Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 11:21, реферат

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі.Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.

Содержание работы

Кіріспе
1. Бастауыш мектепте дамыта оқыту технологиясын қолданудың педагогикалық негіздері
1.1. Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік
1.2. Бастауыш сынып оқушыларына дамыта оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктері
2. Математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясын жүзеге асыру әдістемесі мен тәжірибесі
2.1. Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында дамыта оқыту технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері
2.2. Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері
Қорытынды

Файлы: 1 файл

авто реф.docx

— 88.55 Кб (Скачать файл)

негіздеп, олардың негізгі  міндеттерін ашып көрсету.

3. Оқулық құрастыруда  тақырыптық сабақтастық мүмкіншіліктерін

анықтау және мектеп оқулықтарындағы  теориялық білім мен есептер

жүйесін толықтыру мақсатында есеп құрасытырудың келесі бағыттарын

қарастыру:

6

а) әр түрлі тәсілдермен берілген мәтінді есептер;

б) логикалық есептер

в) геометриялық есептер

г) ЭЕҚ –на қатысты қарапайым салу есептері

4. Қосымша есептер жүйесін  және мәтінді есептерді әртүрлі

тәсілдермен шығару әдістемесін  мектеп практикасында қолдану әдістемесін

қарастыру.

Зерттеудің жетекші  идеясы: бастауыш және негізгі мектепте

математиканы дамыта оқытудағы  сабақтастық мәселелерін шеше отырып,

сабақтастық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

анықталса және оны бастауыш мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие процесінде

теориялық, практикалық тұрғыда пайдалана білсе, бастауыш сыныптарда

және негізгі мектеп сыныптарында білім сапасы артар еді.

Зерттеудің әдістері: мәселеге байланысты философиялық,

педагогикалық, әдістемелік  әдебиеттерді жалпы орта білім беретін негізгі

мектепке арналған математика оқулықтарын талдау; педагогикалық  іс-

тәжірибелермен танысып, ғылыми тұрғыда сараптап, талдау; оқушылармен,

мұғалімдермен, студенттермен әңгімелесу; сауалнама жүргізу, студенттерге

арнайы курс өткізу және зерттей отырып курстық жұмыстар жазу; бастауыш

және негізгі мектеп мұғалімдерінің оқу құжаттарын зерттеп талдау; оқу

бағдарламаларын талдау және жалпы орта білім беретін мектеп

бағдарламасы мен жалпы  орта білім беретін 12 жылдық мектеп

бағдарламасын салыстыру; педагогикалық  эксперимент жүргізу.

Зерттеудің деректі  көздері: философтардың, психологтардың,

педагогтардың таным, білім және жеке адам мен оның әрекеті,сабақтастық

туралы, дамыта оқыту туралы ғылыми зерттеу еңбектері, Қазақстан

Республикасының Конституциясы, «Білім туралы заңы», Қазақстан

Республикасы жалпы орта білім мазмұны, тұжырымдамасы, оқулықтар мен

оқу әдістемелік құралдары, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері,

педагогикалық баспасөз материалдары оқытушы автордың жеке іс-

тәжірибелері. Бастауыш және жалпы білім беру стандарттары, бастауыш

және жалпы білім беру бағдарламасы, бастауыш мектептің 12-жылдыққа

арналған бағдарламасы, математиканы сабақтастыра оқыту және дамыта

оқытуды қолданумен байланысты диссертациялар, төл оқулықтар

жайындағы ойларға арналған басылым беттері, шет елдердің дамыту

мектептері бағдарламасы және оқулықтары, жұмыс дәптерлері, оқу-

әдістемелік құралдары қолданылды.

Зерттеу базасы. Зерттеулер Павлодар мемлекеттік педагогикалық

институтында, Павлодар қаласының  №3 гимназия-интернаты, №21, 22, 24

мектептер, Ақсу қаласының  қазақ гимназиясы, Екібастұз қаласының  №2

қазақ орта мектебі, Ақтоғай  ауданы С. Мүткенов атындағы орта мектебінде

жүргізілді. Зерттеуге Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының

педагогика және бастауыш оқыту мамандығының күндізгі және сырттай  оқу

бөлімінің студенттері қатысты. Экспериментке 320 студент, 403 оқушы, 274

мұғалім қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

7

– бастауыш және негізгі  мектеп сыныптарында математиканы дамыта

оқытудағы сабақтастықты  қалыптастырудың теориялық негіздемесі

жасалып, «сабақтастық», «дамыта  оқытудағы сабақтастық» ұғымдарының

мәні, мазмұны ашылып, анықтама берілді.

– мектеп алды және бастауыш білім беру, жалпы білім беретін негізгі

мектепте математиканы дамыта оқытуда оның негізгі танымдық белгілерін

(математикалық білім,  іскерлік, дағдылардың жүйелілігін  қамтамасыз ету,

сабақтастықты пәнаралық байланыс негізінде математикалық білім мен

біліктіліктің жалпы жүйесін қалыптастыру т.б.) білімнің қарапайымнан

күрделіге қарай дамуын айқындайтын математиканы дамыта оқытудағы

сабақтастықтың тұжырымдық қағидалары мен моделі жасалды;

– бастауыш мектеп және негізгі  мектепте математиканы оқыту сапасына

әсерін тигізетін оқытудың формалары мен әдістерінде дамыта оқытудағы

сабақтастықты қамтамасыз ететін дидактикалық шарттар анықталды  және

негізделді;

– дамыта оқытудағы сабақтастықтың ерекшелігін, жан-жақтылығын,

пәрменділігін айқындайтын және оған қойылған талаптар айқындалды. Осы

талаптарға сай математикадан берiлетiн бiлiм мазмұнындағы сабақтастықты

қамтамасыз ете отырып, дәстүрлі емес әдістері мен оқушылардың таным

қызметін белсендендіру, білімді сапалы меңгеру үшін жағдай туғызып,

оқытуда жаңа техникалық құралдарды және одан туындайтын жаңа әдістерді

пайдалану мүмкіндіктері  арасындағы байланыс анықталды.

Зерттеудің практикалық  маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін жалпы

білім беретін жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш

сыныптарында, негізгі сыныптарда, педагогикалық жоғары оқу

орындарының бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі бөлімінде,

педагогикалық колледждерде, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдерінің

кәсіби білімін жетілдіру  саласында (Республика, облыстық және қалалық

білім жетілдіру институттары, т.б.) пайдалануға болады.

Математика мұғалімдері үшін практикалық көмек ретінде жасалып, оқу

үрдісіне енгізілген оқу-әдістемелік құралдар:

1) «Бастауыш және негiзгi мектепте математиканы дамыта оқыта

отырып сабақтастықты  қамтамасыз ету мәселелері» атты арнайы курсы;

2) Бастауыш мектеп пен  негізгі мектепте математиканы  сабақтастыра

отырып дамыта оқыту мақсатында құрастырылған оқу-әдістемелік құрал;

3) «Мәтінді есептерді  әр түрлі тәсілдермен шығару» әдістемелік

нұсқауды;

4) Математика (5-7 жастағы  балаларға) оқу құралы;

5) «Бастауыш мектепте  математиканы дамыта отырып сабақтастықты

қамтамасыз ету мәселелері»  атты арнайы курстық жұмыс тақырыптары;

6) Математикадан білім сапасын арттыру мақсатында құрастырылған

сауалнамалар;

7) Жұмыс дәптері 3-сынып.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:

– бастауыш және негізгі  мектеп математикасын дамыта оқытудағы

сабақтастықтың теориялық  негіздері;

8

– бастауыш және негізгі  буын математикасын дамыта оқытудағы  іс-

әрекетіндегі сабақтастықты  қалыптастырудың педагогикалық  шарттары мен

әдістері;

– математиканы дамыта оқытудағы  сабақтастықты жетілдіруді іске

асыру моделі

– бастауыш және негізгі  буын математикасын дамыта оқытудағы

пәнаралық сабақтастық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық

шарттары мен әдістері.

– педагогикалық эксперименттің нәтижесі.

Зерттеудің нәтижелерінің  дәлелдігі мен негізділігі: зерттеу

нысанындағы негізгі бағыттардың  әдіснамалық тұрғыда дәйекті

дәлелденуімен теориялық  және тәжірибелік материалдардың талдануымен,

эксперимент бағдарламасының  педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен,

бастапқы және соңғы нәтижелердің (салыстыру, пікірлесу, нәтижелерді

бағалау, сауалнама арқылы) дәлелді қорытындылануымен, олардың

тиімділігін бастауыш оқытудың теориясы мен әдістемесі бөлімінде

тексерілуімен қамтамасыз етілген.

Зерттеудің негізгі  кезеңдері:

I-ші кезеңде (1995–1997) зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық

және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды, ғылыми аппарат

айқындалып, материалдар жинастырылды.

II-ші кезеңде (1998–2002) қойылған мақсат, талаптарға сай мектеп

оқулықтарында білім мазмұнының берілуіндегі, әдіс-тәсілдер арасындағы

сабақтастық және есептер  жүйесінің құрылысы анықталып, мәтінді

есептердің дамыта оқытуға негіз болатын жағдайлары тағайындалды.

III-ші кезеңде (2003–2005) жиналған материалдарды талдау, өңдеу

жүйеге келтіру жұмыстары атқарылды; алынған теориялық және

практикалық нәтижелер қорытылып, зерттеу нәтижелері басылымдарға

жариялауға ұсынылды.

Зерттеу нәтижелерін  сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру.

Бастауыш сынып мұғалімдері мен студенттері үшін дамыта оқытудағы

сабақтастық мәселелерін  шешу мақсатында «Бастауыш мектепте

математиканы дамыта оқыта  отырып сабақтастықты қамтамасыз ету

мәселелері» бойынша студенттерге арнайы курс бағдарламасы іс-тәжірибеге

енгізілді.Бастауыш сынып  мұғалімдері мен студенттер үшін математиканы

дамыта оқытудағы сабақтастық  іс-әрекетін меңгеруге арналған «Бастауыш

математикасында мәтінді  есептерді әр-түрлі тәсілдермен  шығару»

әдістемелік құрал, дайындық тобына арналған «Математиканы үйрен»

жұмыс дәптері, қалалық білім департаментімен бірлескен қаланың

бастауыш мектеп мұғалімдерінің «Білім сапасын арттырудың жолдары»

проблемалық тобы жоспары  құрылып жұмыс істейді.

Зерттеудің негізгі қағидалары Қарағанды экономикалық

университетінде өткен «Повышение качества подготовки специалистов на

современном этапе» атты халықаралық (Қарағанды, 2002 ж.),

«Сұлтанмахмұт тағылымы»  атты республикалық ғылыми-теориялық

(Павлодар, 2003), «IV Сәтпаев оқулары» атты атты республикалық ғылыми

(Павлодар, 2003) конференциясында, «Бастауыш мектеп», «Начальная

9

школа» журналында, «Вестник ПМПИ»басылымында (Павлодар, 2004),

ЕАГИ «Хабаршысында», облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру

инстиутында өткен семинар  мен курстарда, Павлодар білім департаменті

ұйымдастыған қала бастауыш сынып мұғалімдерінің проблемалық тобы

отырыстарында, жалпы білім беретін мұғалімдердің тамыз кеңестерінде

баяндалды, жарық көрген мақалалар мен әдістемелік құралдарда көрініс

тапты.

Диссертацияның  құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан,

қорытындыдан, 6 сурет, 12 кесте, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  және

8 қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, зерттелу дәрежесі,

мақсаты, нысаны мен пәні айқындалып, зерттеудің болжамы, міндеттері мен

әдістері, теориялық және практикалық маңызы, ғылыми жаңалығы

негізделді және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалды.

«Бастауыш және орта буын математикасын дамыта оқытудағы

сабақтастықтың  теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеудің

проблемасына байланысты ғылыми әдебиеттерге, дамыта оқыту

технологиясы және үздіксіз білім берудегі сабақтастықты қалыптастыру, оқу

процесінде қолдану мәселесі бойынша жинақталған тәжірибеге талдау

жасалып, білім берудегі сабақтастық, оқу процесін технологияландыру

мәселелері, «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы»,

«сабақтастық», «даму» түсініктерінің философия, психология және

педагогика сияқты іргелі білімдер тұрғысы салаларындағы мәні ашылды.

«Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы

сабақтастық мәселелерін  іске асыру жолдары» атты екінші тарауда білім

сапасын арттыру үшін бастауыш және негізгі мектептегі математика

оқулығының мазмұны яғни теориялық жағынан оқытудағы  сабақтастықты

сақтау және математиканы дамыта оқыта отырып сабақтастыра оқытудың

әдіс-тәсілдері, оқушылардың  белсенділіктерін арттыру, оқу құрал-

жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдары ұсынылып қарастырылды.

Бастауыш мектеп мұғалімдері және негізгі мектептің математика

мұғалімдерінің оқытудағы сабақтастықты сақтай отырып математиканы

дамыта оқыту технологиясын  қолдану дайындығын қалыптастыру

мақсатында жүргізілген  педагогикалық эксперимент жұмысының мазмұны,

кезеңдері айқындалып, нәтижелері шығарылып, қорытындыларының

бастауыш мектепте, жалпы  білім беретін негізгі мектепте және жоғары оқу

орнында енгізілгені туралы айтылып даму тенденцияларына сипаттама

берілді.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың

нәтижелеріне негізделген  тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік

сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыш және орта

буынның математикалық білімнің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен

10

үйлесімді оқытудың әдіс –  тәсілдерін, құрал – жабдықтарын  және

ұйымдастыру түрлеріндегі сабақтастықты  анықтаудың қажеттігін көрсетеді.

Осыған орай, бүгінгі күн талабына сай дярланған көзі ашық, білім дәрежесі

жоғары, жан-жақты дамыған  адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру

қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуында

математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны

математикалық сауаттылықтың  жоғары деңгейіне жеткізу міндеті  тұр. Ол

үшін бастауыш және негізгі  мектеп математикасын дамыта оқыту  қажеттілігі

туындап отыр. Математиканы дамыта оқыту үшін барлық мүмкін жағдайлар

жасау керек. Себебі математика мұғалімі жұмысындағы қиындықтар,

негізінен, пәнді оқуға қызығушылықтың болмауынан. Оқушының пәнге

қызығушылығының жоғалу себебі-ол пәнді түсінбеуінен. Ал түсінбейтін

себебі ол білім берудің  әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту

әдістері, оқыту құралдары  арасындағы сабақтастықтың толық

орындалмауынан. Білім берудің  әр сатысында берілетін математикалық

білім бір-бірімен сабақтас болған жағдайда ғана түсінікті болмақ.

Математиканы дамыта оқыту  үшін теориялық білімнің, қолданылатын әдіс-

тәсілдердің, құрал жабдықтарды  дұрыс пайдалануда сабақтастық

мәселесінің көкейкестілігі арта түсуде..

Зерттеу барысында біз  осының бәрін ескере отырып, ең алдымен,

қарастырылып отырған  проблеманың ғылыми-теориялық негіздерін жасау

мақсатында мектептің  математика оқулықтарына, оқу-әдістемелік

құралдарға, бағдарламаға, ғылыми еңбектерге (Караев Ж., Мубараков А.М.,

Информация о работе Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері