Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2015 в 14:36, курсовая работа
Жұмыстың өзектiлiгi: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтiк –экономикалық өзгерiстер, елiмiздiң әлемдiк бiлiм деңгейiне енуi жағдайында, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартына сәйкес бiлiм беру жүйесi мазмұны мен оқытудың әдiстемелiк жүйесiн қайта қарау мәселесiн талап еткен едi. Қазiргi кезде бiлiм беру жүйесiнде бiлiм мазмұнын жаңарту, жетiлдiру мәселелерi өзектi мәселелердiң бiрi болып саналады.
І. Кіріспе ------------------------------------------------------------------------3
І-бөлім. Дамыта оқыту технологиясыныңсының маңызы мен тарихы
1.1. Дамыта оқыту туралы түсінік ----------------------------------------4
1.2. Дамыта оқыту әдістерін топтастыру --------------------------------9
ІІ-бөлім. Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
2.1. Дамыта оқытудың келелі мәселелері -------------------------------17
2.2. Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері және
оқу ісінде қолдану тәсілдері -----------------------------------------------20
Қорытынды -------------------------------------------------------------------26
Қолданылған әдебиеттер --------------------------------------------------29
Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мүғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратьш күрделі процесс. Өйткені, оқыту — мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу — баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту — жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Дамыта оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі — оқушыларға білім беру біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе, екіншіден солардың негізінде, айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Екінші қызметі — тәрбиелеу.
Оқыту барысында оқушыларды
Үшінші қызметі —дамыта оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасьш дамиды (байқағыштығы, ойы, есі, қиялы секілді психикалық процестері де қарастырылады).
Даму қызметінің ерекшелігі сол, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы боп есептеледі. Сондықтан, дамудың қарқынды, жан-жақты әрі, терең болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды, оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің негізі болып саналса, даму өз алдына олардың қызметінің нәтижелі болуына қолайлы ықпал етеді.
Дамыта оқыту үдерісіне оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады.
Қазіргі мақсат дамыта оқыту болғандықтан мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидадарға негізделеді. Олар- ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік туралы қасиеттер.
Оқу тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде ең алдымен оқушының өз бетімен жұмыс істеу әрекеті, белсенділігі артады.
Дамыта оқыту- бұл дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлі оқыту мұғалімнің жеке түсіндіру, қойылған сұраққа жауап беру, оқушылардың үлгі бойынша жаттығу жұмычтарын орытндату, яғни, дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту оқушыларға сұрақ қоя білуге және олардың көз қарастарымен санасатын, жалпы пікірлесе отырып қортынды шығаруға ойлануын, танымын дамытуға бағытталған түрі болып табылады. Дамыта оқытуда Д.Эльконин, В.Давыдов жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек оқушының өзінің белсенділігіне байланысты болады.
Давыдовтың 4 қырлы дамыта оқыту идеясының негізгізгі ұстанымы –оқушылардың теориялық ойлауына жол ашу. Ол үшін білім мазмұнын оқушы жасына лайықтап, тек тұрмысдеңгейдегітүсініктер түрінде ғана емес, белгілі бір ұғымдар жүйесі деңгейінде құру қажет. Бұл оқушының нақтылы, бейнелі ойлауын жоғары деңгейге көтеріп, теориялық ойлауына база,тірек болып дамытатындығын дәлелденді. Сондықтан дамыта оқыту әдістерін пайдалана отырып қазіргі талапқа сай білім беруге қол жеткізу керек.
Дамыта оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оның тәсілдерін меңгеру әр мұғалімнің басты міндеті болып табылады.
Сонымен, дамыта оқыту технологиясының басты принципі – оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау, іздену, дербес жүмыс жасау дағдыларын дамыта отырып, жеке тұлғаның өз бетімен мақсатқа жетуінде болады.
Дамыта оқыту технологиясының бір ерекшелігі проблемалық жағдайлар туғызу, оны шешу, осыны пайдалана отырып оқушылар бойына танымдық құзіреттіліктің алғашқы белгілерін қалауға болады. Оқушылардың танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, танымдық іс- әрекетті әр пәнде жоспарлау және ұйымдастыру біліктерінің қалыптасуына оқу танымдық тапсырмаларды шығармашылық, топтық тұрғыда шешудің маңызы зор.Оқушылардың таным қабілеттерін қалыптастыруда дамыта оқытудың принциптеріне сүйену қажет: Жоғарғы қиындықта оқыту, теориялық білімнің жетекші ролі, оқу үрдісін сезіну және түсіну, барлық оқушылардың жалпы дамуымен жұмыс, оқу үрдісін жеделдету.
Дамыта оқытудың негіздері таным теориясы мен диалектика ілімінде жатыр. П.П.Блонский дамуға индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алуын жатқызса, Д.Н.Богоявленская мен Н.А.Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды нәтижелі етеді деп есептейді: байқампаздық, ойлау және практикалық әрекеттер жасай алу. В.В.Давыдов дамудың негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаның жинақтай, қорытындылай алу дағдысын жатқызады.
Сонымен тұлға дамуының, сондай-ақ оны өзінің дамытуының негізгі тетігі қарама-қайшылықтарды шешу болып табылады. Өзін-өзі дамыту үдерісі тұлғаның барлық аясын қамтиды және әр ретте жаңа деңгейге көтеріліп отырады. Сөйтіп, оның «өзімінің» жетілуіне әкеледі. Өзін-өзі дамыту – субъект-субъект бағытындағы ерекше шығармашылық әрекет деген ғылыми тұжырым жасауға болады.
Дамыта оқыту технологиясын оқу ісіне қолдану тәсілі мен үлгілері мынандай болады.
Жаңаша оқытудың мақсаты оқушылардың өзідгінен үйренуін талап етеді. Мұғалімді дамыта оқыту технологиясында дйындаудың өзіндік ұстанымы бар. Мұғалім сабаққа дайындалып, жаңа материалды түсіндіру үшін әртүрлі жолдарын іздестіреді ал дамыта оқыту технологиясын пайдалану барысында оқушылар өздері жаңа тақырыпты талқылап, әртүрлі тәсілдерді қолданадығ ал мұғалім тек қана әртүрлі деңгейдегі ойланатын сұрақтар құрумен айналысады.
Сабақ барысында ол оқушылардың ойдау жолдарына ғана көңіл бөледі. Мұндай жағдайда бұрынғыдай сабаққа жоспар құрып, әр кезеңде оқушының іс-қимылын қадағалауға жақдайы болмайды.
Жаңа типті сабақты ұйымдастыру оқыту жағдайын жобалай білуге байланысты, оқытуды дамытудың қолайлы бірнеше нұсқасына болжам жасау.
Бұл тәсілде мұғалім жаңа тақырыпты толық айтып шықпайды, тек оқушылардың жаңа білімді игеру үрдісіндегі орны мен мақсатын өзгертеді.
Оқушылар өздігінен шеше алмайтын тапсырмалар кездескенде жаңа тақырыпты игеруге дайындықтары мен ынталары қалыптасқаннан кейін ғана мұғалім көмекке келеді.
Дамыта оқыту технологиясының тапсырмалары мен сұрақтарын құрастыру үлгісі
Тапсырмалар мен сұрақтар түрі |
Сұрақтар мен тапсырмалар |
Өңдеу (қалпына келтіру кезеңі) Оқушылардың есте сақтау, қабылдауына үйрету. Сабақтың 1/3 бөлігін қамтиды. |
Кім?қайда? Қашан? Не? Суретте не бейнеленген? Жылдың қай мерзімі? Анықтама беріңдер... Қатесін түзеңдер. Мысал келтіріңдер. |
Өнімділік-ойлауға елестетуге сүйену. Сабақтың негізгі кезеңі. Тапқырлық табыстық. Эвристикалық ізденіс |
Басты идеясы қандай, негізгі ой? Құбылыстың негізгі мағынасы не? Себебі не? Немен түсіндіруге болады? Қандай ой керек, егер де олай болса? Құрастырылыпотырған құбылысты біріктіретін не? Сөздер, дәлелдер? Қандай қортынды шығарамыз? Қалай түсінесіздер, бұл не? Бұл ережені қалай, қайда қолданамыз? Ол не үшін керек? Немен ажыратылады? Біз сендермен қандай қортындығы келдік? Өздерің шығарған қортындыға қалай қарайсыңдар? Бекітуге келісесіңдер ме? Неге...? Талқылаңдар... Түсіндіріңдер... Жіктеңдер... Жүйелеңдер... Қатесін табыңдар... |
Проблемалық ізденіс |
Басқа әдіспен қалай шешуге болады? Неге бұл әдіс тиімді? Несімен жеткіліксіз? Біз әртүрлі дәлелдерді қолдандық. Неге олай туындады? Түсіндіріңдер, не себепті? Дәлелдеңдер. Ұсыныс айтыңдар. Бағалаңдар... Салыстырыңдар... Біз қатесін таптық, олар қалай туындады, нені біз ескермедік? |
Шығармашылық ізденіс |
Құрастырыңдар, ойластырыңдар... Ойлаңдар, қалай істеуге болады? Заңды, теориямен біріктіріңдер... Басқа әдіспен қалай шешеміз? Бұл білімді қалай қолданамыз? Аргумент, фактілер, келтіріңдер? |
Сұрақтар мен тапсырмалардың құрылуына қойылатын талаптар.
1. Нақты базалық білімін ескеру.
2.Ойлау қабілеттерін бағыттау (салыстыру, бақылау, пікірлесу, синтнздеу және т.б.).
3.Сұраққа жауап іздеу, оқушыларды ойлауға жетелеп, ойға берілуге қызығуын туғызу.
4.Эмоциялық көрініс, қойылған сұраққа оқушылар дұрыс жауап бергенінше шектемеу.
5.Оқушыдан толық жауап алғаннан кейін неге мұндай қорытындығы келгенін сұрау.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары
І. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
Сабақтың мазмұны
Оқу жағдайын ескеру
Әдістемелік тәсілдерді қолдану
ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау
Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
Сабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау
Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс – тәсілдерін таңдау.
ІІІ. Сабақты жүргізу.
Әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру
Оқушымен жанама қарым – қатынас
Жұмыс барысын бақылау жұмысы
IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)
Қойылған мақсатқа жету
Тақырып бойынша өзгерістер енгізу
Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)
Қорытынды
Ел басшысы Н.Ә. Назарбаев дамыған елдердің тәжірибесін зерделей отырып, елімізде қабылданған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру үшін жеке тұлғаны қалыптастыруда техникалық және кәсіби білім беру саласын жандандыруға шақырады. Түптеп келгенде, әлемнің озық елдерімен бәсекелестікте бұл мәселе тиянақты түғырларымыздың бірі болуға тиісті.
Осындай ұстаным негізінде жаңаша білім берудің құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары, оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім беру орталарының құнды қаруы.
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және отандық 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында дамыта оқытудың үш бағыты анықталған: оның біріншісі - жаратылыстану-математикалык, екіншісі -әлеуметтік-гуманитарлық, үшіншісі - технологиялық. Бұл бағыттардың мазмұны арнаулы бейімдік курстар жиынтығынан тұрады. Демек, кез келген мектеп оқушысының өз білім жолын таңдауына, жергілікті мекеп желісінің ерекшеліктеріне қарай білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндігі бар. Жеке тұлғаны дамытудағы оқытудың құндылығы: берілетін жаңаша ақпараттар мен әдіс-тәсілдердің "икемділігінде. Себебі жеке тұлғаның алған білімі оның болашағына карқын жол ашары сөзсіз.
Сапалы білім мен саналы тәрбиеге ие болу қазіргі ұрпақтың басты міндеті. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» бойынша білім, ең алдымен, нәтижеге негізделуі керектігі көрсетілген. Мұндай жағдайда білім мазмұны да, оны ұйымдастыру да іс-әрекет теориясы заңдылықтары негізінде құрылады. Білім беруді бұлайша ұйымдастыру оқушының бойында өмір сүруге қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өйткені бүгінгі күні оқушының күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдаяттарда икемсіздігі байқалып жатады.
Елбасының Жолдауында адамның өмір бойы білім алуына жағдай Соңғы кездерде білім беру нәтижелерінің құзыреттілікке бағдарлануы мәселесінің күн тәртібіне қойылуы «құзыреттілік» ұғымына берілетін анықтаманың да дәлдене түсуін қажет етуде. ҚР 12 жылдық жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасында «Құзыреттілік – әрекеттің әмбебаб тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі» деп көрсетілген . Әрине, бұл жердегі әрекет – танымдық әрекет. Құзыреттілік нәтижесі мен білім нәтижесі – бір емес.
Білім нәтижесі білім беру пәндері арқылы көрінетін болса, құзыреттілік нәтижесі пәнаралық қызмет арқылы көрінеді. Яғни пән мазмұнында «мен жасаймын» әрекетінің қарастырылуы – шешуші құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі көзі. Шешуші құзыреттілік – бұл пәндік білімдер жиынтығы емес, бұл жаңа сапа, алынған білім мен біліктілікті тәжірибеде қолдана алу қабілеттілігі. Демек, құзыреттілік – біріншіден, білім беру үдерісіндегі білім, білік, дағдылардың түпкі нәтижесін көрсетуі; екіншіден, нәтижеге бағдарлана берілген білімнің негізгі көрінісі; үшіншіден, шешуші құзыреттілік адам бойындағы сапалар мен іс-әрекетіндегі үйлесімділік (ақпараттық, құқықтық, басқарушылық, психологиялық және т.б.).
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілердің бірі жоғары зерделі жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардығ әлеуметтік деңгейінің көтерілуіне үлес қосу екндігі тегін айтылмаған.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі және оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады. Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі. Осының арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Информация о работе Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері