Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 06:47, дипломная работа
Жұмыстың міндеті
-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
- оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп, оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;
- үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ жүргізу.
Кіріспе.......................................................................................................3
І тарау. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты ...................................................................................................................5
ІІ тарау. Жазу жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету және тіл дамытудың әдістемелік негіздері
2.1. Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері.....................................................................................................................12
2.2. Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы...........23
2.3. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары....................................................................................................49
2.4. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары..........................................................52
Қорытынды...........................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................63
4. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы "о" дыбысы мен "ө" дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, ғ-г, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырылып, сөздерді талдау- жинақтау арқылы үйретіледі.
5. Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, "қ" дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қора, ақ, оқушы сияқты сөздерді айтып, буынға, дыбысқа талданады; "қ" дыбысының қай буынында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында "қ" қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.
6. Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа, буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға келгенде іркілеп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп "қ-а" ... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: "құрастырған сөзіміз қалай еді?" - деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөзді ( оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсертеді. " Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар," - дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.
7. Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы "қара" сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы "а" әрпінің орнына мұғалім орнына "о" қояды, "қора" деп оқиды.
Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды1.
Мектепке алғаш келген, бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әр әріпке жекелеп көз тоқтатады, "оқу аумағы" тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының
қалыптасып жетілуімен қабат баланың "көру, оқу, аумағы" кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балалаға оп-оңайға түспейді, ол көп күш жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен рөл атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып алуға жұмсайды да, сөздерінің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен
------------------------------
1. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. А, 1997
айтылуы бірдей сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық келтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни "ақ аю", "сары ала" сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады1.
Сауат алу барысында баланың жазу процесінде де айтарлықтай ерекшеліктер кездеседі. Алғашқы кезде бала ежіктеп оқыған сияқты, әр әріпті таңбалау барысында оның дыбысын дауыстап отырады.
Сауатты адамдар жазғанда есіне тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланысты, жүйелі бір қозғалысты (импульсті) іске асырады. Мысалы, бір сөз жазғанда бір импульс іске асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысына (таяқша, ілмек т.б.) бір-бір импульс жұмсайды. Мұнда да көптеген ерік күшін жұмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана ұзақ уақыт жаттығу жұмыстарының
------------------------------
1.Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы А, 1990.
нәтижесінде жұмыстарының нәтижесінде барып дағды қалыптасады? Саусақ дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемінің мазмұнын ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады ды, оларды жазу тұтас бір акт ретінеде орыдалады.
Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптасуға тиіс: 1) дыбыстардың орын-орнына қойып сөз құрастыру; 2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу; 3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің (ь) айырмашылығын ұғу; 4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу; 5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу; 6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып беру; 7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу; 8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алу1;
Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады: 1) сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу; 2) көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу; 3) айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу; 4) жазған сөздерін тексеріп отыру; 5) әріптерді бір-бірімен жалғап жазу.
Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді: 1) әліппеге дейінге дайындық кезеңі; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең2. Әр кезеңнің өз мақсаты бар:
Бұл-«Әліппе» мерзімінің жеделдетуіне, үш айда сауаттандыру ісін аяқтауға байланысты. Дегенмен, осы аз уақыттың өзінде мұғалімдер пайдалы әдіс-тәсілдерді қолдана білсе, оқушыларды мектепте дұрыс жүріп-тұруға, сыныпта отыра білуге төсілдіруге болады.
Дайындық кезеңде оқушыларға ертігі, әңгіме оқып беріп, өлең жаттатып, сурет салғызып, білуге құмарлығын арттыруға, қағаз, қалам ұстауға машықтандыруға болады. «Әліппе» суреттерін падалана отырып, сөйлем, сөйлемнен әңгіме құратуға және сөздерге дыбыстық талдау жасауға машықтандыру керек. Сабақта сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс деген ұғымдарды оқушылар тәжірибе жүзінде меңгеретін болады.
Бұл кезеңде дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінуі, ашық естілетіні; дауыссыз дыбыстардың ұÿң, созылыңқы,
------------------------------
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы, А, 1991.
2. Бастауыш кластарға қазақ тілін оқыту методикасы А, 1997.
кейбір шұғыл түрлері таныстырылады. Буындардан екі дыбысты тұйық, ашық, үш дыбысты бітеу буындар оқылады. Екі, үш, төрт әріптен құралған сөйлем оқылады.
Екінші кезеңде оқушылар қысаң дауысты дыбыспен танысады, оның жазылу таңбасын үйренеді. Бұрыңғы сабақтарда өткен буын түрлерін қайталайды және негізінен, ашық буынды сөздерге көшеді. Бұл кезеңде үш-төрт буынды сөздер кездеседі. Алғашқы рет шағын әңгімені оқиды. «Әліппедегі» сюжетті суреттерді қарап, сөйлем құрайды, құраған сөйлемдерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді. Кестемен берілген мәтіндерді оқуға машықтанады.
Бұл кезеңде оқушылар жіңішке дауысты дыбыстарды және сөз ішінде кездесетін к-г тәрізді дауыссыз дыбыстарды сөз ішінен ажыратып, оның әріп таңбасын жазып үйренеді. Бұл кезеңде буын түрлері күрделеніп, буын саны да көбейе түседі.
Бұл кезеңде тілімізге орыс алфавитінен енген дыбыстар мен олардың әріп таңбаларын жазып үйренеді.
Бұл кезеңде оқушылардың оқу және жазу машықтары жетіле түседі. «Әліппе» соңында бірілген материалдардың білімдік, тәрбиелік жағына мән беріліп, «Әліппемен» қоштасуға арналған өлең, тақпақтарды оқып үйренеді. Бұл кезеңнің ерекшілігін, маңызын жете көрсету үшін, «Әліппе серігін» түрлі суретті кітапшаларды кеңінен пайдалану да ескеріледі.
Дайындық кезеңде бөбектерді бір коллективке ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады1.
¤йткені 6-7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балалар) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше рөл атқарады. (мысалы, шеберхана ойыны.)
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлеу алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады.
Бұл кезеңде мынадай жұмыстарға баса көңіл аударылады:
1. Балалардың сөздік қорын анықтау;
2. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау;
3. Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару: тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
4. Мұғалімнің және жолдастарының сөздерін тыңдай білуге дағдылантыра басқару.
5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық.
6. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т.б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады. 1 сынып оқушылары бір
-----------------------------
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, 1991.
нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстарының арасындағы айырмашылық көп болады. (мысалы балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады.). Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекеленген балаларға қалай ықпал жасу жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты плакаттарды көрсетіп, (егер мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. ¤йткені, балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттықанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.
Информация о работе Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету