаша жазбалар жасайды (тақырыптар, деректер, пікірлер); сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен грамматикалық категорияларын (зат есім мен сын есімнің түрлері, етістіктің шақтары) ескере отырып, сөйлемдер құрайды, орфографиялық ережелерді біледі және қолданады; дербес түрде шағын шығармашылық еңбек жазады (өлең, ән не қысқа оқиға, әңгіме) (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сөйлемдер жоспарлайды, таңдап алады және жазады; кіші және бас әріптермен қысқа сөйлемдер, аттар мен жер атауларын айту арқылы дұрыс жазады; таныс және көп қолданылатын сөздерді айту арқылы дұрыс жазады; жай және таныс сөйлемдердің аяғында нүктелерді айту арқылы дұрыс қояды (үшінші тіл);
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:
тыңдалым және айтылым:
оқылған немесе тыңдалған мәтінді, әңгімені түсінеді, негізгі ойы мен мазмұнын баяндайды, түрлі көзқарастарды анықтайды, ой түйіндейді; ақпараттық мәтіннің мазмұнын баяндайды; тақырыпты түсінеді және сөйлеу нормаларын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; диалог жүргізудің түрлі формаларын түсінеді; сөйлеушінің көзқарасын талдайды және бағалайды сұрақтар қояды, айтылған ойларды түсіндіреді не қарсы болады; әңгімелеу және сипаттау мәтіндерінің мазмұнын әңгімелеудің түрлі формаларын қолданады; логикалық бірізділікті қадағалап, өз көзқарасына дәйек келтіреді; диалогқа сөйлеуші және тыңдаушы ретінде қатысады; түсіндіру, нандыру, ой таластыру үшін сөйлеуші қолданған басты әдістерді анықтайды (бірінші тіл, әдебиет );
ресми және бейресми қарым-қатынас стилінің ерекшеліктерін айқындайды; тыңдаған мәтініндегі бейтаныс сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді, мәтін мазмұнын түсінеді; шағын көлемдегі ауызша тыңдаған мәтіндерге қарапайым талдау жасайды; аудиовизуалды материалдың, телевизиялық бағдарламалар үзіндісінің мағынасын түсінеді; қарым-қатынас орны мен жағдайы, қатысушылардың ерекшелігіне (коммуникация) қарай сөйлеу стилінің қалай өзгеретіндігін түсінеді; мәтіннің стилін ескере отырып, сұрақтар қояды; алдын-ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдаланып әңгіме, оқиға мазмұнын әңгімелейді; оқыған, тыңдаған материал туралы өз пікірін білдіреді; берілген тақырып бойынша өз бетінше талқылайды, оқыған, тыңдаған және көрген материалы негізінде қорытынды жасайды (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сұхбаттың негізгі мазмұнын, шағын әңгіменің мағынасын түсінеді; дыбыстарды, дыбыс тіркесімдерін және дыбысталуы оқушының ана тіліндегі сөздерге ұқсас сөздерді таниды; жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сұхбаттың мазмұны мен мағынасын болжау үшін мазмұндық нұсқауды пайдаланады; өзі туралы негізгі хабарламалар мен пікірлер, қазіргі және өткен тәжірибе туралы сұрақтар мен жауаптар, таныс сөздер мен қысқа сөз тіркестерін құрастырады; тиісті сөздерді, сөз орамдары мен сөйлемдерді қолданып, жұппен және топпен жұмыс істеу барысында әңгімелеседі; жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа әңгімелер мен оқиғаларды айтады (үшінші тіл);
оқылым:
оқиды және жазушылардың өз кейіпкерлеріне деген көзқарасы туралы қорытынды жасайды; көркем және көркем емес мәтіндердің негізгі идеясы мен композициясын анықтайды; кейіпкер образын жасау үшін автордың қолданған көркем-мәнерлі құралдарын айқындайды; белгілі бір міндетті орындау үшін қажетті ақпаратты табады; мәтін түрлерін бағалайды және мәтін түрлерін таниды (әңгімелеу, сипаттау және пайымдау); берілген мәтін түрлерін түрлі дерек көздерінен табады (бірінші тіл, әдебиет );
анықтамалық материалды қарап, қысқа мәтіндегі бейтаныс сөздер мен сөз орамдарының мағынасын оқиды және анықтайды; мәтінді ұйымдастыру ерекшеліктерін таниды және бейнелейді (мысалы: әліпби реті, сұлба, диаграммалар, суреттер мен олардың жазбалары, т.б.); оқылған материал бойынша маңызды кезеңдерді түсіндіріп, әсерімен бөліседі; оқылған материалды түсінгендігін бейнелеу арқылы көрсетеді (кейіпкерлер мен оқиғаларды көрсету); түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты қалай таңдап алуды біледі; оқылған не тыңдалған материал негізінде өз келісімін не қарсылығын білдіреді; түрлі көзқарастарды түсіндіреді, пайымдайды және ой таластырады (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа қарапайым көркем және көркем емес мәтіндерді оқиды; қысқа қарапайым мәтіндердегі ойларды таниды; сыныпта және мектеп кітапханасында кітаптар, материалдар мен басқа да баспа өнімдерін табады; қысқа қарапайым мәтіндердің басты идеяларын анықтайды; қысқа қарапайым мәтіндердегі айрықша ақпарат пен деталін айқындайды (үшінші тіл);
жазылым:
«түрлі көркем сөздерді пайдаланып, белгілі бір стильде (хабарлы және хабарлы емес) мәтін жазады; композицияны сақтап, абзацтардан мәтін құрайды; тыңдалым, оқылым материалдарын, сонымен қатар аудиовизуалды материалды қолданып, мазмұндама жазады; мәтін түрлері туралы біліміне сүйеніп, тиісті стиль мен форманы таңдап, дәйекті мәтін жазады; бір тақырыптың түрлі жанрдағы мәтіндерде (поэзия, проза) қалай ұсынылғанын салыстырады; өз мәтінін түзетеді; оқырманға бағытталған мәтінді өзі жазады және ұсынады; сөйлемдерді мәтін түрлеріне қарай бейімдейді; қарапайым күрделі сөйлемдерде (екі грамматикалық негізден тұратын) тыныс белгілерін қолданады, төл сөз бен төлеусөз тыныс белгілерін қадағалайды; таныс сөздерді дұрыс жазады, қиын және бейтаныс сөздерді жазу үшін меңгерілген орфографиялық ережелерді тіл нормаларына сәйкес пайдаланады (бірінші тіл, әдебиет );
тілдік құралдарды қолданып, хабарлы/хабарлы емес сипатта мәтіндер құрастырады; тыңдалған, оқылған және көрілген материал бойынша қысқаша жазбалар жасайды (тақырыптар, деректер, пікірлер); сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен грамматикалық категорияларын (зат есім мен сын есімнің түрлері, етістіктің шақтары) ескере отырып, сөйлемдер құрайды, орфографиялық ережелерді біледі және қолданады; дербес түрде шағын шығармашылық еңбек жазады (өлең, ән не қысқа оқиға, әңгіме)мәтінді, оның ішінде презентация жасауға арналған, АКТ қолданған мәтінді абзацтарға бөледі; контекст (мазмұн) пен кейіпкер жасау тәсілдерін (эпитет, теңеу және метафора) қолданады; түрлі дерек көздерінен алынған аудиовизуалды материал негізінде идеяларды жинақтайды; грамматикалық нормаларды ескере отырып, сөйлем құрастырады; жалпы орфография ережелерін біледі және қолданады; тиісті пунктуация нормаларын пайдаланады; түрлі жанрдағы мәтіндерді (хат, ертегі, өлең, әңгіме) өзі құрастырады (екінші тіл);
жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сөйлемдер жоспарлайды, таңдап алады және жазады; өзі туралы бірнеше жүйелі сөйлем жазады; сөйлемдерді өзара байланыстырады және келістіреді; өз бетінше қысқа сөйлемдерді, есімдер мен жер атауларын тиісті кіші және бас әріптермен дұрыс жазады; таныс және көп қолданылатын сөздерді өзі дұрыс жазады; жай және таныс сөйлемдердің соңында нүкте мен сұрақ белгіні айту арқылы дұрыс қояды (үшінші тіл).
19. «Математика және информатика» білім беру аясы бойынша күтілетін оқу нәтижелері:
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы::
«санау», «цифр» және «сан» ұғымдарын; ондық санау жүйесіндегі разряд бірлік мәндерін; «координаталық сәуле» ұғымы, санның бөлшегі, санның берілген разрядқа дейін дөңгеленетіндігі туралы; «санды өрнек», «теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарын; қарапайым геометриялық пішіндерді; тікбұрышты үшбұрыш қабырғаларының атауларын, шеңбер элементтерін (центр, радиус, диаметр); квадрат пен тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеу формулаларын;
«деректер», «ақпарат», «нысан», «модель», «алгоритм», «орындаушы» ұғымдарын; ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің негізгі құрылғыларын; қолданбалы және сервистік программалардың қызметін; файл мен деректерді ұйымдастырудың файлдық жүйесінің (папка, иерархиялық құрылым, файл атауы, файл түрі) түсінігін; «Ғаламтор», «веб-мекенжай», «веб-сайт», «веб-бет» ұғымдарын; компьютерде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техника ережелерін; «меншік» және «авторлық» ұғымдарының мағынасын біледі;
натурал сандарға,
шамаларға және олардың
ақпаратты кодтау тәсілдерін; ақпаратты компьютерде ұсыну үшін сандар қолдануды; компьютердің негізгі ішкі компоненттерінің функциясын; міндеттерді атқаруда алгоритмге бағыну қажеттілігін; жергілікті және ауқымды желілер арасындағы айырмашылықты; сандық деректер мен құрылымдарға зиян келтіретін программалардан қорғау маңыздылығын түсінеді;
өрнектер жазуда, санды өрнектерді түрлендіруде, сонымен қатар есептерді шығаруда математикалық символдарды, амалдар мен қасиеттерді; натурал сандар мен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша түрде; шамалардың стандартты және стандартты емес өлшем бірліктерін; мәтінді есептерді шешуде санды және әріпті өрнектер, теңсіздіктер мен теңдеулер құруды; есеп шарттарын жазуда математикалық тілді; периметр мен аудан (квадрат, тік төртбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш) есептеу формулаларын; көптеген элементтер арасындағы қатынастарды көрсету үшін Венн диаграммасын; шамаларды (ұзындық, масса, сұйықтық көлемі, уақыт) өлшеу үшін құралдарды; калькулятормен есептеуді;
Информация о работе Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты