Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің міндеттері – жеке адамды жан-жақты дамытудың ең басты факторы тәрбие, өмір жағдайы және қоршаған ортасы.
Зерттеудің көздері – зерттеу проблемасы бойынша педагогтардың еңбектері, оқу-тәрбие құралдары, ата-ана тәрбиесі,бағдарламалар мен тәжірибелер.
Зерттеу әдістері – зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік талдау жасау, оқу тәрбие үрдісін бақылау, әңгіме өткізу.

Содержание работы

Кіріспе 2
І. Іс-әрекет ұғымы 3
1.1 Іс-әрекеттің жалпы сипаты
1.2 Жеке оның факторлары 3
1.3 Іс - әрекет барысындағы шарттар 7
ІІ. Балалар ұжымын қалыптастыру іс –әрекеті
2.1 Даму теориясы
2.2 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі
2.3 Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы іс –әрекеті
ІІІ.
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 32

Файлы: 1 файл

курстык Тәрбие іс-әрекет.doc

— 305.00 Кб (Скачать файл)

         Педагогикалық  технологиядағы  басты  міндет  оқушының    оқу-    танымдық  әрекетін  жандандыра  отырып, алға  қойған  мақсатқа  толықтай  жету. Ал  бұдан  педагогикалық  технологияның  тиімділігін шығады.

      Оқыту  үрдісін  жандандыру  оқушылардың  оқу  материалының  теориялық  мазмұнын  игеру  жөнінідегі  еңбегін    тиімді  ұйымдастыру  және  олардың  тәжірибелік  іскерлігі  мен  дағдыларын  қалыптастыру  болып  табылады. Оқу  үрдісінің  тиімділігі  мен сапасы  мұғалімнің  әдістемелік  дайындығы  және  сабақ  жүргізу  тәсілдері  мен  әдістеріне, жаңа  педагогикалық  технологияларды игерулеріне тікелей байланысты  болады.

      Педагогикалық  технология  кәсіптік  қызметтің  ерекше  түрі  болып  табылады. Оқытудың  жаңа педагогикалық  технологиясын меңгеру  мұғалімнен  орасан  зор  іскерлік  пен  шығармашылыққа  негізделген  ізденістерді  қажет  етеді. Осындай  мақсат  көздеген  жүйелі  ізденістер  мұғалімнің  жаңа  технологияны  меңгеріп  инновациялық  жетілуіне әкеледі.

Жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  барысында  оқыту  міндеттері  жаңаша  сипат  алады. Олар  мына  төмендегідей:

        - педагогикалық  қызметтің  өзекті  мәселелерін  білу;

        - оқу  бағдарламасының  түрлендірілген  нұсқаларын  құрастыру;

        - оқу  модулін  құрастыру;

        - оқу  жобаларының  мазмұнын  анықтау, әр оқушыға  арналған  тапсырмалар  құрастыру;

        - оқушылардың  жаңа  материалды  меңгеруі  бойынша  деңгейленген  жаттығулар  жүйесін  жасау;

         - оқу  әрекеттерінің  бағалау  көрсеткіштерін  анықтау;

         - жетіспейтін дидактикалық  құралдарды  жасау  дағдысын  қалыптастыру.

Педагогикалық  технологияны  игеруге қойылатын  жаңа  міндеттерді  меңгеру  оқытудың  ең  жоғары  нәтижесіне  жетуге  мүмкіндік  беретін  оқу  -тәрбие үрдісін  ұтымды  әрі  үйлесімді  жобалап, ұйымдастырып  басқаруды  жүзеге  асыруға  тікелей  байланысты.

Қазіргі  кездегі  сабақты  жетілдіру  жұмыстарының ішіндегі  негізгі мәселелерінің  бірі  оның  түрлері  мен  құрылымы. Мектеп  тәжірибесінде  бір  типті  сабақтар  болмайды. Сондықтан  оқыту  жұмысын  жүйелі  әрі нәтижелі  жүргізу  үшін, оны  топтастырудың  мәні  орасан  зор. Сол  себептен  әрбір  мұғалімнің  сабақ  классификациясын  ойдағыдай  білуі  шарт. Сабақ  классификациясы сабақтарды  құрылысы  жөнінен  топтастыру  түрге  бөлу. Дидактикада  сабақ  классификациясын  анықтауға  айрықша  маңыз  береді. Бұл  мәселе  турасында  педагогикалық ғылыми  еңбектерде  ортақ  пікірлер әлі  де  қалыптаспаған. Қоғам  дамыған  сайын  оқу  жүйесінің  қайта  құрылатындығы  және соған  орай  оқытудың  мазмұны  әдіс-тәсілдерінің  де  өзгеріп  жаңарып  отыруы  сөзсіз.  Мұғалімдік  мамандық  жан-жақты  білімді, шынайы  сезімтал  болуды  балаларға  шексіз  сүйіспеншілік  қажет  етеді. Әр күн сайын  балаларға  қуаныш  әкелгенде  ғана  оларды  ғылымға  ынталандыруға, еңбекке  баулуға, адамгершілік  негіздерін сіңіруге  болады.

         Мұғалім  қызметі  өскелең  ұрпақтың  мәңгі  өзгермелі  қарам-қайшылығы  мол  жан  дүниесіне  ене  білуде. Әлі  толыспаған  сәби  жанын  жасытып, жаралап  алмас  үшін  мұны  әрқашан  да  есте  сақтау  қажет. Педагогтың  балалармен  шынайы  достық  қарым-қатынасын  ешбір  оқулықпен  алмастыруға  болмайды. Парасаттылық  ақыл-оймен, ар-ұят- ар-ұятпен, Отанға  берілгендік  соған  адал  қызмет  етумен  тәрбиеленеді.

         Мұғалімді  адам  жанының  инженері, мінез-құлық  сәулетшісі, ауру  шипагері  ақыл-ой  мен  естің  жаттықтырушысы  әділ  қазысы, жас  өркенді  мәпелеуші  бағбан  деп атайды. Осының  бәрі  шындық. Педагогикалық  әдеп   егер  оның  салыстырмалы  түрде  дербес  өмір  сүруін  ескерер  болсақ  бүгінгі  күні  педагогика  ғылымының  ең  жас салаларының  бірі болып табылады. ¦стаз  білімі  инемен  құдық  қазғандай  екеннің  түсіндіру. Білімді, шеберлі  ұстаз  әр  оқушының  тілін тауып, оны оқытып, тәрбиелеп  жітілдіреді. Оқыту  процесінде  тәбие  жұмысын  тиімді  жүргізе  білу, оқушыда  жоғары  адамгершілікті, патриотизм  сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті  қалыптастыру  білігі  педагогтық  шеберліктің  тағы  бір  элементін  құрайды.

       Мұғалім  еңбегі  ғылым  педагогикалық  өнер, таланттылық  сияқты  элементтерден  тұратын  әр  қырлы  әрекет. Әр  жастағы, дайындығы  мен  табиғаты  әр  түрлі  балаға  білім  мен  тәрбие  беруде  белгіні  өзгертіп, ал  жаңадан  жаңаны  тудырушы  суреткерлік  шығармашылықтың  белгісі.

      Ескілікті  елемей  жаңа  жолмен  жүруге  бағыт  алу, біртүрлілікті  қабылдамау, ойлап  табу, тудыру, жасап  көру  жаңашыл  мұғалімнің  күнделікті  кәсіби  жағдайы. Шығармашылық  барлық  әрекеттің  сапа  белгісі, ал  шығармашыл  мұғалім  барлық  реформаның  негізгі кейіпкері.

Шығармашылық  мәселені  белгілі  тәсілдермен  шешуге  болмайтын  жағдайда  туындайды. Дегенмен  бұл  қисынсыз  әрекет  емес. Жаңа  тапқыр  шешім  қабылдауға  әкелетін  әрекет  әр  түрлі  деңгейде, бірнеше  кезеңдерден  тұратын  күрделі  психологиялық  үрдіс. Осы  мәселені  зерттеген  ғалымдар  педагогикалық  шығармашылық  төмендегідей  кезеңдерден  тұратынын  анықталған:

  1. педагогикалық  ойдың  пайда болуы;
  2. түпкі  ойды  талдау;
  3. педагогикалық  ойды  әрекетке  айналдыру;
  4. шығармашылықпен  нәтижесін  талдап  бағалау.

     Сабақты түрлі құралдармен жабдықтау дәрежесі же жылма-жыл жақсарып келеді. Әсіресе техникалық құралдар көбеюде. Мұның өзі де оқыту әдістерін жетілдіре түсуді, олардың бір-бірімен ұштастыра пайдалануды және оның тиімді жолын табуды талап етеді. Осы күнге дейін дидактикада оқыту әдістері толық классификацияланып болған жоқ.

     Мәселен соңғы жылдарға дейін сабақты оқыту әдістері туралы жазылған елеулі еңбектерде оқыту әдістері негізінен төмендегінше классификацияланды:

  1. тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері, бұған мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, сипаттап айтуы, лекциясы, оқушылармен әңгімелесуі жатқызылады;
  2. сабақты көрнекі құралдар көмегімен оқыту әдістері, бұған суреттермен, оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жүргізу әдістері және портретті, картаны пайдалану жатқызылады.

      Мұқият ойластырған жағдайда қазақ мектептеріндегі сабақтарында көрнекі құрал пайдаланудың жайын едәуір жақсартуға болады. Алдымен барлық сабақта  бірқатар көрнекі құралдар қолдануға мүмкіндік бар екенін айту керек.

       Бүгінгі таңда мектептегі гуманитарлық білім беруді жалпы модернизациялау және оның орталық буыны ретіндегі тарих-қоғамтану білімдерін жаңалауды табысты жүргізу.

      Тәрбие бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор.

       Әдеп  сақтаудың  әлеуметтік  мәні  зор. Әулет, әлеумет, қоғам  мүшелері  қалыптасқан  әдептілікті  бұзбауға  міндетті. Әдептілікті  бұзған  адамға  кез  келген  қоғам  мүшесі  өз  пікірін  айтуға  тыйым  салуға  ерікті, өйткені  әдеп  сақтау  әлеуметтік  дәстүр. Әдеп  сақтау  этикет, яғни  мінез-құлық  пен қарым-қатынастың  қалыптасқан, халықтық  ережесі. Ол  ереже бұзылса, халықтық  дәстүр  де  бұзылады, ұлттық  намысқа  нұқсан  келеді.

Отбасы  педагогикасында  ықпал  етуші  мен  ықпалға түсушінің  орыны алмасып  отырады. Отбасы қарым-қатынасында  ата-ана  балаға  ықпал  етудегі  мақсатын, өзінің  талаптарын, оған  түрткі  беріп  отырған  ішкі  мотивтерін  қанағаттандыру  үшін  және  мұны  кейде  тікелей  кейде  жанама  түрде  іске  асыруға  тырысады. Олардың  мүдделері  де  белгілі  балаға  нақты  әдет, дағдыларды  меңгерту, іскерлікке  баулу, ұқыптылыққа, ерінбеуге  дағды  мен  әдет  қалыптастыру.

          Тәртіп  жалпы  жеке  адамның  не  топтың  алдына  қойған  мақсатқа  жету  үшін  іс-әрекетін  ұйымдастыру  сипаты  болып, ол  құлықтық  мәнге  ие. Отбасы  тәрбиесіндегі  тәртіпке  қатысты  ғылыми-педагогикалық  және  психологиялық  еңбектерді  зерделей  келе  және  бақылауларымыз  Бен  практикалық  жұмыстарымыздың  қорытындысына  сүйене  отырып, біз  отбасаның күн  тәртібі  бала  тәрбиесіндегі  аса  қажетті  компонент  екеніне  көз  жеткіздік. Отбасы тәртібі, оның  әр  мүшесінің  жүріс-тұрысы, мінез-құлық, іс-әрекет  және  сөйлеу  мәдениетін  қамтитыны  белгілі.

  Азаматтық  тәрбие  адамға  заң, әлеуметтік, адамгершілік  және  саяси  жағынан  өзін  кәдеге  жарамды  сезінуге  мүмкіндік  беретін  жеке  тұлғаның  интегративті  қасиеті  ретіндегі  азаматтық  құлқын  қалыптастыру. Азаматтық  құлықтың  негізгі элементтеріне: өзінің  қадір-қасиетін  сезінуінен, жеке  тұлғаның  ішкі  еркіндігінен, тәртіптілігінен, басқа  азаматтар  мен  мемлекеттік  билікке  деген  құрмет  пен  сенімінен, жеке  тұлғаның ішкі  еркіндігінен, тәртіптілігінен, отаншылдық, ұлттық  және  жалпы адамзаттық  сезімдерін  жарасымды үйлестірумен  көрінетін  адамгершілік  және құқықтық  мәдениет  жатады. Адамгершілік  мәдениет  жалпы адамзаттық  моральдық  құндылықтарға  негізделеді, ал  құқықтық  мәдениет  құқықтық  мемлекеттің  өмір  сүруінің  субъективті негізі  және  алғышарты  ретінде  көрінеді, ондай  мемлекет  үшін  адамдардың  азаматтық  қасиеттерін  жоғары  деңгейде  қажетсіну  тән. Жеке  тұлғаның  азаматтық  құлқын  тәрбиелеу  тәрбиешілердің  субъективті күш-жігерімен  ғана  емес, сонымен  қатар, ең  алдымен қоғамның  объективтік жай-күйімен, демократияның, гуманизмнің  даму  деңгейімен  де анықталады. Жеке  тұлғаның  азаматтық  тұрпатының  негізгі белгілері балалық, жасөспірімдік, бозбалалық  жаста, отбасында, мектепте, әлеуметтік  ортада  қаланады  да,  әрі  қарай  адамның  бүкіл  өмірі  бойы  қалыптасады. Азаматтық  тәрбиенің  негізгі мақсаты  адамды  қоғамның  адамгершілік  құлық  мұраттарына, Отанға  деген  сүйіспеншілік   сезіміне, бейбітшілікке  талпынуға, қоғам  игілігі  үшін  еңбек  етуді  қажетсінуге  тәрбиелеу. Өзінің  адамзаттық  борышын жауапкершілікпен  орындайтын  және  өз  іс-әрекеттеріне  жеке  өмірі  ғана  емес, сондай-ақ  жақын  адамдарының, халықтың  мемлекеттің  тағдыры  байланысты  екенін  түсінетін  адамның  санасы  оның  әлеуметтік  мінез-құлқын  анықтайды  және  демократиялық  қоғам  дамуының  мәнді  шарты  болып  табылады.

Жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамыту  технологиясында  оқу  пәндері  әдістемелері  мен  білім  беру  технологияларын  жоспарлау  жүйесі  қолданылады. Бұл  үшін  мына  төмендегі  түсініктерді  ескерген  жөн:

- қатар  отыратын  екі  сыныптағы  оқушылардың  жас ерекшеліктері мен  білім  деңгейлерін  ескеру;

- әдістеме  мен  технологияның  сабақтастығы;

- оқушының  өз  бетінше  іс-әрекет  жасау  тәсілдерін  меңгеруіне  мұғалім  тарапынан  көмек  беруді  біртіндеп  азайту;

- параллель  сыныптардағы  сынып  топтарының  ерекшеліктерін  ескеру;

- мұғалімдердің  ықыласы  мен  шеберлік  деңгейінің  болуы.

Білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  алдына  қойылып  отырған  міндеттердің  бірі  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды меңгеру.

           Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологияларын меңгермейінше  сауатты  жан-жақты  білгір маман  болу  мүмкін емес. Жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік  рухани, азаматтық  және  басқа  да  көптеген  ұстаздық  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді, өзін-өзі  дамытып  оқу-тәрбие  үрдісін  жүйелі  ұйымдастыруына  көмектеседі.

Педагогикалық  процесті жобалау негізіне  белгілі бір технология  алынуы  тиіс. Педагогикалық  технология  негізінде жобалау деп, тұлға  қасиеттерін  қалыптастырудың  бір немесе  бірнеше заңдылықтарына  осы  заңдылықтарға  сүйенетін  идеяларға  негізделген  оқыту, тәрбиелеу, дамытудың  жобасын түсінеміз.

Технологиялық  жобалау педагогикалық  жүйенің  барлық  компоненттерін  біріктіреді. Мұндай  жобаға  қойылатын  міндетті  талаптар  өзектілік, болжамдылық, тиімділік біртұтастық  бақылауға  алынатындық, сезімталдық.

Жас  ұрпаққа  берілетін  білім  мазмұны  қоғам  дамуының  деңгейіне  тікелей  байланысты  екені  мәлім. Соның  бір белгісі: кешегі  кеңес  дәуірі  кезіндегі  жалпы  білім  беретін  мектептегі  білім  мазмұны.

Жалпы  оқытудың  мақсаты  бір  ғана  міндетті  нәтижеге  жету  емес, ол  әрбір  оқушының  іскерлігі мен мүмкіндігін  дамытуға  жағдай  жасау. Оқуға  қызықтырудың  басты элементтерінің  бір нәтиежеге  жетуге  ынталандыру. Осы  қойылған  талаптарды  әр  оқушы  өз  мүмкіндігі  деңгейінде  орындайды. Міне, осы  көзқарастан  алғанда  білімнің  міндетті  деңгейін  анықтау  басты  міндет  болып  табылады.

Тіл меңгеру базасында  жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады, олар баланың ойлау жүйесін байытып  және өзгертіп қана қоймайды сонымен бірге, оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бала мектепке барған кезден бастап, оның сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға және оның сырттан алған тәжірибесіне қатысты болады.

Баланың үрейленуі өзін қоршаған ортаны қабылдауының санада сәулененуі болып табылады, ал қоршаған орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді. Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы мектептегі және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндіріп бере алмайтын және ойдан құрылған қорқыныштары бірте бірте  күнделікті тіршіліктің толып жатқан саналы мәселелерімен алмасады. Ал баланың үрейленуіне негіз болатын алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі табиғи құбылыстар немесе жора жолдастарының арақатынасы болуы да мүмкін.

Бұл жастағы балаларда бірте-бірте оларға тән; мектепке барғысы келмеу әдеті пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан үрей қосылады. Осындай жағдайға тап болған балада бас ауруы  пайда болады, құады, басы айналады. Мұның бәрі құр сылтау емес, сондықтан да оған дұрыс көңіл бөлу керек. Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал олардың қорқыныштары жаман баға алып қаламын дегендіктен емес, негізінен ата аналары үшін, әсіресе анасы үшін алаңдағандықтан туындайды, мысалы баласы үшін олардың мұңға батып, қайғы қасіретке қалуы оны қатты алаңдатады. Ата аналар баланың көзінше өз алаңдаушылықтарын, күдіктері мен толқыныстарын айтады, сол арқылы баланың бойында өз ата анасы үшін  алаңдаушылық пайда болып, әсіресе олардың мектеп алдындағы жағдайын ойлап, бала үрейлену сезіміне беріледі, сөйтіп бәріне ата ананың өздері себеп болады. Өздеріне өздері онша сенімді емес ата аналар баланың үнемі өз қастарнында болуын қалайды.        Олардың саналы түрде баладан айырылмауы баланың тәуелсіздікке, табандылыққа деген ынтасын жояды.

Информация о работе Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері