Дүниетану сабақтарында көрнекілік арқылы оқыту жолдарын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 12:09, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Содержание работы

Кіріспе
§1. Көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың пәндік білімін қалыптастыру құралы
§2. Бастауыш сыныптың оқыту процесінде көрнекілікпен оқытудың алатын орны
§3. Озат мұғалімдер тәжірибелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Қабылханова курсовая работа.docx

— 79.98 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

 

     

     

 

 

КУРЫСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы:  Дүниетану сабақтарында көрнекілік арқылы оқыту жолдарын ұйымдастыру

 

050102- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

Мамандығы бойынша

 

 

 

 Орындаған:                                                             

 

                 

 Ғылыми жетекшісі:                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011

 

Мазмұны

 

Кіріспе

 

§1. Көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың пәндік білімін қалыптастыру құралы

 

§2. Бастауыш сыныптың оқыту процесінде көрнекілікпен оқытудың алатын орны

 

§3. Озат мұғалімдер тәжірибелері

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.

Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.

Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.

Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.

Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның танымдық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Көрнекілік арқылы тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік  бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.

Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, [1]. ҚР жалпыға білім берудің мемлекеттік міндетті стандартында, [2]. ҚР-ң 2015 жылға дейінгі  білім беруді дамыту тұжырымдамасында.[3], «Білім» мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.

Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.

Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.

Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал танымдық  іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қанатанымдық қызығушылықтан бастау алады.

Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның танымыдқ қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады.

Педагогика ғылымында оқушылардың танымдық қызығушылығының туғызу проблемасы бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бұл проблеманы көптеген ғалымдар (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Н.Ф.Бунаков) өз еңбектерінде қарастырған. Қазіргі зерттеулерде (Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, Г.И.Щукина, В.Б.) Бондаревский, Н.Г.Морозова, Р.Г.Лемберг, С.А.Ананьин т.б.) танымдық қызығушылық проблемасына жан – жақты талдау берілген.

Қызығушылық, қызығушылықты қалыптастыру проблемасы Қазақстандық ғалымдардың бір қатар зерттеулерінде, мәселен, Т.Сабыров, [2] Н.Д.Хмельдің, Г.К.Байзельдинованың (жоғары сынып оқушыларының әр жақты қызығушылығын қалыптастыру), Б.Т.Нәбиеваның (сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың пәнге танымдық қызығушылығын қалыптастыру), С.Жолдасбекованың (бастауыш сынып оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қылптастыру), М.А.Оразалива, Г.Ибраеваның еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының халық аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыру) қарастырылады.[4]

Зеттеу еңбектеріне жасаған талдау авторлардың өздерінің зерттеу обьектісіне қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес  қосқанын, зерттеу нәтижелерінің практикада қолданылып жүргенін, сондай -ақ қарастырылып отырған бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемасының бұл еңбектерінде қарастырылмағанын дәлелдейді.

Бастауыш мектептің оқу бағдарламалары мен оқулықтарын зерттеп білуде, оқу – тәрбие процесіне жасаған талдау да бұл проблемаға аса назар аударылмай тынын дәлелдейді.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныпта оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: дүниетану  сабағында бастауыш сынып оқушыларының көрнекілік арқылы танымын қалыптастыру жолдары.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың оқыту процесінде  көрнекілік жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын 

Зерттеудің міндеттері:

- Бастауыш сыныптың оқыту процесінде көрнекілікпен оқытудың алатын орны

- дүниетану сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы оқыту барысында танымын қалыптастырудың жолдарын көрсету.

Зерттеу әдістері: - зерттеу проблемасы бойынша  ғылыми –әдістемелік әдебиеттермен танысу, талдау;

  • мұғалімдер тәжірибесімен танысу, жинақтау.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тармақтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

§1. Көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың пәндік білімдік қалыптастыру құралы

 

Баланы тәрбиелеу, білім беру міндеттері мектепте оқушыларды оқыту және оқу уақытынан тыс жүргізілетін оқу процесінде шешімді. Мұғалім мен оқушылардың әрқайсысының өздерінің айырмашылықтары мен өздерінің ерекшеліктері болады, алайда олар өзара бөлінбестей байланысты. Олар біртұтас оқу-тәрбие процесін құрайды.

Оқыту, мұғалімнің ерекше бағдарлы мақсат көздейтін қызметі ретінде оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен және оларды танымдық, творчестволық қабілеттікпен қаруландыратын кең мағынадағы тәрбиенің бірі – тұтас маңызды бөлігі болып табылады.

Оқыту процесінің заңдылығын ашу, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістерін жасап шығару проблемасының ғасырлар бойы адам заты толғандырып келді. Білімді жаңа жолмен оңай және ұғымды етіп оқыту үшін, оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатымен ұлы ағартушы –педагогтар көрнекі әдісінің негізін салды.

Ұлы педагог, көрнекі әдіспен – оқытуды психологиялық талаптармен байланыстырған, Ян Амос Коменский (1592-1670).

Дүниетаным әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты (мысалы, аспан әлемінің денелері және жер астындағы нәрселер немесе басқа елдерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар т.б.). Бұларды оқытуда Я.А.Коменский айналадағы заттарды негізге алып, солармен салыстыра отырып оқыту керек – деді. Көрнекілікті іске асырудағы оның ұғынған құралдары: заттар, сол заттардың суреті, моделі т.б.

Атақты француз, ағартушы-философ және педагог, 17 ғасырдағы революция қарсаңындаңы буржуазиялық интиллегенцияның тамаша өкілі Жан-Жак Руссо баланың өзінің әрекетін, зеректігін, зейіндігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнекілікпен баланың қабылдауына баланың оқуын жеңілдету мақсатында тек әдеттегі суреттер, картиналар, приборлар т.б. ғана емес, ол табиғаттағы, өмірдегі деректер – деді. Иоганн Генрих Пестолоцци (1746-1827) оқытудың негізі оның көрнекі болып тұруында – деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы білім ойлау және тіл дамыту дұрыс қалыптасады – деп атап көрсетті.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Иоганн Генрих Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан  деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті.

Көрнекі оқытуды Адольф Дистервег (1790-1866) «жақыннан алысқа», «жай нәрседен күрделіге», «жеңілден ауырға», «белгісізден белгіліге» - деп ережені бұрын Коменский ұсынса, енді Дистерверг одан әрі дамытты.

Дистерверг сезім мүшелеріне әсер ететін заттың тікелей өзіменен балаларды таныстыруға зор мән беруімен бірге, қабылданған материалдың жете түсінікті болып, барынша ойландыратындай болуы өте қажет деп есептеді.

Белгілі орыс ғалымы, атақты хирург, 19- ғасырдың 2- ші жартысындағы халық ағарту ісінің көрнекі қайраткері, әрі ірі педагог Николай Иванович Пирогов ( 1810-1881) балалардың меңгеретін білімдерінің терең және тиянақты болуын талап етті. Ол методикалық өнердің негізгі көрнекілік пен сөзді орынды біріктіре қолдана білу. «Көрнекіліктің деп жазды Пирогов-негізгі мақсаты оқушылардың сыртқы сезім мүшелеріне әсер ету... Сөзде сырттан ыкпал жасай отырып, адамдардың ең негізгі, ең қажетті қабілетіне әсер етеді»

Демек, Пирогов көрнекілікпен сөздің оқу тәрбие процесіндегі бір - бірімен байланысын көрсетіп берді. Көрнекіліктің бірі өзі сөздің көмегінсіз балалардың есінде әр уақытта сақталмайды. Сөздің маңызын жоғары бағалаумен байланысты, Пирогов орта мектептегі әдістердің ролі мен маңызын да дұрыс бағалады.

Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1 870) окытудағы көрнекіліктің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, оқытудағы көрнекілік оқуда жалпы үғыңдыруға емес, нақты фактілерге, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге негізделеді.

К.Д.Ушинский көрнекілік әдіске жан-жақты анализ жасай келе, «көрнекілік тек қана көру сезіміне байланысты» деген біржақты пікірді сынады. Себебі қандай нәрсе болса да қабылдағанда сезім мүшелері неғұрлым көбірек қатысса, зат я құбылыс жөніндегі қабылдаған ұғым, түсінік есімде соғырлым берік, тиянақты орнығады да, кейін олар оңай еске түседі. Сондықтан сабақта көзбен көру дыбыс органмен айту, қолмен жазу т.б сезім мүшелеріміз белсенді қатысуы тиіс, «егерде педагог баланың есінде  бірдемені  берік  қалдыруды көздейтін болса, ол көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарын, тіпті иіс, дәм сезімдеріне де әсер ететіндей етіп қатыстыруға тырысу керек» - деді.

К.Д.Ушинскийдің көрнекілік мәселесіндегі ең кұнды көзқарасын ол оқытудың көнекілігі мен жолдарын тұңғыш анықтады, бастауыш мектептегі көрнекіліктің әдістемесін жасады. Оның ескертуінше бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады. Сондықтан көрнекі құралдармен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек. Бастапқы оқуда түр түс, дауыстарды сөзбен қамтып, оны баланың көбінің түсінігіне жететін етіп, біз өзіміздің оқытуымызды да балаларға жетілді ете отырып, өзіміз бала ойлауының сырына енеміз, - деген. Оқытудағы көрнекіліктің Ушинский мынандай құралдарын ұсынады. Нақты заттың өзі, заттың, нәрсенің оқиғаның үлгісі болатын моделі суреттер т. б. көрнекі құралдар.

Информация о работе Дүниетану сабақтарында көрнекілік арқылы оқыту жолдарын ұйымдастыру