Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 06:47, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың міндеті
-бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
- оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп, оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;
- үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ жүргізу.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................3
І тарау. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарын ұйымдастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты ...................................................................................................................5
ІІ тарау. Жазу жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету және тіл дамытудың әдістемелік негіздері
2.1. Сауатты жазуға үйрету жолдары, жұмыс түрлері.....................................................................................................................12
2.2. Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы...........23
2.3. Оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін есепке алудың жолдары....................................................................................................49
2.4. Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары..........................................................52
Қорытынды...........................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................63

Файлы: 1 файл

Бастауыш мектепте жазба ж.rtf

— 1.50 Мб (Скачать файл)

Қазіргі  кезде  орфографияны  меңгеру  үшін  көру  мен есту  органының (көшіру  мен  диктанттың)  қайсысы  маңыздырақ  деген  мәселе  жөнінде  талас  жоқ.

Сауаттылыққа  үйренуде  сезім  анализаторларының  барлығы  да:  есту  де,  көру  де,  қол  қозғалысы  да  қатысуы  керектігі  зерттеліп  анықталды.  Оның  үстіне  көшіру  немесе  диктант  сияқты  жазу  түрлерінің  қазіргі  кезде  әр  түрлі  варианттары  шыққанын  жоғарыда  айтылғандардан  байқағанбыз.

Мұғалім  қандай  да  болмасын,  бір  сезім  органына  жаттығудың  қай  түрі  дұрыс  келеді  деген  мәселеден  гөрі,  бір  жаттығуда  таным  қызметінің  қандай  операцияларды  орындауы жайлы,  олардың  комплексті  қатысуын  қалай  қамтамасыз  етуге  болатыны  жайлы  көбірек  ойлауға  тиіс:  анализ,  синтез,  жалпылау,  ұқсастық  пен  айырмашылықты  табу,  абстракциялау,  топтау,  жүйелеу  т.б.

Сөйтіп,  орфографиялық  немесе  пунктуациялық  сауаттылық  дағдыларын  қалыптастыруда  оқушылардың  зейінін,  ойы-есін,  қиялын т.б.  таным  қабілеттерін  дамытуға,  сондай-ақ  олардың  ауызша,  жазбаша  тілін  дамытуға  көп  күш  салу  қажет.

 

2.2. Сауат ашу кезеңіндегі міндеттер, олардың мән мағынасы

Жалпы  сауат  ашу   тарихында  түрлі  тәсілдер   қолданылған.  Олар  мыналар:

    1. Әріп  теріп  оқыту.
    2. Буынға   бөліп  оқыту.
    3. Сөзді  оқыту.
    4. Дыбысты  талдай  оқыту.
    5. Дыбыстық   жинақтау
    6. Талдау-жинақтау   әдістері.

         Дыбыстық   талдау-жинақтау   әдісінің    негізін  қалаған  -  орыстың  ұлы  педагогі  К.Д.Ушинский1.   Бұл   әдіс - сауат  ашу  жұмысының   негізгі  мақсатын  көздей   жасалған. Дыбыстық   талдау-жинақтау    әдісін  жетілдірудегі   басшылыққа  алынған    жағдайлар-   педагогика,   психология   ғылымдарының,   тіл   ғылымының   жетістіктері   мен   уақыт   талабы.

Дыбыстық  талдау - жинақтау   әдісі.

        Бұл   әдістің   негізгі   талдаудан   және  жинақтаудан   тұрады.   Талдау  мен  жинақтау  әдістерін   жеке  сөз   етуге     болғанымен,   сауат  ашу  жұмысында  екеуі  де   қолданылады,  бірін-бірі    ауыстырып,   бірін-бірі   толықтырып   отырады.   Көбіне  алдымен  талдау,  содан кейін  жинақтау   әдісі  қолданылады.   Бірақ   "Әліппе"  кезеңіне    байланысты   жинақтау   әдісі  бұрын,   талдау   әдісі   аралығында   ғана  қолданылуы  мүмкін.    Тек   осы  екі  әдісті   ұштастыру   арқылы  ғана   сауат  ашу   жұмысын    ойдағыдай   жүргізуге  болатынын   мектептер   тәжірибесі   көрсетуде.

Талдау  әдісі.

         Сауат  ашу  кезеңінде  оқушыларға   жеке    дыбыстар    таныстырылады   да,   әріптер   сол  дыбыстардың   шартты  белгісі  ретінде  дыбыстан    кейін   көрсетіледі.

         Дыбыстармен  таныстыру   үшін   әуелі  оларды  сөз  ішінен  бөліп,   жеке  дыбыстау  қажет.   Ал   сөзді   дыбысқа  бөліп,  тұтас  дыбыстан    машықтанған    балалар  алғашқы     кезде  сөздің  жекеленген  дыбыстардан   құралатынын   тез   меңгере   қоймайды.    Сондықтан   сөз   ішінен   жеке  дыбыстарды   ерекшелеп   бөлудің   түрлі   жолын  іздестіру   қажет.    Әрбір   сөздің    өзіндік   буындық    және   дыбыстық   ерекшелігіне   байланысты   талдау  жолы   да  түрліше  болады.    Сол    жолдардың     барлығын     сарқа   баяндап,    мұғалімдерге  дайын  нұсқау   береміз   деген   пікірден  аулақпыз.   -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

                     1. Ушинский  К.Д.  Изб.  пед. соч.   Т 11,  М,  1932.  

Мақсат - сол  жолдардың   кейбір   негізгілеріне    тоқталу   арқылы    мұғалімдердің   ізденуіне   жол  сілтеу.   Мысалы,   дауысты  дыбыстарды  бір  буынды   сөздерден   созып   айту   арқылы    оңай   бөліп     алуға   болады.    Айталық,   ал   деген   сөздің  бірінші   дыбысын    а-а-а-ал   деп   созу   арқылы    а  дыбысы  анық   естіледі.    Дауысты   дыбыстың   жеке   өзі   буын    құрап   тұрған   сөздерді  теріп   алып,  оны   буын   жігіне  бөлдіріп,   жеке   дыбысты  танытуға   болады:  а-ла,  о-ра,  ,а-ра.

         Дауыссыз  дыбыстардың    бір   қатарын   тұйық  және   бітеу   буынды  сөздерден   оңай  танытуға  болады.    Олар:   м,  н,  р,  ш,  т   дыбыстары.   Бұл  дауыссыздардың  да   кейбіреуін   созып    айту   арқылы   бөлдіре  аламыз.   Сөзді  жартылай   айтқызу   арқылы  т  сияқты  шұғыл   дыбыстарды   ажыратуға   болады.    Аттың   суретін  көрсетіп,  ат    деген  сөзді   хормен  айтқызғанда,    оқушылар   а-а-а-а    деп  айта  бастағанда   сөзді  аяқтатпай    тоқтатып    қойса   оқушылар   ат  деген  сөздің   соңғы  т  деген  дыбысты    айтып   үлгере  алмайды.   Бұдан  кейін    мұғалім   ат  деген  сөздің  қай  дыбысы  айтылмай    қалғанын  оқушылардан  сұрайды.     Бұлай  еткенде  оқушылар   ат   деген    сөзбен    а  деген    дыбысты   салыстыру    арқылы    т  дыбысын   сөзден   өздері  ажыратады.   Қысаң    ы    дыбысы    мен   і   дыбысын   қосымшадан  немесе    жалаң  буыннан   ажыратуға  болады.    Жіңішке   дауыстылар    жуан   сыңарларымен    салыстыру   арқылы     оңай   танылады:    ал  --әл,   ор  --өр    деген    сөздерді  салыстыру  арқылы   оқушылар   соңғы  екі    сөздігі  ә,  ө    дыбыстарының  а мен   о  дыбыстарынан    ерекшеленетінін     білетін   болады. 

                                                     Жинақтау  әдісі.

        Жоғарыда  біз  сөз  ішінен   жеке   дыбыстарды   ажыратып  алу   жолдарына    тоқталдық.   Бұл  мақсат   жүзеге  асып,   жеке   дыбыс  сөз  ішінен  бөлініп алынғаннан  кейін, сол  дыбыстың таңбасы - әріп   көрсетіледі.   Қазақ  тілінде   оқушылар    екі   әріпті   танығаннан   кейін-ақ,   білімдерін    тәжірибе   жүзінде    бекіту   мүмкіндігі   туады.   Яғни,   екі   әріптің    өзінен-ақ    сөз   құрай   алады.    Бұл  арада   талдау    процесі     жинақтау   процессіне   ауысады.     Талдау   әдісінің    өзінше   қиындығы      болса,   жинақтаудың  да     өзіне   тән   қиындығы   бар.   Мұнда   бұрын   жеке   дыбыстап   оқып,    үйренген      әріптерден    сөз   құрап,   ол   сөзді     тұтас   әріптерін     бір-бірімен   үзбей   оқу     үшін   арнаулы   машықтану   қажет.    Түрлі   әдістер  арқылы,   біртіндеп   машықтанатын   болады1.                  

             Дауыстыдан  басталып,    дауыссызға   аяқталған    екі   дыбысты,   тұйық   буынды    ал,   ат,   ас,  аш     сияқты   сөздерді   тұтас   оқыту    онша  қиын   болмайды.    Ол   қиындындық    туғызған  жағдайда   жинақтауды    талдаумен  ұштастыра   жүргізу   арқылы   үйренуге     болады.    Мысалы,     тақтаға   аттың    суретін   іліп   қойып,   оны   ататқаннан  кейін,    ат   сөзінің    бірінші, екінші  дыбыстарын    талдатамыз:  а   және  т   таңбаларын   танытып,     сөз  ішінен   а  және   т   әріптерінің  орнын    тапқызамыз.   Сөйтіп,   екі  әріптен   ат    деген    сөзді   құратып    оқытамыз.   Бұл   арада   әріптерден   сөз  құрату   жинақтау    жолы,    жинақтау   талдаудың   ізімен     жүргізіліп   отыр.     Сондықтан   оқушылардың    көз   алдарынан  суреттен      көрген  ат    та     естерінде   және   бірінші   дыбысы   мен    екінші   дыбысын  ажыратып  танып  алғаннан   кейін,   екі-ақ    әріптен   тұратын   шағын   сөзді    оңай   қосып   оқиды.

         Оқушыларға   дыбыстарды   бір-бірімен    жымдастырып    оқуға            

машықтандырудың    тағы   бір   әдісі -  созып   дыбыстануға   келетін     дыбыстарды    созып   барып,    бір-біріне    қосу.     Мұндайда,     бірінші  әріпті   созып   оқып   тұрғанда,    оқушылар   оған    жалғас   екінші    әріпті    танып   үлгіреді.     Бұл    әдіс  арқылы   да    оқушылар    әріптерді     қосып  оқуға   үйренеді.    Мысалы:      ала  деген   сөздерді   дұрыс   оқуға   үйрету     үшін    әуелі   сөздерді   буынға   бөлдіреміз,    а-ла    болады.    Әрине,   жалаң    буынды    оқушылар   қиналмай   оқиды.    Ал  ла     деген  буынды    бірден   өздері   тұтас   оқып   кете  алмайды.     Сондықтан    бірінші  тұрған   л   әрпін   создырып,   ллл   деп  оқытып,   оған   ааа   деп  қостырамыз. 

 ---------------------------------------------------------------------------------------------------      

             1.Бастауыш  сыныптарда     қазақ   тілін   оқыту   методикасы.   Алматы,   1987.

Сонда   балалар    лллааа    деп    барып    ла   деген   буынды   оқиды.    Бірте- бірте   екі   дыбыстан    құралған  ашық    буындарды     "Әліппеден"     оңай   оқитын  болады.    Шынында,   ашық  буынды   тұтас   оқу  арқылы   сөзді  буын    жігімен    оқуға    машықтандырады,     буынға   бөліп   оқу  -  тұтас   оқуға     үйренудің  негізі   болып   саналады.     Жинақтауға    әріп  санының   сөздің  не  алдынан,   не  артынан  қосу    жолы  да  жатады.    Мысалы,   екі   құралған  ай     деген     сөздің  алдынан    біде  с   әрпін   қойып,   бірде  т  әрпін   қойып,    бірде   м   әрпін   қойып,   қосып    оқуды  талап  етсек,  олар:    сай,  тай,   май   деген  сөздерді   кеспе  әліппеден   оңай   оқиды.   Себебі   үш   сөздің    үшеуінде    де    ай  деген       сөз   қайталанып    отыр.     Оқушылар    жаңа   сөздердің     тек  біріншісін   тануға   күш   жұмсайды,   кейінгі   бөлігін   бұрын   таныс   болғандықтан    оңай   оқиды.    Сөйтіп,    қиын   тиетін   үш   дыбысты    бітеу   буынды   оңай  оқып  үйренеді.   Ал   бітеу   буындар   үнемі   жалаң  сөз   болып   кездесе  бермейді.   Кейде   екі   буынды  сөздердің    құрамында  да  кездеседі.     Мысалы:   Марат,   Самат,    Сағат   деген    сөздердің   соңғы   буындары   бітеу.    Демек,   осындай    сөздерді   буын   жігімен    оқу   үшін,   оның   құрамындағы   қиын    дыбысын   әуелі   кеспе    әліппеден  құратып  оқытып,   дайындық   жасау   керек.

        Кейде    ұқсас   буынды   сөздерді   құратып    оқыту   да   жинақтаудың    бір   әдісіне  жатады.    Мысалы:     бірнеше   ашық    буыннан   құралған   сөздерді   былай   тізіп  оқытуға   болады:

           Ша-ға-ла               а-ра-ла                        са-па

           Та-ға-ла              са-ра-ла                          тапа      т.б.

       Оқушылар     бірінші  сөздің   үлгісімен   екінші   сөзді    оңай   оқиды.     Мұны    дайын   үлгімен   оқу   жолы    дейміз.       Дайын    үлгімен    оқыту  керек,   бірақ    үнемі   бұл   әдісті   қолдануға   болмайды.    Балалар   жаттап   алып   оқуға   төселіп    кетуі    мүмкін.

         Сауат   ашу  кезінде  талдау   мен  жинақтау    бір-бірімен   тығыз   бірлікте,   байланыста   жүргізіледі:     балалар   талдау   арқылы    сөздің   қандай  буындардан,   дыбыстардан     тұратынын   ажыратса,    іле-шала   жүргізілетін    жинақтау   арқылы   дыбыстардан   буын   құрап,    буындардан    сөз   құрап   үйренеді.    Сөйтіп,    дыбыстарды   жеке - жеке     оқымай,   бір-бірімен   қосып,    буын  етіп,   сөз  етіп    оқитын   болады1.  

          Талдау - жинақтауда     мынадай   жұмыстар   жүргізіледі.

          1. Кез-келген   дыбысты   сөз   ішінен   бөліп   алу  не  сөз  ішіндегі   айтылуына   жақындатып   бөліп   айту   (дауыссыздарды   да  даралап   айтудан   қашпау   керек).

      Мұнда   сөз  құрамындағы   үйретілуге   тиісті   дыбысы    бар   буын   анық    естіліп,     ал  дыбыстың    өзі   ерекшелініңкіреп   созылып   айтылғаны   дұрыс.    Мысалы,   "р"    дыбыс  үйретілуі   қажет    болғанда    "ара"    сөзіндегі   "а-ра"    буындары     "а-арра"    делініп,    "р"     дыбысы   ерекшеленіп,    біраз   созылыңқырап     айтылады.

         2.  Дыбыстың    артикуляциясын     байқату,    яғни   балаларды  сөз   құрамындағы   үйретілуге    тиісті  дыбыстың    айтылу   процессімен     таныстыру.   Мысалы,   мұғалім    балаларға   "р"    дыбысын   айтқызып   көреді  де,    ол дыбысты    айтуда    тілдің   қандай    жағдайда    болатынын  

байқаңдар    дейді.    Осы   дыбысты   қайта-қайта   өздері   айтып  көру    арқылы,   олар  тілдің   ұшының    дірілдеп  тұратынын    байқайды.    Сонан   кейін   оқушылардың    назары   "р"   дыбысын     айтқанда   тілдің   қай   жерге  жуықтайтынына   аударылады.     Балалар  тілдің   ұшының   таңдайға    жуықтануынан    "р"   дыбысы  шығатынын  аңғарады.

         Сөйтіп,  балаларға    дыбыстың    айтылуымен   қатар,   өзін де  үйретеді.    Бірақ   мұнда  есте  болатын    жай   тіліміздегі      барлық  дыбыстың    артикуляциясын    білу  керек    деген   ұғым   тумасқа   тиіс.    Жоғарыда   айтылған   тәсілмен   тек   еріндік    және   тіс  пен  тіл   қатысы  арқылы   шығатын   дыбыстарды      ғана  үйретуге   болады.   Ал  ш,  ж,  к,  ғ,  г,  й,  и,  щ,  ц   дыбыстардың      артикуляциясын   аңғару,   әрине,   қиынға   соғар  еді.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

                     1. Рахматова  С.   Қазақ  тілін  оқыту   методикасы    А,   1991.

 

Сондықтан   мұғалім   дыбысты  оқытуға    кірісер  алдында   оны  үйретудың   тәсілін  жан-жақты    ойластыруға   тиіс.

          3. Сөздің  аяғындағы   немесе  басындағы   дыбысты  түсіріп   айтып,   балаларға    тапқызу.   Мысалы,   мұғалім   "Әліппедегі"      шоттың   суретін   көрсетіп,    "шо"   дейді   де,    "мен  сөзді  дұрыс  айтым   ба?"  - деп  сұрайды.   Балалар   "т"  дыбысын   қосады.   Немесе   тонның   суретін    көрсетіп,   "он"   деп,   "т"   дыбысын   оқушыларға   айтқызады.   Сөйтіп,   суреттегі   киімнің   аты  мен   айтылған   буын   ( немесе   сөз)    құрамындағы   дыбыстарды   жинақтау   арқылы   қандай   дыбысты   қосу   керектігін     саналы  ұғады.

Информация о работе Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету