Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2013 в 11:21, реферат
Зерттеудің көкейкестілігі.Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» деп ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.
Кіріспе
1. Бастауыш мектепте дамыта оқыту технологиясын қолданудың педагогикалық негіздері
1.1. Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік
1.2. Бастауыш сынып оқушыларына дамыта оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктері
2. Математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясын жүзеге асыру әдістемесі мен тәжірибесі
2.1. Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында дамыта оқыту технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері
2.2. Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері
Қорытынды
Устемиров К., Каиров И.А., Кустов Ю.А., Қайыңбаев Ж.Т., Оспанов Қ.О.,
Шәкілікова С., Айтмағанбетова Қ., Баймұқанов Б.Б., т.б.) талдау жасау
арқылы «оқытудағы сабақтастық», «дамыту», «оқыту технологиясы»
ұғымдарының өзара байланысына, олардың анықтамаларына мазмұндық
сипат беруге талпындық.
Сабақтастық – бұл адам іс – әрекетінің жемісі. Ол қоғам дамуы
негізіндегі адам жетістігін қамтамасыз ету және оны сақтаудың негізгі
әлеуметтік заңдылығының бірі болып табылады. Сабақтастық қоғамдағы
өмір сферасының әр түрлі саласында белгілі бір ұғымға сәйкес кең түрде
қолданылады.
«Сабақтастық» термині өте кең әлеуметтік диапозонды қамтиды.
Ұйымдастыру формасына қарай өткендегіге талдау жасай отырып, осы
кездегі немесе болашақтағы жоспар тиімділігін арттырудың бір ізділігі
мақсатқа алынады.
Білім беру және тәрбиелеу процесінде сабақтастықтың қажеттілігі зор.
Педагогикада сабақтастықтың идеясы қалыптасқанға дейін жалпы еңбек іс-
әрекетінде бірыңғай талаптарды сақтау және әдіс – тәсілдерді тізбектей
меңгеру қарастырылған.
Осы кездегі оқытудағы сабақтастықты тура педагогикалық
мағынасында қолданған Есипов Б.П.. Ол білім берудің әр түрлі сатысын бір
жүйеге келтіре отырып,
сабақтастық шарты қажет
Сабақтастық екі бөліктен тұрады:
11
а) оқу-танымдық сабақтастық (ішкі), оның құрылымы:себептік-
мақсатты, мазмұндық-қызметтік, оқу-операциялық, бағалау-рефлексивтік
және ұйымдастырушы-жоспарлаушылық;
ә) процессуалдылық-оқыту сабақтастығы (сыртқы), оның құрылымы:
нормативтік, ұйымдастыру-әдістемелік, реттеуші-ынталандырушы және
тексеруші-бағалаушы.
Үздіксіз білім беруде сабақтастық көп деңгейлі болып табылады. Олар:
бірінші деңгей – ең жоғары деңгей – ол сабақтастықтың үздіксіз білім беру
жүйесі арқылы адам даму заңдылығына сәйкес қызметі. Екінші деңгей-
жалпы педагогикалық ұстаным (принцип) ретінде, яғни үздіксіз білім беруде
педагогикалық үрдіс арқылы орындалады. Үшінші деңгей - дидактикалық
ұстаным ретінде сипатталады, яғни белгілі бір пәнді біртұтас қабылдауы
қамтамасыз етіледі. Төртінші деңгей – ол сабақтастықтың жеке әдістемелік
ұстаным ретінде, яғни мектептегі қандайда бір пәнді оқытуды
ұйымдастыруда байқалады.
Сабақтастық педагогика категорияларының оқыту, тәрбиелеу,
дамытудың жалпы дидактикалық функциясын орындайды.
Сабақтастықтың орындалу көрсеткіші – ол үздіксіз білім беруде
адамның келесі білім баспалдығына дайындығының сандық сипаттамасы. Ол
арнайы әдіс арқылы оқушының жауабы көрсеткіші және бақылау
жұмысының диагностикасы арқылы есептеледі.
Жалпы сабақтастық ол үздіксіз білім берудегі педагогикалық үрдісте
(процесс) қолайлы жағдай туғызу үшін қажет.
Даму – өзгеріс, ол-қарапайымнан күрделірекке, төменнен жоғарыға
қарай ауысу; біртіндеп жинақталған сандық өзгерістің сапалық өзгеріске
ауысу процесі. Ескінің сөніп, жаңаның туындап, жандану процесі. Даму-ол
құлдырауға, ыдырауға қарсы құбылыс.
Даму-дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен бағытын
білдіретін философиялық ұғым.
Ал дамыта оқытудағы сабақтастық ол өзіндік ерекшелігі бар, оқытудың
жан – жақтылығын, пәрменділігін анықтайтын талаптарға сай болуы.
Дамыта оқытудағы
ретінде барлық оқу пәндеріне тән (оқытудың тәрбиелік сипаты, жүйелілік
пен бірізділік, ғылымилық пен түсініктілік, көрінектілік, зерделілік және
белсенділік), сондай–ақ математиканы оқытуға ғана тән (математикалық
теорияның практикамен, математиканы оқытудың қолданбалы бағытқа
бағытталуын күшейту, оқытудағы саралау мен даралау, математиканы оқыту
прцесінде ізгілендіру мен гуманитарландыруды жүзеге асыру) дидактикалық
категориялармен байланысты болады.
Бастауыш және негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы
сабақтастық мәселелерін шешуде, ең алдымен оның алдындағы мәселелер
анықталып, оны жеңу жолдары анықталды. Мұның өзі осы зерттеу аумағы
бойынша нақты бағыт болуын айғақтады. Сондықтан зерттеу барысында
модель «Дамыта оқыту сабағының моделі», «Математиканы дамыта оқытуда
сабақтастықты ұтымды пайдалану моделі» (1,2-сурет) құрудың
ерекшеліктерін ескере отырып,
жалпы жетекші теориядан
талаптарға сәйкес математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты ұтымды
12
пайдалану және дамыта оқыту сабағының моделі жасалынды. Оны жасауда
алдын-ала сараланған әдістер пайдаланылып, сандық және сапалық жағынан
талдаудан өткен материалдар басшылыққа алынды. Бұл модельдің құрамын
анықтау математиканы дамыта
оқытудағы сабақтастықты
эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде қарастырылды.
Оқушының дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір
сабақтың өзегі деп түсіну керек. Дамыта оқыту оқушының дәл бүгінгі жаңа
материалды білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екендігін іштей
мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтазарын ауғызып,
қызығушылығын ояту арқылы іске асады.
Дамыта оқытудағы
қарауға болады. Олар: құндылықты беру және оны меңгеру. Дамыта
оқытудағы сабақтастықтың мазмұны берілетін құндылыққа байланысты.
Білім сапасын арттыру үшін бастауыш және негізгі мектептегі
математика оқулығының мазмұны яғни теориялық жағынан оқытудағы
сабақтастықты сақтау және математиканы дамыта оқыта отырып
сабақтастыра оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылардың белсенділіктерін
арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдары
ұсынылып қарастырылды.
Оқу қызметінің құрылымы туралы педагогтар арасында бірыңғай пікір
жоқ. Әр кітаптың авторы әр түрлі пікір ұсынады. Бірақ, баланың оқуға деген
дайындығын қалыптастыратын барлық жағдай осы оқу үшін еңбек ету
барысында қалыптасады. Біздің, яғни мұғалімнің мақсаты сол еңбекке
қолайлы жағдай туғызу.
Себебі тек еңбек еткенде ғана баланың қабілеттері анықталады және
жүзеге асырылады. Еңбектену барысында олар қалыптасады, еңбектену
барысында олар дамиды. Тек өздігінен жұмыс істегенде ғана оқушы өз
мүмкіндіктерін біліп, жарқын да жайдарлы қанағаттану көңіл-күйін сезіне
алады. Еңбектену барысында оның рухани өмірінің байлығы: ой-өрісі мен
сезімдерінің тереңдігі, қиял-еркінің күші ашалап, мінезінің негізгі қырлары
қалыптасады.
Сонымен мектепте оқытудың тиімділігі оқушылардың оқу сипатына
бірден бір байланысты.
Тек білім, қабілет пен дағды ғана емес, сондай-ақ пәнге деген
қызығушылық, онымен әуестенушілік, оқуға деген ынта да оқушы
қызметінің барысында қалыптасады. Мектеп табалдырығынан күнделікті
білімді өз бетімен меңгеру, жеке тұлғаның қалыптасуы, дамуы үшін білім
қажеттіліктері:
1) білімнің маңызын және оның ролін терең түсінуінде, яғни жүйелі
меңгерілген білімді ғылымның әр саласында техника, мәдениет, өнер т.б.
салаларда терең білімнің қажеттілігін мектеп табалдырығынан түсіну
қажеттілігі
2) үздіксіз білім алу қоғам қажеттілігін түсіну
3) оқушының білімге құштарлығын арттыру
4) мектепте алған сапалы, терең білім негізінде шығармашылыққа
ұмтылу
13
5) жоғары мәдениетті адам қалыптастыру, яғни икемді, дағдысы
қалыптасқан, шебер, т.с. өз бетімен іс-әрекетін ұйымдастыра білетін (талдау,
салыстыра білетін, жалпылау, жүйелеу, қорытындылай білетін) жоспар құра
білу, кітапханада өз бетімен жұмыс істей білу, анықтамалар , сөздіктерді
пайдалана білу, уақытты үнемдей білу т.с.с.
Берілетін теориялық білімнің мазмұнына байланысты оқытудың негізгі
мақсаттарын сәйкес әрбір оқушының оқуын дұрыс ұйымдастыру арқылы
ғана жетуге болады. Ол үшін мұғалім, оқушының еркіне қарамастан, оның
оқуын ұйымдастыра біліп, ондай әрекеттердің сырттай көрінбегендігінде де
басқару керек. Бұған оқушы қызметінің негізгі ерекшеліктерін: оны қалай
ұйымдастыруға, қолдауға болатынын және оның тиімділігінің неге
байланысты екенін білген жағдайда ғана жетуге болады.
Оқушы оқу үрдісіне кірісіп кетуі үшін, онда оған деген себеп болуы
керек, өйткені себепсіз іс-әрекет жасалмайды. Алғашқыда оқуға деген
себептер сыртқы факторлардың әсер етуімен қалыптасады.
Оқушы еңбектеніп, алғашқы нәтижелерге қол жеткізгенде, онда осы
себептер білімнің мазмұнына, оны игеру әдістеріне деген қызығушылықты
тудыратын арнаулы оқу-танымдық себептер болып өзгереді. Ал соңғының
әсерімен оқушыларда бұрыннан болған басқа себептер әрі қарай дамып,
жаңа мазмұнға ие болады.
14
15
Қоғам қажеттіліктері Білім берудің мазмұнын
дамыту, жаңарту қажеттілігі
Білім сапасын арттыру
жолдары
Математиканы дамыта оқытудағы
сабақтастықты пайдалану
Математиканы оқыту құралдары көмегімен білімдерінің дамуына жол ашу
Сабақтастықты пайдалана отырып математиканы дамыта оқыту міндеттері
Математикалық
білімдерін практикада
қолдана білу машығын
қалыптастыру
Білім берудің әр түрлі
сатысында бір тақырыпты
дамыта оқытудағы
сабақтастықтың
орындалуы
Пән аралық
байланыста
сабақтастықты
қалыптастыру
Математиканы дамыта оқытудағы сабақтастықты енгізу құралдары
Құралдары Оқушының іс-әрекеттері Мұғалімнің іс-
әрекеттері
- оқулық;
- әдістемелік
құрал;
- қосымша
әдебиеттер;
- оқытудың жаңа
технологиялары
Дамыта оқытудағы
сабақтастықты
теориялық білім беруде,
есептік материалдарда
қолдану ұстанымдары
Математиканы дамыта оқытудағы
сабақтастықты пайдалану
Тұлғаның ақыл-ойының
дамуы сферасы
- білім;
- біліктілік;
- дағды
Белсенділігін арттыру
- танымдылық
белсенділік;
- өзін-өзі
ұйымдастыру;
- іске асыру;
- қоғамдық
белсенділік
Жан-жақты дамыған, парасатты тұлға
1-сурет – Математиканы дамыта оқытуда сабақтастықты ұтымды пайдалану моделі
2-сурет – Дамыта оқыту сабағының моделі
Қазақстан Республикасы егемендік алуымен байланысты 1991 жылдан
бастап тәрбиенің мазмұны ұлттық сипатқа ие болып өзіміздің төл
оқулықтарымыз шыға бастады. Бізде жалпыға білім беру стандарты және
оған сәйкес бағдарламаны 2002жылы ғылым және білім министрлігі
бекіткен. Төл оқулықтар уақыт тығыздылығынан барлығы бірдей
апробациядан өтпеген. Ақпарат
беттеріне қарасақ төл
апробациядан өтпеген екен. Төл оқулықтарымызда кейбір тақырыптардың
мазмұндалуы оқушы түгілі мұғалімде қиналатын кездері де кездеспейді деп
айтуға болмайды.
Бастауыш сыныпта берілетін негізгі сабақтас оқылатын тақырып ол–
геометрия элементтерімен таныстыру. Бұл тақырып 1-ші сыныптан бастап-
ақ кең көлемде қарастырыла басталған.
1-ші сыныпта ең алғаш «Қарапайым түсініктер» тақырыбымен танысу
барысында: Сызықтар (түзу сызықтар, қисық сызықтар). Нүкте. Сәуле.
Бұрыштармен суретін көрсету арқылы таныстырылған. Бұрыш анықтамасы
берілмейді. Онан соң, кесінді және оны сызу. Кесіндінің ұзындығын өлшеу.
Сантиметр. «10» санымен танысқан кезде Дециметр ұғымдарымен
таныстырылған. «3» санымен таныстырлған кезде Үшбұрыштың
қабырғалары – кесінділер. Бұрыштың қабырғалары – сәулелер болатыны
айтылып кеткен және олардың суреттері берілген. 2- сыныпта кесінділердің
ұзындықтарын өлше. Осы екі кесіндінің ұзындықтарының қосындысын тап
және оны дәптерге жаз деген тапсырмалар берілсе, 3- сыныпта кесінді
бірнеше бөлікке бөлініп, бөліктерінің ұзындықтарын табуға тапсырмалар
берілген. Енді біз 7- ші сыныптың геометрия оқулығының 20-шы бетіне
Проблемалық жағдай
туғызу
Жетістікке жету жағдайын
ұйымдастыру
Эвристикалық
тапсырма
Алгоритмдік
тапсырма
Оқушылық
тапсырма
Жаңа ұғымды іс-
жүзіне қолдану
Ізденіс жолын
ұйымдастыру
БАҚЫЛАУ
ТЕКСЕРУ
РЕФЛЕКСИЯ
Дамыта оқыту
16
түңіліп қарасақ ,онда осы кесіндіні өлшеп салу қайталанып берілген.
Сонымен қатар 7- сынып геометриясындағы «Бұрыш. Бұрышты өлшеп салу»
тақырыбы да қайталанып берілген. Себебі ең алғаш бұрышпен 1- сыныпта
таныстырылады да, бұрыштарды өлшеу 4-сыныпта қарастырылады.
Авторлар сабақтастық принципін орындау мақсатында тақырыпты
қайталап беруі де мүмкін. Біздің ойымызша математикада қайталау арқылы
дамыта оқыту мүмкін емес. Білім берудің бір сатысында берілген білім
мазмұны келесі сатыда тізбектей дамыта берілуі қажет.
Ал шет елде, дамыған мемлекеттер мектебінде математика
бағдарламасында ықтималдықтар теориясы мен статистика үлкен орын
алады. Жапонияның мектеп бағдарламасында «Статистика» тарауы
бастауыш мектептің 1-сыныбынан бастап негізгі тарау болып
саналады.Бельгия мен Францияда ықтималдықтар теориясы элементтері
жоғарғы сыныптарда қатаң математика негізі ретінде беріледі. Ал геометрия
ол өз бетімен оқуға арналған пән. Ол мектепте оқылмайды, кейбір сұрақтары
арифметика, алгебра және математикалық анализ курстарында берілген.
Көптеген дамыған
сатысында математикалық білім дәрежесін дамыту, математикалық әдісті
меңгеру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру үлкен рөл ойнайды.
Ал бізде бір тақырыпты білім берудің әр сатысында байланыс орнату
мақсатында қайталаумен немесе оқулықта теориялық білім беру дәрежесі