Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:47, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері – жеке адамды жан-жақты дамытудың ең басты факторы тәрбие, өмір жағдайы және қоршаған ортасы.
Зерттеудің көздері – зерттеу проблемасы бойынша педагогтардың еңбектері, оқу-тәрбие құралдары, ата-ана тәрбиесі,бағдарламалар мен тәжірибелер.
Зерттеу әдістері – зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік талдау жасау, оқу тәрбие үрдісін бақылау, әңгіме өткізу.
Кіріспе 2
І. Іс-әрекет ұғымы 3
1.1 Іс-әрекеттің жалпы сипаты
1.2 Жеке оның факторлары 3
1.3 Іс - әрекет барысындағы шарттар 7
ІІ. Балалар ұжымын қалыптастыру іс –әрекеті
2.1 Даму теориясы
2.2 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі
2.3 Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы іс –әрекеті
ІІІ.
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 32
Шығармашылықтың өзі міндетті қоюдан басталады. ¤йткені педагогикалық міндетті есептен шығара алмайсың әрі оқулықтың соңында оған жауап таба алмайсың. Балалармен қарым-қатынас жасау, олардың оқу жұмысы мен өнімді еңбегін, қоғамға пайдалы іс-әрекеті мен көңіл көтеруін ұйымдастыру арқылы мұғалім олармен тікелей бірлесіп әрекет етіп, еңбекке, білімге, жолдастарына, мектепке деген көзқарасын, мінез-құлқы мен қылығын ойлауы мен ерік-жігерін танып біледі. Осы бақылаулардың өзі педагогикалық міндеттерді қоюдың негізіне айналады.
Педагогикалық міндетті дұрыс қою үшін тәрбиеленушілерінді жақсы танып білудің, өз қызметіңнің нақты мақсатын белгілей алуың қажет.
Педагогтың шығармашылық қабілетін дамыту үшін өнердің белгілі бір саласымен өз бетінше шұғылданудың ерекше маңызы бар. ¤зің қалаған мамандық шығармашылығы ең алдымен терең әрі тиянақты білімді қажетт етеді.
Бала мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге жүгінсек, тәрбиелеудің негізгі екі арнадан тұратынын көреміз. Біріншісі бала көзін жеткізу, екіншісі жақсы әдет-ғұрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір-бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, бала мінезі саналылық жолға бағытталады.
Оқушының мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдерді ұсынамыз:
Қозғап отырған мәселеміз оқушылардың жеке басының қасиеттерін зерттеу болғандықтан, онымен жүргізілетін жұмыстардың әдіс-тәсілдеріне тоқталайық. Бала бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отырады. Сондықтан оқушыларға арналған күнделік жүргізу керек деп ойлаймыз. Онда жыл бойы әр бала туралы мәлімет жазылып жүреді. Ол әрі қысқа нақты жазылады. Оқу жылы соңында « Мен қаңдай оқушымын» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікпен оқушыны таныстырамыз. Әр оқушының мінез-құлқына талдау жасап, сенің бойында мынандай жақсы қасиеттер бар. Сол үшін сені жұрттың бәрі ұнатады, сенің бойында мынандай жағымсыз қасиеттер бар деп, оның зиянды екенін түсіндіріп отыру қажет сияқты.
Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін сынып жетекшісі тек қана оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның оқитын, тұратын жерін және қарым-қатынас жасайтын жақтарын білу қажет. Ол үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ата-аналар жиналысы, анкеталық сұрақтар қою ата-аналардың психологиялық, педагогикалық білімдерінің деңгейімен таңысу. Оқушының ары қарай жетілуінің бағдарламасын құрмастан бұрын, мұғалім оған әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзіндік бақылау және өзіндік талдау жасауға көмектеседі. Тәрбиенің төрт түрі бар екендігі белгілі. Олар: дене, ақыл-ой, эстетикалық және адамгершілік тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт түрлі тәрбие толық берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ыстық, суық, аштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын жағдайларды елемейтін мықты денсаулық иесі түзу ойлап, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақыл иесі, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззәт алып, жаны толқып шабыттанатын, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты тілеп тұратын адамгершілігі мол жан болса, міне сонда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Жеке адамды адамгершіліке тәрбиелеу оны дамыту керек.
Адамгершілік принциптерін баланы бағындыра басқаруға қарсы қою мүмкін емес, бағындыра басқаруда еркі мен саналылығы кемітіледі, тежеу жасалынады, ал адамгершілік тәрбиесінде бүкіл әдістер балада барлық жағымды, жақсы сапаларға арқа сүйеуге негізделеді. Педагог тіптен тәртіпсіз баланың өзінен жақсы сапаларды іздестіруі тиіс.
Адамгершілік, адам, әділет, ақиқат деген ұғымдан әр кезде адам баласымен бірге дамып отыру керек. Әр адам өзінің адамдық бейнесін хайуанға айналдырудың қажеті жоқ. Адамгершілік, санасы, ойлауы кең адамдар оны дамыту қажет. Бала жақсы кішіпейіл, сыпайы, мәдениетті болсын десең, әуелі осы ұғымдарды өз бойынан ізде, өзін мәдениетті бол, өтірік айтпа, содан барып баладан талап ет. Адамгершілік тәрбиесінен мақсатқа негізделген көзқарасы, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиелеу жеткіншектер үшін маңызды және тартымды. Оның нәтижелі болуы мұғалімнің даярлық деңгейіне, іс –әрекеттер барысында мынадай шарттарды орындауына байланысты:
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне қойылатын талаптардың көлемі, мазмұны, тізбегі жөніндегі түсінік негізінде анықталады.
Қазіргі кезеңдегі жастар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі бұл экологиялық білім мен тәрбие. Әлемдегі экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Осыған орай ең басты міндеттердің бірі табиғатты қорғау мәселелерімен оқушыларды ғылым негізінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру. Бұл үшін экологиялық білімнің негізгі көздері программа бойынша экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру керек. Оқушыларды, экологиялық білім негіздерімен қаруландыру үшін осы пәндер бойынша мектеп өзінің мүмкіншілігін еске алып, экология бағдарламасын жасайды. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өңдірістік іс-әрекетің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұны әр түрлі сыныптар жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады. Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам т.б. жасайтын табиғат заттарын ақлай пайдаланумен танысады. Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы оқушыларды төмендегі іскерлікті дағыны қалыптастыруға бағытталған: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негізделетін оқушылардың түсінуі керек. ¤йткені өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш күштерін ұнамды орналастыруға аймақ табиғатының ерекшелігін, оның өндірістік жүктемеге орнықтылығын есепке алу талап етіледі. Оқушылар табиғи ортаны күтуде, қорғауда орман-тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмысына қатысады. Оқушылар ауыл шаруашылық өндірісінің әр алуан жұмыстарына қатысады. Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселелермен таныс болуы қажеті жерді пайдалану негіздерін топырақты эрозиядан қорғауды игеруі дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отыру. Сонымен оқушылардың экологиялық білімінің белгілі жүйесін игеру табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану экологиялық көзқарасын қалыптастыру. Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі ұрпақ тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан алуан ой пікірлері мен іс тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі болып саналатын бұл жетістіктерді халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз. Қазақ халқының да сан ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, отаншылдық, имандылық, бауырмалдық, балажандық, қонақжайлылық т.б. қасиеттерін танытатын, тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данагөй қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер және ақын жыраулардың пәлсапалық болжамдарының, психологиялық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр. Халық педагогикасының озық үлгілері бала тәрбиесін жетілдіру, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру саласынан кеткен кемшіліктердің орнын толтыру, ұлттық идеологиямызды нығайту құралының бірі болып табылады. Осы орайда республикамызда халықтық дәстүрді жинақтап зерттеу, саралап игеру, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру жаңғырту мәселелері де жиі сөз болып жүр. Уақыт талабымен өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала бастады. Бұл мәселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Білім мазмұны мен тәрбие әдістеріне, оқу жоспарларына, ғылыми зерттеулерге жаңа леп, соңғы өзгерістер әкелуде. Белгілі педагогика классиктерінің өздері де халықтың тәлімгерлік тәжірибесінен үйреніп, оны зерттеулеріне арқау еткен болса, бұл мәселелерге қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардан бастап, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев т. б. да үлкен мән берген. Бірінде Қ. Жарықбаев, А. Көбесов, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, А. Мұқамбаева, Е. Сағындықов, К. Сейсембаев, М. Смайылова, Қ. Бөлеев , халық педагогикасы тарихын, оның ауыз әдебиеті мен ақын жыраулар поэзиясындағы көріністерін орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлерін жан-жақты қарастырып келеді.
Халық педагогикасының мазмұны мен құрылымы халық тәжірибесіндегі тәрбиенің барлық түрлері өнерге баулу, эстетикалық тәрбие, отаншылдық пен дене тәрбиесі, адамгершілік қамтылады. Халқымыздың рухани өміріне өзек болған кәсіп пен өнердің түрлері жастарды сол кәсіп пен өнерге баулудағы халықтық тәрбиешілердің өнегелік ықпалы тәрбие құралдары мен әдістерінің баланың жас ерекшеліктеріне сай қолданылуда Баланы жан-жақты жетілдіру т.б. мәселелер қарастырылады.
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасындағы еңбек тәрбиесіне негізделеді. Мал бағу, егіншілік, ағаш ұқсату, темір тері өңдеу, аңшылық, құсбегілік, есепшілік, бапкерлік, сыншылық, жыраулық, сазгерлік, бақсылық, балгерлік олар үшін күнкөріс көзі ғана емес, рухани қажеттілік тәрбие құралы да болған.
Отбасындағы еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатқа баланы еңбек етуге, қабілет, икем, дағдысын дамытуға және сол негізде оның бойына халықтық ізгі қасиеттерді дарытуға бағышталған. Сонда халық тәжірибесіндегі тәрбие мен оқыту, үйрету ісі бірін-бірі толықтырып отыратын тұтас процесс екені байқалады. Осыған орай еңбек тәрбиесі баланың жас және жыныс ерекшеліктеріне, дидактикалық принциптерге негізделген деген пікір түйінделеді.
Баланың отбасындағы еңбек дағдыларын одан әрі дамытуда елге танымал өнер мен кәсіп шеберлерінің халықтық тәрбиеші ретіндегі ықпалы зор болған.
Халқымыздың тәлімгерлік тәжірибесінен кең орын алған тәрбие құралдарының бірі ырымдар мен тыйым сөздерді тіл әдебиет сабағында пайдаланудың да маңызы зор.
Халық педагогикасы қоғам дамуының белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежесіне жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогикалық алғашқы құралы және тәрбие жүйесі қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни осыдан ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы принциптік идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми қажетіне жаратты. Осы қажеттіліктен халықтық эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары халықтық педагогиканы ой елегінен өткізіп зерттеп тәрбие оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды. Халық педагогикасының халықтың таптық педагогикалық санасы деп, ал дәстүрлі педагогиканы белгілі ұлттық педагогиканың санасы ретінде қарастырады.
Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов «Халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жүйе дегеннен гөрі білім мен дағдылар жиынтығы деген пікірді құптайды. Оның пікірі бойынша халық педагогикасын халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастыру қажет.
Қазақ кеңес энциклопедиясында « халықтық педагогика дегеніміз ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеудегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің мәдени ойлау жүйесінің эмпирикалық негіздегі озық үргілерінің жиынтығы. Ол этнографиялық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үргілерінен, ұлттық ойын түрлері мен отбасы, ауыл-аймақтық ары-қатынастан берік орын алатын адам мінезін, іс-әрекетін қалыптастырудың әлеуметтік белгілі нормасы болып табылады» делінген.
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Себебі халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің дамып жетілмеген кезінде пайда болғандықтан тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негіздей жүргізуді уағыздады.
1.1 Даму теориясы
Қазіргі кезеңде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас жаңаша қарым-қатынас пайда болады.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілідіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы « Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. ¤йткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің нәтижесі болып табылады.
Педагогикалық технология мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатылынып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Оқушылардың жаңа технология арқылы ой-өрісін дамыту.