Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері – жеке адамды жан-жақты дамытудың ең басты факторы тәрбие, өмір жағдайы және қоршаған ортасы.
Зерттеудің көздері – зерттеу проблемасы бойынша педагогтардың еңбектері, оқу-тәрбие құралдары, ата-ана тәрбиесі,бағдарламалар мен тәжірибелер.
Зерттеу әдістері – зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік талдау жасау, оқу тәрбие үрдісін бақылау, әңгіме өткізу.

Содержание работы

Кіріспе 2
І. Іс-әрекет ұғымы 3
1.1 Іс-әрекеттің жалпы сипаты
1.2 Жеке оның факторлары 3
1.3 Іс - әрекет барысындағы шарттар 7
ІІ. Балалар ұжымын қалыптастыру іс –әрекеті
2.1 Даму теориясы
2.2 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі
2.3 Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы іс –әрекеті
ІІІ.
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 32

Файлы: 1 файл

курстык Тәрбие іс-әрекет.doc

— 305.00 Кб (Скачать файл)

      Іс-әрекет  мазмұнын ұғынуға қатысты А.Н.  Леонтьев санадағы «өзекті ұғыну» ұғымы мен «кездейсоқ пайда болған» ұғымын ажыратады. Кез-келген іс-әрекеттің осы ерекшелігін талдау үшін, атап айтқанда, оқу қызметінде, субъекттің мақсатты белсенділігінің пәні болып табылатын мазмұн ғана актуалды ұғынылады, яғни кез-келген әрекет жүйесінде ішкі және сыртқы әсердің тікелей мақсатының құрылымдық орынын алады. Іс-әрекеттің өзін-өзі ұғынуының келтірілген тұжырымы оқушының оқу іс-әрекетін талдау үшін өте маңызды. Мысалы, төменгі сынып оқушылары өзінің даму деңгейі бойынша оқу пәнінің мазмұнын үнемі өз әрекетінің мақсаты деп актуалды ұғынып, баға бере алмайды. Сол себепті, мұғалімнің міндетінің бірі – оқушыда осындай мақсатты біртіндеп қалыптастыру үшін жағдай жасау.

     Іс-әрекетте  оның ішкі құрылымын, немесе  құрылысын ажыратады, онда қимыл іс-әрекеттің бірлігі, оның клеткасы, ал операциялар – іс-әрекетті жүзеге асыру әдісінің мәні. Қимыл – іс-әрекеттің морфологиялық бірлігі ретінде дербес әрекет бола алады, және керісінше операцияға айнала алады. А.Н. Леонтьевке сәйкес, қимыл дегеніміз түрткісі (мотиві) оның пәнімен сай келмейтін, (яғни, оның неге бағытталғанымен) процесс, ол өзінің енгізілген әрекетінде жатыр. Оқушылардың кітап оқуы сияқты кеңінен таралған мысалында, А.Н. Леонтьев әрекет пен қимылдың арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Мысалы, егер оқушы кітапты өзінің қажеттілігін қанағаттандыру, жаңа бір нәрсе білу, кітапта не жөнінде айтылғанды түсініп, аңғару үшін оқыса, онда мұнда процесті осы сөздің жоғарыда келтірілген мағынасында әрекет деп атауға болады. Ол кітаптың мазмұнына бағытталған. Дәл сол мазмұнның өзі кітап оқуға түрткі болды, ол осы әрекеттің ішкі мотиві, түрткісі болды. Оқушының назарын осы әрекеттен айырған жағдайда, ол кері эмоцияларды басынан кешіреді, ол әрекетін ренішпен тоқтатады. Ал оқушы кітапты тек емтихан тапсыру үшін ғана оқыса, онда басқа жағадай. Бұл жағдайда осы процестің пәні – кітаптың мағыналық мазмұны мен оның түрткісі – «емтихан тапсыру» бір-біріне сәйкес келмейді. Сол себепті, осындай процесс тек қимылдар жиынтығы ретінде ғана сипатталына алынады. Егер оқушыны осындай оқудан айырса, ол әдетте, жеңілдеп қалады, бұл да әрекеттің орын алмауының көрсеткіші болып табылады.

      Бұл  жағдайда оқушы кітап оқуды  емтиханға дайындалу үшін қажеттілік  деп ұғынып оқыса, онда осылайша  кітап оқу қимыл болып табылады. Өйткені, ол өздігінен не нәрсеге бағытталғаны оның түрткісі болып табылмайды. Оқушыны кітап оқытатын бұл емес, емтихан тапсыру қажеттілігі деп А.Н. Леонтьев атап өтеді. Әрекеттің тікелей мақсаты (оның пәні), мысалы оқушының мұғалімнің сұрағына мазмұнды жауабы мотивпен, оқушының өзінің ұстазымен ойын бөліскісі келген қажеттілігімен сәйкес болған жағдайда (ал мұғалім бұл қажеттілікті қанағаттандыра алса), онда жауаптың осындай әрекеті толығымен ашылған тұлғалық-маңызды, негіздемеленген ой білдіру әрекетіне айналады. Бұл осы әрекетті орындау барысында және нақты мысалда оқудың коммуникативтік әрекетін қалыптастырудың нақты мысалында ең жақсы алғышарты болып табылатын шарттар.

       Сонымен  қатар, А.Н. Леонтьев, адам әрбір  әрекеттің орындалуына белгілі бір мағынаны саналы түрде ұғынып береді және оны әрекет мотивімен байланыстырады. «Сонымен, әрбір саналы түрде орындалатын әрекет… кез-келген әрекеттің ішінде қалыптасады, сол әрекет оның психологиялық ерекшелігін анықтайды» [111, 294 б.]. Сонымен бірге әрекет, ал оқыту процесінде саналы түрде орындалатын операция болуы тиіс. Кез-келген саналы түрда орындалатын операция «алғашқы рет операция түрінде қалыптасады», ол ол осындай түрге оның өзінен пайда болады. Мысалы, оқушылардың саналы түрде шет тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтудағы фонетикалық әрекеті бұл сөздің сөз құрамына, сөйлем құрамына кіргенде «саналы» операцияға айналады. Операция Н.А. Бернштейн бойынша, фондық автоматизм деңгейіне шығудың әртүрлі жағдайында бүтін сөздің, сөйлемнің айтылу әрекетін орындаудың әдісіне айналады. Осы схеманы түсіндіріп, бөлшектеп талдай келе, В.П. Зинченко мен В.М. Мунипов әрекет – қол жеткізілуі тиіс нәтиже туралы елеске тәуелді процесс, яғни саналы мақсатқа тәуелді процесс (А.Н. Леонтьев). Интенционалды (идеалды) аспекттен басқа, әрекеттің операционалды аспекті де бар, ол өзімен өзі анықталатын мақсат емес, шындықтың функционалды маңызды, қасиеттерімен анықталады. Функционалды маңызды қасиеттер ұғымы шындықтың шарты мен пәндік қасиеттерін қамтиды. Сол себепті авторлар әрекет функционалды құрылымының схемасын оған «операция» ұғымынан ұсақ ұғым, атап айтқанда - функционалды блокты кіргізіп, одан да дәлірек бөлшектерге бөлуді ұсынады.

      Қарастырылғанның  барлығы бір жағынан, «әрекет»  категориясы-ның субъекттілігі,  заттылығы, мақсатты бағыттануы, негіздемеленуі, саналы түрде ұғынылуы сияқты сипаттамаларымен мағыналық сыйымдылығына ерекше көңіл аударылса, екінші жағынан, оның психологиялық мазмұнының (пәні, құралдары, әдістері, өнімі, нәтижесі) компоненттерінің арқасында оның үлкен функционалды түсіндіруші күші мен әрекет пен операцияларды қамтушы сыртқы құрылымына ерекше көңіл аударылады.

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

1.1 Жеке оның факторлары                                                          

  Балалар  мінез-құлықтағы  қиындық  ұғымынан  басқа, қиындықпен  тәрбиелену  ұғымы  да  кеңінен  қолданылады. Қиындықпен  тәрбиелену  баланың  теріс  мінез-құлқы, дау-жанжал. Кейде  бұл  қайшылық  табиғи  түрде, тек  бір-бірін  түсінбеуден  шығатын  дау-жанжал  екенін  айтуға  болады. Ал  мұндай  дау  кейде  онша  қауіпті  емес  және  ол  қиындықсыз  жойылуы  мүмкін. Қиын  балалар  намысқой  келеді, олар  бір  нәрсеге  өзінің  жарамсыз  екенін  сезіп тұрады  және  сол  себептен  қиянат  жасауға  физикалық  күшін  жұмсап, маған  бәрі  жоғарыдан  төмен  қарайды, мені  адам  екен   деп  санамайды, мен  оларға  көрсетемін  деп  саналы  түрде  ой  тұжырымдап  өзін-өзі  сендіреді. Жеке адамның жан-жақты дамуына толық жағдай жасау үшін, халыққа білім және тәрбие арқылы таптық қоғамды бейбітшілік жолмен жаңа қоғамға айналдыруды арман ету.

Мектептердің  көмегімен  жеке  адамға  қолайлы  жағдайлар  туғызып, мінез-құлық  қалыптастыруға , шығармашылық  мүмкіндіктерін  туғызуға  болатынына  көңілдерін  аударады.

Тәрбие  ісі  адамның  қабілетін  қоршаған  ортада  және  оның  санасында қалыптастыруды  мақсат  ететін болғандықтан  ол  психологиялық  процесс.

Тәрбие  адамдарға  тән  әлеуметтік  категорияға  жатады  және  тұлғаны  дамытуға  шешуші  рөл  атқарады. Тұлғаны  қалыптастырудың  тиімді  дамуы баланың  белсенділігін демеп отырған  жағдайда  ғана  сәтті  болады.

Іс-әрекет, қарым-қатынас  арқылы  орнығып, тәрбиелік  жұмыстың  мазмұны  да  құрайды.

       Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс-әрекеті мен мәдениет субъектісі басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі. Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері онын өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады. Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық философиялық ой-пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған  орай балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді тәрбиелік іс-әрекеттерінің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс онысыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес. Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп дамыту  деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек. Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді.

 Мектепте тәрбиенің басты міндеттері-теориялық білімді еңбекпен өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды тәрбиелеу. Әрбір адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыру негізгі шарттардың бірі. Дүниетаным адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым-қатынасын оның барлық іс-әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас. Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына шексіз берілгендігінде, жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай көзқарас болмайынша адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды. Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады ой еңбегіне төселеді рухани өмір байлығын меңгереді эстетикалық талғамы сезімі артады. Осы жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан-жақты тәрбиелеу міндеттерін талап етеді. Қоғамдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларын да белсенді қызмет етуге қабілетті, сана-сезімді және жоғары білімді адамдардың тәрбиелеп даярлап шығаруды көздейді. Мектеп реформасын жүзеге асырудың  барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының  бірі мұғалім мен оқушы мектеп басшылары мен педагог арасында қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет. Осындай идеямен қаруланған халық ағарту қызметкерлерінің жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерінің негізгі міндеттері оқушылардың ғылыми-техникалық дамудың қазіргі талаптарына сай баянды ғылым негіздерімен қаруландыру. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайы көп ретте әдістемелік жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білуге байланысты. Сонымен бірге әдістемелік  жұмыстар ғылым жетістіктеріне негізделсе озаттар тәжірибесіне сүйенсе, жақсы нәтиже берері сөзсіз. Мұғалімдер зерттеу, іздену жұмыстарымен айналысып, оқу-тәрбие жұмыстарына зерттеу, талдау ендіруге, жұмысты жүйелеуге маңызды орын беруде. Әдістемелік көмекті қажет ететін мұғалімдер үшін семинарлар, үлгі сабақтар, кеңестер ұйымдастырылып отырылады. Еліміздегі танымал жаңашыл педагогтер М. Жанпейісова, Ж. Қараевтың тәжірибесін насихаттауға арналған іс-шаралар тұрақты өтіп келеді. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктерін: ақыл-ой тәрбиесі, құқық тәрбиесі, эстетикалық және дене тәрбиесі. Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне жағдайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан да дайын болуы қажет. Сонда ғана мектептегі тәрбие жұмысының жемісті болуы мүмкін.

Педагогикалық  қабілеттілік  бұл  адамның  дербес  психологиялық  ерекшеліктері, оның  өзі  педагогикалық  қызметтің  әдістері  мен  амалдарын  тез, әрі  терең  меңгеруге  мүмкіндік  береді. Педагогикалық  қабілеттіліктің  негізгі түрлерін  көрсетелік:

- педагогикалық  қызметтің  тиімділік мүддесі  үшін  оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен  және  қоғамдық  ұйымдармен  дұрыс  қарым-қатынас  орната  білу. Әсіресе  оқушылардың  ұжыммен  өзара  қатынасып  сездірмей, бірақ  әсерлі  ықпал  етудің  олардың  өзара  тәрбиесіне  басшылық жасаудың  айрықша  маңызы  бар;

- педагогикалық  байқағыштық, яғни  мектеп  оқушылары  мен  оқушылар  ұжымының  жетілу  тенденцияларын  сырттай байқалмайтын  белгілері  бойынша  көре  білу  қабілеті, білімдегі  осалдықты, мінез-құлықтағы  өзгерісті, сондай-ақ  балалар бойындағы  жағымды  өзгерістерді  дер  кезіне  байқай  білу;

- ұйымдастырушылық  қабілеті  оқу-тәрбие  процестерін  дұрыс  құра  білу;

- қатынастық  сапа  оқылатын  материалды  көкейге  қонымды  және  бейнелі  етіп  баяндай  білу, сөйлеу  мәдениетінің  жоғарылығы, негізгі және  қосалқы  информацияларды  дәл  ажырата  білу;

- нақты  педагогикалық  міндеттерге сәйкес  оқушыларды  таңдандыра, қызықтыра  және  шабыттандыру  білу.

Педагогикалық  мақсаттағы  қиял  мұғалімге  оқушының  жеке  басын жобалауға  және  өз  еңбегінің  нақты  нәтижесін  көрсетуге  жәрдемдеседі.

Ұстаздық  қызметте  мұғалім  өз  мінезін, өз  еркін,  өз  эмоциясын  меңгере  ұстай  білуінің  айрықша  маңызы  бар.

Ерікті  шынықтыру  үшін  қажетті  әрі  нақты  мақсатты  қалай  табуға  қоюға  және  оған  жетуге  болатындығын  ойластырып  көрелік.

Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене   араласа отырып, ғылымның  шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра  білуі,  өмірде қолдана алуы. Сонымен  қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым  қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін,Отан  деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын  игеруі тиіс. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне  жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың   ынта- ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік  технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл  оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке  бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. Осы мақсатпен оқу  материалының күрделі және жеңіл түрлеріне қарай ерекшеліктерге    тоқталайын. «Патриотизм   дегеніміз -Отанға деген сүйіспеншілік, жеке  адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын  айтқанда, патриотизм мемлекет  деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен  және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.» Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі  мақсаттарына төмендегілер кіреді.Бірінші –танымдық,  екінші - тәрбиелік, үшінші - дамытушылық. Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік  стандартты басшалыққа ала отырып, өз тәжірбиемде балалар әдебиетінен, негізінен, оқушылардың өз бетімен  білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары  мен алған   білімдерін іс жүзінде  пайдалана  білеуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келемін. Балаларға ел сүйгіштік,  ата-ананы сүю, Отанды сүю, мәселесінде қандай шығармалар оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап жүргендігі жайындағы пікірлері жөнінде  әңгімелер өткіздім.Бұл әңгіменің барысында шәкірттер өздерінің оқыған шығармаларын атады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Іс-әрекет барысындағы шарттар

       Ең  алдымен өзін-өзі  тәрбиелеу  өз  еркін  меңгере  білуде  нақты  нәтижеге  жетуге  бағытталуы, өзін  ұстай  білуі, жақсы  көңіл-күйде  бола  білуі, өзін-өзі  бұйрық  беруді  және  өзін-өзі  иландыруды  пайдалануы, дербес  күн  тәртібін, режимін  орындауы  тиіс.

Ерікті  дамыту  кәсіптік  мұғалімдік  қызметте  табысқа  жетуге, адамдармен  қарым-қатынасқа  өз бетімен  білім  алуға, шет  тілін  үйренуге  бағытталуы  мүмкін. ¤зіне-өзі  есеп  берудің  және  өзін-өзі  талдау  жасаудың  ең  тиімді  жолы  дербес  күнделік  жүргізу.

 Қазіргі  педагогтардың  білімдарлығына  да, олардың  мектеп  оқушыларының  терең  хабардарлығын  дұрыс  бағалай  білуіне  де, ең  бастысы шәкірттерін   міндетті  программа  материалдарына  қызықтыра, тарта  білу  қабілетіне  деген  талап  күшейе  түсуде.

Іске  жаны  ашитын, мектеп  өмірі  мен  педагогикалық  практикадағы  келеңсіз  құбылыстарға  төзбейтін  озат  мұғалімдердің  тәжірибелерінде  балаларды  педагогтармен  бірге  оқу  еңбегіне  қатыстыруға  негізделген  педагогикалық  ынтымақтастық  деп аталатын  принциптер  пайда  болды  және  қалыптасты. Ынтымақтастық  педагогикасы  балалармен  қарым-қатынаста  туындады, әрі  оның  өзі  оқушылардың  мұғалімге  деген  шынайы  сенімінсіз  жүзеге  асуы  мүмкін  емес. Тек  бір-біріне  деген  ортақ  тілектестік, ұжымдық  шығармашылық  жағдайында  ғана  мақсатты  оқу  еңбегін  жүзеге  асыруға  ынта-ықыласымен  ойлана  білетін, дидактикалық  ұйымдастырушылық  және  коммуникативтік  қабілетті  меңгерген, шығармашылық  қабілеті  бар  адамдарға  еліктейтін, әлеуметтік  жауапкершілік  сезімі  жоғары  келетін  балаларды  өсіріп-тәрбиелеуге  мүмкіндік  туады.

Бүгінгі  оқушылар  ертеңгі  жаңа  қоғамның  құрылысшылары. Өмірінің  алдына  енді  ғана қойылайын  деп  отырған  міндеттерді  шешетін  адамды  бүгін  даярлау  мұғалімдердің  жауапты міндеті. Ол  жедел дамып келе  жатқан  қоғам  қажетін  алдын  ала  көре  білуі, оның  алдағы  уақытта  еңбек  адамына, бүгінгі  мектеп  партасында  отырғандарға  қоятын  талабын көре  білу  тиіс. Адамның  бүкіл  әлемге, басқа  адамдарға, өз  еңбегіне  деген  көзқарасын  қалыптастыру  ол  жасайтын  ең  басты рухани  байлық. Мұғалім  осы  күрделі  міндетті  іс  жүзінде  шеше  отырып, жаңа  шешімдерді  іздестіруге, жаңа  міндеттерді  қоюға, жұмыстың  стандартсыз әдісін  қолдануға  үнемі  әзір  болуы  тиіс. Педагогикалық  шығармашылықтың  басты белгісі осында.

Педагогикалық  қызмет  те  әр алуан  педагогикалық  міндетті  шешуді  қарастырады. Педагогикалық  міндеттерді дұрыс  шешуді  үйрену  болашақ  мұғалімге  оңайға  түспегенімен, өте  қажетті, өйткені  мұндай  әрбір  шешімнің  өзі  күрделі  көп  кезеңді  шығармашылық  процесс.

Информация о работе Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері