Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 14:36, курсовая работа
Жұмыстың өзектiлiгi: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтiк –экономикалық өзгерiстер, елiмiздiң әлемдiк бiлiм деңгейiне енуi жағдайында, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартына сәйкес бiлiм беру жүйесi мазмұны мен оқытудың әдiстемелiк жүйесiн қайта қарау мәселесiн талап еткен едi. Қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiнде бiлiм мазмұнын жаңарту, жетiлдiру мәселелерi өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады.
І. Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
І-бөлім. Дамыта оқыту технологиясыныңсының маңызы мен тарихы
1.1. Дамыта оқыту туралы түсінік ----------------------------------------4
1.2. Дамыта оқыту әдістерін топтастыру --------------------------------9
ІІ-бөлім. Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
2.1. Дамыта оқытудың келелі мәселелері -------------------------------17
2.2. Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері және
оқу ісінде қолдану тәсілдері -----------------------------------------------20
Қорытынды -------------------------------------------------------------------26
Қолданылған әдебиеттер --------------------------------------------------29
Мазмұны:
І. Кіріспе ------------------------------
1.1. Дамыта оқыту туралы түсінік ---------------
1.2. Дамыта оқыту әдістерін топтастыру ------------------------------
ІІ-бөлім. Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
2.1. Дамыта оқытудың келелі мәселелері
------------------------------
2.2. Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері және
оқу ісінде қолдану тәсілдері ------------------------------
Қорытынды ------------------------------
Қолданылған әдебиеттер ------------------------------
Жұмыстың өзектiлiгi: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтiк –экономикалық өзгерiстер, елiмiздiң әлемдiк бiлiм деңгейiне енуi жағдайында, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартына сәйкес бiлiм беру жүйесi мазмұны мен оқытудың әдiстемелiк жүйесiн қайта қарау мәселесiн талап еткен едi. Қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiнде бiлiм мазмұнын жаңарту, жетiлдiру мәселелерi өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады.
Бiлiм мазмұнын жаңарту оқу материалының теориялық негiздерiн жан-жақты терең қарастыруды талап етедi. Кезiнде бастауыш бiлiм жүйесiнiң өзгерiске ұшырауына Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, С.М.Языков, А.А.Люблинская т.б ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесi себеп болған.
Дамыту кезiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру, дағдыны меңгерту, бiлiмге құштарлықты қатар жүргiзу керек. Бiлiм жоқ бала ойлай да алмайды. Дамыта оқыту барысында бiлiм көлемi де күрделенуге, кеңеюге тиiс деп есептелген. Елiмiздiң егемендiк алып, қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында соның iшiнде, бiлiм беру саласында жүрiп жатқан демократияландыру мектептi қазiргi кезеңдегi дағдарыстан шығатын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білімнің айырықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынна туындайды.
Жаңаша білім құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары, дамыта оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім беру орталықтарының құнды құралы.
Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетің ғылыми-педагогикалық неіздерін меңгеуі-маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашылық жеке ұлғаны қалыптастыру- оқытушының басты міндеті болып саналады.
Курс жұмысының мақсаты: Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына «Дамыта оқыту» жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу.
Курстық жұмыстың мiндеттерi:
- дамыта оқыту теориясының маңызы мен тарихын түсіндіру;
- дамыта оқыту әдістерін
- дамыта оқытудың келелі
Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
І. Дамыта оқыту теориясының маңызы мен тарихы
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс -әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол - оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына,біліктіктері ықдалып, қабілеттерінің артуына оң әсерін тигізеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды(байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психологиялық процестері де қарастырады).
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім берумен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақтыәрі, терең білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өзалдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Қазіргі кездегі дамыта оқыту қағидасы кезінде шығыстың ұлы ғұламалары Әбу-Насыр әл-Фараби, Абдуалы ибн Синаның да шығармаларында көрініс тапқан. Әл-Фараби «Философиялық трактаттарында «интеллект», «тұлға» ұғымдарына түсініктеме береді.
Баланың жеке тұлға, азамат ретінде қалыптасу мәселесіне қазақтың педагог-ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Уәлихановтар өз еңбектерінде көп көңіл бөлген. Олардың бала тәрбиесі, болашақ ұрпақ тәрбиесі туралы айтқан құнды пікірлері дамыта оқытуды зерттеуші ғалымдардың қағидасымен үндес келеді.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту
психология мен педагогика
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен
аймағы – баланың үлкендердің
көмегінсіз істей алатын
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер «даму» деген
Л.В.Занков ақыл-ой
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық
қызығушылығын дамытудың
Дамыта оқыту үдерісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.Дамыта оқытуда баланың іздегушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білімалауғ әрекеттеннді. Қазіргі жаңа буын оқулықтары дамыта оқыту үдерісіне сай құрылған.
Қазіргі мақсат дамыта оқыту болғандықтан мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар- ынтымақтастық, өзара силастық, түсіністік сияқты қасиеттер болып танылады.
Дамыта оқыту- жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікке дамытуға бағытталған. Дамыта оқытудың басты мақсаты- баланы оқыта отырып дамыту.ХХ ғасырдың 30 жылдарының басында Л.С.Выготский оқыту идеясын қозғады.
Оқытудың гипотезасы бойынша
білім- оқушының даму құралы. 1960-1990 жылдар
арасында Л.В.Занковтың басшылығымен зерттеулер
жүргізіп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы
жасалды. Зенков жасаған жаңа жүйенің
негізі -өсіп келе жатқан дара тұлға.
Дамыта оқыту оқушылардың
танымдық әрекетін қалыптастыруға, шығармашылық
қабілеттері мен қызығушылығын арттыруға,
білімге құштарлығын оятуға баулиды. Оқушылардың
оқуға сапалы және жауапты көзқарасын
тәрбиелеуге, өз бетімен білім алуға,
қосымша әдебиеттерді оқып, ізденуге,
оқу еңбегін тиімді ұйымдастыруға, алған
білімдерін өмірде тиімді пайдаануға
үйретеді.
Жаңа буын оқулықтарын оқытуда
дамыта оқыту технологиясын қолдану дегеніміз-
келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан- жақты
білім алуына, белсенді, шығармашық болуына
жағдай жасау, жеке тұлғаны дамыту.
Жеке тұлғаның бойындағы
қабілетін ашу- одан әрі жетілдіру дамыта
оқытудың негізінде зерттеушілік білігін
және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру
арқылы баланың бойына еркіндік, мақсаткерлік,
ар- намыс, мақтаныш- сезім, дербестік,
адамгершілік, еңбек сүйгіштік, белсенділік,
өз пікірін сапалы, шебер ортаға сала білу
сияқты оқыта отырып, жалпы дамытуды үнемі
сабақта жүйелі жүзеге асырғанда жан-жақты
гармониялық даму үшін негіз жасалды.
Жас ұрпақты қоғамдық маңызды
істерді сапалылықпен игеретін бұған
дейінгі адамзат жасаған игіліктерді
жалғастыра алатын жан- жақты дамыған
тұлға ретінде қалыптастырудың негізі
мектеп жасында қаланатыны белгілі.
Білім беру мазмұнын жаңарту,
оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен
мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын
жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді
міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз
іске аспайды. Оқу- адамның саналы өміріндегі
басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің
басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін
дамытуға бағытталады.
Рубинштейн оқытудың мақсаты
«оқушыға белгілі бір білім туралы мағлұмат
беру емес, ең бастысы, оқушылардың бойындағы
қабілеттерді дамыту, балаға қандай материал
ұсыну емес, оны бақылауға, ойлауға үйрету»
деп көрсетеді.
Психолог- ғалым Д.Б.Эльконин
«Оқу әрекетінің басқа әрекет түрлерінен
аса бір ерекшелігі бар»,- деп көрсетті.
Онда бала мұғалімнің басшылығы арқылы
ғылыми түсініктерді ұсынып меңгерді.
Бірақ бұл әрекет арқылы ол ғылымға ешқандай
өзгеріс әкелмейді. Сол түсініктерді меңгеру
арқылы баланың ойы, түсінігі туып санасы
дамиды, ол ғылыми ұғымдармен жұмыс істеудің
жаңа тәсілдерін үйренеді. Оқу әрекеті
- баланың өзгеру, өсу әрекеті.
Оқу әрекетінде оқушының
субъект ретінде қалыптасу жолдарын баланың
жас кезеңдеріне байланыстыра келе Г.И.Шукина
былай дейді: «Оқу әрекеті дамуы оқушының
сипатының өзгеруіне қарай оқушының жеке
басының дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы:
бастауыш сыныптарда оқушы негізінен,
тапсырманы орындаушы болса, орта сыныптарда
ол жай орындаушы емес, белсенді орындаушы
деңгейіне көтеріледі, осы кезеңде оның
шығармашылық ізденісінің алғы шарттары
қалыптаса бастайды да, жоғары сыныптарда
оқушы өз бетінше шығармашылықпен жұмыс
істей білетін, әрекет иесі ретінде танылуы
тиіс».
Оқушының жеке тұлға ретінде
қалыптасуы, бір жағынан оқу үрдісіндегі
оқушының белсенділігінің, өздік ізденіс
жасай білуінің, қызығушылығының т.б. өзгеруіне
байланысты болса, екінші жағынан айналасындағы
адамдармен қарым- қатынасына байланысты
болады. Сондықтан мұғалім оқушы бойындағы
өзгерісті назардан тыс қалдырмай нақтылы
ситуацияларда оқушы белсенділігін, өз
бетінше жұмыс істей білу қабілетін, танымдық
қызығушылығын, шығармашылық қабілетін
дамытуға қажетті жағдай туғызыпотыру
керек.
Информация о работе Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері