Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 14:36, курсовая работа
Жұмыстың өзектiлiгi: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтiк –экономикалық өзгерiстер, елiмiздiң әлемдiк бiлiм деңгейiне енуi жағдайында, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартына сәйкес бiлiм беру жүйесi мазмұны мен оқытудың әдiстемелiк жүйесiн қайта қарау мәселесiн талап еткен едi. Қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiнде бiлiм мазмұнын жаңарту, жетiлдiру мәселелерi өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады.
І. Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
І-бөлім. Дамыта оқыту технологиясыныңсының маңызы мен тарихы
1.1. Дамыта оқыту туралы түсінік ----------------------------------------4
1.2. Дамыта оқыту әдістерін топтастыру --------------------------------9
ІІ-бөлім. Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
2.1. Дамыта оқытудың келелі мәселелері -------------------------------17
2.2. Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері және
оқу ісінде қолдану тәсілдері -----------------------------------------------20
Қорытынды -------------------------------------------------------------------26
Қолданылған әдебиеттер --------------------------------------------------29
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы, фасолисатор. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған болатын..
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұнының әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі бір ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Оқыту әдістері-оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары, соның арқасында білім,іскерлік,дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері- оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе дасайтын әрекеті.
Оқыту процесі – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетінебасшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал- тәсілдермен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Дәстүрлі оқыту әдісі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқыту- бұл дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлі оқыту мұғалімнің жеке түсіндіру, қойылған сұраққа жауап беру, оқушылардың үлгі бойынша жаттығу жұмычтарын орытндату, яғни, дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту оқушыларға сұрақ қоя білуге және олардың көз қарастарымен санасатын, жалпы пікірлесе отырып қортынды шығаруға ойлануын, танымын дамытуға бағытталған түрі болып табылады. Дамыта оқытуда Д.Эльконин, В.Давыдов жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек оқушының өзінің белсенділігіне байланысты болады. Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни
іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда
үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан
мұғалім оқушыларды іздену іс-
1) Мұғалім өзара ізденуге
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін
мұғалім табылған шешімнің баға
оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.
Дамыта оқытуда
баланың ізденушілік – ойлау
әрекетін ұйымдастыру басты
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл –
үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.
Оқушы алдына
оқу мақсаттарын қоюда
Мұндай көзқарасты
ұлы Абай да уағыздап
Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған ағартушы – ғалым Ахмет Байтұрсынұлы бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керектігін айтқан. Ал мұғалімнің міндеті - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.
Бұдан Ахмет Байтұрсынұлы 20-30 жылдардың өзінде-ақ дамта оқыту теориясы негіз болған өз бетіндік танымдық әрекеттің рөлін көре отырып, оның бала дамуындағы маңызын өз кезінде өоқғағандығын байқауға болады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден
– дамыта оқыту жүйесінің
Давыдовтың 4 қырлы дамыта оқыту идеясының негізгізгі ұстанымы –оқушылардың теориялық ойлауына жол ашу. Ол үшін білім мазмұнын оқушы жасына лайықтап, тек тұрмысдеңгейдегітүсініктер түрінде ғана емес, белгілі бір ұғымдар жүйесі деңгейінде құру қажет. Бұл оқушының нақтылы, бейнелі ойлауын жоғары деңгейге көтеріп, теориялық ойлауына база,тірек болып дамытатындығын дәлелденді. Сондықтан дамыта оқыту әдістерін пайдалана отырып қазіргі талапқа сай білім беруге қол жеткізу керек.
Оқушыға кішкентай бала деп қарамай оның пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына үлкен әсер етеді.
Оқушының дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады.
1.Биологиялық фактор.
2. Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта.
3. Тәрбие, оқу тәрбие үрдісі.
Оқу тәрбие үдерісі негізінде дамыту мәселесінде ең алдымен оқушының өз бетімен жұмыс істеу әрекеті, белсенділігі артады. Сабақ қаншалықты сапалы, білімді, шеберлікпен өтседе, ал оқушы тарапына өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру, дамыту үшін мынадай 3 жұмыс түрі ұсынылады.
1.Логикалық дамытушы
2. Берілген тапсырманы
3.Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).
Бұл жұмыстардың барлығынан көретін нәтижелер:
дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Дамыта оқыту тұжырымдамасының негізігі идеясы: Бастауыш сынып жасында арнайы ұйымдастырылған оқыту арқылы (теориялық білім және ойлау негізінде) балада өзіндік жетілу, өзіндік тану бағытында нақты қабілеттер қалыптастыру.
Дамыта оқыту деп (В.Давыдов, В.Репкиннің, Элькониннің трактовкасы бойынша) мазмұны, әдіс- тәсілдері, ұйымдастыру формалары баланың заңдылықтарына тікелей негізделген оқытуды айтады.
Оқушыларды дамытудың негізі – оқудың субъектісі ретінде өзін- өзі өзгертуге бағытталған, бала белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде түсіндірілетін оқу әрекеті.
Мақсаты: Балада өзін жетілдіруге , өзін- өзі өзгертуге , өзін- өзі түсінуге, өзін - өзі тәрбиелеуге бағытталған белгілі бір танымдық қабілеттерін қалыптастыру.Оқушыда құзіреттілік қалыптастырып қана қоймай, оны жалпы қойылған мақсатқа жету жолындағы құрал деп қарау. Оқыту баланың жақын даму аймағына негізделген: Оқыту- дамыту- қабілет(оқу әрекеті арқылы теориялық ойлаудан жаңа білімге)
Оқу мазмұны жалпыдан жалқыға, дерексізден – нақтыға бағытталған ғылыми- теориялық ұғымдар жүйесін көрсетеді.
Оқытудың ең басты әдісі- танымдық
– ізденімпаздық оқу
Информация о работе Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері