Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 15:33, реферат

Описание работы

Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасының білім беру саясаты білім берудің құндылық мәнін толығымен күшейтуге және оның әрбір адам тағдырындағы үлесін арттыруға, жас ұрпақты жаңа, ақпараттық қоғамның талаптарына сай тәрбиелеуге бағытталған.
Сауатты, зияткер, рухани мықты адам тәрбиелеу адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді бекіту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Өзіне, басқаларға және әлемге деген құндылық қатынасын дамыту негізінде тұлғаның үйлесімді қалыптасуы бейбітшілік пен келісімнің нығаюының алғышартына, ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған ұлттық басымдылықтардың жүзеге асуының жасампаз күшіне айналады.

Файлы: 1 файл

бастауыш билим беру.docx

— 81.68 Кб (Скачать файл)

2) орыс тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Қазақ тілі» және қазақ тілінде тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдары үшін «Орыс тілі»;

3) аз ұлттардың  тілі мен әдебиеті жалпы білім  беру ұйымдарында жергілікті  атқарушы органдардың шешімі бойынша үлгілік (типтік) оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен қосымша оқытылады. Сыныпта белгілі бір аз ұлт өкілдерінен 10 және одан артық оқушы оқыған жағдайда тіл мен әдебиеттің кіріктірілген курсы оқытылады.

4) «Ағылшын  тілі».

30. «Тіл және  әдебиет» білім беру аясы  пәндерінің мазмұнында дәстүрлі түрде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің грамматикалық құрылымын оқытудан оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға көшу қарастырылған. Қазақ /орыс тілі мен әдебиеттің әрбір пән аясында кіріктірілуі оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, түрлі мәтін түрлерімен жеке жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін әдеби мәтіндерді пайдалануға негізделген. Осы пәндердің мазмұны таныс тақырыптарға ақпарат алмасу, күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттау, әдеби мәтіндерді сыни тұрғыдан бағалау, өзге мәдениеттерге мейірбан көзқарас пен құрмет көрсету іскерліктерін дамытуға бағытталған.

Екінші (мектепте оқыту тіліне қарай орыс/қазақ) және үшінші тілді (ағылшын) оқыту тілді деңгейлік меңгеруді ұйымдастыруға бағытталған. Осы оқу пәндерінің білім беру мазмұны ойын және танымдық іс-әрекет арқылы оқушыларда тілдерді үйренуге деген қызығушылық пен оң көзқарасты дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу үшін бастапқы коммуникативтік дағдыларды, мәтінмен тілдік материал ретінде жұмыс істей білу, сөз тіркестері мен сөйлемдер мәнін түсіну және оларды нақты жағдайларда пайдалана білуін қалыптастыруға бағытталған.

31. «Математика және информатика» білім беру аясының мазмұны «Математика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәндерінде іске асырылады.

32. «Математика  және информатика» білім беру  аясының мазмұны оқушыларда қоршаған болмыстың түрлі нысандары мен құбылыстарын сипаттауға қажетті математика тілінің бастапқы  негіздерін қалыптастыруға; арифметикалық амалдар орындауға, ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін меңгеруге, сандық есептерді шығаруға, сөз есептер шығаруға; есептер шығарудың жалпы тәсілдерін, өлшеу және есептеу дағдылары негізінде логикалық тұжырымдама жасай білу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын пайдалана білу, ақпаратты іздестіру, таңдау мен жеткізуге, нысандар мен үдерістерді жобалау, деректерді ұсыну, талдау және түсіндіру үшін кестелер, сызбалар, графиктер және диаграммалармен жұмыс істеудің қарапайым әдістерін қолдана білуді дамытуға бағытталған. 

33. «Жаратылыстану»  білім беру аясының  мазмұны  «Ғылымға кіріспе» оқу пәнінде  іске асырылады.

34. «Жаратылыстану» білім  беру аясының мазмұны негізінен «Адам-Табиғат» жүйесі шеңберіндегі қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз етуді көздейді. Осы пән оқушылардың табиғи құмарлығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсінуі мен көре білуін дамытуға бағытталған. Пән мазмұны «жеңілден күрделіге қарай», «таныстан бейтанысқа қарай» қағидаты бойынша құрылған. Тірі және өлі табиғаттағы қарапайым құбылыстар мен үдерістердің себептерін ұғыну, қоршаған ортаның алуан түрлілігі мен күрделілігін сезіну, ондағы құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын түсіну оқушылардың дүние туралы ой-өрісін кеңейтеді. «Ғылымға кіріспе» пәні дербес «Биология», «Физика» және «Химия» пәндері ғана емес, ғылымның кез-келген саласында маңызы бар қарапайым зерттеу әдістерін үйренудің де пропедевтикалық курсы болып табылады.

35. «Адам  және қоғам» білім беру аясы пәндерінің мазмұны «Дүниетану», «Өзін-өзі тану» пәндерінде іске асырылады.

36. «Адам  және қоғам» білім беру аясы пәндерінің мазмұны негізінен «Адам-Қоғам» жүйесі аясындағы пропедевтикалық біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Пән мазмұны өткен өмір деректерін және оның қазіргі заманға әсерін, адамдардың отбасы мен қоғамдағы өзара қарым-қатынастарын зерттеуге; өз Отанына деген шаттық сезімін қалыптастыруға, жанұя, жергілікті, аймақтық, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғынуға, қазақстандық қоғам құндылықтары мен жалпы адамзат құндылықтарын түсінуге; әр оқушының өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін көрсетуіне, өзінің және басқа халықтардың мәдениетіне деген құрмет сезімін, өз әрекеттері үшін жеке жауапкершілігін дамытуға, басқа адамдар сезімін түсінуге және оларға қолдау көрсетуге, адамға деген мейірбан көзқарасты тәрбиелеуге бағытталған.

37. «Өнер»  білім беру аясының мазмұны «Бейнелеу өнері» және «Музыка» пәндері арқылы берілген. «Бейнелеу өнері» пәнінің мазмұнына көркем және техникалық еңбек компоненттері кіріктірілген.

38. «Өнер» білім беру  аясы пәндерінің мазмұны адам өміріндегі бейнелеу өнері мен музыканың ролі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыруға, қазақ ұлттық өнері, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына және басқа да әлем халықтарының өнеріне құрмет көрсетуге; бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек (сурет, бейнелеу өнері, қолөнер, көркем құрастыру) бойынша көркемдік іс-әрекет түрлерін, оның ішінде АКТ қолдану арқылы орындау іскерліктері мен дағдыларын дамытуға; бастапқы вокалдық және аспаптық дағдыларды (оның ішінде түрлі музыкалық технологиялар мен АКТ) дамытуға; түрлі визуалдық-тактильдік және музыкалық құралдар арқылы дүнинеі танып білу тәсілдерін меңгеруге бағытталған.

39. «Дене  шынықтыру» білім беру аясының  мазмұны «Дене шынықтыру» оқу  пәнінде іске асырылады.

40. «Дене  шынықтыру» білім беру аясының мазмұны адам өміріндегі дене шынықтырудың ролі туралы түсінікті қалыптастыруға; спорт, ұлттық спорт түрлері туралы ақпаратты дербес іздеп табуға және оны денсаулықты нығайту үшін пайдалана білуге; физикалық қасиеттерін, жалпы дамытатын жаттығуларды орындауға, жеке гигиена мен салауатты өмір салтын сақтауға қызығушылығын қалыптастыруға; өзін-өзі жетілдіруге, оқу, ойын және сайыс іс-әрекеттері шеңберіңде өз құрбыларымен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

 

 

3.2. Білім беру ұйымының оқушыларының білім жетістіктерін бағалау

 

41. Оқушылардың  оқу жетістіктерін бағалау критериалды  бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқушылардың  оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі, білім беру ұйымының білім беру мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген.

42. Критериалды  бағалау жеке оқушының оқу  іс-әрекетінің табыстылығы мен бүкіл сынып үлгерімін анықтаудың айқын және объективті құралы болып табылады.

Бағалау әрбір тақырыптық бөлім бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау негізінде нақты оқу пәні бойынша оқу жоспарларында берілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл сынып бойынша мақсаттарға сатылап жетуде оқушылардың алға жылжуының объективті көрінісін байқауға мүмкіндік береді. Оқушылардың барлық оқу жылдары (тақырып бөлімдері – тоқсан – сынып – білім деңгейі) бойындағы оқу жетістіктерінің қарқыны оқушылардың білім берудің ұзақ мерзімді мақсаттарына, орта білім беру ұйымынан «шығу» кезіндегі нәтижелерге жетудегі ілгерілеуді бағалауға мүмкіндік береді.

43. Оқу үдерісінде келесі бағалау формалары пайдаланылады:

формативті (ағымдық) бағалау;

ішкі жиынтық бағалау

сыртқы жиынтық  бағалау.

44. Бастауыш  білім беру деңгейінде бағалау  формативті және ішкі жиынтық бағалауды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш білім беру деңгейінде сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмейді.

Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.

45. Бастауыш  білім беру деңгейінде қарастырылатын бағалау:

«Математика», «Қазақ/Орыс тілі және әдебиеті», «Қазақ/Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Ғылымға кіріспе», «АКТ», «Дүниетану», «Бейнелеу өнері», «Музыка» «Дене шынықтыру» пәндері бойынша формативті (ағымдық) бағалау;

«Математика», «Қазақ/Орыс тілі және әдебиеті», «Қазақ/Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Ғылымға кіріспе» пәндері бойынша ішкі жиынтық  бағалау;

«Өзін-өзі тану» пәні бағаланбайды.

  

 

4. Оқушылардың оқу жүктемесінің  ең жоғары көлеміне қойылатын  талаптар

 

4.1. Оқу жүктемесіне қойылатын талаптар 

 

46. Оқушылардың апталық оқу жүктемесінің  ең жоғары көлемі білім беру  ұйымында 29 сағаттан аспауы керек.

47. Инвариантты және вариативті  компоненттерді құрайтын оқушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік (типтік) оқу жоспарында белгіленеді.

Апталық оқу жүктемесі сыныптағы (элективті курстар) және сыныптан тыс (дербес сабақтар мен үйірме  жұмыстары) оқу жұмысының барлық түрлерін қамтиды. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында білім алушылардың дамуындағы кемістіктер түріне сәйкес міндетті коррекциялық компонент қарастырылған. Жалпы білім беретін арнайы мектептердің оқу жоспарларында инвариантты, коррекциялық және вариативті компоненттер оқушылардың айрықша білім алу қажеттіліктерін ескере отырып бекітіледі.

48. Оқу жылында демалыс  уақытының ұзақтығы 30 күннен кем  болмауы тиіс. Демалыстар оқу жылында 3 рет беріледі – күзде, қыста және көктемде. Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі.

49. Қалалық жалпы білім беру  ұйымдарында сыныпта 24-тен астам, ал ауылды жерде – 20-дан астам оқушы болған жағдайда сыныпты 2 топқа бөлу мына пәндерде жүзеге асырылады:

оқыту қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ тілі» ;

оқыту орыс тілінде емес мектептерде «Орыс тілі»;

«Шетел тілі»;

«АКТ»;

50. Қазақстан Республикасының білім  беру ұйымдарында аз ұлт өкілдерінің  тілін үйрену бастауыш білім  берудің үлгілік (типтік) оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен жүзеге асырылады және жергілікті бюджет бөлетін қаржы есебінен қаржыландырылады. Аз ұлт өкілдерін ана тілінде оқыту білім беру ұйымындағы топта кемі 10 адам болған жағдайда жүзеге асырылады.

 

4.2. Білім беру үдерісіне қойылатын  талаптар

 

51. Білім  беру ұйымының білім беру үдерісінде  орта білім беру Құндылықтары  мен Мақсаттарына негізделген  оқыту мен тәрбие бірлігінің  қағидаты іске асырылады, ол мектептен  «шығу» кезіндегі күтілетін оқу  нәтижелері және білім беру  салалары бойынша күтілетін оқу  нәтижелері жүйесінде байқалады. Күтілетін оқу нәтижелері оқушыларды  оқыту мен тәрбиелеудің мазмұндық негізін құрайды.

52. Оқыту барысында әрбір оқу пәні арқылы тәрбие мәселесі шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері оқушылардың субъективті жаңа білімді танып білу мен меңгеру мәселелерін шешуге, заманауи өмірдегі қазақстандықтардың ұлттық  салт-дәстүрлері, мәдениеті мен құндылықтарын  зерттеуге бағытталған.

53. Сабақтан  тыс түрлі іс-әрекет формаларын  ұйымдастыру  оқушылардың азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Тәрбиені іс жүзінде жүзеге асыру түрлі оқушылар қоғамдастығы, өлкетану зерттеу экспедицияларының іс-әрекеттері, жазғы әлеуметтік тәжірибелер, әлеуметтік акциялар, тәрбие сипатындағы жобалар, сондай-ақ сыныптан тыс бастамашыл іс-шаралар, қосымша білім беру түрлері (үйірме, секция, студия), ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралардың шеңберінде жүзеге асырылады.

54. Білім  беру үдерісі барлық қатысушылардың «субъект-субъект» қатынасымен сипатталады: оқушы – өз танымының субъектісі, мұғалім – оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы. Толыққанды білім беру үдерісінің бөлігі түрінде оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде оқуға басты роль беріледі. Оқу оқушылардың ізденуге, мәселелерді талқылаудағы белсенділігіне, көзқарасын дәлелдеуде, конструктивті шешім қабылдауда ынтасын таныту арқылы тәжірибе игеруді ұйымдастыруға негізделген интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады.

55. Оқушылардың  жоба және зерттеу іс-әрекетін  дамытуда жүйелілікті қамтамасыз  ету білім беру ұйымдарында  білім беру үдерісін ұйымдастырудың  негізгі қағидаттарының бірі  болып табылады.

Оқушылардың жоба іс-әрекеті ұйымдастыру жағынан жеке дербес жұмыс, шағын топтарда, топтық жобалар жұмысында, әлеуметтік бағыттағы ірі жобалар түрінде жүзеге асырылады. Оқушылардың жоба іс-әрекеті мазмұндық жағынан пәндік, пәнаралық сипатқа ие бола алады. Жобалар оқу жоба іс-әрекеті түрінде ғана емес, тәрбие сипатындағы жоба іс-әрекеті түрінде де жүзеге асырыла алады.

Жоба және зерттеу іс-әрекетінің негізінде оқушылар міндетті оқу пәндері аясында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс іс-әрекет ұйымдастыру барысында да жаңа білім алады.

56. Оқушылардың денсаулығын жақсарту және қимыл белсенділігін арттыру мақсатында жергілікті атқару органдары сабақтан тыс жұмыс түрінде спорттық секция дәрістерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

57. Денсаулық жағдайы бойынша  ұзақ уақыт бойына білім беру  ұйымына келе алмайтын оқушылар  үйінде немесе емдеу мекемелерінде  жеке тегін оқытумен қамтамасыз  етіледі.

58. Даму жағынан мүмкіндіктері  шектеулі оқушылар үшін олардың  айрықша білім алу қажеттіліктерін  ескере отырып, орта білім алу, дамуындағы кемістікті түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті жағдайлар жасалады.

 

4.3. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптар

 

Информация о работе Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты