Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 14:36, курсовая работа
Жұмыстың өзектiлiгi: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтiк –экономикалық өзгерiстер, елiмiздiң әлемдiк бiлiм деңгейiне енуi жағдайында, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартына сәйкес бiлiм беру жүйесi мазмұны мен оқытудың әдiстемелiк жүйесiн қайта қарау мәселесiн талап еткен едi. Қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiнде бiлiм мазмұнын жаңарту, жетiлдiру мәселелерi өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады.
І. Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
І-бөлім. Дамыта оқыту технологиясыныңсының маңызы мен тарихы
1.1. Дамыта оқыту туралы түсінік ----------------------------------------4
1.2. Дамыта оқыту әдістерін топтастыру --------------------------------9
ІІ-бөлім. Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
2.1. Дамыта оқытудың келелі мәселелері -------------------------------17
2.2. Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері және
оқу ісінде қолдану тәсілдері -----------------------------------------------20
Қорытынды -------------------------------------------------------------------26
Қолданылған әдебиеттер --------------------------------------------------29
Дамыта оқыту белгілері:
Аталған сабақ түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны Стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:
Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі деп Қазақстан республикасы Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың жобасында анықтама берілген.
Олай болса, бастауыш
сыныптардан бастап дамыта
Оқушы құзыреттіліктерін мүмкіндік беру саласы:
Проблеманы шешу |
ақпараттық |
Коммуникативтік |
|
|
|
|
Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.
Оқу мәтінін қою сабағында
І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.
ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.
ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.
ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.
Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде:
- оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
- проблеманы шешу жолын іздестір
- жаңаны өздері табады
ақылдасады, кеңеседі
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады.
ІІ. Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен тәсілдері
2.1. Дамыта оқытудың келелі мәселелері
Егеменді еліміздің
бүгінгі таңдағы ең басты
Осымен байланысты мәселелер мемлекет тұрғысынан көптеген маңызды құжаттарда қарастырылды. Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы, негізінен, «Қазақстан–2030» стратегиялық құжаттарындағы «Білім беру» бөлімінде көрсетілді . Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық та дамуының негізі ретінде танылған.
Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс – тәсілдері.
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру, жеке басдамытуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану және өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Білім-қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу-қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.
Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын-ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.
Осы мақсат дәстүрлі оқыту жүйесіндегі пассив объекті мен жаңа педагогикалық жүйелердегі белсенді субъектінің арасындағы басты айырмашылықты көрсетеді.
Қазіргі кезеңде сапалы нәтижеге қол жеткізудің уақыт пен тиімділігін көрсетіп жүрген бірнеше педагогикалық технологияның ішінде дамыта оқыту жүйесінің өзіндік орны анықталған.
Жаңа технологиялар
ішінде дамыта оқыту
Дамыта оқыту жүйесі қазіргі таңда ТМД елдерінің бірқатарында негізгі оқыту технологиясы ретінде бекітілгені белгілі. Ал қазақстандық бастауыш білім беру жүйесінде бұл мәселе енді ғана күн тәртібіне қойылып, қолға алынып келеді. Осындай келелі мәселенің дамуын оң жүйелілікпен басқарудың жолы бастауышта қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесін арнайы зерттеу арқылы ғана айқындалады.
Бүгінгі таңдағы еліміздегі білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дүрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға төз икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мүндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бүл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей жол ашады.
Дамыта отырып оқытудың оқу үрдісіне әрекеттері (ойын, оқу, ойла,танымдық коммуникативтік) жүйелі ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Олай болса, оқушының ақыл-ойы, белсенділігін танымы, қызығуы, өз бетінше орындайтын жұмысы арасында жүйелі үйлесім болуы шарт.
Оқушының бойындағы қасиеттер жиынтығын, оның табиғи қабілеттерін анықтауда мыналарға басты назар аударған абзал:
Қазіргі заманда қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психолоогия ғылымдарының жетістіктері дамыта оқыту, оқушылардың даму ерекшеліктерінің проблемалары, білім берудің басым бағытын түбегейлі өзгертуді талап етті: бірінші кезекте білім, білік, дағдыларын стандарттан тыс беру жеке бас тұлғасын тәрбмелеуге негіз болды.
Ғалым-педагог Л.Занков «Оқыту оқушының жалпы рухани дамуын қамтамсыз етуі қажет» деп айтса, көрнекті психолог Л.Выготский (Жақсы оқыту деп, ол баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады) деп тұжырымдады. Екі тұжырымдамадан мынандай қорытынды шығаруға болады: дамыта оқыту педагогикалық, психлогиялық ерекшеліктерді ескере отырып, қабілеті жоғары, зейіні тұрақты, өз ойын дұрыс қорытып айта алатын өзіндік ізденісі жан-жақты оқушыға ғана тән қасиет».
Дамыта оқыту үрдісін жандандыру оқушының оқу материалдарының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Дамыта оқыту үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемесінің дайындығы және сабақ жүргізу мен әдістеріне жаңа педагогикалық технологияларды игеруіне тікелей бейім болады.
Жаңа педагогикалық технология оқыту сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетідіруге, оқушылардың ой-ынтасындамытуына мүмкіндік жасайды.
2.2. Дамыта оқытудың ерекшеліктері және оны оқу ісінде қолдану тәсілдері
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Дамыта оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту - таным процесі. Танымның
ерекшелігі оқушыда білімге
Дамыта оқытудың міндеті - оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі зандылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқыту — даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқушының өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді.
Дамыта оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оңың оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту — баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту — бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.
Информация о работе Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері