Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 11:21, реферат

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі.Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.

Содержание работы

Кіріспе
1. Бастауыш мектепте дамыта оқыту технологиясын қолданудың педагогикалық негіздері
1.1. Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік
1.2. Бастауыш сынып оқушыларына дамыта оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктері
2. Математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясын жүзеге асыру әдістемесі мен тәжірибесі
2.1. Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында дамыта оқыту технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері
2.2. Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері
Қорытынды

Файлы: 1 файл

авто реф.docx

— 88.55 Кб (Скачать файл)

ӘОК 37.035.6:372.851(574) Қолжазба құқында

Кененбаева Маржан Ақметкәрімқызы

БАСТАУЫШ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ

ДАМЫТА ОҚЫТУДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

(1-9 сыныптар негізінде)

13.00.01-Жалпы педагогика,педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертациясының

А В Т О Р ЕФЕ Р А ТЫ

Қазақстан Республикасы

Астана, 2005

Жұмыс Еуразия гуманитарлық институтында орындалған

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Б.Әбдікәрімұлы

Ресми оппоненттер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Арынғазин Қ.М.

педагогика ғылымдарының кандидаты

Кариева Қ.Ө.

Жетекші ұйым: С.Аманжолов  атындағы

Шығыс Қазақстан мемлекеттік

университеті

Диссертация 200 жылы___________________ күні сағат_____ Еуразия

гуманитарлық институтында ( Астана қаласы, Жұмабаев көшесі, 3, мәжіліс

залы) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру

жөніндегі К 14.50.09 диссертациялық Кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен Еуразия  гуманитарлық институты кітапханасында

танысуға болады.

Афтореферат 2005 жылы «_____» _______________ таратылды.

Диссертациялық Кеңестің

ғалым хатшысы, п.ғ.к., профессор Оспанов С.С.

КІРІСПЕ

2

Зерттеудің көкейкестілігі.Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын

саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: «Ұлттық

бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен

айқындалады. Әлемдік білім  кеңістігіне толығымен кірігу білім беру

жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп ерекше

мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере

алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің

бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен

айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы

ерекше екенін мойындауымыз керек.

Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін

игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі  таңда мұғалімдердің негізгі міндеті – ұлттық

ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны

қалыптастыру және оқушылардың  өз бетімен білім алу жолдарына үйрету.

Осыған орай оқушы оқыту  үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің

мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен

амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай

жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық

белсенділігі қалыптасады.

Оқушыны оқу үрдісінің  нысаны ретінде ғана санамай, оны  сол үрдістің

тең құқықты мүшесі ретінде  қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп

дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы

гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында «білім берудің гуманитарлық

сипаты, онда адам тек жай  зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен,

шығармашылық пен таным  субъектісі, өзінің шығармашылыққа деген

құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде  көрінумен

бедерленеді» делінген. Осыдан білім беру саласында ең алғашқы орында

тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім

жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін сапалы мұғалімдер

даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен «Білім бұлағы-кітапта»

демекші жақсы көңілге  қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына

сіңіре білетін шебер  мұғалім қажет.

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге

талпынысы, қызығушылығы бар  адамды мектеп табалдырығынан дайындап

шығудың ең бір тиімді тәсілі ол-оқытудағы сабақтастық. Оқытудағы

сабақтастық мәселелері оқу  процесінде сабақтастық бірізді орындалмай

отырғандығын көрсетеді, ал дамыта оқытудағы сабақтастықтың орындалуы

туралы айту тіпті ерте сияқты. Сабақтастық проблемалары осы күнге дейін

аз айтылып жүрген жоқ.

Егер әр-бір мұғалім әр сабағын дамыта оқытуда сабақтастыққа үнемі

көңіл бөліп отырса білім сапасы әлде қайда жақсарар еді. Әр мұғалім өз

сабағында теориялық білімінің  тереңдігі, сабақта қолданылатын әдіс-

тәсілдерінің тиімді пайдаланылуын  алдын-ала ойластыруы қажет. Мұғалімге

қойылатын негізгі талап  қайткенде оқушыға берілетін білім түсінікті, жеңіл

тілде және оқушының дамуының барлық мүмкін жағдайлары қарастырылуы

керек.

3

Сабақтастық негізі оқытудың біркелкі таным жолы Я.А.Коменский,

оқытудың адам дамуына  сәйкестігі И.Г.Песталоцци, дамытпалы  оқыту

туралы А.Дистервег қарастырған. Біраз ғалымдар сабақтастықты оқыту

принципі Я.А.Коменский, оқыту  шарты К.Д.Ушинский, оқу

баспалдақтарының ауысуы И.А.Каиров, Б.П.Есипов, оқу элементтері жүйесі

арасындағы байланыс формасы  ретінде А.А.Люблинская қарастырған.Сол

сияқты сабақтастықты  тізбектестік және жүйелілік приципі арқылы

қарастырғандар Ю.К.Бабанский, М.А.Данилов, И.Т.Огородников,

М.И.Скаткин, П.Н.Груздев, Т.Т.Галиев және материалдың логикалық

мазмұнындалуын И.А.Каиров, Қ.Ө.Кариева жастарға бастауыш кәсіби және

технологиялық білім беру мазмұнындағы сабақтастықтың теориялық негізін

Б.Әбдікәрімов, Ә.П.Сейтешов, К.Устемиров, үздіксіз білім беру жүйесінде

математиканы оқытудағы  сабақтастықтың ғылыми-әдістемелік негізін

А.М.Мубараков, алгебра курсы  элементтері мен математиканың  арасындағы

байланысЛ.П.Никитин жалпы  білім беретін мектеп пен жоғары оқу орны

арасында бейнелеу өнері  іс-әрекетін қалыптастыру сабақтастығын

В.Г.Ковалев зерттеген.

Білім беру саласындағы сабақтастық  проблемасын әр жағынан

қарастырып теориялық  негізі В.В.Смирнов. Ю.А.Кустов, С.Я.Батышев,

В.С.Леднев, Ш.И.Ганелин, С.М.Годник, А.Д.Бондарь т.б. еңбектерінде

берілсе, мазмұны және іс-әрекеті аспектілерін А.П.Беляева,

Г.Н.Варковецкая, О.Е.Лисейчиков, Н.М.Мороз, Қ.М.Арынғазин,

Г.Х.Нұртаева т.б. еңбектерінде, білім берудегі сабақтастықтың психолого–

педагогикалық аспектілері  Н.В.Кузьмина, Е.В.Зворыгина, А.Г.Соколов

еңбектерінде кездеседі.

Тақырыбымыз екі ұғымның  байланысы түрінде берілген. Біріншісі-

сабақтастық, екінші ұғым дамыта оқыту.

Даму-дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен бағытын

білдіретін философиялық ұғым. Сабақтастыра отырып дамыта оқыту, яғни ол

дамытушы сөзінің төркіні. Дамытушы-дүниетанымның негізгі  құрылымына

жатады. Дүниетаным-дүние  және тану деп аталатын екі бөлімнен тұрады.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз-айнала қоршаған орта, бүкіл әлем,

тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағанасы туралы

көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниетанымның көзі-білім. Білім негізі-оқытуда, ізденуде.

Сабақтастыра отырып дамыта оқыту-ол қажеттілік арқылы орындалады.

Дамыта оқытудағы сабақтастық  – деп оқушы бұрынғы білген білімдерін

жаңа жағдайға жеткіліксіз болған жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандыра

отырып, білім берудің  бір сатысында алған білімдерін, меңгерген іскерлік

пен дағдыларды, қалыптасқан  тәлімдік нормалар мен ұстанымдарды екінші

сатыда жаңа деңгейде ары қарай тізбектей дамыту.

Дамыта оқытудың теориясын  жасаған Л.С.Выготский. Д.Б.Эльконин

басқарған шығармашылық топ  бұл теорияны жалғастыруда. Л.В.Занков

жүйесі-баланы жалпы дамытуға бағытталса, Д.Б.Эльконин және

В.В.Давыдов жүйесі оқушының ақыл-ой іс-әрекет тәсіліне негізделген, бұл

жүйеде көздеген мақсатқа жету тек баланың белсенділігіне байланысты

екендігін алға тартады. Г.К.Селевко дамыта оқыту негізі-тұлғаның өзін-өзі

4

басқаруында десе, И.С.Якиманский-практикалық  іс-әрекетке байланысты

деп негіздейді. Д.Н.Богоявленский  және Н:А.Мечинская – қысқа уақытта

жоғары үлгерімге жетуді жатқызады. Біздің елімізде де дамыта оқыту

мәселесімен айланысып жүрген ғалымдарымыз аз емес. Олар: Ж.А.Караев,

Ж.Кобдикова, Б.А.Тұрғынбаева, Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешова, М.Мұхамедин

т.б.

Егемендігімізді алғаннан кейінгі  басылып шыққан төл

оқулықтарымызда оқушы дамуына аздаған көңіл бөлгені мен мазмұны,

әдістемесі жағынан сабақтастықтың орындалмай, кейбір жерлерінде аздаған

олқылықтар кездесіп жатады. Мұғалімнің айтқанын оқушы оқулықты оқу

арқылы толықтырады. Ұмытып қалса қайта қарап білімін толықтыруға

көмегі бар оқулық қажет. Бастауыш сынып оқулықтарын жазуға үлесін

қосып жүрген Аймағанбетова  Қ. дөңгелек үстел басындағы әңгімесінде:

«Қай оқулық болса да , оның үш негізгі мақсаты бар. Бірінші, ғылыми

мазмұны және сол мазмұнның  ғылымилығымен қатар, әр сыныптағы

оқушының жас ерекшелігіне сай болуы, екінші, оқулық құрылымы неден

басталады, қандай бөліктерден  тұрады, өзге пәндермен байланыстары қалай

кіріктіріледі, үшінші, қандай оқулық болмасын, әдістемелік ақпараты,

беретін сұрақтың деңгейлілігі, балалардың ой-санасын дамытуға әсер ете

алуы және оқушыны қызықтыратын, тақырыпқа жауап беретін

көрнектіліктің жасалуы.»көзделген делінген . Бұл оқулықтар құрылымында

ғалымдар ғылыми талаптарын орындап отыр, ал ол практика жүзінда осы

оқулықтар барлық талаптарға сай деп айту қиындау.

Материалды баяндауда  теориялық және әдістемелік, пән аралық

байланыстың жоқтығынан дамыта оқытудағы сабақтастықтың орындалмауы

білім сапасының төмендеуіне әсерін тигізбей қоймайды.

Нарық заманы кәсіби білмеушілікті  кешірмейді, сондықтан мектептік

білім беру жүйесінде оқушылардың  қабілеттілігін дамыту ісіне жағдай жасау

міндеттерінің көкейкестілігі сөзсіз. Сол мақсаттарға жету жолдарының бірі

ол-математиканы дамыта оқытудағы  – сабақтастық жүйесін оқытудың негізгі

ұстаным (принцип) ретінде  қарауымыз қажет.

Осы уақытқа дейін жалпы орта мектепте математиканы оқытудың

мазмұныныдағы сабақтастық, оқытудың әдістері мен тәсілдері  арасындағы

сабақтастық едәуір зерттелгенімен, бастауыш білім беру мен негізгі

мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері орын

алып отырғандықтан, математика пәнін меңгеруде көптеген

қиыншылықтарға кездеседі. Білім дәрежесін бүкіл әлемдік дәрежеге жеткізу

үшін дамытпалы оқытуды  дәстүрлі оқытуға айналдыруымыз керек, ол үшін

ең алдымен сабақтастық  мәселелерін шешуіміз қажет. Сондықтан  мектептік

білім беру жүйесінде оқушылардың  қабілеттілігін дамыту ісіне жағдай жасау

міндеттерінің көкейкестілігі сөзсіз. Осы орайда қазіргі жалпы білім беру

және 12-жылдық бағдарламаға сәйкес мектепке дейінгі және бастауыш білім

беру мен негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық

мәселелері бойынша білім мзмұнында, әдістемелік білім, іскерлік және

дағдының жеткіліксіз  қалыптасуы арасында қайшылықтар бар  екені анық

байқалады. Дамыта оқытудағы  сабақтастық мәселелерін зерттеп, оның

ғылыми негізін жасаудың маңызы зор .

5

Диссертациялық зерттеулер мен баспаға шыққан еңбектер талдауы

көрсеткендей, бастауыш мектептегі және орта буында математиканы дамыта

оқытудағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау

қажеттілігі зерттеудің көкейкестілігін анықтайды. Осыдан, мектепке

дейінгі және бастауыш білім беру мен негізгі мектепте математиканы

дамыта оқытудағы сабақтастық проблемасын зерттеу қажеттілігі

туындайды. Сондықтан зерттеу  тақырыбын «Бастауыш және негізгі

мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері (1-9

сыныптар негізінде)»  деп алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты білім беру сатылары арасындағы дамыта

оқытудағы сабақтастықты  талдау және тәжірибе мен теория жүзінде

сабақтастықтың тиімділігін  қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-

тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау,

оқушылардың үздіксіз математикалық  дайындығындағы сабақтастықтың

теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.

Зерттеу нысаны – бастауыш мектепте және негізгі буында

математиканы дамыта оқытуда  сабақтастықтың орындалу үрдісі.

Зерттеу пәні – бастауыш мектепте және негізгі мектеп математикасын

сабақтастыра отырып дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту

формасы және әдіс-тәсілері арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету

жолдары.

Зерттеудің болжамы: егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір

мақсатта қарастыра отырып, бастауыш және негізгі мектепте оқытудың

жетекші компоненттері мен  мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі

ұстанымдар мен дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз

етсек, онда бастауыш және негізгі  мектептерде математиканы сабақтастық

негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып, оқушылардың

білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік, өйткені үздіксіз

математикалық дайындығында дамыта оқытудағы сабақтастық

оқушылардың қабілеттілігі  мен құзреттілігін қалыптастыруға жағдай

жасайды.

Зерттеудің міндеттері.

Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында,

үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылылығында

ашылады. Сондықтан қарама – қайшылықты шешіп, сапалы білім беру үшін

мектепте математиканы дамыта оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету

қажет.

1. Үздіксіз білім беруде  математиканы дамыта оқытудағы

сабақтастықты анықтау.

2. Оқулықтардағы теориялық  білім мазмұнындағы және есептер

жүйесін қосымша құрастырылған есептермен толықтырудың қажеттілігін

Информация о работе Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері