Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:47, курсовая работа
Зерттеудің міндеттері – жеке адамды жан-жақты дамытудың ең басты факторы тәрбие, өмір жағдайы және қоршаған ортасы.
Зерттеудің көздері – зерттеу проблемасы бойынша педагогтардың еңбектері, оқу-тәрбие құралдары, ата-ана тәрбиесі,бағдарламалар мен тәжірибелер.
Зерттеу әдістері – зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік талдау жасау, оқу тәрбие үрдісін бақылау, әңгіме өткізу.
Кіріспе 2
І. Іс-әрекет ұғымы 3
1.1 Іс-әрекеттің жалпы сипаты
1.2 Жеке оның факторлары 3
1.3 Іс - әрекет барысындағы шарттар 7
ІІ. Балалар ұжымын қалыптастыру іс –әрекеті
2.1 Даму теориясы
2.2 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі
2.3 Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы іс –әрекеті
ІІІ.
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 32
Сабақ алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы тезірек мектепке қайтару керек болады. Басы ауырып тұрғанына немесе басқа да сәл нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тіпті баланың көңіл күйінің жоқтығы мен шағымына көңіл аудармау керек болады. Баланы тыңдап отырғаннан да, оны мектепке баруға достық ниетпен қалай да көндірген дұрыс.
Білім алу іс-әрекеті
оқушы баланың өзіне
Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті – бұл оның өз өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді енді келеді. Баланың өзін өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің өзін өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс әрекетіне психолгиялық жағынан толықтай кірістьі деген сөз.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі , психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс әректі әлі де дамуды керек ететін деңгейде болады. Оқу іс әрекетіндегі тәртіп сақтаудағы қажетті іс әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әркетіне тез араласып кетуіне себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдыннда сасқалаптап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың саны да өте жоғары.
Оқу іс-әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен, шын көңілмен назар аударып, өзін өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар ойынға құрылған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екндігін, кішкентай балалар сияқты ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы. Әдетте бала адамдардың әлеуметтік қарым қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін бірте бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен ойнайтын боладкасының ерекшелігі – танып білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнап жүріп тәжірибеден өтеді, себеп- салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Ол мысалы қандай заттардың суға батып кететінін, қандай заттардың қалқып жүретінін біле алатын болады. Бала ой қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі сұрақтар қоятын болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге тырысады, әрине, ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жатқан жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша араласып іс әрекет жасайды. Сол жағдайды шешу үшін образдармен іштей әрекеттесуден туындаған ой-көрнекі образды деп аталады. Образды ойлау – бастауыш сынып жасындағы баланың негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау системасы өзінің эгоцентризмімен, белгілі бір мәселелердіт дұрыс шешуге керек болатын білімінің жоқтығынан ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады.
Біліміне жүйеліліктің жоқтығынан, түсініктерінің жеткілікті түрде даму дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның бірдей мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп тұрып, бірақ оны бағамдау баланың қабілеті жетпейді.
2.2 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі. Окушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің окушылардың тұлғалық қасиеттерін дамьтуға жетелейтін оқу процесінің қарама –қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөніңде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді.
Ұжымдық іс-әрекеттер
барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың
көлемі артып, оларды терең түсінулеріне
мүмкіңдік жасалады. А.Синицкая зерттеулері
жасөспірім балалармен жүргізілетін біріккен
жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін
жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда
әдеттегідей жеке жүргзілетін жұмыстар
барысында оқу материалының 60-70%, ал оқушылардың
өзара әрекеттесуі арқылы 89 % меңгертіледі.
Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс
– әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін
барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай
тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген
эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде
жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оку іс-әрекеттерін
ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың
жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін
айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу
барысында белсенділік және ізденімпаздык
танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға
қарағанда оқушылардың есептер шығару,
жаттығулар орындау барысында күштерін
біріктіруі ұғымдарды, біліктерді және
дағдыларды қалыптастыртуға оқу уақыты
аз жұмсалады. Казіргі уақытта кооперация
қатынастары мен ойдың ингелектуалдық
құрылымының мазмұнының арасында ішкі
байланыстың бар екендігі дәлелденіп
отыр. Оқушылардың өзара әрекеттестігін
ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту
барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар
азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің,
үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен
және керісінше оқушылардың танымдық
белсенділікгерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының
артуынан байқалады.
Ұжымдық
танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде
оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы
«осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды
жедел алу сияқты өзекті дидактикалық
проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды;
оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде
дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын
қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар «барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті онды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері олардың жеке ғана емес ұжымдық жетістіктерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде, жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтык мағынасын тереңдетеді, оқуға жеген жауапкершілікті қатынасты Қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет
тұлғаны дамыту барысыңда пайда
болатын қарама-қайшылықтарды
Оқу-танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, өзіңдік және біріккен іс-әркеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:
- бірыңғай мақсаттың,
жалпы мотивтің болуы,
- ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;
- іс-әрекеттер барысында
оқушылар арасында өзара
- бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
- бірыңғай кеңістіктің’
болуы және ұжымның барлық
мүшелерінің жеке іс-
- жалпы нәтижелердің болуы.
Алайда күңделікті тәжірибеде
ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық
белгілері әрқашанда бірден көрініс
табуы мүмкін емес. Ұжымдык
жұмыс ұжымдықтың әртүрлі дәрежесіне
ие болады, яғни жұмыс барысына қатысушылардың
арасыңдағы қарым-қатынастың өзіңдік
сипаты мен әр алуандығы байқалады.
2.3 Сынып жетекшісінің балалар ұжымын қалыптастырудағы іс - әрекеті
Ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, ортақ іс-әрекетімен сиаптталатын адамдар тобы.
Балалар ұжымы – бұл әлеуметтік маңызды ортақ мақсаттары бар және оларды іске асыруға бағытталған бірлескен іс-әрекеттер біріктіретін балалар тобы.
Балалар ұжымы – тұлғаны мақсат бағдарлы әлеуметтендіру және тәрбиелеу факторы. Ұжымның тұлғаға ықпалы ұжымның мақсаты мен міндеттерінен ұжым мүшелері саналы ұғынуына және оларды өзінің жеке міндеттері деп қабылдауына байланысты.
Ұжымның функциялары:
• Ұйымдастырушы – балалар ұжымы өзінің қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін басқарудың субъектісіне айналады.
• Тәрбиелеуші – балалар ұжымы белгілі бір идеялық - адамгершілік көзқарастарды ұстанушы және оларды таратушы болып табылады.
• Ынталандырушы – балалар ұжымы барлық қоғамдық пайдалы істердің адамгершілік ынталарының қалыптасуына ықпал етеді, ұжым мүшелерінің тәлім-тәртібін реттейді, оларды өзара байланыстырады.
Сынып жетекшісі балалар ұжымын қалыптастыру үшін алдымен диагностикалық, яғни зерттеу жұмысын жүргізеді.
Сыныпты алғаш қабылдап алған сынып жетекші жүйелі түрде зерттеу жұмысын ұйымдастырады. Оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеу - балалар ұжымын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Сынып жетекшісінің оқушыларды зерттеу жұмысының мазмұны:
• Оқушы құжаттарымен танысу;
• Оқушының оқу іс-әрекеті мен қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылау;
• Пән мұғалімдерімен әңгімелесу;
• Ата-аналармен сұхбаттасу;
• Мектеп психологымен бірлескен зерттеу жұмысы
Сынып жетекшісі ұжым қызметін ұйымдастыруда төмендегідей шарттарды есепке алады:
- оқушылардың қызығушылығын, ішкі сезімдерін, көңіл-күйін тұрақтандыру мақсатында іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруда үзілістердің болуы;
- іс-шараны өткізуде оқушылардың міндеттерін, дәл нақты анықтау;
- әр іс-шараның оқушыларың өзара қатынасының дамуына және рухани өсуіне қажетті тәрбиелік бағытта болуы;
- сынып іс-әрекеті тұлға дамуының факторы ретінде ұйымдастырылуы;
- іс-шараны жоспарлауда оқушылардың дербестігі мен ынтасын тірек етуі тиіс.
Сынып ұжымын қалыптастыру кезеңдері:
1 кезең - сынып ұжымына педагогтың еркін талап қоюы;
2 кезең – сынып белсенділерінің ұжымға талап қоюы;
3 кезең – ұжымның әрбір мүшесінің өзіне талап қоюы.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды.
Талап іс-әрекеттің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттерді анықтайды. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйретеді, әлеуметтік тәжірибені меңгеруін ұйымдастырады.
Бұл кезеңде іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ұжымдағы белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Бұл тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын кебейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етеді.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко “ұжымды нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет”,- деп атап өтеді.