Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 06:47, дипломная работа
Жұмыстың міндеті
-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
- оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп, оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;
- үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ жүргізу.
Кіріспе.......................................................................................................3
І тарау. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты ...................................................................................................................5
ІІ тарау. Жазу жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету және тіл дамытудың әдістемелік негіздері
2.1. Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері.....................................................................................................................12
2.2. Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы...........23
2.3. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары....................................................................................................49
2.4. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары..........................................................52
Қорытынды...........................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................63
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрі мынадай1: грамматикалық - орфографиялық талдау («грамматикалық талдауды» қараңыз). Бұл - оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп жазуда, диктантта т.б.).
Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында мұғалім бір септік жалғауының қалай жазылатынын сұрағанда оқушы тиісті карточканы көрсетеді. Сонан кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың білімі жөнінде біраз мәлімет береді.
2) көшіру. Алғашқы, I сыныпта,
II сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру
іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған
мәтінді (картинадағы рет бойынша) көшіру,
сөз теріп көшіру, қалдырылған сөздерді ------------------------------
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1991
қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. ұйымдастырылады. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с. белгіленеді.
Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағынасына түсінесің бе, қалай жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып болған соң тексер т.б.). Жазғандарын түпнұсқамен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге алынатын материал қызықты, түсінікті болуға тиіс.
Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, сонан соң жабылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мұғалім мәтін ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді. Көшіріп жазудың бұл көрсетілген түрі диктант болғандықтан, мұны көру диктанты деп атайды. Бұл әсіресе «қиын» сөздердің жазылуы өткенде пайдалы. Әдетте жазылуы қиын сөздердің тізімі оқулықтардың соңында беріледі. Мұндай сөздердің жазылуын есте қалдыру үшін мұғалім мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады: 1) зейін қойып іштерінен және дауыстап оқып шығыңдар; 2) мағынасына көңіл бөліңдер; үй жануарларын білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер, бақша өсімдіктерін білдіретін сөздерді бір топқа тізіңдер; 3) мұқият оқыңдар және жазыңдар; 4) әсіресе, сөздің қай бөлімін есте сақтағыларың келеді, сол бөлімнің астын сызыңдар; 5) жазғандарыңды сөздік бойынша тексеріңдер; 6) сөзді екі-үш рет қайта жазыңдар немесе екі-үш түбірлес сөз ойлап тауып жазыңдар; 7) «я» әрпі бар сөздерді топтаңдар т.б.
Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі, бірнеше рет қайталанады. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі (сөздік дәптері бірнеше бөліктерге бөлініп, цифрмен белгіленеді (1, 2, 3, ....). Мысалы, оқушылардың дәптерлерінің 5 бетінде «в» әрпі кездесетін сөздер тізіледі.
Еркін көшіру. Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтінен есте қалғандарын, қалай ұғынса, солай жазады.
Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады: қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берілген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.
Мұнда мәтінді көріп қабылдау жеткіліксіз, сонымен қатар оны ойланып, анализ-синтез жасау керек. Көшірмес бұрын балалар алдарында тұрған міндетпен танысады, мәтінді іштен және дауыстап оқиды, тапсырманы әуелі ауызша шешіп алып, жазуға соңында ғана кіріседі. Жұмыстың бұл түрін кейде бақылап көшіру деп те атайды. Казіргі оқулықтарда жаттығудың бұл түрі кең алынып жүр.
Көшіру жұмыстары тіл дамытумен байланысты, сұрақтарға жауап беру (жазбаша) түрінде де кездеседі. Бұл жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындау мақсатында қолданылады.
Балалардың орфографммаға үйренген дағдылары мен шеберліктерін байқау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім мәтінді, сөйлемдерді немесе жеке сөздерді оқиды, оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естерінде ұстайды, жазады.
Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері:
1. Ескерту диктанты. Мұнда мұғалім мәтінді оқып шығады. Балалар жақсылап тыңдап отырады. Сонан кейін түсініксіз деген сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім әрбір сөйлемді қайта оқып шығады, оқылған сөйлемдер балалардың қатысуымен талданады. Сөйлемді жазбас бұрын мұғалім балалардың зейінін ондағы қиын сөздердің жазылуына, өтіліп отырған ережеге аударады. Оқушылар тиісті дыбыстарды көрсетеді, ережесін айтып береді, олардың қателескен жері болса, түзетіледі. Осындай жұмыстардан кейін ғана балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы кезде әрбір сөйлем оқылып, талданып барып жазылады. Кейін балалар жұмыстың бұл түріне дағдыланған кезде, бірнеше сөйлем бірден оқылып, олардың ішінен мағынасы түсініксіз сөздер мен жазылуы қиын деген сөздер ғана талданады, ал онан әрі мәтін тұтас оқылады да, сөздер іріктеліп алып талданады, сонан соң мұғалім әр сөйлемді оқып, балалар жазады. Егер балалар белсенділік көрсетіп, сөздердің қалай жазылуын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда ескерту диктантының тиімді болғаны.
2. Іріктеу диктанты. Мұның ескерту диктантынан айырмашылығы - балалар мұғалімнің айтқан сөздерінің барлығын жазып отырмайды, оның ішінен белгілі бір ережеге қажетті сөздерді немесе сөз тіркестерін іріктеп жазады. Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға мәжбүр болады.
3. Түсіндіру диктанты. Мұнда мәтін жазылып болғаннан кейін ғана талданады, қателері түзетіледі. Диктанттың бұл түрін жазуға кірісерде қажетті ережелер еске түсіріледі. Мұны ескерту диктантынан бақылау диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда сөйлем де, мәтіне емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережеге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ болмайды, 5 - 10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі. Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын сөздіктен қарап түзетеді, үнсіз диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр, жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн, т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10 - 15 сөзден аспауға тиіс.
4. Шығармашылық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде сурет немесе бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпқа сөйлемдер құрайды. Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздердің дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге де болады.
Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады.
Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы орфографиялық дағдыны автоматтандыру мақсатын көздейді.
Жұмыстардың жүйесі: Орфографиялық жаттығулардың бірнеше кезеңі бар: а) алғашқы кезеңде әдетте, оқулықтағы немесе тақтаға жазылған дайын материал алынады. Бұл материалдар мұғалімнің көмегімен талданады, оқылған ереже бойынша, жазылған сөздер табылады, нақты үлгі бойынша, балалар ереженің практикада қалай қолданылатынын түсінеді. Мұнда оқылған орфограммаға сай, жеке сөздер, сөз тіркестері немесе сөйлемдер ғана беріледі. Мұны дағдыны бекітудің алғашқы кезеңі деуге де болады.
ә) екінші кезеңде де дайын мәтін: сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер беріледі. Мұнда оқылып отырған орфограммаға сай, сөздердің ішінде басқа ережелерге де жататындары болады. Ұсынылған материалдардың ішінен балалар керектісін, оқылып отырған ережеге сай келетіндерін іріктеп, тауып алады; неге ол сөзді алды, ол сөз бұл ережеге сай келе ме - дәлелдейді. Бұған қосымша, балалар сұрақтарға жауап қарастырады, ескерту диктантын жазады.
Бұл кезеңдегі ең көп қолданылатын жаттығулар: көшіріп жазу, үлгі сұрақ бойынша сөзді, сөйлемді аяқтап жазу. Бұл орфограмманы білу кезеңі деп аталады. Балалар ережені қрлданып үйрене бастайды, жазғандарын дәлелдеп, негіздей алады. Сөздердің жазылуын әуелі дәлелдейді, сонан соң ғана жазады.
б) балалар өздіктерінен басқа құбылыстардың ішінен оқылып отырған ереженің объектісін тауып бере алады. Мұнда жеке сөйлемдер де, тұтас мәтін те беріледі. Балалар мәтінді көшіреді: қалдырылып кеткен сөздерді үлгі, сұрақтарсыз өздері тауып жазады; Бұл кезде ескерту, түсіндіру, іріктеу диктанттары жаздырылады. Бұл үйрену кезеңі деп аталады.
в) орфографиялық дағдының автоматтана бастау кезеңі. Мұнда балалар орфография туралы ғана емес, жазу жұмыстарының басқа жақтары (мазмұны, лексика, синтаксис, жоспар) жөнінде де ойланады. Бұл кезеңде балалар грамматикалық - орфографиялық тапсырмаларды орындап, көшіру жұмыстарынан басқа ескерту диктанты, түсіндіру, ерікті, шығармашылық, бақылау диктанттары, түрлі мазмұндама, шығармалар жазады.
г) қалыптасқан дағдыларды жетілдіру кезеңі1. Жазылуы бірыңғай сөздерді байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу. Бұл кезеңде диктанттың барлық түрі жазылады, оқыған ережелер бойынша қалыптасқан дағдылар толық автоматтанады, сондықтан мәтінді алдын ала талдаусыз жаздыра беруге болады. Сөздіктен қарауға, мұғалімнен сұрауға рұқсат етіледі.
Жоғарыда көрсетілген жүйені өзгертуге болмайды деп түсінбеу керек. Нақты жағдайларға: балалардың жас ерекшеліктеріне, дайындық дәрежелеріне, алған білімдері мен сөйлеу дағдыларына қарай өзгеріс болуы мүмкін. Алайда, мұғалім осы көрсетілген жұмыстардың жүйесінің толық орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай, материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар да бірден-бірге лексикалық, синтаксистік жағынан күрделене түсуге тиіс. Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі:
Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты ескерілуге және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс.
------------------------------
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы, А, 1991.
Информация о работе Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету