Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 15:33, реферат
Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасының білім беру саясаты білім берудің құндылық мәнін толығымен күшейтуге және оның әрбір адам тағдырындағы үлесін арттыруға, жас ұрпақты жаңа, ақпараттық қоғамның талаптарына сай тәрбиелеуге бағытталған.
Сауатты, зияткер, рухани мықты адам тәрбиелеу адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді бекіту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Өзіне, басқаларға және әлемге деген құндылық қатынасын дамыту негізінде тұлғаның үйлесімді қалыптасуы бейбітшілік пен келісімнің нығаюының алғышартына, ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған ұлттық басымдылықтардың жүзеге асуының жасампаз күшіне айналады.
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ құралдарын; мәтін, сурет, аудио видеоматериалмен жұмыс істеу үшін программалық қосымшаларды; ақпаратты тиімді сақтау үшін файлдар мен бумаларды; Ғаламтордан қажетті ақпаратты табу үшін іздеу жүйелері мен негізгі сөздерді; компьютерде жұмыс істеу кезінде еңбек тәртібі мен демалыс ережелерін қолданады;
ауызша санаудың тиімді тәсілдерін; қарапайым геометриялық фигураларды жіктеп; санды және айнымалысы бар өрнектердің мәндерін салыстыруды; әртүрлі шамалар (мән, мөлшер, құн, жылдамдық, уақыт, қашықтық, еңбек өнімділігі, жұмыс ұзақтығы, жұмыс көлемі) арасындағы функционалды байланысты; геометриялық түрлендірулер мен симметрия элементтерін қолдану арқылы есептерді шығаруға байланысты ахуалды; заңдылықты, тізбектің жетіспейтін элементтерін табуды және берілген заңдылық бойынша тізбекті құруды; күрделі емес комбинаторикалық және логикалық есептерді (оның ішінде шығарылуы ықтимал нұсқаларын таңдау қажеттілігіне байланысты есептер); көптеген заттарды берілген белгілері бойынша жіктеп және жіктеу негіздерін анықтай отырып,; есеп шартын және тиісті шығару әдісін; санау және өлшеуге байланысты деректер мен нәтижелерді;
түрлі дерек көздерінен жиналған мәліметтерді;қорытынды жасайды; ақпараттың өз талаптарына сәйкестігін; алуан түрлі ақпаратпен жұмыс істеу үшін қолданбалы программалардың қызметтік мүмкіншіліктерін; шынайы және қиялдағы жағдайларда не болып жатқанын зерттеу үшін тұтас модельдерді; компьютерде есеп шығарудың негізгі кезеңдерін талдайды;
заттарды белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай біріктіріп; шамалар арасындағы байланысты математикалық моделін құрып; шынайы әлемдегі нақты объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін бейнелер мен сызбалар түрінде жасап;
мәтіндік, графикалық, дыбыстық, видео ақпараттарға; шынайы әлемнің қарапайым обьектілері мен жағдайларына; қойылған міндеттерді орындау үшін сызықтық, тармақталу және циклді алгоритмдерге; бар командалар жүйесі негізінде шынайы орындаушы үшін проблемаларды шешуге синтез жасайды;
өлшем бірліктер мен құралдарын пайдаланып өлшеу нәтижесін; сандар, шамалар, геометриялық пішіндер туралы қарапайым тұжырымдарды ақиқат немесе жалған деп;
ақпараттың сапасын, қажеттілігі мен нақтылығын;жинақталған мәліметтерге алғашқы талдау жасау және қорытынды шығару; жиналған ақпарат негізінде түрлі оқиғалар мен деректердің болжамы мен түсіндіруін; компьютерлік модельдің жобаға сәйкестігін; компьютерде жұмыс істеу барысында санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бағалайды;
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:
«санау», «цифр» және «санды»; ондық санау жүйесіндегі разряд бірлік мәндерін; «координаталық сәуле» ұғымы, санның бөлшегі, санның берілген разрядқа дейін дөңгеленетіндігі туралы; «санды өрнек», «теңдеу» және «теңсіздік» ұғымдарын; қарапайым геометриялық пішіндерді; тікбұрышты үшбұрыш қабырғаларының атауларын, шеңбер элементтерін (центр, радиус, диаметр); «координаталық бұрыш», «абсциссалар осі» және «ординаталар осі» ұғымдарын; квадрат пен тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеуге арналған формулаларды; жай бөлшекті; пайыз түсінігін; бөлшектермен арифметикалық амал ережелерін; «бұрыштың градустық өлшемі», «бұрыштың биссектрисасы», «жазыңқы бұрыш», «сыбайлас бұрыш» ұғымдарын;
«деректер», «ақпарат», «нысан», «модель», «алгоритм», «орындаушы» ұғымдарын; ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің негізгі құрылғыларын; қолданбалы, сервистік программалар мен операциялық жүйе қызметтерін; файл мен деректерді ұйымдастырудың файлдық жүйесі (папка, иерархиялық құрылым, файл атауы, файл түрі) түсінігін; «Ғаламтор», «веб-мекенжай», «веб-сайт», «веб-бет» ұғымдарын; компьютерде жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техника ережелері; «меншік» және «авторлық» ұғымдарының мағынасын біледі;
натурал сандарға, шамаларға және олардың арасындағы байланысқа қатысты арифметикалық амалдардың мәнін; қарапайым функционалдық тәуелділікті; пайызды бөлшектерге, бөлшектерді пайызға айналдыруды; тұрақты және айнымалы шамалар арасындағы айырмашылықты;
ақпаратты кодтау тәсілдерін; компьютерде өңдеу және сақтау үшін деректерді екілі кодқа айналдыруды; компьютердің негізгі ішкі компоненттерінің функциясын, файлдық сервердің міндетін; міндеттерді атқаруда алгоритмге бағыну қажеттілігін; орындаушының бұйрықтарды орындауының ресмилігін; жергілікті және ауқымды желілер арасындағы айырмашылықты; сандық деректер мен құрылғыларға зиян келтіретін бағдарламалардан қорғау маңыздылығын түсінеді;
есептерді жазуда, сандық есептерді түрлендіруде, сонымен қатар есептерді шығаруда математикалық символдарды, амалдар мен қасиеттерді; натурал сандармен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша түрде; шамаларды түрлендірудің стандартты және стандартты емес бірліктерін; мәтіндік есептерді шешуде санды және әріпті өрнектерді, теңсіздіктер мен теңдеулердіқұрастыру тәсілдерін; есеп шарттарын жазуда математикалық тіл мен графикалық модельдерді; периметр мен аудан (квадрат, тік төртбұрыш, тік үшбұрыш) есептеу формулаларын; көптеген элементтер арасындағы қатынастарды ұсыну үшін Венн диаграммасын; шамаларды (ұзындық, масса, сұйықтық көлемі, уақыт) өлшеу үшін құралдарды; практикалық есептерді шығару үшін калькуляторды; теңдіктер мен бөлшек сандардан тұратын теңсіздіктерді, берілген шарттардағы екі теңсіздікті шешу алгоритмін; санның бөлігін және оның бөлігінен санды табуды; бұрыштарды өлшеу үшін транспортирді;
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ құралдарын; мәтін, сурет, аудио-видеоматериалмен жұмыс істеу үшін программалық қосымшаларды; ақпаратты тиімді сақтау үшін файлдар мен бумаларды; алгоритмді бағдарламалау тілінде ұсыну үшін абстрактілі орындаушының бұйрықтар жүйесін; Ғаламтордан ақпарат іздеу үшін басты сөздерді; компьютерде жұмыс істеу барысында еңбек және демалыс режимінің ережелерін қолданады;
ауызша санаудың тиімді тәсілдерін; қарапайым геометриялық фигураларды жіктеп; санды және айнымалысы бар өрнектердің мәндерін салыстыруды; әртүрлі шамалар (мән, мөлшер, құн, жылдамдық, уақыт, қашықтық, еңбек өнімділігі, жұмыс ұзақтығы, жұмыс көлемі) арасындағы функционалды байланысты; геометриялық түрлендірулер мен симметрия элементтерін қолдану арқылы есептерді шығаруға байланысты ахуалды; заңдылықты, тізбектің жетіспейтін элементтерін табуды және берілген заңдылық бойынша тізбекті құруды; күрделі емес комбинаторикалық және логикалық есептерді (оның ішінде шығарылуы ықтимал нұсқаларын таңдау қажеттілігіне байланысты есептер); көптеген заттарды берілген белгілері бойынша жіктеп және жіктеу негіздерін анықтай отырып; есеп шартын және тиісті шығару әдісін; санау және өлшеуге байланысты деректер мен нәтижелерді;
үшбұрыш белгілерін қабырғалары мен бұрыштарына қарай; симметриялық және симметриялық емес жазық және кеңістік фигураларды ажыратады; есеп шартын сурет, сұлба, сызба (қозғалыс бағытын көрсететін), кесте түрінде жазады; санаумен, өлшеумен байланысты деректер мен нәтижелерді;
компьютерлердің адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларындағы қолданысын; түрлі дерек көздерінен жиналған мәліметтерді талдайды және қорытынды жасайды; ақпараттың өз талаптарына сәйкестігін; алуан түрлі ақпаратпен жұмыс істеу үшін қолданбалы программалардың қызметтік мүмкіншіліктерін; шынайы және қиялдағы жағдайларда не болып жатқанын зерттеу үшін тұтас модельдерді; компьютерде есеп шығарудың негізгі кезеңдерін; желідегі этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдарларын талдайды;
заттарды белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай біріктіріп; шамалар арасындағы байланысты математикалық моделін құрып; шынайы әлемдегі нақты объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдерін бейнелер мен сызбалар түрінде жасап; математикалық модель бойынша дұрыс және кері есептер құрастырып;
компьютерлік техниканың дамуын болжау үшін өз біліміне; мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне және біріктірілген ақпаратқа; абстрактілі нысан мен жағдай модельдеріне; абстрактілі орындаушылар үшін желілік, сағалық және циклді алгоритмдерге; қалыптасқан бұйрықтар жүйесі негізінде шынайы орындаушы үшін проблеманың шешіміне; Интернетте ақпаратты тиімді іздеу үшін бетперделерге синтез жасайды;
өлшем бірліктері мен құралдарын пайдаланып, өлшеу нәтижесін; сандар, шамалар, геометриялық фигуралар туралы қарапайым ойларды шынайы не жалған деп; кестелер, диаграммалар, жиынтық диаграммалар түрінде ұсынылған деректерді;
ақпарат сапасы, пайдасы мен нанымдылығын; қорытындының қойылған мақсаттар мен қолдағы деректерге сәйкестігін; жиналған ақпарат негізінде түрлі оқиғалар мен деректерді болжайды және түсіндіреді; компьютерлік модельдің жобаға сәйкестігін; санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын; сонымен қатар компьютрмен жұмыс істеу барысында өз уақытының бөлінісін бағалайды.
20. «Жаратылыстану» білім беру аясы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері
бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы:
қоршаған орта туралы дүниетанымдық түсініктерді қалыптастырудағы пәннің маңыздылығын; Жер және оның табиғаты, ғалам туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін; табиғи құбылыстар кезінде әрекет жасау ережелерін; табиғатты ғылыми зерттеу әдістерін (бақылау, эксперимент, тәжірибе); зерттеулерді жоспарлау және жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздерін; өсімдіктердің негізгі бөліктерінің құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін және олардың мәнін; тіршілік ортасына қарай өсімдіктер мен жануарлардың жіктелуін; фотосинтез үдерісінің негіздерін;; жануарлардың негізгі қоректену түрлерін; ас қорыту, қан айналымы, тыныс алу, жүйке жүйесіне кіретін органдарды және олардың ролін; Қазақстанның қорғалатын табиғи аймақтарын; фильтрлеу үдерісін қолдану салаларын; жарықтың кейбір қасиеттерін: тура түсуін, шағылысуын,сіңірілуін; қарапайым электр тізбекетерін және олардың компонентттерін біледі;
макро және микроәлем түсінігін; ғаламшарда экологияны сақтау маңыздылығын; тірі ағзалар үшін су мен ауаның маңыздылығын; ағзалардың алуан түрлілігі мен айырмашылықтарын; тірі ағзалардың Жер бетінде таралуының күн энергиясына және олардың әрекеттерінің мекендеген тіршілік ортасындағы шарттарға тәуелділігін; қанның тамыр бойымен қозғалысын; жеке гигиенаны сақтау қажеттілігін; ағзаның инфекциялар мен аурулардан қорғану функцияларын; пайдалы қазбаларды қолданудың кейбір салалары мен оларды өндіру тәсілдерін; пайдалы қазбаларды ұқыпты пайдалану мен сақтау қажеттілігін; энергия түрлерін; масса мен күшті өлшеу бірліктерін; судың үш агрегаттық күйін түсінеді;
стандартты бірліктерді, өзі немесе мұғалімнің бақылауымен нұсқаулыққа сәйкес қарапайым құралдар көмегімен түрлі өлшеулерді; өз идеяларын тексеру үшін бақылауды; жүргізілген бақылауды түсіндіру үшін ғылыми терминологияны қолданады;
бақылаулар мен зерттеулер нәтижелерін талдайды және айырмашылықтарын түсіндіреді; түрлі тіршілік орталарының ұқсас және өзгеше сипаттарын; өсімдіктерді қорғау тәсілдерін; тәулік ішіндегі адамның су тұтыну көлемін; сыртқы келбетіне байланысты өсімдіктердің тіршілік формаларын, органикалық және бейорганикалық заттарды талдайды;
ағзалар туралы ақпаратты негізгі белгілері бойынша жалпылайды; идеяларды тексеру, растау немесе жоққа шығару үшін қарапайым зерттеулер мен бақылаулар жасайды; жазба, сурет, кесте, гистограмма түріндегі салыстыру нәтижелеріне синтез жасайды;
темекі шегу мысалы арқылы жаман әдеттерді және ластанған ауаның адам денсаулығына әсерін; табиғи саябақтар, қорықтар құру идеяларын; ғаламшарда биологиялық алуан түрлілік пен орта шарттарын сақтау маңыздылығын, адамның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-әрекетін бағалайды;
бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:
қоршаған орта туралы дүниетанымдық түсініктерді қалыптастырудағы пәннің маңыздылығын; табиғатты ғылыми зерттеу әдістерін: бақылау, эксперимент, тәжірибе; зерттеулерді жоспарлау және жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздерін; Жер және оның табиғаты, ғалам туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін;
өсімдіктердің өмір циклін (тозаңдану, ұрықтандыру, тұқым өндіру, тұқым шашу және өсу), өсімдіктердің негізгі бөліктерінің құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін;
тіршілік ортасына қарай өсімдіктер мен жануарлардың жіктелуін; Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын; фотосинтез үрдісінің негіздерін; жануарлардың негізгі қоректену түрлерін; ас қорыту, қан айналымы, тыныс алу, жүйке жүйелеріне кіретін органдарды және олардың ролін;
фильтрлеу үдерісін қолдану саласын; жарықтың кейбір қасиеттерін: тура түсуі, шағылысу, сіңірілуін; қарапайым электр тізбектерін және олардың компонентттерін; физикалық күштердің кейбір түрлерінің туындау себептерін;
Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кен орындарын; жанғыш пайдалы қазбалардың түрлері, негізгі қасиеттері мен өнімдерін; кен түсінігі мен оның түрлерін, сондай-ақ қорытпалар түсінігін; ауа құрамын; табиғаттағы су айналымын; астрономия саласындағы кейбір ғалымдардың өмірбаяны мен ашқан жаңалықтарын; Күн жүйесінде ғаламшарлардың орналасуын; зерттеулерді жоспарлау мен жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының негіздерін біледі;
макро және микроәлем түсінігін; ғаламшарда экологияны сақтау маңыздылығын; өсімдіктердің алуан түрлілігін сақтау маңыздылығын; тұқым түзілу үрдісінің негіздерін; жеке гигиенаны сақтау қажеттілігін; ағзаның инфекция мен аурулардан қорғану функцияларын; өсімдіктерді қорек тізбегінің бөлігі ретінде; «өндіруші», «тұтынушы», «жыртқыш» және «олжа» ұғымдарының мәнін; ауаның тірі ағзалар үшін маңызын; омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын; жануарлардың Күн энергиясына және олардың әрекеттерінің мекендеген ортаға тәуелділігін; қанның тамыр бойымен қозғалысын; Жердегі тіршілікті қорғау үшін атмосфера қабатының мәнін; ауаны ластайтын заттардың түзілуі және олардың тигізетін зиянын; пайдалы қазбаларды ұқыпты пайдалану мен сақтау қажеттілігін; металдар, пайдалы қазбаларды қолданудың кейбір салаларын және оларды игеру тәсілдерін; энергияның кейбір түрлерін; түрлі денелердің жылу және электр өткізгіштігін және оларды қолданудың кейбір салаларын; масса мен күшті өлшеу бірліктерін; судың үш агрегаттық күйін түсінеді;
өлшеудің стандартты бірліктер жүйесін, нұсқаулыққа сәйкес қарапайым құралдар көмегімен өлшеу тәсілдерін; нақты деректер алу үшін ғылыми қағидаттарға сәйкес қайта өлшеулерді; өз идеяларын тексеру үшін бақылау әдістерін; жүргізілген бақылауды түсіндіру үшін ғылыми терминологияны; өзінің тұрғылықты жеріндегі өсімдіктер мен жануарлардың жіктеу үшін олардың түрлерінің қарапайым белгілері туралы білімді; қорек тізбегінің сұлбаларын; компасты; Жердің айналу үрдісінің модельдерін қолданады;
алынған нәтижелердің жасалған болжамдарға сәйкестігін талдайды және оларды ғылыми білім мен түсінік көмегімен түсіндіреді; түрлі мекендеу орталарының ұқсас және өзгеше сипаттарын; өсімдіктер мен жануарларды қорғау тәсілдерін; тәулік ішіндегі адамның су қажеттілігін; өсімдіктер формаларын, органикалық және бейорганикалық заттарды; кейбір денелердің жылу өткізгіштігін; металл қасиеттеріне сүйеніп, түсті металдардан жасалған бұйымдарды талдайды;
тұрғылықты жеріндегі өсімдік түрлерінің негізгі белгілеріне; қарапайым объективті зерттеулер жүргізеді; идеяларды тексеру, растау немесе жоққа шығару үшін бақылаулар жүргізеді; болжамдарға және оларды ғылыми білім мен түсінікке негізделген тексеру тәсілдеріне; жинақталуы тиіс дәлелдерге (жазба, сурет, кесте, гистрограммалар); Қазақстанның экологиялық проблемалары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен өз бақылауларының деректеріне; қоршаған ортаны адамзат іс-әрекетінің ықпалынан қорғау тәсілдеріне синтез жасайды.
Информация о работе Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты